Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа

Описание

Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР-ғы аудиторлық қызметті нормативтіқ-құқықтық реттеудің мәселелерін, аудиторлық қызметті жетілдіруде құқықтың базаның алатын орнын анықтау. Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші заңдар мен құқықтық-актілердің мазмұнын ашып көрсету және олардың қолданысын талдау. Осыған байланысты міндеттері төмендегідей: Аудиторлық қызметті реттеуші заңдардың тізімдерін құрастырып және оларға қысқаша түрде сипаттама беру; Әрбір заңның қолдану өрісін қарастыру.

Работа состоит из  1 файл

ішкі аудит.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Аудиторлар  клиент алдында да және оның (аудитордың) қызмет нәтижелеріне мүдделілік танытатын, яғни қызмет нәтижелерінің негізінде үшінші жақ ретінде білгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты. Мысалы, аудиторлық фирмадан банк сол аудиторлық фирманың клиентіне кредит беру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылык есеп берулерді талап етуі мүмкін.

Сондай-ақ, аудиторлар өз жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін  нақты әрі әлеуетті клиент инвесторларының  алдында да жауап береді. Бұл тұлғалар аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығын немесе алаяқтық жасағанын дәлелдеуі қажет.

Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың  маңызды аспектісіне аудиторлардың  жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:

1)    қызметкерлерді  жалдау;

2)    жұмыс  кестесін жасау;                        

3)    біліктілікті  арттыру;

4)    мансап;

5)   басқарушы  қызметкерлерді бақылау;

6)    қызмет  көрсетуге клиентті қабылдау;

7)    кеңес  беру;

8)   тәуелсіздік;

9)    фирманы  бақылау, 

Қазіргі уақытта  аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер  қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделіқті өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар әлемдік іс-тәжірибеде кең таралған Халықаралық аудит стандарттарында көрініс тапқан өлшемдерге сәйкес келіді. Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңда және аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.

Аудитор ізденушісінің (кандидаты) мінсіз репутациясы, жоғары білімі, экономика, қаржы, есептік-талдама, ревизиялық-бақылау немесе құқық салаларында соңғы жеті жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар адамдар немесе жоғары оқу орнында ғылыми-окытушылық қызметпен айналысатын соңғы және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тәжірибелік еңбек стажы бар адамдар аттестациялауға жіберіледі. Олар белгіленген пәндер бойынша біліктілік емтиханын тапсырып, аттестациядан өтуі қажет.

Кәсіби аудитордың бірден-бір басты айырмашылығы –  қоғам, клиент және әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі болып табылады. Ол өзінің кәсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез келген әрекеттер жасамайды. Аудитор өзінің қызметін мінсіз орындауға тырысқаны дұрыс, ол үшін тәуелсіз, адал әрі объективті болуы керек.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының « Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. № 304 ( өзгертулерімен және толықтыруларымен)
  2. Қазақстан Республикасының аудитінің халықаралық аудит стандарттары – Алматы: Раритет, 2004. – 786 б.
  3. Абленов Д. О. А 15 Аудит негіздері: Оқулық – Алматы: Экономика, 2005. – 400 бет.
  4. Әжібаева З. Н., Байболтаева Н. Ә., Жұмағалиева Ж. Ғ. А 34 Аудит: Оқулық. – Алматы: 2006
  5. Балапанова А. Ж. , Аудит теория негіздері: Оқу құралы. – Алматы. 2003
  6. COSO заңы
  7. Сорбейс Оксли акті
  8. ҚР «Акционерлік қоғам туралы» заңы
  9. http://www.google.kz/url?sa=t&source=web&cd=13&ved=0CCEQFjACOAo&url=http%3A%2F%2Fwww.min.kz%2Fnode%2F11033&rct=j&q=%D2%9A%D0%A0%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D0%B0%D1%83%D0%B5%D1%82%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B7%D0%B0%D2%A3%202006&ei=pvObTY2_EcyfOon8mPIG&us
  10. М.Б. Байдаулетов, «Аудит» : Оқулық. -  Алматы: 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу