Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:36, курсовая работа
Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде бiр пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бiр кестелiк бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады.
Кіріспе................................................................................................................3
1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу...................................................................5
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу......................................................7
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері............................................9
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер........................................................12
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі..................................14
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру................................................................................................18
Қорытынды.......................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.............................................
Аудитті дамыту мен бухгалтерлік есепті реформалау өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық операциялары мен өндіріс салалары бойынша әзірленетін нұсқау материалдары мен стандарттар мүмкіндік туғызады. Шаруашылқ жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына Бухгалтерлік есеп шоттарының бірыңғай жоспарына көшуі және 2005 жылдан бастап қаржылық есептеменің жаңа формасын енгізу есептік талдамалы және бақылау жұмыстарын жетілдіру ісіне көп көмектеседі. Ішкі, өндірістік, басқарушылық есеп пен есеп беру шоттарының жұмыс жоспарын субъектілер өз қызметінің ерекшелігіне қарай дербес әзірлейді.
Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетті шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық экономикалық тұрақтылығы туралы объективті және жедел ақпараттарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Көптеген кәсіпорындарда бақылауды уақытылы атқарып, іс-әрекетті жақсартатын резервтерді анықтауға тиісті ішкі аудит пен қаржылық талдаудың арнайы қызметі құрыла бастады.
Қазіргі уақытта экономикалық ақпараттың дамыған жүйелерінің бірі бізде де, батыс елдерінде де қаржылық және басқарушылық болып бөлінетін бухгалтерлік есеп екендігін атап айту қажет. Қаржылық есептің басты мақсаты қаржылық есептемені жасау болып табылады. Оның дер уақытында дайын болып, қолға тиюіне акционерлер, инвесторлар, кредиторлар, серіктестер, әкімшілік, бақылаушы және басқа органдар сияқты көптеген пайдаланушылар аса мүдделі. Ал, басқару есебінің мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ұйымдастыруға тікелей қатысатын меншік иелеріне, әкімшілікке, менеджерлерге және басқа да ішкі тұтынушыларға арналған. Аудит пен талдауды жүргізгенде “Scala”, “Platinum”, “Монолит Инфо”, “ИНЭК”, “Галактика”, “Карана”, “Сэт” және т.б. сияқты шетелдік және отандық жетекші фирмалар әзірлеген осы заманғы озық есептік, қаржылық талдамалық жүйелердің артықшылықтарын толық пайдалану қажет.
Есеп мәліметтерін кешенді түрде талдау мен аудитін ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдану шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі тиімділігінің, іскерлік белсенділігінің, төлем қабілеттіліктің, қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін дәл есетеуге мүмкіндік береді. Аудит процесінде мүліктің құрылымы мен оның өзгеру барысын бағалап, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері мен іскер белсенділігіне, өндіріс әлеуетін пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтаған жөн. Аудитор тереңдетілген мәнді талдау жүргізу үшін қаржылық есеп берулерде болмайтын, бірақ бухгалтерлік есеп, статистикалық, оперативтік-техникалық, жоспарлы ұйымдастырушылық тіркелімдері мен басқа шығу көздеріне ұшырасуы ықтимал қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері
Компанияның қаржылық есеп беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік есептің стандарттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасында жылдық қаржылық есеп беру кәсіпорындарға мына фирмалар бойынша ұсынылады: бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру, ақша қозғалысының есептілігі, меншік капиталдағы өзгерістер туралы есептілік, кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат. Оған шаруашылық жүргізуші субъектілір қызметінің қорытынды қаржылық нәтижелеріне есептік кезеңде әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін ашатын түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.
Алғашқы есептік кезеңге жасалатын есеп берудің формасынан басқа қаржылық есеп берудің барлық көрсеткіштері бойынша олардың өткен кезеңдегі мәні келтірілуі керек. Егер өткен кезең мәліметтері есептегі кезеңнің ұқсас көрсеткіштерімен сәйкеспейтін болса, оларды түзету керек. Әрбір түзетудің себебі есептеу және бағалау әдістері түсіндірме хатта ашып көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есеп берудің маңызды элементі активтер, меншік капитал және субъектінің міндеттемелері болып табылады. Есеп беру формаларының тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық жүргізуші субъектілір қызметінің қаржылық, кешендік және операциондық аудиттерінде аса маңызды орын алады.
Активтер субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқығы. Актив түрінде көрінетін болашақтағы экономикалық пайда бұл субъктінің ақшалай қаражаты түсіміне қосылатын әлеуетті тікелей немесе жанама үлес.
