Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Содержание

Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курс жұмыс.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

2.3.Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары.

 

1. Материалды қамтамасыз  ету мен әлеуметтік қорғалу  дәрежесі төмендейді. Ақшалай табыстың  тек индивидуалды дәрежесі ғана төмендеп қана қоймайды, сондай-ақ ақшалай емес табыстар да қысқарады.

2. Еңбек ақының төмендеуіне  мүмкіндік береді және еібек  жағдайының жоғарылауына кедергі  жасайды.

3.Қылмыстық істердің өсуі.

4.Денсаулықтың нашарлауы, өмір ұзақтығының қысқаруы.

5.Маскүнемдіктің өсуі.

6.Депрессия, психикалық кедергілер, өзін-өзі өлтіруге дейінгі жағдайлар.

Қазақстандағы жұмыссыздық ерекшеліктер.

      Жұмыссыздарға дәл қазіргі кезеңде жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен айналысқан (олар жұмысбастылықтың мемлекеттік немесе коммерциялық қызметтеріне, кәсіпорын администрациясына өтінішпен барды, жеке байланыстарды қолданды, газет, журналдарға хабарландыруларды жарыққа шығарды) немесе ұйымның жеке істері үшін күш салған және жұмысқа тез арада кірісуге дайын. Бұл аталған критериийлер Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қабылдауымен тұтастай сәйкес келеді. Бұдан басқа ХЕҰ-ның әдістеріне келісе отырып, жұмыссыздарға оқушылар,студенттер, пенсионерлер мен инвалидтер де кіреді, егер олар жұмыс іздеумен айналысып, оны істеуге дайын болатын болса.

Тіркелген және нақты жұмыссыздар

     Реальды жұмыссыздық көрсеткіштері туралы анықтама алу үшін материалды тексерулер мен халыққа негізінен бірқатар критерийлерге қатысты сұрақтар қою қолданылады. Олардың әрқайсысы жеке уақыт шеңберіне ие. Жұмыстың болмау критерийі тексеру аптасын қамтиды, жұмысты іздеу критерийі сұрақтарға жауап беруден өткен 4 аптаға таратылады, ал жұмыс істеуге дайын болу критерийі – сұрақтарға жауап бергеннен кейінгі 2 аптаға таратылады. Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың барлық қызметі соңғы жұмыс орнымен анықталады.

Жұмыссыздарға көмек.

         1) Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетудің заңды негіздері

         2)Жұмыссыздарға көмек көрсету формалары (жәрдем ақы және компенсациялық төлемдер)

         3)Жәрдем ақы – тіркелген жұмыссыздарға.

         Компенсациялық төлемдер (трансферттер) 2 үлкен топқа ажыратылады:

1. Әлеуметтік сақтандыру  бойынша төлемдер: төлем мөлшері  жұмысшының еңбек карьерасы ағымында  салған ақшасына байланысты (мысалы, пенсия мөлшері немесе жұмыссыздарағ берілетін жәрдем ақы бұрынғы еңбек ақы мен еңбек өтілі мөлшеріне байланысты).

2.Әлеуметтік көмек бойынша жәрдем ақы: төлем мөлшері еңбек күшіне тәуелді емес.

  • Категориялылық: жәрдем ақы қандай да бір әлеуметтік-демографиялық топтар қатарындағылар негізіне төленеді.
  • Қажеттілік бағасымен: жәрдем ақы қажет етушілер негізінде төленеді.

Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен катар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстарғанда күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.

Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіре  береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды  көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі  заманғы үлгісін қалыптастырамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққы деген жолдауында былай делінген болатын:

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз алдағы болашақта балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір суруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.

Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бүл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамыздың да мүшелді мерекесі».

Ал, жұмыссыздық жөніндегі динамикаға тоқталатын болсақ, соңғы жылдары республиканың көптеген аймақтарында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі 2003 жылдың қорытындысы бойынша 9,4 пайыз төмендеді. Қызылорда облысындағы аталмыш көрсеткіш осыған сәйкес 10,8 пайыз, Жамбыл обылысында - 10,7 пайызды құрады.

