Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Содержание

Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курс жұмыс.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

3. Жастарды қолдау бағдарламалары.Әлеуметтік саладағы облыстық ұйымдар жастардың аяғынан тік тұруына және дамуына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін қалыптастыруға белсенді түрде қатысады, олардың бағдарламалары жастар мәселесінің ерекшеліктерін ескереді. Бірақ жастар әлеуметтік топтардың жасы жағынан ғана емес, өмірге қадам басуға байланысты, оларға тән әлуметтік қызметтері де ерекшеленеді.

4.  Жастардың  кәсіби дайындығына ықпал ету.Облыстық әкімдікпен маслихат шешімі бойынша мемлекеттік еңбек және әлеуметтік қорғау ғылымдары жастарға арналған бағдарлама негізінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жастарды жұмыспен қамту жағдайының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттарға жалпы білім беру және жастарды еңбекке кәсіби тұрғыдан дайындау жатады. Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:

-жастар үшін жаңа  жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға  қолдау көрсету;

-тұрақты жұмыс орындарын  қалыптастыру;

-жастарды жұмыспен  қамтуға арналған мекемелер және  кәсіпорындар инфрақұрылымын құру.

Қазақстанда тұрғындарды  жаппай жұмыспен қамту орталығы 1991 жылы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде мұндай биржалар бүгінгі кездегі негізгі қызметі мынау болып табылады: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бас жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқаружәне жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ.

Экономикасы дамыған  елдер кәсіп орын компанияларында  жұмыс күшін жалдау екі жақта  ескере отырып жүргізілді:

- біріншіден, фирманың  ағымдағы тұтыныстарын , оның қосымша даму стратегиялсыз және фирманың өз ішінде кардларды дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;

- екіншіден, жұмыс  күшін ұлттық нарығының жағдайын  ескеру керек;

- жұмыс күшін жалдау  кезінде мынандай тәсілдер қолданылады: 

- жоғары және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;

- жұмыспен қамту орталығы  кадрларды жалдау;

- жарнамалық хабарлау  мен жаппай ақпараттық құралдар  көмегімен кадрларды тарту; 

- орналасатындарды конкурстық  негізде мұқият таңдау, сондықтан  бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу;

-Қазақстан Республикасында  тұрғындарды жұмыспен қамтудың  арнайы бағдарламасы жасалған.

Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. 

Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің әлеуметтік - экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді.. Кез келген тауарлы нарық өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қалай кызметкерлердің, солай жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті кдмтамасыз ету пайда болады.

Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен кайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады.  Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси -экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылык салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - тендік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сүраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалык процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жүмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы  ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең

алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама - карсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.

Еңбекпен толық қамту  дегеніміз, ол халық шаруашылығы  көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Ал тиімді еңбекпен қамту  дегеніміз - қоғамдық кажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту кызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.

Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін колдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Адам факторының ықпалы кәсіпорын жұмысының икемділігін арттырудағы негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту; кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және ағлақтық бағалылығын жетілдіру.

Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Еңбек рыногы бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,   жұмыссыздықтың   сала       бойынша,   кәсіби         биліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің кұрылымын байқатады.

Қазақстан Республикасында  осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек рыногы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жуйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етелді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік - экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал - жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс құрал - жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен -сатып алу - сату жолы арқылы жүзеге асады.

 

    1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

2.1.Жұмыссыздық деңгейін бағалау

 

Қазақстанның нарыққа  көшуі жұмыс істеуге қабілетті  адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетіп жіберді. Жұмыссыздық көбейіп кетті. Жұмыс күшінің көленкелі нарығы дамыды.

Қазақстанда қатарына жұмыс  істеуге қабілетті жастағы оқушылар, өндірістен қол үзіп оқып жүргендер, экономикалық қызметпен айналыспайтын  және оқымайтын жұмыс істеуге  қабілетті тұрғындар, жұмыс істемейтін көп балалы аналар, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да жұмыс істемейтін адамдар енетін жұмыссыздардың үлесі 2002 жылдың басында халықтың 13,5%, ал жекелеген аймақтар боынша 15% және одан да көп пайыздық құрайды. Қазіргі уақытта республикада 28,6мың адам жұмыс істейтін 407 ұйым тоқтап тұр. 125,4мың адам жұмыс істейтін 646 ұйым ішінара тоқтап тұрса, жұмыс істейтіндер саны 3,7 мың адамды құрайтын 289 ұйым толық емес жұмыс күніне ауысқан.