Міндеттемелер басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір әрекетті жүзеге асыратын тұлғаның міндеті. Мысалы, мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу немесе белгілі бір әрекеттен бас тарту. Ал, кредит берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге қақысы бар.
Меншік капитал міндеттемелерін шегергеннен кейінгі субъектінің активтері. Ол бухгалтерлік баланста топ тармақтарына бөлінуі ықтимал. Мысалы, акционерлік қоғамда жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс жеке көрсетіледі. Өзіндік капиталдың шамасы активтер мен міндеттемелер құндарының бағасына тәуелді.
Активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің өзара байланысы негізгі бухгалтерлік теңдікпен тұлғаланады:
А=МК+М
Бұл формула бухгалтерлік есепті қосарлы жазба тұжырымдамасына негізделеді. Міне, нақ осы теңдеуге мыналар сүйенеді: есептік талдамалы процедуралар, баланс пассиві мен актив баптарын жіктеу, басқа формадағы қаржылық есеп қоғамдарда меншікті капиталдың (ӨК) шамасы жарғылық капиталдың (ЖК) , қосымша төленген капиталдың (ТК) , резервтік капиталдың (РК) және бөлінбеген табыстың (БТ) мөлшерімен анықталады:
ӨК=ЖК+ТК+РК+БТ.
Бұл жағдайда негізгі бухгалтерлік теңдеуді былайша жазуға болады:
А=ЖК+ТК+РК+БТ+М
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу мен тікелей байланысты элементтерге кірістер мен шығыстар жатады.
Кірістер - бұл активтердің кемуі немесе есептік кезеңде міндеттемелердің кемуі.
Шығыстар - бұл активтердің кемуі немесе кезеңде міндеттемелердің өсуі.
Бұл арада меншік иесінің меншікті капиталына қосқан үлесі кіріс деп есептелмейді, ал меншік иесінің өзіндік капиталын үлестіру шығыс болып табылмайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруі мүдделік танытатын пайдаланушыларға ашық жарияланады. Жылдық қаржылық есеп берулердің анық сенімділігін тәуелсіз аудитор растайды.
ҚЕХС 1сәйкес түсіндірме жазба мыналарды қамтуы тиіс:
1. Мәнді операциялар үшін таңдалып алынған және қолданылған қаржылық есептеме мен есеп саясатын дайындау негіздері туралы ақпараттарды қамту;
2. Қаржылық есеп беруде ұсынылмаған әлі БЕС талап еткен ақпаратты ашу;
3. Қаржылық есеп беруде ұсынылмаған, бірақ анық сенімділікпен ұсыну үшін қосымша ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тауарлы-материалды қорлардың есебі мен бағалауы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Тауарлы- материалдық қорлардың құндарын бағалау мына әдістердің біреуімен жасалады:
Орташа безбенделген өлшенім құнымен;
ФИФО немесе сатып алу уақыты бойынша алғашқының құны бойынша;
Өзіндік ерекшелігі бар түсіндірме.
Орташа безбенделген өлшенімді құн (Қө) есептік кезеңнің басында болатын (ТМҚБ) және осы кезең ішінде аяғына дейін сатып алынатын немесе өндірілетін тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚА) орташа ретінде анықталады:
Қө= (ТМҚБ+ ТМҚА)/2. (1.4.)
ФИФО әдісімен материалдық құндылықтарды бағалағанда ең алдымен алғашқы дайындалған немесе сатып алынған қорлардың құнын есептен шығару керек.
Ерекшеліктерді ұқсастыру бойынша бағалау әдісі арнайы жобалар мен тапсырыстар үшін өндірілген және арналған бірін-бірі алмастырмайтын тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік есебін ұлғайрады.
Қаржылық есеп бнрудегі тауарлы материалды босалқыларға қатысты мыналарды ашып көрсету керек:
1. Тауарлы-материалды қорларды бағалау үшін қабылданған есеп саясатын;
2. Тауарлы-материалды қорларды жіктеу бойынша баланстық құндарды анықтап ашып көрсетуді;
3. Бұл қорларды таза өткізу құнына дейін, себептерін баяндап елеулі түрде есептен шығару;
4. Ашып көрсетуге баланс бойынша тауарлы-материалды қорлар сомасы мен ФИФО әдісін пайдалану нәтижесінде алынған сома немесе орташа безбенделген өлшенімді және сатудың таза құны арасындағы айырмашылық жатады.
5. Өткізілген тауарлы-материалды қорлардың өзіндік құны;
6. Есептік кезеңнің соңында міндеттемелерге кепілдеме ретінде салынған, салыну себептері қоса көрсетілетін тауарлы- материалдық қорлардың баланстық құны.
