Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:55, доклад

Описание

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық коэффициенттерді талдау Курсовая(5).docx

— 60.74 Кб (Скачать документ)

Қаржылық талдаудың  коэффициенттер әдісі

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып  табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу  кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың  жеке баптарының арасында болатын өзара  байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық  талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі  шаманың арасындағы өзара математикалық  қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы  оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың  ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың  қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын  білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын  басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен  талдау қажет, өйткені тек бір  ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас  деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық  дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа  бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін  асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып  табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген  талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер  әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың  ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты  қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ  қазіргі және болашақтағы жағдайлар  талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне  назар аударылмайды. Нәтижесінде  бір көрсеткіштердің мүмкін болатын  маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды  түсінуге және де оларды тек ағымдағыы  мезетте ғана емес, сонымен қатар  болашақта да дұрыс бағалауға  мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең  таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес  фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың  жекелеген көрсеткіштері бойынша  есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

 

Негізгі қаржылық коэффициенттердің сипаттамасы мен оларды есептеудің әдістері

Экономикалық  талдауда коэффициенттердің қолданылуы

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігін аналитикалық зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық песурстармен қамсызданғандығымен, оларды мақсатты жұмсау мен тиімді пайдаланумен, төлеуге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің, оның іскерлік потенциалын, меншік иелерінің серіктестер мен персоналдың экономикалық мүдделерін орындаудың кепілдемесін анықтайды.

Қаржылық талдаудың  құралы - шаруашылық-қаржылық үрдістер, олардың нәтижелері мен қалыптастыру факторлары болып табылады.

Қаржылық талдаудың негізгі  мақсаты – қаржылық қызметтегі кемшіліктерді  уақытында айқындау мен жою, және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің резервтерін айқындау.

Ақпаратты пайдалануға байланысты қаржылық талдау ішкі және сыртқы болып  бөлінеді.

Кәсіпорынның қаржылық- шаруашылық қызметін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер қолданалады, олар үрдістің сандық және сапалық, жалпы өзіндік, алғашқы және туынды, синтетикалық және қарапайым, абсолютті және қатысты  бола алады.

Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері көп түрлі. Оларды экономико-қисындық, экономико-матеметикалық және эвристикалық деп бөлуге болады. Экономико-қисындық әдістерге келесілер жатады: салыстыру, баланстық әдіс және т.б.

Қаржылық таладаудың басты  бір құралы қаржылық коэфициенттер болып  табылады, олар бір абсолютті қаржылық көрсеткіштердің басқаларға қатынасын бейнелейді. Қаржылық коэфициенттер кәсіпорын көрсеткіштерін басқа кәсіпорындармен немесе саламен салыстыру үшін, өзгерістер динамикасы мен тенденцияларын айқындау, қаржылық жағдайдың түрлі жақтарының шектеулері мен критерийлерін анықтау үшін қолданылады.

Қаржылық коэфициентердің  келесі топтары көбінесе маңызды  деп саналады:

    • ликвидтілік коэфициенттері;
    • іскерлік белсенділік коэфициенттері;
    • рентабелділік коэфициентері;
    • капитал тұрақтылығы немесе құрылымы коэфициентері;
    • нарықтық белсенділік коэфициентері.

 

      1. Ликвидтілік коэфициенттері кәсіпорынның есеп беру кезеңінде өзіндік қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Көбінесе маңыздылары- жалпы (ағымды) ликвидтілік коэфициенті, тез аралық ликвидтік коэфициенты, абсолютті ликвидтік коэфициенты, таза айналым капиталы.

