Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:36, курсовая работа
Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде бiр пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бiр кестелiк бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады.
Кіріспе................................................................................................................3
1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу...................................................................5
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу......................................................7
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері............................................9
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер........................................................12
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі..................................14
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру................................................................................................18
Қорытынды.......................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.............................................
Нақтылық. Басқарудық әртүрлі деңгейі қорытынды есепте берілетін ақпараттардың әртүрлі деңгейін талап етеді. Әдетте, деңгей жоғарылаған сайын нақтылық аздау талап етіледі. Артық нақтыланған ақпараттар дұрыс емес шешім қабылдауға және шығындардың көбеюіне алып келуі мүмкін. Қорытынды есеп оны құру мақсаты үшін жеткілікті түрде дәл болуға тиісті, және де дәлдік деңгейін барлық уақытта 100 пайызға жеткізу міндетті емес.
Аудиттің компьютерлік ақпараттық жүйесін бағдарламалық жіктеу:
1. Коммерциялық қолайлы бағдарламалар. Көптеген аудиторлық фирмалар ең кем дегенде бір пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бір кестелік бағдарламаны алуға тиісті. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшін пайдаланылады.
2. Фирманың өзінде жасалынған мамандандардың бағдарламасы. Ірі аудиторлық фирмалар тек осы фирмада пайдаланылуы мүмкін арнайы комьютерлік бағдарламаларды жасау үшін комьютерлік бағдарлама құрушыны жалдайды. Мұндай бағдарламаларға аудиторлық тәуекелдікті анықтау және тестілеу деңгейін белгілеу кезінде аудиторларға көмектесетін мәліметтік базалар кіргізіледі.
3. Жалпы мақсатқа пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оларға аудитор жұмыс істей алуға тиісті дайын әмбебап бағдарламалардың кең жиынтығы кіреді. Қазіргі кезде қазақстандық рынокта төмендегі қолданбалы бағдарламалар бар:
Құқықтық мәліметтік базалар;
Бухгалтерлік бағдарламалар;
Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттері;
Қаржы талдауының бағдарламалары және т.б.
Құқықтық мәліметтік базалар тексеру жүргізу процессінде аудиторларға клиенттің бухгалтерлік есебінің құжаттарға және бухгалтерлік есеп жүргізу мен қорытынды есепті құру тәртібін реттеуші нормативтік актілердің талаптарына сәйкестігі жөнінде жеткілікті сенімділікпен қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық консультациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда кең тараған және көпшілікке мәлім жалпы мақсаттағы құқықтық база ретінде ЮРИСТ құқықтық жүйесі, сонымен бірге комьютерлік жүйесі, сонымен бірге комьютерлік диск түріндегі Бухгалтер Проф танылады.
Бухгалтерлік бағдарламаларды аудиторлық фирмалар тексеру жүргізу кезінде де, қызмет көрсету кезінде де пайдаланады. Жоғарыда айтылып өткендей, аудиторлық фирма клиенттің компьютерлік жүйесіне, оның бағдарламалық жабдықталуына, қолданылуының дұрыстығына және т.б. басқа баға беру міндетті. Мұндай кезде аудиторға тексеру жүргізілген объектіде тікелей осы бағдарламалық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Басқа жағынан алғанда, аудиторлық фирмалар бухгалтерлік есеп бағдарламаларын оны қалпына келтіру және келісім шарт бойынша клиентке көрсетілетін қызметтің шеңберінде есеп жүргізу үшін пайдаланады. Бухгалтерлік бағдарламалар аудиторлық тексеру жүргізумен немесе есепті қалпына келтірумен байланысты кешенді жұмыстарды өте қысқа мерзім ішінде орындауға, аудит жүргізуге және өткен жылдар үшін есепті қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бағдарламалардың кейбіреулері шаруашылық операцияларын бейнелеудің және қаржылық нәтижелер алудың әртүрлі нұсқаларын модельдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда кең тараған және өзін жақсы жағынан көрсете білген бағдарламалық өнімдер “1 C”, “Галактика” және т.б. фирмалардың өнімдері.
Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттерін аудиторлар күрделі есептеулерді жүргізу кезінде пайдаланады. Қазіргі кезде көбірек белгілі болған бағдарламалар – Statistics, Statgraphics және т.б.
Қаржы талдауы бойынша бағдарламалар кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға, кәсіпорынды басқарудың стратегиялық және тактикалық шешімдерін жасауға бағытталған. Аудиторлық фирмалар оларды өздерінің жұмыстарында пайдаланады. Себебі олар өздеріне салынған өзара байланысты көрсеткіштерді салыстыру механизмдерінің арқасында қаржылық, салықтық және басқа қорытынды есепті тексеруді орындауға мүмкіндік береді. Олар әртүрлі әдістемелер қаржылық талдауды тікелей жүзеге асыруды және экономиаклық көрсеткіштердің үлкен санын есептеуді, бизнес жоспарына талдау жасауды қамтамасыз етеді. Аудиторлар “1 C - АФС”, “Галактика” фирмаларының бағдарламалық өнімдерін жиірек пайдаланады.
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі
Audit Expert – кәсіпорын нәтижелері мен қаржылық жағдайын кешенді талдаудан өткізу құралы. Талдауды өткізу үшін қажет негізгі ақпарат ретінде кәсіпорынның қаржылық есепберулері алынады. Толық талдау жасау үшін активтер құрылымдарының сипатын, компания қарыздары мен жеке капиталы т.с.с. туралы қосымша ақпаратты қолдануға болады. GAAP көпшілік дамыған мемлекеттер (БЕХҮ Комитет мүшелерінің ішіне – АҚШ, Жапония және еуропалық мемлекеттердің көбісі кіреді) ұстанатын бухгалтерлік есептің халықаралық үлгі қалып талаптарына сәйкес болатын нәтижелі қаржылық ақпаратты аналитикалық кестелерге келтіру жүйе жұмысының негізгі принципі болып келеді. Бұл Audit Expert жұмыс нәтижелерін бүкіл әлемге түсінікті етеді.
Audit Expert – бұл нақты мәліметтер негізінде талдау жүргізу үшін кәсіпорынның актив пен пассивтерінің әртүрлі баптарын қайта бағаланудан өткізуге мүмкіндік беретін жалғыз жүйе болып келеді.
Алынған кестелер негізінде мыналарды жасауға болады:
кәсіпорынның іскерлік белсеңділігін, қаржылық тұрақтылығын, өтімділік көрсеткіштерін есептеу;
жеке қаржылық көрсеткіштерді есептеу;
қаржылық көрсеткіштерді орташа салалық және басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырып, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету;
қаржылық мәліметтердің тік және көлдеңнен талдауын жүргізу;
әртүрлі графиктер, диаграммалар және есепберулерді дайындап, оларды баспаға шығаруға, MSWord-қа өткізуге немесе HTML түрінде сақтауға болады.
автоматты түрде жасалған талдаудан өткізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы қорытындыны алуға болады.
Audit Expert программасымен жұмыс істеу алгоритмінің үлгісі:
- Талданатын кәсіпорын үшін файл құралады;
- Кәсіпорынның қаржылық есепберулер үлгілерінен нәтижелік ақпарат енгізіледі (Қаржылық нәтижелер туралы есепберу, баланс) және т.б. Нәтижелік мәліметтер Audit Expert жүйесіне тікелей көптеген бухгалтерлік программалардан, мәтіндік файлдардан импортталуы мүмкін немесе қолмен енгізіледі;
- Қажет болған жағдайда қайтадан бағалау коэффиценттері көрсетіліп, компанияның актив пен пассив баптары енгізіледі;
- Есептесу жүргізіледі.
