Аудиттегі ақпараттық жүйелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:36, курсовая работа

Описание

Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде бiр пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бiр кестелiк бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу...................................................................5
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу......................................................7
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері............................................9

2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер........................................................12
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі..................................14
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру................................................................................................18

Қорытынды.......................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер.............................................

Работа состоит из  1 файл

акпарат компьютер.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)


 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе................................................................................................................3

 

1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.

1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу...................................................................5

1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу......................................................7

1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері............................................9

 

2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.

2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер........................................................12

2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі..................................14

2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша  аудитті автоматтандыру................................................................................................18

 

Қорытынды.......................................................................................................24

 

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Кіріспе

 

Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде  бiр  пакет бағдарламалық  жабдықтауларды және бiр кестелiк   бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына   көмек  көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады. Ірi аудиторлық фирмалар тек осы фирмада пайдаланылуы мүмкін арнайы компьютерлік бағдарламаларды жасау үшін компьютерлік  бағдарлама құрушыны  жалдайды. Мұндай бағдарламаларға аудиторлық тәуекелділікті анықтау  және  тестлеу деңгейiн  белгiлеу кезiнде  аудиторларға  көмектесетiн мәлiметтiк базалар кiргiзіледi. Оларға аудитор жұмыс істей алуға тиісті дайын әмбебап бағдарламалардың  кең  жиынтығы  кіреді.

Бүгiнгi таңда  Қазақстада кең тараған және көпшiлiкке мәлiм жалпы мақсаттағы құқықтық база ретiнде құқықтың жүйесi, сонымен бірге компьютерлiк диск турiндегi “Бухгалтер Проф” танылады. Бухгалтерлiк  бағдарламаларды  аудиторлық фирмалар  тексеру жургiзу кезiнде де, қызмет көрсету кезiнде де пайдаланады. Жоғарыда  айтылып  кеткендей, аудиторлық фирма клиенттiң  компьютерлiк жүйесiне, оның бағдарламалы  жабдықталуына, колданылуының  дұрыстығына  жене  т.б. баға беруге мiндеттi.  Мұндай кезде аудиторға тексеру жургiзiлген объектiде тiкелей осы бағдарламалық ортада жұмыс iстеуге тура келедi. Басқа жағынан алғанда, аудиторлық фирмалар бухгалтерлiк есеп бағдарламаларын оны қалпына келтiру (қателердi түзету) және келiсiм-шарт бойынша клиентке көрсетiлетiн кызметтің шеңберiнде есеп жургiзу үшiн пайдаланады. Қазақстанда кең тараған және өзiн жақсы жағынан  керсете білген бағдарламалық өнiмдер  “Галактика” және т.б.  фирмалардың өнiмдері. Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттерін аудиторлар  күрделi есептеулердi жүргiзу кезiнде пайдаланады.

Қазіргі таңда кәсіпорындарды компьютерсіз басқару мүмкін емес деп айтуға болады. Компьютерлерді бухгалтерлік есеп, қойма, сатылымдар мен ассортиментті басқару салаларында көп уақыттан бері қолданылып жүр.

ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелерінің байланыс құралдары негізінде басқару мәселелерін шешу, тұтынушылар мен құрастырушыларға есептеуіш техниканы қолданудың жоғарғы деңгейлі мүмкіндіктерін ашты.

Нарықтық экономикаға сәйкес кәсіпорын жақсы жұмыс істеу үшін өндіріс технологияларын жаңашыл ұйымдастыруымен қатар, басқаруда жаңа ақпараттық технологияларын қолдану және  экономикалық ақпаратты өңдеуді автоматтандыру қажет болады. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың негізі болып келетін кәсіпорынды басқару жүйесіндегі автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) кең өріс алып отыр.

Автоматтандырудың негізгі мақсаттары:

1.      Еңбек өндірісін жоғарлату және басқару персоналын азайту;

2.      Басқару сапалығын арттыру. Осы кезде жаңа есептерді шешу үшін  жағымды жағдайлар жасалып, оларды шешудің жаңа әдістері пайда болады;

3.      Әлеуметтік мақсат, мұнда еңбек өндірісінің интеллектуалдылығы жоғарлайды. АЖО жұмыс істеу кезінде пайдаланушының мамандық кәсіпкерлігі жоғарлап, олардың компьютерлік дайындықтарын арттырады. Еңбек басқаруы өзінің сипаты бойынша бүкіләлемдік үлгі қалыпқа сәйкес қызықты және беделді болып келеді.

              «Компьютерлік ақпараттық жүйе ортасындағы аудит» тақырыбында курстық жұмыс жазудағы  басты  мақсатым  аудитті осындай  комьютерлік  бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы еңбек өндірісін жоғарлату, аудитор мен клиент арасындағы операцияларды жеңілдету және автоматтандыру үшін ақпарат көздерін жинау болып табылады.