Абсолютті ликвидтілік коэфициенты (Кал) көбінесе ликвидтердің қатынасымен анықталады- ақша- қаражаттары (АәҚ) мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың ( ҚҚС)  қысқа мерзімді міндеттемелерге (ҚН) қатынасы, формаласы келесідей:

Кал= (АҚ + ҚҚС) / ҚМ

Тез аралық ликвидтілік коэфициенті  көбінесе ликвидті және тез сатылатын  активтердің қосындысының қатынасымен  анықталады- дебиторлық қордың (ДҚ) қысқа  мерзімді міндеттемелерге қатынасы, формуласы:

Ктл= АҚ+ ҚҚС+ ДҚ/ҚМ

Ағымды ликвидтілік коэфициенті (Квғл) кәсіпорынның жиынтық айналым құралдарының, оған баяу жүзеге асырылытын активтер, тауарлы- материалдық запастар (ТМЗ) кіреді, қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады:

Кағл=АҚ+ҚҚС+ДҚ+ТМЗ/ҚМ

Таза (немесе жеке) айналым  капиталы ( ТКа) кәсіпорынға болашақта өз қызметін ұлғайту үшін қаржылық ресурс ретінде қажет. Таза айналым капиталының жеткіліксіздігі, қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында жабудың (өтеудің) қабілетсіздігі үшін, кәсіпорынды банкротыққа алып келеді. Сонымен қатар осы қаражаттардың ұтымды деңгейден асып кетуі қаржылық қорлардың тиімсіз пайдаланылуын (АА), куәландырады. ТКа кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмашылығымен анықталады: 

ТКа= АйнА- ҚМ

 

2.  Іскерлік белсенділік коэфициентері немесе айналым коэфициентері кәсіпорынның өз қаржылық қорларын пайдаланудың тиімділік деңгейін сипаттайды. Қаражаттардың айналымдылығы құралдардың ақшалай түрде айналу жыдамдығын білдіреді, яғни кәсіпорынның төлеуге қабілеттілігін анықтайды. Негізгілері ретінде келесі айналым көрсеткіштері қолданылады.

Активтердің айналым коэффициенті (Какт.айн.) - өнімді сатудан тұскен табыс (тұсім)-тың баланс активінің жалпы нәтижесіне қатынасы - өндіріс пен айналымның толық циклі жылына неше рет өайталанатын, немесе әрбір салынған капитал бірлігі сатылған өнімнің қанша ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді.

Дебиторлық қарыз айналымының  коэффициенті (Кдқ айн) жыл бойында дебиторлық қарыз неше рет ақшаға айналғанын көрсетеді және ол сатудан түскен табысты (түсімді) дебиторлық қарыздың орта жылдық құнына бөлгенге тең. Бұл коэффициент кредиторлық қарыз айналымның коэффициентімен салыстырылады (Ккқ айн), ол сатылған өнімнің өзіндік құнын кредиторлық қарыздың орта жылдық құнына бөлу жолымен анықталады. Осы екі көрсеткішті өзара салыстыру коммерциялық несиелеудің сыртқы шарттарын кәсіпорын өзі беретін несиелеу шарттарымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Тауарлы-материалдық запастар айналымның коэфициенті (Ктмз айн) кәсіпорынның өндірістік запастарын сату (өткізу) жылдамдығын көрсетеді және ол сатылған өнімнің өзіндік құнын өндірістік запастардың орта жылдық құнына бөлу жылымен анықталады.

Операциялық циклдің ұзақтығы (Цұ) өндіріс, сату мен өнімге ақы төлеу циклінің орташа ұзақтығын күнмен сипаттайды.

 

3. Рентабельдік коэффициенті кәсіпорынның пайдалылық нормасын көрсетеді. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.

Активтердің рентабельдік аоэффициенті (Ра) таза пайданы барлық активтердің ортажылдық құнына бөлу арқылы есептеледі (баланс активінің қорытындысы) және ол пайданың бір бірлігін алу үшін кәсіпорынға қанша капитал ақша бірлігін тарту қажеттілігін көрсетеді.