Audit Expert жүйесі автоматты түрде қаржылық есепберудің халықаралық үлгісіне (International Accounting Standards - IAS) сәйкес келетін барлық кезеңдер бойынша Бухгалтерлік баланс пен Кірістер мен шығындар туралы есепберуді дайындайды. Пайда болған аналитикалық кестелер мен қаржылық көрсеткіштер кестесінде кәсіпорынның қаржылық талдауы жүргізіледі.
Файлды құру шебері.
Пайдаланушыға Audit Expert жаңа файлын тез құрып, жүйемен жұмыс бастауға «Файлды құру шебері» құралы көмектеседі. Ол қажетті аналитикалық әдістемелерді таңдауды жеңілдетіп, олардың негізінде Audit Expert жүйесінің жаңа файлын құрады.
«Файлды құру шебері» құралының көмегімен пайдаланушы қажетті мемлекетті, ұйым түрін, есепберудің талдану кезеңдерін, қолданатын негізгі және қосалқы валютаны және файлдың атын таңдайды. «Файлды құру шебері» көрсетілген пайдаланушыға арналған талдау әдістерінің жиынын құрастырады.
Шебермен жұмыс істеу барысында пайдаланушы әдістемелер жиынынан керек емес кез келген әдістемені алып тасауы немесе басқа әдістемемен толықтыруы мүмкін. «Файлды құру шебері» құралының жұмысы аяқталғанан кейін Audit Expert программасы дайындаған файлды ашады. Пайдаланушы Audit Expert программасына мәліметтер өздігінен (кестелерді толтыру арқылы) енгізгендей-ақ, автоматты түрде де енгізіледі. Автоматты алмасу режимі басқа жүйелерден мәтін түріндегі мәліметтер импортын көрсетеді.
«Мәліметтерді алмастыру шебері» пайдаланушыны жүктелудің барлық процедураларынан өткізіп, кез келген құрылымды файлды өңдеуге мүмкіндік береді. Audit Expert жүйесіне белгілі бухгалтерлік программалардың (1 С, Парус, Инфо-бухгалтер және т.с.с.) форматы енгізілген.
Қаржылық есепберуді халықаралық үлгіге сәйкестендіру.
Audit Expert программасы кәсіпорының нәтижелік қаржы есебін (Баланс және Қаржылық нәтижелер туралы есепберу) автоматты түрде бухгалтерлік есептің халықаралық үлг іқалып талаптарына сәйкес етіп қалыптастырады. Бұл келесі жағдайға мүмкіндік береді:
уақыттың әртүрлі кезеңдеріне қатысты мәліметтердің қатынасын қамтамасыз ету;
кәсіпорын есебі және талдау нәтижелерін шетел серіктестері мен инвесторларына түсінікті етіп жасау;
Программа ТМД елдерінің есебін өңдеуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы осы мүмкіндіктерді арттырады немесе өз ережелерін құрастырады.
Баланстың активтері мен пассивтерін қа йта бағалау.
Audit Expert – бұл ұсынылған бухгалтерлік есепті тек талдаудан өткізбей ғана, сонымен бірге компанияның актив пен пассив құрылымдарын сипаттап, баланстың алдын ала қайта бағалануын өткізетін жалғыз жүйе болып табылады. Бұл нәтижелердің дәлдігін арттырады да, кейбір жағдайларда қаржылық есепберулерді талдаудың ең ыңғайлы жолы болып табылады.
Инфляция әсерін есептеу.
Әртүрлі уақыт мезгілдеріне қатысты инфляция әсері қаржылық есепберулердің бір-бірінен өзгешелігін крсетеді. Осыған байланысты Audit Expert жүйесіне қаржылық есепберулерді екі валютамен көрсетуге мүмкіндігі бар. Бұл есепті инфляция процестеріне төзімді болатын қатты валюта түрінде көрсетіледі.
Осы мүмкіндікті пайдалану үшін Audit Expert программасына валюта курстары белгіленген анықтамалық енгізілген. Пайдаланушының бұл анықтамалықты толықтыруға мүмкіндігі бар.
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру
AuditXP «Комплекс Аудит» программасы (лат. eXtra Performance – Жоғарғы Өндірім), яғни жоғарғы өндірімді комплексті аудит.