             Аудиттегі ақпараттық жүйелер кәсіпорынның іскерлік белсеңділігін, қаржылық тұрақтылығын, өтімділік көрсеткіштерін дұрыс есептеуге қажет болады. Бәсекелестік кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырып, олардың нәтижесін көрнекі есеп беру түрінде көрсетуге болады. Яғни тақырыптың өзектілігі аудитті сапалы да шынайы, жылдам да қолайлы ақпаратпен қамтамасыз ету жүргізілетін аудиттік қызметтер мен тексерулердің толық қанды іске асуын қамтамасыз етуінде.

Курстық жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес төмендегiдей мiндеттер қойдым:

-         Аудиттегі ақпараттық жүйелердің экономикалық мәнi мен маңызын ашу;

-         Ұйымдарды компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету және олардың тиімді пайдаланылуын зерттеу;

-         Бағдарламалар бойынша аудиторлық тексеру жүргiзудiң маңызын қарастыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 1.Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету

                                    1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу

          

                   Қаржылық, кешендік және операциондық аудиттердің ақпараттық базаларының құрылымы олардың мазмұнымен және басқарудағы міндеттеріне байланысты. Бизнес жағдайы туралы мәліметтерді аудиттеу алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қарай мынадай негізгі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

1.      Функционалдық белгілеумен – жоспарлы, нормативті, есептік, есеп берушілік, есептен тыс және талдамалы;

2.      Көздері және өңдеу деңгейлері – бастапқы, аралық, нәтижелі деректі (құжаттамалы), көзбен (визуальді) бақылау;

3.      Қажетті мағұлматтардың мөлшерімен – кешенді, тақырыптық және жеке;

4.      Мазмұндылығы (насыщенность) және пайдалылық – жеткілікті, жеткіліксіз, артық, пайдалы және пайдасыз;

5.      Бейнелеу тәсілімен – мәтіндік, сандық, алфавиттік, алфавиттік сандық, шартты және графикалық;

6.      Өзгеру деңгейлерімен – тұрақты, шартты тұрақты, өзгермелі және сәттік;

7.      Ұсыну формаларымен – ауызша, жазбаша, телефондық, машиналық, машиналық емес, магнит таспалары мен дискілер, дыбыс жазу (аудио) және бейне жазу (видео) таспалары және т.б.

 

              Нормативтік көрсеткіштер бизнесті басқарудың тиімділік деңгейі мен жағдайын бағалауға ең жақсы сипаттама береді. Бұларды басқару жүйесі тиісті ұдайы өндіріс процесінде олардың өзгеруінің белгілі бір параметрлерін белгілеуге себепші болады.

             Бизнесті ұйымдастыру туралы жоспарлы мәліметтер әлі болмаған, бірақ белгіленген мерзімде және өнімнің, жұмыстың, қызметтің нақты саны мен сапасында орындалуы тиіс құбылысты сипаттайды. Жоспарлы тапсырмалар ең алдымен оның қалыптасуы мен жүзеге асуының әдістері мен кезеңдері бойынша жіктеледі. Оның ішінде, келешектік (перспективалық), ағымдық және жедел (оперативтік) деп бөлінеді.

             Қарастырылған ақпарат көздерін дұрыс пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің жоспарлау сапасын жедел бақылау мен талдауды жүзеге асыруды алдын ала анықтайтын бизнестің түпкілікті нәтижесіне тікелей әсер етеді.

             Кешендік аудиттің маңызды көзіне статистикалық есеп пен есеп беру жатады. Оның негізінде бизнестің макродеңгейінде де, микродеңгейінде де, оның ішінде халық шаруашылығы, салалық және аумақтық (территориялық) деңгейлерінде болатын жаппай құбылыстар мен процестер жете зерттеледі. Осыған орай Қазақстан Республикасында барлық меншік түріндегі кәсіпорындар үшін қаржылық шаруашылық қызметтер туралы есеп берулердің, негізгі және айналымға түсетін қаражаттардың құрамы мен қозғалысының, өнім бағасының, салалардағы және аймақтар бойынша есеп айырысулар жағдайының маңызы зор.

            Соңғы жылдары кәсіпорындардың статистикалық есеп берушілігі едәуір қысқарады және оны кеңейту әрдайым ақтала бермейді. Мұндай жағдайлар өндіріс ресурстары мен қуатын және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуеті элементтерінің қалыптасуы мен пайдаланылуын терең тексеру қадағалау және талдамалық іріктеулерді жүзеге асыру кең тарап отыр.

              Дегенмен іріктелген мәліметтер ағымдағы бухгалтерлік есеп пен бастапқы құжаттамалардан алынатындықтан, олар есеп сипатындағы шығу көзі ретінде қарастырылса да, олар белгілі бір кестелердегі, графикалық және басқа формалы тәсілдерімен алдын ала өңделген, дәл әзірленген ақпаратты білдіреді. Ақпараттарды осылай талдамалы тұрғыдан ұсыну қаралатын объектінің кешендік және операциондық аудиттерді жүргізу барысында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көп жағынан пайдалылығымен, жеделдігімен және анықтығымен көмектеседі.

