Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа

Описание

Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей: Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру; Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру.

Работа состоит из  1 файл

ішкі аудит.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

      Төртінші бөлім « Ішкі бақылау» ( 400-499).

      Халықаралық аудит стандарты  400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау. Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған.

      Халықаралық аудит стандарты  401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қажет қосымша рәсімдер ( процедуралар) ашып көрсетілген.

      Халықаралық аудит стандарты 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субъектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген.

      Бесінші бөлімге « Аудиторлық дәлелдеулер» 500 – 599 стандарттары кіреді.

      Халықаралық аудит стандарты  500 Аудиторлық дәлелдеулер – аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

      Халықаралық аудит стандарты  501 «Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау». Құндылықтарды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есеп шоттарын және талаптар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.

      Халықаралық аудит стандарты  505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.

      Халықаралық аудит стандарты 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам өтсе, ондай кезде есеп шот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.

      Халықаралық аудит стандарты 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. Әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудитордың зерделеу мәселелері қарастырылады.

      Халықаралық аудит стандарты  530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателікті экстраполяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.

      Халықаралық аудит стандарты  540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.

       Халықаралық аудит стандарты  550 Байланыстырылған тараптар. Өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.

      Халықаралық аудит стандарты  560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе есеп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.                                                  Халықаралық аудит стандарты 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күмәнданатын жағдай сипатталады.

       Халықаралық аудит стандарты  580 Басшылықтың мәлімдемесі. Тексерілген ұйым басшысы ұсынатын ақпараттарды алу мен пайдалану жағдайы анықталады.

      Алтыншы бөлімде № 600-699 « Басқалардың  жұмысын пайдалану» стандарттары, оның ішінде       Халықаралық  аудит стандарты 600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану; Халықаралық аудит стандарты 610 Ішкі аудиттің жұмысын қарастыру; Халықаралық аудит стандарты 620 Сарапшы жұмысын пайдалану біріктірілген.

      Мысалы, Халықаралық аудит стандарты 610 Ішкі аудиттің жұмысын қарастыруда арнайы тағайындалған қызметкер жүзеге асыратын кәсіпорындағы ішкі бақылаудың элементі ретінде іштей бақылаудың мәні ашып көрсетіледі.

      Ішкі аудиттің қызмет нәтижелерінің  бірталай бөлігін тәуелсіз аудитор  қаржылық ақпараттарды талдауда  пайдалануы мүмкін. Ішкі аудитор  жұмысын бағалауда тәуелсіз аудитор  ескеруі тиіс процедуралар ескерілген.

      Халықаралық аудит стандарты  700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру ( қорытынды) – аудиторлық есеп берудің формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген, сөзсіз қорытындылаудың ықтимал қалыптастырулары мен қорытынды жасалатын жағдайлар, кейбіреуі сөзсіз болатын, ішінара жағымсызы да бар және қорытындыны беруден бас тарту жағдайлары қарастырылады.

      Қосымшада ескертпемен жасалатын  сөзсіз қорытындылаудың үлгісі, сондай-ақ қорытындыны беруден  бас тарту мысалы келтірілген.

      Халықаралық аудит стандарты  710 Салыстырмалы мәндер. Клиенттің есеп беруі өткен жылдың көрсеткіштерін қамтыған жағдайларда аудитордың әрекет ету тәртібі сипатталады.

      Халықаралық аудит стандарты  720 Тексерілген қаржылық есеп берулерді қамтитын құжаттардағы басқадай ақпарат. Мұнда аудиттелген қаржылық есеп берулердің елеулі сәйкессіздігін сәйкестендіру мақсатында аудитордың басқадай ақпараттарды оқу қажеттілігі айтылады.

      Сегізінші бөлімде « Мамандырылған  салалар»  ( № 800-899) екі стандарт келтірілген:

      Халықаралық аудит стандарты  800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша аудиторлық есеп беру. Жалпы қабылданған стандарттар немесе принциптер бойынша ғана емес, сондай-ақ субъектілердің қызмет түрлері, операциялары, нақты есеп шоттары, баптары бойынша жасалған есеп пен есеп берулерді арнайы тексеру бойынша есеп берулердің ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

      Халықаралық аудит стандарты  810 Болжалды қаржылық ақпаратты зерттеу. Болжау мен бағалау мәліметтеріне немесе уақиғаны дамытудың жорамалды сценарийіне негізделген қаржылық ақпараттар туралы аудиторлық есеп берулерді тексеру және жасау процедуралары сипатталады.

      Тоғызыншы бөлімде ( 900-999) « Ілеспе  қызметтер» үш стандарт кіреді:

      Халықаралық аудит стандарты 910 Қаржылық есеп берулерді шолып тексеру бойынша тапсырма. Аудиттің « жеңілдетілген нұсқасын» білдіретін қаржылық есеп берулерге жалпы тексерулерді жүргізудің тәртібі келтірілген. Бұл арада аудитор есеп берулердің анықтығы туралы емес, оның анық еместігін растайтын фактілердің болмауы туралы пікір білдіру керек. Жалпы тексеру нәтижелерінің қаржылық есеп берулердің әдеттегі аудитінің нәтижелерінен гөрі дәлелдеу күші аз болады.

       Аудит стандарттары аудиторлар  палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандартқа көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. ҚР-ның “Аудиторлық қызметі туралы” Заңы

Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1998 жылы 20 қарашада қабылданған. Бірақ 05.05.2006 жылы ескертулер мен толықтырулар енгізілді. Соңғы өзгеріс Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 138-IV Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2009 жыл N 2-3, 21-құжат; "Егемен Қазақстан" 2009 жылғы 27 ақпан, N 78-80 (25477); "Казахстанская правда" от 26.02.2009 г. N 51-52 (25795-25796) баяндалды. Бұл Заң Қазақстанда аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында қатынастарды реттейтін бірден-бір заңы болып табылады. Заң алты тараудан, жиырма бес баптан тұрады.

1-тарау.  Жалпы ережелер

1-бап.  Қазақстан Республикасының аудиторлық  қызмет туралы заңдары.

1. Қазақстан  Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан  Республикасы бекіткен халықаралық  шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

2-бап.  Аудиторлық қызмет.

1. Аудиторлық  қызмет дегеніміз аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық  есептілік аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

2. Аудиторлық  қызметті жүзеге асыруға лицензиясы  бар және аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдардың қызметті жүзеге асыруға  құқығы бар.

3. Аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік  қызметтің осы бапта көзделмеген  өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

3-бап.  Аудиторлық қызметтің негізгі  принциптері.

Аудиторлық  қызметтің негізгі принциптері:

    1. тәуелсіздік;
    2. объективтілік;
    3. кәсіби біліктілік;
    4. құпиялылық.

4-бап.  Аудит және оның түрлері.

1. Аудит Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.

2. Аудиттің түрлері  міндетті және бастамашылық болып  табылады.

2- тарау.  Аудитор, аудиторлық ұйымдар,  аудиторлар палатасы.

5-бап.  Аудитор

1. Аудитор –  Біліктілік комиссиясы аттестаттаған,  «аудитор» біліктілігінің берілуі  туралы куәлік алған жеке тұлға.

2. Аудитор аудиторлық  қызметті жеке кәсіпкер ретінде  не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.

6-бап.  Аудиторлық ұйым.

1. Аудиторлық  ұйым – ашық үлгідегі акционерлік  қоғамды, өндірістік кооператив  пен мемлекеттік кәсіпорынды  қоспағанда, аудиторлық қызметті  жүзеге асыру үшін кез-келген  ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.

2. Шетелдік аудиторлық  ұйымдар Қазақстан Республикасында  аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық  ұйымдарды – Қазақстан Республикасының  резиденттерін құрған жағдайда  ғана жүзеге асыра алады.

3. Аудиторлық  ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құрылуға тиіс.

4. Аудиторлық  ұйымның жарғылық капиталында  аудиторларға және аудиторлық  ұйымдарға тиесілі үлес кемінде  51 процент болуға тиіс.

5. Аудиторлық  ұйымның басшысында Қазақстан  Республикасы аудиторының біліктілік куәлігінің болуы міндетті.

7- бап.  Аудиторлар палатасы.

1. Аудиторлар  палатасы коммерциялық емес,тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым  болып табылады.

2. Аудиторлар  палатасы заңды тұлға болып  табылады.

3. Аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді.

4. Аудиторлар  палатасының құрылымы мен жұмыс  органдары оның жарғысымен белгіленеді.

5. Облыстың, маңызы  бар қаланың, астананың аумағында  конференцияда құрылатын, осы  аумақта аудиторлық қызметпен  айналысушы адамдардың кемінде елу процентінің атынан өкілдік ететін аудиторлардың бір палатасы ғана құрылуы мүмкін.

6. Республикалық  аудиторлар палатасын құру, оның  жарғысын қабылдау туралы шешімдер  Қазақстанның аудиторларының кемінде  елу прцентінің атынан өкілдік  ететін аудиторлардың Республикалық конференциясында қабылданады.

8-бап.  Аудиторлар палаталарының өкілеттігі.

1. Аумақтық аудиторлар  палаталары:

1) аудиттің дамуына  жәрдемдеседі;

2) аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдардың аудит  стандарттарының  талаптарын  сақтауын қамтамасыз етеді;

3) аудиторлық  қызметті жүзеге асыруға байланысты  дауларын қарайды;

4) Қазақстан  Республикасының заң актілерімен  және әдістемелік құжаттармен  қамтамасыз етеді;

5) жұмыс тәжірибесіне  талдау жасайды, қорытып, таратады;

6) мемлекеттік,  қоғамдық, шетелдік ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерін білдіреді;

2. Республикалық  аудиторлар палатасы:

1) аудиторлар  палаталарының қызметін жарғы  негізінде үйлестіруді жүзеге  асырады;

2) аудиторлар  мен аудиторлар палаталарының  мүдделерін білдіреді;

3) халықаралық практика негізінде аудит стандарттарын әзірлейді;

4) аудиторлыққа  кандидаттарды біліктілігін арттыруды  ұйымдастырады;

Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу