Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:55, доклад
Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Мұнда: Дд/3 - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі - оң, ал артуы - теріс бағаланады.
Кредиторлық борыштын айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
Мұнда: Kк/з - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
К3 - кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық
коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффи-циенті сияқты коммерциялық несиенщ
артқанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық
борыш коэффициенті кәсіпорын берген
коммерциялық несиенің артқанын немесе
төмендегенін көрсетсе, ал керісінше
кредиторлық борыштың аиналымдылық
коэффициенті кәсіпорынға берілген
аиқындайды Кредиторлық борыш
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
Капиталдың тиімді пайдалануын талдау
Талдау жүргізушісінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болып табылады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса манызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қарастырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэфициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалыкты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын каншалыкты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс=Мк / Ак
Мұндағы: Ктс- тәуелсіздік коэффициенті;
Мк- меншікті капитал;
Ак- авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындыктардың азаятындығьш көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай кұрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан
АҚШ және Еуропа елдерінде
тәуелсіздік коэффициентінің
Жабдықтаушылар мен сатып
алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндеттемелер қатаң сақталатын
және фирманың атағына үлкен мән
берілген нарықтық экономикасы дамыған
елдерде тәуелсіздік
Ақша қаражаттардың қалдықтарының қозғалысын талдау
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорының қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырганын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
Мұнда:
КдС - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
ДС° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСС - ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойыңша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 "Есептесу шотындағы барлық" шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілігі өздершің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:
Мұнда:
Ди - және Ки - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.
11. Істегі
капиталдың айналымдылығы алымы
Мұнда: Фк - істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағынасын
талдағанда өндірістік қызметке тікелей
қатысатын капиталдың айналымдылығының
баяулағанын немесе жылдамдағанын
көруге болады. Өзінің дамуына салған
инвестицияны қоспағанда, активтердің
жалпы айналымдылық көрсеткішімен
салыстырғанда бұл
12. Перманенттік
капиталдың айналым
Пер/к - перманентгік капитал капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндетте-мелерінің әсерін еске алу керек.
13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталдын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:
До/S
Дн
Мұнда: —— - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Фк
До/S - негізгі қызметінің табыстылығы
До - негізгі қызметтен түскен табыс;
Дн - өнімді сатудан түскен табыс.
Пайданың құрамын және серпінің талдау
Табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштеріне нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет
жасау, қаржыландыру көздерін ынталаңдыру
және оларды тиімді пайдалану сияқты
мүмкіндіктерін анықтайтын, осы
кәсіпорын қызметінің тиімділігін
сипаттайтын көрсеткіштері
жатады. Олар кәсіпорын
қызметін түрлі бағытта белгілейді
және олар экономикалық процеске қатысушылардың
мүдделеріне сай
Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылык коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілерлер:
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауга қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі,
кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер
қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен
оның нәтижесін бақылау мен