2003 жылғы жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Шығыс Қазақстан (7,6 пайыз) және Қарағанды (7,6 пайыз) облыстарында байқалды.

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартудың ең жоғары көрсеткіші Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Оқуға тартылған жұмыссыздардың ең көп саны Қарағанды (4,8 мың адам), Алматы (4,0 мың адам), Шығыс Қазақстан (2,5 мың адам), ал ең азы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады. 

Осыған орай елімізде, жерімізде жұмыссыздық мәселесі қарқынды түрде даму үстінде.

 

 

 

 

 

 

 

III. ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫ

3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі

 

Жұмыссыздықтың проблемасын  шешудің бірден-бір жолы бұл еңбек  биржалары туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруімізкерек. Еңбек биржалары бойынша тұрғындарды  жұмыспен қамтамасыз ету олай болуының өзінен жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралы екенін көре аламыз. Бұл еңбек биржалары ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болады. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның атқаратын қызметі мен нақты өзгеруі. Еңбек биржасы – бұл еңбекті талдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметін атқаратын келісімдер жайын, тұрақты мерзімді қызмет жасайтын мәселе.

       Бірақ, болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сай жұмыс істеуі керек. Ал, бірақ әзірге ондайдың болуы мүмкін емес. Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымыз да сол проблемаларды шешудің негізі екендігінде. Сонымен бірге жұмыссыз адамдар тек материалдық жақтарымен ғана емес психологиясының да өзгеруі әбден мүмкін. Егер біз жанұядағы бір адамның жұмыс істеуі, ал басқаларының жұмыссыз отыруы “Еңбексіз елге сыймас” деген ғылымымыздың осындай ойлы сөздеріне тура келеді. Сол себепті жанұяда бірін-бірі түсінбеушілік туындайды. Бұл жұмыссыздық тек Қазақстан ғана емес әлемнің барлық еледерінде болып жатқан құбылыс. Халқы жағынан алдыңқы орындағы Қытай мен Индияда жұмыссыз адамдардың пайызы 27%, бірақ бұдан ад жоғары екені мәлім. Әлемде ең көп жұмыссыздар Оңтүстік Азия елдері мен Сахарада орналасқан біршама елдерді айтуға болады. Көптеген кедей мемлкеттер адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, бірақ арзан еңбек күшінің болғанымен экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз төмен.

       Осы кезде айта кететін жай бөлімде айтып өткен биржа қызметтерін жалдау арқылы толық түсінуге болады. Ол еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысты реттейді; жұмыссыздарды есепке алу мен бас жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыратын немесе жұмыс іздеген, жұмысқа тұруға тілек білдірген адамдарға ақпарат беру, жұмыс істеп жүрген адамдарды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу: адамдарды жұмысқа тарту үшін делдалдық қызмет атқару. Осындай кезде жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы ретінде және олардың берген жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды. Ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады. Себебі олардың жұмысшыларды еркін түрде қабылдауға мүмкіншілігі бар, немесе өздерінің кадр тағайындау бөлімі арқылы тағайындайды және оны толық жалдауға тырысады.

       Ал қазіргі кездегі биржада еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс туралы толық мағлұмат болуы тиіс. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің тәжирібесіндегі жағдайларды қолдануға болады. Бұл консультацияның көмегімен бір айдың ішінде барлық мамандық таптарындағы жұмыссыздық 40%-ке кемиді. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Вашингтон штатында феодалдық өкімет тиісті білім, жұмыс тәжирібесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға алдын-ала мүмкіндік беріп, бірнеше айға дейін жәрдем ақы береді.

     Жұмыссыздықты сонымен бірге жоюдің тағы бір жолы экономиканың неформалды секторын дамыту, оның негізгі қала экономикасы, ал қызмет көрсетудің ерекше саласы. Бұл салаға және адамның еңбек етуі, дәстүрлі қалыптасқан өнеркәсіп және бұл салаға мемлекеттік саясаттың ешқандай араласуынсыз жұмыс істей алады. Дамушы елдерде және қалаларда формалды емес сектрде 50% жұмысшы қала жұмыскерлер күші қалыптасқан. Мемлекет бұл саланың дамуына ешқандай шек қоймай, қайта шағын кәсіпорындарға несие бөліп, қалалардың инфраструктурасын жақсартуға барынша көмектескені дұрыс. Көптеген экономистердің айтуы бойынша, дамыған формалды емес сектр қаладағы жұмыссыздар санының азаюына себебін тигізеді дейді.