AuditXP «Комплекс Аудит» 2010:
Жаңа Блок аудиттің ағымдағы әдістемесін өзгертуге және жаңа түрін құруға мүмкіндік береді. Бұл модульдің көмегімен тек әдістемені емес, сонымен бірге есеп формаларын өзгертуге болады.
AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 тек қана РФ стандарттарымен емес, сонымен қатар ХҚЕС қоса алғандағы ұлттық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есептің аудитін жүргізуге мүмкіндік береді.
Тұтынушылардың сұраныстарына байланысты AuditXP «Комплекс Аудит» программасы аудитор есебін кеңейтуге бағытталған. Аудитордың жаңа есебі Microsoft Word форматында құрылады және тек қана аудит мәселелерінен емес, сонымен бірге бөлімдер бойынша түсіндірмелерден тұрады.
Гольдберг Софт компаниясы ойлап шығарған AuditXP «Комплекс Аудит» компьютерлік бағдарламасы бір жағынан аудиторлардың жұмысын максималды түрде жеңілдетуге бағытталған, ал келесі жағынан толық нормативтік талаптарға сай аудиторлық құжаттардың рәсімделуін және аудиторлық қызметтің барлық ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
AuditXP «Комплекс Аудит» бағдарламасы ең алдымен орта және шағын аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлардың аудиторлық қызметін автоматтандыруға және бұл бағдарламаны қолдану аудиторлық компаниялардағы жұмыстың Аудиттің Федеральды ережелері мен Халықаралық Аудиторлық стандарттарға сәйкес дәлме-дәл ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
AuditXP «Комплекс Аудит» жүйесін қолдану құжаттарды рәсімдеуде корпоративтік стильдің қолданылуына, жұмыс құжаттарының жүргізілу сапасының тиімді бақылауын арттыруға мүмкіндік береді, аудит және корпоративтік стандарттарға қызметтің сәйкес келуін қамтамасыз етеді, қондырылған бланк редакторлары бланктерді жаңадан құруға және бұрын болған аудиторлық процедуралардың бланктерін өзгертуге немесе ұйымның ішкі стандарттары арқылы программаны толығымен өзгертуге мүмкіндік береді.
AuditXP «Комплекс Аудит» программасы ұсынған стандарттарды қолдану аудиторлардың дұрыс ұйымдастырылған жұмысы арқылы олардың жұмысының сапалылығын және мамандандырылған деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
AuditXP «Комплекс Аудит» программасы аудиторлар жүргізетін тексерістердегі барлық операцияларды автоматтандырады, қателердің ықтималдылығы мен қиындылығын төмендетеді, бұл арқылы аудит жүргізудің сапасы мен мерзімі жоғарлайды. Өз кезегінде, жұмысты орындаудың қиындылығы мен мерзімінің азаюы компанияның әр маманының жұмыс өндірілімінің артуына және шығынның қысқартылуына әкеледі, нәтижесінде қызметтің экономикалық тиімділігі жоғарлайды.
AuditXP «Комплекс Аудит» тұтынушыларының мүмкіндіктері:
Тегін техникалық қолдау;
Програманы қолдану барысында тегін жаңарылуын;
Аудитті автоматтандыру және аудиторлық қызметке байланысты кез келген сұраққа тегін кеңес беру.
Аудит әдістемесін өзгертудің ыңғайлы құрылғысы кез келген әдістемені құруға, сақтауға және енгізуге, программаны қолданбай-ақ өз қабілетіңді кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашады.
Аудиторлық қорытынды жасауды дайындау, аудиторлық есеп пен аудиттелетін тұлғаға жазбаша ақпаратты құру сияқты қадамдар жаңа бағдарламада көптеген өзгерістерге ұшыраған. Енді аудиторлық есепті өз бетіңізше түрлі енгізу параметрлері арқылы бөлім бойынша құруға болады. Есепке бөлім бойынша түсіндірмелер де кіреді.