Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа
Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей: Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру; Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру.
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –«Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу» деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей:
Мазмұнына тоқталатын болсам, ол негізгі екі тараудан тұрады: 1-тарау ҚР-дағы аудитті реттеуші заңдар «ҚР аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер» деп аталады, яғни бұл бөлімде: ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеудің қажеттілігі және ішкі аудит қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесі,ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына тоқталдым. 2-тарау “ ҚР-дағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар ” аталады, яғни бұл бөлімде: аудиттің халықаралық стандарттары және ҚР-ның “Аудиторлық қызметі туралы” Заңын ашып көресеттім.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бүрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті канағаттанғысыз дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және басқа органдар аудиторга қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады.
I тарау.
ҚР-дағы аудитті реттеуші
ҚР аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер
Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл аудиторлық тексеру жүргізу обътісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде ( ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.
Аудиттік қызметтерді
жүзеге асырумен байланысты құқықтық
және этикалық нормалардың өзара
қарым-қатынасын мемлекеттік
Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.
Аудиторлық тексерулердің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.[3]
250 “Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: “Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі мүмкін, оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сейкес келмеген кезде мүмкін болады”. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі етуі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сқөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.[6]
Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдар мен нормативтік құжаттар кіреді.
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|
|
| |
|
|
| |
| |
| |
| |
| |
|
|
28 маусымдағы
№161 бұйрығымен бекітілген №33-ші
«Заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығын есептеу және
бюджетке төлеу тәртібі туралы» | |
| |
|
Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процессінде қолданылатын накты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмай-ды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.
Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақгы процедураларының, ауди-торлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-құтынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде кдте жіберу тәуекелдігін азайтады.[5]
Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада ауди-торлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін үлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды - ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақгыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәліметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандыктан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.
Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.
Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:
Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиенттерімен өзара кдрым-кдтынас жасау принциптерін, ішкі бақылаудың жөне ішкі қорытын-ды есеп берудің күрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы баскдларды ашып көрсетеді.
Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бүзушылықгарды топтастырушы (классификатор); аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жос-парлау кезеңінде сүрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесе сұраулар тізімі кұрайды.[10]
Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жа-салынады:
Бұл стандарттардың әркайсысында төмендегілер болуы мүмкін:
Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1995 жылғы шілде
айында аудиторлар Палатасының
кезектен тыс конференциясында
Қазақстан Республикасы
Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу