Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:55, доклад
Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған,жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Таза табыс
Да= -----------------
Жалпы табыс
Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)
Талданып отырған кәсіпорын
мәліметтері бойынша
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы (+,-) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
5040 |
6538 |
+ 1498 |
2. |
Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасы) |
30512 |
37254 |
+6742 |
3. |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған ка-питал), % |
16,52 |
17,55 |
+ 1,03 |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынының таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (5040:37254*100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсеpi 2,99 пунктті (13,53-16,52) құрайды. Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті -4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99+4,02=4-1,03).
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Баланс өтімділігің талдау мәселесін қарастырар жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынын " өтімділігін" аңықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші «тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, өтімділік-"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігі өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке ода сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік -бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. "материалдық және тағы басқа құнды-сатылу және олардың ақша қаражаттарына мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторлары- "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерінақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген білдіреді . Профессор В.В. Ковалев: қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша түрлену, айналу қабілеті", - "өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғарі болады", - деп жазады (21). Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: "Берілгең актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары" (2). Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары және құнды қағаздары жатады.
іАқша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айярысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға айналады.
A2 Тез өткызілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпрорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмең болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активіңің II бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Үзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде "Алдағы
кезең шығындары" бабы есепке алынбайды.
Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру
қиынырақ: бірінші сатып алушыны
тауып алу қажет, ал бұл оңай емес
және белгілі бір уақытты керек
етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған
өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір
қаңылтырды сатып алушыны табу оңай
болса, одан жасалған штампталған жартылай
өнімді сатып алушыны табу анағұрлым
қиын. Бұл белгілі бір бұйымды
дайындауға арналған жартылай өнім барлық
адамға бірдей керек емес болуы мүмкін.
Сондықтан немістер өтімді активтерді
есепке алғанда аяқталмаған өндірістің
құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда
аяқталмаған өндіріс құнын
А4 Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Үзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өт-кізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары
оларды өтімділік дәрежесі бойынша
топтағанда, басты орынды ең өтімді
және әр жақты меншік нысаны алады -
кассадағы, банктегі есеп айырысу,
валюта және ағымдағы
шоттардағы қаражаттары. Бұдан
кейін бағалы қағаздарға
салынған мерзімді қаржылық инвестициялар,
дебиторлармен есеп айырысулар түрады.
Активтің бұл қарастірілған баптары
негізінен кәсіпорынның "өтімділігін"
(Өтімді капиталын), яғни активтің бірінші
кезектегі міндеттемелерді
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғурлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелеp, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде- жүмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 ¥зақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді неииелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансың сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1>П1
А2>П2
А3 >П3
A4<П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міңдеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздігінің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік "баланстау" сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық түрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір
немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы
варианттағыға қарама-қарсы
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.
Активтер |
Сомасы, мың тг. |
Құрылымы, % |
Өзгеріс (+ ; -) | |||
|
Жыл басында |
Жыл соңында |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Мың тг. |
Үлес салмағы, % |
Ұзақ мерзімді активтер |
||||||
Негізгі құралдар |
147 795 |
210 260 |
40,03 |
58.44 |
+62 465 |
+42,26 |
Аяқталмаған өндіріс |
45 300 |
17 280 |
12,27 |
4,80 |
-28 020 |
-61,85 |
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар |
18 590 |
18 590 |
5.03 |
5.17 |
0 |
0 |
Алдағы кезең шығындары |
395 |
655 |
0,11 |
0,18 |
+260 |
+65,82 |
Жиыны |
212 080 |
246 785 |
57.44 |
68,60 |
+34 705 |
+16,36 |
Қысқа мерзімді активтер |
0,00 |
0,00 |
0 |
0,00 | ||
Тауарлы-материалдық қорлар |
57 780 |
53 600 |
15,65 |
14,90 |
-4 180 |
-7,23 |
Дебиторлық борыш |
91 595 |
47 525 |
24,81 |
13,21 |
-44 070 |
-48,11 |
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар |
0 |
670 |
0,00 |
0,19 |
+670 |
|
Ақша қаражаттары |
1 505 |
5 470 |
0,41 |
1,52 |
+3 965 |
+263,46 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
6 290 |
5 715 |
1,71 |
1,58 |
-575 |
-9,14 |
Жиыны |
157 170 |
112 980 |
42,56 |
31,40 |
-44 190 |
-28,12 |
Барлығы |
369 250 |
359 765 |
100,00 |
100,00 |
-9 485 |
2,57 |