Осылайша, бухгалтерлік есеп жүйксін және қаржылық бақылауды реформалау ұғынықтылық ақпаратында да, активтерді, капиталды және міндеттемелерді бағалауда да маңызды өзгерістер тудырады. Бұл өзгерістерді зерттеу мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді: Қазақстан Республикасында субъектілер қызметінің есебі мен аудиті шетелдік әдістемелермен және жалпы қабылданған халықаралық стандарттардың талаптарымен жақындасу процесі аяқталды. Кәсіпорынның есептік саясаты өзінің жағдайы туралы мәліметтердің шындыққа жанасымдылығын, мәнділігін және салыстырылуын қамтамасыз ететін есеп, бақылау және талдаудың жаңа формалары мен әдістеріне орай жасалуы керек. Қаржылық және басқарушылық есептің мәліметтері, оперативтік, қаржылық және статистикалық есеп берулер, жобалық, технологиялық және басқа құжаттамалардағы мәліметтер кешендік және операциондық аудиттердің ақпараттық базасы бола алады. Әр түрлі көздерден тікелей және жанама алынатын мағұлматтары контрагенттер мен арнайы ұйымдардың мәліметтері өте құнды болып табылады. Қажетті мәліметтердің дәлелдемесі мен сапасының құрамы, құрылымы, мөлшері, дәлдігі, деңгейі микродеңгейдегі бизнестің кешендік бақылауы операциондық аудитінің, қаржылық есептемелер аудитінің алға қойған мақсаттары мен әдістері және түрлеріне қарай көптеген нұсқалар мен үлкен диапазонға ие. Қаржылық бақылау және кешенді аудитті оңтайлы жүргізу барлық қатысушылар мен мүдделілік танытатын тұлғалар белгілі бір басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланатын бизнес туралы шындыққа жанасымды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер
Экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асыру процессінде дербес компьютерлер олардың ішінде есеп ақпараттарын өңдеуге және ішкі аудитті жүргізуге арналған компьютерлер кеңінен қолданылады.
Сыртқы аудитор өзінің жұмысында компьютерді және компьютерлік ақпараттық жүйені екі тәсілмен пайдалана алады:
Клиент ретінде барлық қаржы-есептік ақпараттарды немесе оның белгілі бір бөлігін тіркеу үшін компьютерді пайдаланады;
Аудит өткізуді жеңілдету үшін, әсіресе клиент компьютерлік жүйені пайдаланатын болса.
Тексеруге кірісе отырып, аудитор мәліметтерді өңдеудің ұйымдық нысанымен және басқару міндеттерін, оның ішінде бухгалтерлік есептің міндеттерін автоматтандыру деңгейімен танысады.
Компьютерлік ақпараттық жүйе дегеніміз бұл, басқарудың барлық деңгейіндегі тиімді шешімдер қабылдау, жоспарлау және өзінің жауап беретін салаларына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар дайындап берудің ресми ережелері мен процедураларының жиынтығынан тұратын көптеген кіші жүйелерді біріктіруші жүйе.
Клиенттің компьютерлік ақпараттар жүйесі жартылай немесе толығымен комьютерлендірілуі мүмкін.
Басшыларға ақпараттар құрамында статистика, талдау, коэффициенттер, қорытынды есептер және тағы басқалары бар есеп беру арқылы жетеді. Тиімді есеп берулер төмендегі факторлар есепке алады:
Басқару деңгейін. Жоғарғы басшылар барлық салалар бойынша ең кең аспектіні қамтитын қорытынды есепті талап етеді; орта деңгейдегі басшылар олардың функционалдық қызметі жөнінде мәселе қозғалатын қорытынды есепті талап етеді; операциялық басшылықтың қорытынды есебі жауапкершіліктің нақты айқындалған салаларымен шектеледі.
Жиілік. Белгілі бір кезеңдік есеп берулер автоматты түрде күн сайын, апта сайын, ай сайын немесе жыл сайын жүргізіледі. Бұл, әрине, ұйымның ішкі саясатымен анықталуға тиісті.
Жеделдік. Белгілі бір есеп берулердің кешіктірілуі немесе олардың берілмеуі шаруашылық операцияларына қатты әсер етуі мүмкін. Оқиғалар, көрсеткіштер және талап етілетін есеп берулер жеделдік дәрежесі бойынша анықталуға және жіктелуге тиісті. Жіктеу коммуникациялық құралдар арқылы анықталуға тиісті: жедел ақпараттарды тасқа басылған түрде емес, ең жақсысы телефон, телефакс немесе компьютер арқылы беру керек.