Аудитты құқықты реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 13:33, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастару – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне әсер етті.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Аудит кур 2.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аудитты құқықты реттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

 

Кіріспе

              Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастару – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне әсер етті.

Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.

Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың, Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің, Европалық одақтың және Британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын – американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкроттық туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті – құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.

Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейкестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыпуға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыртасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде аудиттің мазмұны мен функциялары, аудиттің даму кезеңдері, аудиторлық қызметтің халақаралық тәжірибесі берілген. Ал, екінші бөлімде аудиторлық істің этикалық – құқықтық механизмдері, аудитті құқықтық реттеу, аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдасдыру формалары, аудиторлардың кәсіби этикасы туралы жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Аудит мазмұны, функциялары

1.1. Аудиттің мазмұны және даму кезеңдері

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.

Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгеретінін, тапсырманы қалай орындайтынын, яғни оқу үлгерімін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы – аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.

Арнайы әдебиеттерде аудитттің пайда болуы кезеңі өзгеше әрі қарама – қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімзге  дейінгі IV мыңжылдығынан басталды. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бір қатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.

Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің заманымызға дейін 3400-2400ж.ж) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшінші ауытқуларды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар  қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардың тәуелсіз жүзеге асыратын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.

Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемелекетінде пайда болған. Хаммурапи заңы  (біздің дәуірімізге дейінгі 2200 - 2150 ж.ж.) көпестерге дербес есеп жүргізуді,ал храмға – мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.

Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122 - 256  ж.ж. ) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаментінің мұқият әзірленген бюжетті 700 жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.

Афина біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Халық жиналысы мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет аудиторларын қамтыды.

Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезенімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж.) арнайы бюрода тексеріп және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.

Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24 – інші наурызында король Эдуард II, үш мемлекеттік аудиторды тағайындады. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есеп шоттарды жүргізуге барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.

XII ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы, Ұлыбританияда екі типті аудит жүргізілген:

1)     аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде – билеп –төсеуші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп беруші ауызша, яғни елге естірте оқитын болған;

2)     ірі поместьенің қаржылық басқарушының төлемшотын «аудиторлық декларацияға» орай «дебит жіне кредит» бойынша егжей – тегжейін тексеру, яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша есеп берген.

Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда – саттықтың кеңейюімен сипатталатын XVI – XVII ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды. Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. XVII ғасырлалың аяғыында Шотландияда белгілі бір лауызымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым  енгізілді.

Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.

Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және XX ғасырға дейін АҚШ – тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келеді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей – тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х.Монтгомери американдық аудиттінің сол кезеңін «есепшоттық аудит» деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық «тестілік аудитке» өзгеріп, ауысады (трансформацияланады). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серістестен фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін бағалауға, сондай – ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есеп шоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.

ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет  (LASK - 1973 ж. негізі  қаланған ), Жоғары  бақылау  органдарының  халықаралық ұйымы ( IFAC – 1977 ж. құрылған), БҰҰ – да 1979 жылы  құрылған  Есеп пен есеп  берудің  халықаралық стандарттары  бойынша үкіметаралық  сарапшылардың  жұмысшы  тобы (ISAR) сияқты халықаралық  және аймақтық  ұйымдар  қызметінің  маңызы  айырықша. Осы  жаңашылдықтардың  барлығы  ендігі  жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.

 

 

 

1.2. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі

 

Кәсіби аудиттің халықаралық  озық тәжірибесін зерделеуге кіріспес бұрын нарықтық  экономикалық елдердегі әр түрлі  бизнес – құрылымның қызметін қаржылық бақылаудағы өзіндік  ерекшелігі  бар әрі тәуелсіз жүйесі  ретінде оның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне ерекше  назар аударған жөн. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б. пайдаланатын  экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің  қорытындысын шығаруы болып табылады.

Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер -  аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған  бухгалтер деп аталады. Францияда – сараптаушы  бухгалтер  немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда – шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты  бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерде  - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б. деп атайды. 

Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш  рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен  есепшоттарды тексеру үшін  тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты.

Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті түрде аудит туралы құқықтық- нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда - 1867ж., ал АҚШ-та  1937ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы (присяжный – ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.), АҚШ-та – Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда – Аудиторлар институты  (1932 ж.) және Аудиторлр палатасы, ал Францияда – Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады.

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонана соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленеді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауаызымды мамандық юойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

АҚШ – та мамандандырылған және мамандандырылмаған  қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары (SEC, FASB, AICPA) бар. Дайындау және біліктілік емтиханы сияқты міндеттері бар осындай жалпыға  бірдей ассоциациялармен қатар америкалық кәсіби ұйымдар жағымды тәжірибелерді жалпылауға, журнал арқылы әйгілеуге, аудит саласындағы монографиялық  әдебиеттерді басып шығаруға және  ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл бөледі. Олар ғылыми зерттеу  күн тәртібіндегі  күрделі  мәселелерді шешумен  ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал  мәселелерді де анықтаумен айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін  табуға алдын ала әзірлік ерте бастан жүргізеді.

Информация о работе Аудитты құқықты реттеу