Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:36, курсовая работа
Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде бiр пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бiр кестелiк бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады.
Кіріспе................................................................................................................3
1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу...................................................................5
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу......................................................7
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері............................................9
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер........................................................12
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі..................................14
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру................................................................................................18
Қорытынды.......................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.............................................
Қадамдардың қысқаша сипаттамасы:
1қадам – дайындау. Бұл қадамда клиентің талабы мен олар туралы ақпараттар дайындалады, аудиторлық фирманың мақсаты мен міндеті анықталатын, сонымен қатар көрсетілетін аудиторлық қызмет түрлері тізімінің құжаттары жинақталады. Бұл қадам келісім шарт жасаумен аяқталады.
2 қадам — аудитті жоспарлау . Бұл қадам әдетте барлық аудиторлық , әсіресе шағын және орта фирмаларға қиындық тудырады. Аудиторлық стандарттарға сәйкес аудиторлық тәуекел деңгейін анықтауды, сонымен қатар таңдау шамасын есептеуді қажет етеді. Және жалпы жоспар мен аудиторлыққа ұқсас программа қалыптасады.
3 қадам — аудитті жүргізу. Бұл жұмыстың ең қиын қадамы. Бұл қадамда аудиттің таңдалынған бөлімін классификациялау жүзеге асырылады, яғни 16 түрлі бөлім қарастырылған. Әрбір аудит бөлімі үшін барлық қажетті аудиторлық процедуралардың тізімін көрсететін жұмыс программасы құрастырылған. Әрбір аудиторлық процедураға өзінің жеке жұмыс бланкасы сәйкес келеді.
4 қадам — қорытынды қадам. Бұл қадам аудиторлық қорытындыны, аудиторлық есептілікті және аудиттелетін тұлғаға жазбаша ақпартты құруға дайындық болып табылады. Бұл қадамда федеральды стандарттарға сай мынадай қорытынды процедуралар жүргізіледі:
Афферленген тұлғалар мен олардың келісім шарты туралы ақпарат көздерін жинау;
Есептіліктен кейін болған оқиғаларға талдау жасау;
Жақын арадағы жыл ішінде клиент қызметінің үздіксіздігіне жол беру туралы ой қалыптасады.
Жүйелік талаптар:
|
Қауіпсіздік электронды кілттері (алда ҚЭК) : | |||||||||
USB порт үшін ҚЭК | |||||||||
Бұл кілт Win-NT-ден басқа Win-98 OSR2-дан төмен емес ОЖ арқылы жұмыс жасайды. | |||||||||
|
| |
Қорытынды
Қорыта келгенде, курстық жұмыс алдына қойылған мақсаттары орындалды деп айтуға болады. Себебі курстық жұмыста аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету құралдары, ақпараттық жүйелер және олардың орындалу процесі қарастырылған. Яғни ақпараттық жүйелерге қажет мәліметтер қорын толтыру, әртүрлі экономикалық есептерді шешу, талдаулар жүргізу және нәтижелік ақпаратты есеп беру ретінде алуға болатыны көрсетілген. Жұмыста іскер ақпарат көздері, бастапқы мәліметтер сапасы, қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері қарастырылған. Сонымен қатар ақпараттық жүйелер мен олардың түрлері талданылды. