Ақша қаражатының аудиты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 18:15, курсовая работа

Описание

Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі.

Содержание

Кіріспе

Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты

Ақша қаражатына жалпы сипаттама.............................................5

Аудит даму тарихы....................................................................11

Аудиттің жалпы жоспары...............................................................17

Аудиттің түрлері............................................................................18



Ақша қаражатының аудиті

Банк операцияларының аудиті.......................................................20

Кассалық операциялар аудиті.........................................................22

Ақша қозғалысының аудиті............................................................25
Қорытынды..................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..............................

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражатының аудиті Аудит даму кезеңі, мәні және мақса.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)
 

     Аудиторлық  қорытындыға аудиторлық ұйымның  атынан қол қоюға құқығы бар басшысы.

Аудиторлық  топтың басшысы                                     

     Әрбір аудитор өзін - өзі ұстау мәнерінің  негізгі ережелерін үйреніп,

кез-келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды  анықтауда негізгілер ретінде қолдануға  тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

  • тәуелсіздігі
  • Адалдық және объективтілік
  • Стандарттарды сақтау
  • Құпияны сақтау
  • Жарнаманы шектеу.   

                        
     
     

1.4. Аудиттің түрлері. 

Аудит әр кезге байланысты әр түрлі болып  бөлінеді.

  1. Даму сатысы бойынша:

           -  растайтын аудит – тексеруді  болжайтын және іс тәжірибедегі  әрбір               шаруашылық операцияларды растайтын  аудит.

  • жүйелі бағдарланған аудит – тексерілетін кәсіпорынның ішкі 

бақылау жүйесінің қызмет етуін және ұйымның міндетті түрде бағалаушы болжайды. Егер ішкі бақылау жүйесі жеткілікті тиімді ұйымдастырылса аудиторлар жеке объектінің тексерісте өз дері таңдауы мүмкін  және олар тестілеу мен шектелуі мүмкін. Ол клиенттердің операцияларын басқаратын жүйелерге бақылау жасауға мүмкіндік береді.

          - тәуекелге негізделген аудит  - әр түрлі салаларда тереңінен  жүргізгенде мүмкін болатын жоғары  қате заңды бұзушылық тәуекелдігін  болжайды. Қысқа мерзімді операциялар  таңдалынып, яғни тексеру сол  операцияға жүргізіледі.

  1. Құқық негізі бойынша:

        -   міндетті аудит – ол  Қазақстан Республикасының қойылған  заңдарына байланысты жүргізеді.  Шаруашылықпен айналысатын субъектілер  жылына бір рет қаржылық жағдайын  тексеру үшін аудиторлар шақырып  тексеру керек (заңды түрде)  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі актілермен немесе мемлекеттік органдардың тағайындалуымен жүргізіледі.

        - Индикативті (ерікті) аудит –  екі жақты қызығушылығы бойынша  жүргізіледі. Егер тексеру заңға  байланысты емес болса. Мұндай  тексеру клиенттердің білгені бойынша жүргізіледі. Ұйым басшының шешімі бойынша жүргізіледі.

  1. Субъектінің қызметінің саласы бойынша:

        -  жалпы аудит 

       -  банкілік аудит – банкті және несие ұйымдарында жүргізілетін болып есептеледі. Растылығын, дұрыстылығын тексеру, сонымен қатар оның Қазақстан Республикасының конституциясына және Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің нормативтік актілеріне сәйкес жүргізілуі бақылайтын аудит.

  1. Аудитордың статусы бойынша:

       -  сыртқы аудит – ол тәуелсіз  аудиторлардың, аудиторлық фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің келісім шарттары бойынша жүргізеді, олардың қызметі Қазақстан республикасының Конституциясымен және Ұлттық банктің нормативтік актілерді реттеледі. Ол ешкімге тәуелсіз, ішкі тұтынушыға мәліметтер беруге міндетті емес. Оны “Заң негізінде жүргізілетін аудит” деп аталады.                                                                                                               

        - ішкі аудит – жалпы жүиенің  ішкі тексерулердің белгілі бір  бөлігі ретінде қаралады. Оны былай анықтауға болады. Қызметті  тәуелсіз бағалау субъектінің шаруашылығының ішінде қызмет көрсету болып табылады.

  1. Тексеру обьектісі бойынша:

      - Операциялық аудит – админстрацияның  қызметін бағалайтын және фирма  қызметінің тиімділігін тексеретін аудит.

      -   Сәйкестікке негізделген  аудит – кәсіпорын персоналдарының  заңды, нормаларды, стандарттарды,  нұсқауларды, ішкі жағдайларды  және ережелерді сақталуын бақылайтын  аудит.

      -   Қаржылық есеп беру аудиті  – бұл кәсіпорын қаржылық есеп беруінің растылығын, дұрыстылығын бағалайтын аудит.

  1. Жүргізу кезеңділігіне байланысты

      - бастапқы аудит – берілген  ұйымда аудитормен немесе аудиторлық  фирмамен алғаш рет тексеру  жүргізілуін білдіреді.