Сонымен бір мезгілде, ауып шаруашылығы ұйымдарын мемлекет иелігінен алу процесінде 2,3 милион азамат өзінің қалауы бойынша кез – келген уақытта пайдалана алатын шарттық жер үлесіне ие болғандықтан барлық жұмыс істемейтін азаматтар, әсіресе ауылдық жерлерде толық мәнінде жұмыссыздарға жатқызылмауы мүмкін.

1691,6 мың отбасының  жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуі  үшін, 939,9 мың отбасының бағбандық  үшін және 37,6 мың отбасының бау  – бақша үшін жер учаскілері  бар. 

Жұмысқа орналасуда қиындық  көріп жүрген азаматтардың орташа жасы 40 -45 жасты құрайды. 45 жастан асқан жоғары және арнаулы білімі бар әйелдердің мамандығы бойынша жұмыс табу перспективасы жоқ. Ауылдық жерлерде, шағын қалалар мен жұмысшы кентерінде жұмысқа орналасу проблемасы одан да өткір. Жұмыссыздықпен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын белсенді іс – қимылдар мыналарды көздейтін болады:

    1. Болашағы бар салалар мен өндірістегі экономикалық тиімді жұмыс орындарын сақтап қалу және санын көбейту;
    2. Түрлі қаржыландыру көздерін тарту есебінен инвестициялық белсенділікті арттыру жолымен жұмыс орындарын құру;
    3. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайын жасау, өзінің меншікті ісін ашуға ұмтылған азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;
    4. Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және түрлерін көбейту;
    5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мәліметтердің жалпы Республикалық ақпарат – талдау базасын кеңейту;
    6. Шағын несие беру жүйесін жетілдіру.

 

 

 

    1. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері

 

Қазақстанда нарық реформалары  кезіңінде жұмыс істеуге қабілетті  халықтың экономикалық белсенділігі едәуір қысқарып кетті. 1991 жылдан бастап халықтың табысы азайып, кедейлігі артты. Осы уақытта, статистикалық деректерге қарағанда, ең ауқатты және ең кедей азаматтардың ақшалай кірістерінің арасындағы алшақтық 4 еседен 11 есеге дейін өсіп кетті. Сонымен бірге, кірістерді екінші рет және одан кейін қайта бөлуді, қайырымдылық көмегін және есепке алынбайтын кірістер көздерін статистика есепке алмайды.

Еңбекақы мен ең төменгі  күнкеріс деңгейіне қатысты есептеу  коэффицентінінің 25пайыздан аспайтын мөлшері кедей аудандарда жатқызудың өлшемі болып табылады.

Қазақстандағы кедейшілік пен жұмыссыздықтың негізгі себептері:

  1. Халықтың тұрақты тұратын жерінде сұранысқа ие жұмыс орындарының болмауы;
  2. Нарыққа көшу жағдайында халықтың кәсіпкерлікпен айналысуға және жұмыс іздеуге даяр болмауы;
  3. Шағын және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы және материалдық ресурстарға қол жеткізуінің шектеулігі;
  4. Шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымының, соның ішінде ақпараттық және оқытумен қамтамасыз етудің нашар дамуы;
  5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолданылып жүрген заңнамада көзделген өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін жергілікті пайдаланбауы;
  6. Тауар өндірумен айналысатын шығын кәсіпкерлікке атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің жеткілікті түрде ашық жүргізілмеуі;
  7. Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру кезінде пайдаланылатын кең тараған мамандықтар бойынша шетелдік жұмысшылар әкелуге жеткілікті бақылаудың болмауы;
  8. Жергілікті атқарушы органдар өз қамтмасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің жүзеге асырудағы мүмкіндерінің жеткіліксіздігі;
  9. Жұмыс істеп жатқан ұйымдардың базасында немесе жаңа ұйымдар құруға қоса қатысу арқылы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуді ұйымдастыруды жергілікті органдырдың бесендігінің жетіспеуі;
  10. Базасы арзан шетелдік тауарлар әкелуіне байланысты отындық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауы.

Информация о работе Жұмыссыздық