               Есептік ақпарат экономикалық объектінің нақты жағдайын көрсетеді, болып өткен фактілер мен оқиғаларды сипаттайды. Оның көмегімен қызметтің ұйымдастырылу жағдайы мен оны басқару жүйесінің арасындағы кері байланысқа қол жеткізуге болады. Мұндай ақпарат басқарудың басқа міндетті істерін, атап айтқанда, жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады. Есептік ақпараттың толық әрі уақытылы болуы, анықтығы қабылданатын шешімдердің пәрменділігі мен негізділігіне себепші болады. Мұның бәрі барлық есеп түрінің, ең алдымен кәсіпорын деңгейіндегі объектінің нақты басқарылу жағдайын бейнелейтін ақпараттармен қамтамасыз етудегі негізгі жабдықтаушы болып табылатын бухгалтерлік есептің әдіснамасы мен ұйымдастырылуын ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді. Бухгалтерлік есеп микродеңгейді бизнестің ұйымдастырылу процесінің барысын үнемі қадағалауға мүмкіндік береді.

                 Нарықтық қатынастардың үстемдік етуіне қарай кәсіпорынның табысы мен шығыны, баға белгілеу саясаты сұраныс пен ұсынысқа орай қалыптасатыны белгілі. Міне, осындай жағдайда олардың негізделген қаржылық нәтижелерінің рөлі артады. Жоспарлауды орталықсыздандыру, меншіктерді мемлекет иелігінен алу, өскелең экономикалыққ процестердің қарқыны бухгалтерлік баланс пен қаржылық есеп берулердің формаларын өзгертті. Есеп беру кәсіпорын қаржылық шаруашылық қызметінің жинақтап қорытылған көрсеткіштерін сипаттайды. Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру және есептемені жасау жаңа бағдар алуы керек.

                  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін толығырақ сипаттайтын барлық негізгі аудиторлық мәліметтерді есептеме көрсеткіштерін біраз кеңейтудің  қажеттілігі пайда болды.

                   Біздің ұзақ бойы есеп пен есептемелердегі ақпаратты қалыптастырудағы ресми әдіснамамыз шетелдіктен едәуір айрықшаланады, осыған орай халықаралық стандарттарға ең көп шамада, яғни барынша жақындай түсу міндетін жүзеге асыру қажет болды. Нарықтық экономикалы елдерде есеп кәсіпорын қызметін жедел басқарудың қажеттілігіне қарай құрылады және қаржылық есеп берулердің ашық күмәнсіз анық болуына ерекше көңіл бөлінеді. Егер тиісті тәртіппен қойылған бухгалтерлік есеп пен іштей бақылау жүйесі болмаса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық жағдайын бағалау мен тексеру жөнінде аудиторға қосымша қиындықтар тудырады.

 

 

 

1.2.           Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу

 

               Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі реформа шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты және оның қаржылық есеп көрсетілуін қалыптастыруды көпшілік мақұлдаған халықаралық стандарттарға кезең-кезең бойынша көшуге мүмкіндік береді. Алайда теориялық, әдістемелік және іс-тәжірибе сипаттарындағы көптеген мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Олардың қатарына бухгалтерлік есептің сапасын бағалау мәселесін де жатқызуға болады. Аудитте пайдаланылатын ақпараттардың уақытылы алынуы мен күмәнсіз анықтығы және толық болуы есептің сапасына байланысты. Есептік рәсімдерді ұйымдастырудың териялық негізі болмаса, онда іс- тәжірибеде аса қажет қаржылық есеп берулердің сапасын қадағалайтын ғылыми негізделген жүйе әзірлеу мүмкін емес. Іс-тәжірибеде бухгалтерлер әдетте нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілмеген әрі есеп пен есеп берулердің сапасын әдіснамалық тұрғыдан бағалай алмайды. Олар көбіне қолданыстағы стандарттар мен қабылданған есептік саясаттың сақталмаудың нақты себептерін айқындау үшін есеп пен есеп берулердің жағдайына терең талдау жүргізуге аса құқықты емес. Есептің сапасын белгіленген деңгейде жеткізетін нақты шараларды әзірлеуге аз көңіл бөлінеді.

                 Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп жүргізу процесін ұйымдастыру барысында оның рәсімдік қаражаттың жағдайы мен оның қалыптасу көздері туралы сандық мәліметтерді алуға ғана бағытталған. Мұндай тәсіл түпкі мақсаттары тек синтетикалық және талдамалы есептің, баланс пен есеп берулердің тіркелімдерін толтыру және алу ғана болып табылатын есептің ақпараттық жағын нашар іске асырады. Қызметкерлердің творчествалық тәсілі мен жоғары біліктілігін талап етпейтін, күрделі емес, қайталана беретін технологиялық операциялар басым.

               Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың ең қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын талап етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысандандырылған және нысанданбаған тәсілдерін қолдану есептілігін ұйғарады. Шетелдік кәсіпорындарда ең алдымен басқару есебі деп аталатын тұжырымдамада көрініс тапқан. Осы тұжырымдамаға сәйкес ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі есептері жасалады, өнім, жұмыс, қызметті өткізудің келешегіне және мәмілелер көлемінің өгеруіне қарай түпкілікті қаржылық нәтижелері болжанады.

Информация о работе Аудиттегі ақпараттық жүйелер