  • Келісілген аудит – ол аудиторлардың фирма мен қайта және үнемі

жүргізіледі. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп дұрыс  және дұрыс еместігін клиентпен  ұзақ уақыт қарым-қатынастағы нәтижесіне байланысты болады.  
 
 
 

    ІІ  – тарау.   Ақша қаражатының аудиті 

2.1. Банк операцияларының аудиті.

     Ақшалай қаражат аудитіне банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданып жүрген ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінесақтауға міндетті. Банк мекемелермен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен, шоттарды жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептеудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.

     Ағымдағы (есептік) шоттағы операциялардың аудитінде  бірнеше жағдайларға назар аудару қажет:

  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі;
  2. Соманы банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген бастапқы құжаттарды көрсетілген  сомаға сәйкестігі;
  3. Көшірмелерге тіркелеген бастапқы құжаттарда банкте мөр таңбаның бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізген жөн;
  4. Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.

     Банк  көшірмелерін тексеру банк құжаттары  бойынша зерттеп білу керек. Сонымен  бірге ауитор мыналарды анықтау  тиіс: заңсыз банктік операциялар  жасала ма, несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ есеп беретін адамдарға  қолхат арқылы беріле ме, чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасайма және т.б. жатады.

     Валюталық шоттары операциялар аудитіне төмендегі келтірілген  

                                           

ерекше  жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл  бөлу және анықтау керек:

  1. Валюталық шот ашылған банк мекемесі;
  2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарды көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?;
  3. Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі;
  4. Валюталық шоты ақша үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы;
  5. Валютаны сатумен сатып алу операциялардың есепте көрсетудің дәлдігі;
  6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.

     Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеру  қажет:

     а) Егер есеп айырысудың бұл формасы  шартпен белгіленсе және жабдықтаушы сатып алушыны есеп айырысудың аккредитивтік түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе, әр бір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептеге арналған. Аккредитивтен қолма-қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңмен тиым салынған

       б) Дара балансқа бөлінген құрылымдық  бөлімшелерден баланстар мен  басқа қажетті құжаттар ұсынылған  ба?

       в) Банктен алынған депозиттік  сертификаттардың бар болуын;

       г ) Дара балансқа бөлінбеген  құрылымдық бөлімщелер шығынан  негізі өндірістің шығыстары  немесе айналымшығындары.

     Егер  арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар  валюталық шот жөніндегі тәртіппен  атқарылады.

     Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1030 “жолдағы ақша қаражаттары” шотында  есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың  

                                          

№ 3 журнал – ордерде және бас кітапта  осы шот жөніндегі жазбалардың  сәйкестігін тексеру қажет.   

2.2. Кассалық операциялар аудиті. 

     Кассалық  операцияларды аудиторлық тексеру  бағдарламасы  кесте түрінде берілген

         Аудит процедуралары             Ақпарат көздері
1. ақша  мен кассадағы басқа құндылықтардың  бар жоғы мен жағдайын түгендеу Касса ревизиясы  бойынша комиссияны тағайындау, кассирды тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрығы, кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері,№ 1 тізімдеме, № 1 журнал-ордері, Бас кітап
2. Кассалық  операцияларды құжаттық рәсімдеудің дұрыстығын тексеру Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны  түгендеу, № 1 журнал-ордері, №1 тізімдеме, Бас кітап және т.б.
3. Қолма-қол  ақшаны кіріске алудың мерзімділігі  мен толықтығының дұрыстығын  тексеру Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне  тіркелген бастапқы құжаттар, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), №1 журнал-ордері, Бас  кітап және т.б.
4. Ақшаны  шығысқа есептен шығарудың дұрыстығын  тексеру КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, №1 журнал – ордері, Бас кітап және т.б.
5. Бухгалтерлік  есептегі шоттарда операцияларды  көрсетудің дұрыстығын тексеру Бастапқы құжаттар, №1 журнал-ордерге №1 тізімдеме, №1 журнал-ордері, Бас кітап және т.б. аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдармен ұсыныстарды негіздеу
6. Кассалық  операциялар аудитінің қорытындылары  бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды  әзірлеу Кассаны тексеру  актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі  ұсыныстар.

      

     Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілер мыналар:

     < Кассадағы ақшаны толықтау, парақтап  қайта санау мен басқа құндылықтарды  тексеретін, кенеттен болатын ревизияның  кәсіпорында жолға қойылмауы;

     <  Кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанды) кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу;

     < Кәсіпорында тексерудің мерзімділігін  белгілейтін басшы бұйрығының  жоқтығы;

     < Штатта кассирдің болмауы –  бұл функциялар кәсіпорын басшысының  қызметкеріне жүктелсе;

     < Кассирмен толық материалдық  жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;

     Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел  және уақытылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептеп шығарудың  дұрыстығын тексеру.

     Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде бірнеше әдіс қолдануға болады:

    1. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды

           анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның

           бар жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұраұты

         жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық

           орындала ма?

    1. Кассға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады;
    2. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі;
    3. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрденемесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.

  Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиіс. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол алған немесе салған кәсіпорындармен есептеулерді салыстырған жөн.

Информация о работе Ақша қаражатының аудиты