        Сол сияқты қазіргі кезде біздің мемлекетімізде де жұмыссыздықпен күрес жүргізуде. Президенттің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықты толық сауатты ету жолдарын айқын көреміз. Яғни бұл мақсаттардың орындалуы келешектегі болашақ Қазақстандықтардың жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтіледі.Бағаның төмендеуін қоздыру, Бұл да жұмыссыздықты азайтуға себепші бола алады. Ол үшін алдын-ала шетел валютасына ақша айырбастаудыға ұлттық валютаның курсын көтеріп, ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігін қамтамасыз ету, субалдия көлемін капитал көп қорланатын өнеркәсіпке аз бөлу, ең төмен жалақыны заң арқылы тоқтату, сыртқы саудадағы барьерді азайтып, шектеуді ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасына тоқтату.

      Бұл жерде айтылған кейбір мәселелерде Қазақстанда қоданылып жатыр. Мысалға: соңғы жылдарда Президент жарлығы бойынша ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақыны көтеру туралы шешім қабылдады. Осында айтып кеткеніміздей жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы өзгерістерінің, оның тәртібінің жұмыссыздық мөлшеріне әсерін білу көп ізденісті талап ететін мәселе болып қала береді. Зерттеушілер жұмысшылардың қалай жұмыссыз қалуын және оның қаншаға созылғанын анықтауды алмастыру коэффицентінің роліне назар аударады. Алмастыру коэффиценті дегеніміз – жұмыссыз кездегі салықтан кейінгі табыстың жұмыспен қамтамасыз етілетін кездегі табысқа қатысты.

       Жұмыспен қамтылудың тұрақтылығы. Жұмыстан босатылған адамдар жұмыссыз қалудан онша азап шекпейтіндіктен, фирма жұмысшыны көп ұстамай жиі шығарады. Жұмыссыздың жәрдем ақысы жұмыссыздан қорқуға итермелейді; оның мөлшері жұмыссыздықтың тоқырауы мөлшеріне қосылады дегенге күмән бар. Және адамдар экономика жұртшылықты жұмысқа орналастырғанша жұмыс іздеуге кеткен уақытты қажетсінеді. Соңғы жылдары жұмыссыздар үшін жұмыс істету проблема емес, себебі олар үшін жәрдемақы төленеді деп жүр.

       Бұл дұрыс емес, өйткені шындығында жұмыссыздардың барлығы жәрдемақы ала бермейді. Шындығында, жалпы жұмыссыздардың үлкен екі бөлігінен төмендеуі ғана сақтандырылған жұмыссыздық.

Қазақстан Республикасының  статистика және сараптау комитеті ай сайын Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жумыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2001 жылы орташа табыс деңгейі 34024 теңге болған және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2000 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.

Жалпы 2000 - 2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте - 20712 мың адамға, ауыл шаруашылығында - 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында - 68 мыңға, құрылыста - 747 мыңға өскен.

Сонымен, жұмыссыздық халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялык өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік - экономикалық және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті және тоқтаусыз шешімдер мен іс - әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан, Президенттің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік (2001 2003 жж.) және қысқа, әрбір кезекті жылға арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет пен президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде есеп беру тәртібі белгіленді.

 

 

3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа  орналастыру шаралары

 

Елбасы барлық деңгейдегі әкімшіліктерге берген он бір міндеттің  біреуі кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес болып табылады.

Республика президентінің  осы саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру, сайып келгенде әрбір аудан  және ауыл әкімдерінің өз қол астындағы халқының аз қамтылған бөлігін материалдық жағынан қолдау үшін барлық шаралар мен көмектерді ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуларына тура келді.

Информация о работе Жұмыссыздық