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері көрсетіліп, жүйені қолдануына қойылатын талаптар көрсетілген. Қорыта келгенде, аудитті сапалы да шынайы, жылдам да қолайлы ақпаратпен қамтамасыз ету жүргізілетін аудиттік қызметтер мен тексерулердің толық қанды іске асуын қамтамасыз етеді. Ол үшін алынатын ақпараттық көздер мен ақпараттық жабдықтау жүйесінің маңыздылығы зор. Ақпараттық жүйесінің тиімділігі ретінде оның тағайындалуына сәйкестік дәрежесі мен жақсы икемділікті қамтамасыз ету мақсатымен есептеу және сұраныстарды қалыптастыру үрдістерін ұйымдастыруының дұрыс тағайындалуы, оның техникалық және методологиялық жетістігі және экономикалық тұрғыдан ақталатындығы түсіндіріледі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген аудиттегі ақпараттық жүйе Audit Expert, AuditXP туралы жалпы мағұлматтар берілді. Яғни бұл жүйенің мүмкіндіктері, кемшіліктері және оның жұмыс істеу бағдарламасы ұсынылды. Бұл программалардың үлкен мүмкіндіктеріне байланысты оның экономика саласында қолданылып жүрген ең қолайлы ақпараттық жүйелер деп те айтуға болады. Негізгі тарауларда ақпараттық жүйелерді өңдеу жолдары, оларды қолдану салалары көрсетілген. Осындай компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып аудит өткізу әдістерінің артықшылықтары: Компьютер пайдаланылатын жүйедегі опрациялардың үлкен көлемі аудиторды бағдарламаланған бақылау құралына сенуге мәжбүр етуі ықтимал. Компьютерді қолдана отырып аудит өткізу әдістері бағдарламаланған бақылау құралдарын тестілеудің бірден бір тиімді тәсілі болулары мүмкін. Компьютерлерді қолдана отырып аудит өткізу әдістерін пайдалану аудиторға нәтижесінде оның пікіріне деген сенімді арттыратын, аз уақыттың ішінде ең жоғарғы дәлдікпен баптардың үлкен санын тексеруге мүмкіндік береді. Компьютерлерді қолдана отырып аудит өткізу әдістері аудиторға оның пайымдауынша есеп құжаттарының көшірмесі болып табылатын, қағазға басылған мәліметтерге сенім артудың орнына, бухгалтерлік есеп жүйесін және есеп құжаттарын өзі тексеруге мүмкіндік береді. Компьютерді қолдана отырып аудит өткізу әдістерін пайдалану, кәсіпорын өзінің жүйелерін ұдайы өзгертпеген жағдайда, шығын шығаруға қатысты аудиторлық дәлелдеулер алудың тиімді тәсілі болып табылады. Мұқият жоспарлау аудиторды оның комьютерлерді қолдана отырып аудит өткізу әдістерін пайдалана отырып орындалған жұмыстарының нәтижелерімен салыстыруға болатындығына және соның нәтижесі ретінде оған сенімнің арта түсетіндігіне алып келеді. Сонымен бұл курстық жұмыстың тақырыбы “Компьютерлік ақпараттық жүйе ортасындағы аудит” аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін тұлға арасындағы, яғни аудитор мен клиенттің арасындағы қарым қатынасты жақсарту мақсатында оларды нақты және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін түрлі компьютерлік жүйелерді қолдану, олардың атқаратын қызметтерін, қолдану аясын анықтау болып табылады. Бухгалтерлiк бағдарламалар аудиторлық тексеру жүргiзумен немесе есептi қалпына келтiрумен байланысты кешендi жұмыстарды өте кысқа мерзiм iшiнде орындауға, аудит жургiзуге және өткен жылдар үшiн есепті қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi, бағдарламалардың кейбiреулері шаруашылық операцяларын бейнелеудiң және қаржылық нәтижлер алудың әртүрлi нұскаларын модельдеуге мүмкiндiк бередi.
1.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы «өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 19.02.2007
2. Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы, Алматы, 28.02.2007 234-III
3. Балапанова А.Ж. Аудиттің теориялық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: 2003
4. Байдаулетов М.Б, Байдаулетов С.М. Аудит: Қазақ университеті – Алматы: 2004
5. Абленов Д.О. Аудит негіздері.- Алматы, 2006
6. Ажибаева З.Н. Аудит. – Алматы: Экономика, 2004
7. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы: Гылым,1994.
8. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учеб.пособие.- М.: ИНФРА -1999
9. Лабынцев Н.Т., Ковалева О.В. Аудит: теория и практика. Учебное пособие -М: ПРИОР, 2000.
|
|
5