Жеке (өздік) капиталдың рентабельділік коэффициенті (Ржк) кәсіпорынның меншік иелерінің капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді және оны басқа қаржылық құралдарға салымдардан түсетін табыстылықпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Өнімнің (сатудың немесе өткізудің) рентабельділік коэффициенті (Рө) таза пайданы сатылған өнімнің көлеміне бөлу арқылы анықталады және ол әрбір сатылған өнімнің пайданың қанша ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді.

Рентабельділік коэффициенттері  өзара байланысты, ол Дюпон формуласымен көрсетіледі:

Ра = Рө x Как.айн

 

4. Тұрақтылық немесе капитал құрылымы коэффициенттері кәсіпорынның сыртқы займдардан қаржылық дербестігін сипаттайды, сонымен қатар негізгі қызметі қамсыздандыру мен құзақ мерзімді міндеттемелерді жабу үшін өз қаражаттарының қажетті сомада болуын сипаттайды. Бұл коэффициенттер акционерлер, кредиторлар мен инвесторлар мүдделерінің қорғаныс дәрежесін сипаттайды. Бұл коэффициенттер тобына келесілер жатады:

  • Меншіктілік (автономиялық) коэффициенті (Кмен), ол барлық салынған капитал құрылымындағы жеке капиталдың үлесін көрсетеді және жеке капиталдың баланс пассивінің қорытындысына қатынасымен анықталады. Егер Кмен 0,5-тен кем болмаса, қаржылық жағдай тұрақты деп саналды.
  • Заемдық (қарыз) капитал коэффициенті (Кзк), ол қаржыландыру көздеріндегі қарыз капиталының үлесін көрсетеді және меншіллік коэффициентіне кері шама болып табылады.
  • Қаржылық тәуекелдік коэффиценті (Кқт), ол қарыз капиталын меншік капиталына бөлу жолымен анықталады және бір теңге салынған меншік қаражаттарына кәсіпорын қанша қарыз капиталын тартқанын көрсетеді. Берілген коэффициенттің мәніне нормативті шектеу – 1-ден көп емес.

5. Нарықтық  белсеңділік коэффициенттері кәсіпорын акцияларының құны мен пайдалылығын сипаттайды. Осы топтың негізгі көрсеткіштері:

    • Бір акцияға шаққандағы пайда (Па) таза пайдадан артықшылығы бар акциялар бойынша төленген дивидендтердің алып тастап, оны айналымдағы кәсіпорынның қарапайым акцияларының жалпы санына бөлу жолымен анықталады;
    • Акцияның нарықтық бағасымен біп акцияға шаққагдағы пайданың ара қатысы, ол кәсіпорын пайдасының бір ақшалай бірлігі үшін акционерлер қанша ақша төлей алатынын көрсетеді.
    • Бір акцияның баланстық құны (Ка), бір қарапайым акцияға сай келетін кәсіпорынның меншік активтерінің құнын сипаттайды және ол акционерлік капитал құнынан артықшылығы бар акциялардың құнын алып тастап, оны айналымдағы қарапайым акциялардың санына бөлу жолымен анықталады.
    • Акцияның пайдалылығы (Па), ол акцияны иемденудің барлық мерзімі бойында алынған дивидендтерге акцияның сату бағасы мен сатып алу бағасының айырмасын қосып, акцияны сатып алу бағасына бөлу жолымен келесі формуламен анықталады:

Пак = (Д + (Бсат. – Бс.ал.)) / Б с.ал.

    • Төленетін дивидендтердің үлесі, ол бір акцияға шаққандағы дивидендті бір акцияға шаққандағы таза пайдаға бөлгенге тең, оның нормативті мәні бірден аспауы қажет.

 

Алашақ және берешек  қарыздарды талдау

Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдеп дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады

                                                       

 

Мұнда:

Кд/з- дебиторлық   борыштың   айналымдылық коэффициенті;

 Д3 -   дебиторлық      борыштың   кезеңдегі   орташа шамасы.

 

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау ушін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің үлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге  қарай қүрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі - несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі -несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен   қатар   дебиторлық   борыштың   орташа   айналым  уақытын анықтау мына формуламен анықталады:

Информация о работе Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі