Аудитты құқықты реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 13:33, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастару – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне әсер етті.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

Аудит кур 2.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:

      Клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;

      Кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;

      Тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танытуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;

      Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;

      Басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиентерді тарқаны үшін басқа біреуге төлеу;

Г. Жарнамы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші (лицензия) мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттенетін субъектілердің қатынасын қарастырып, дицензия ұстаушыға есекерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс - әрекетін тоқтатады. Бұл - өте қате жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктіліктен және аудиторлық  есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б. пайдаланатын  экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің  қорытындысын шығаруы болып табылады.

Барлық ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін аудитор өз жұмысында кәсіпорынның  бухгалтия бөліміндегі барлық құжаттардың дұрыстығын және ұсынатын қажетті ақпаратты білуі керек.               Бұл курстық жұмыста аудиттің этикалық нормалары, аудиторлық істің этикалық – құқықтық механизмдері, аудитті құқықтық реттеу, аудиттің стандарттары қарастырылған. Сонымен қатар аудиттің функциялары, аудиттің мазмұны және даму кезеңдері, аудиттің функциялары және халықаралық тәжірибесі, аудиторлық  қызмет көрсетудің ұйымдастыру  формалары туралы қысқаша мәліметтер берілген.

Аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат жасау, тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады.

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш  рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен  есепшоттарды тексеру үшін  тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін - өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп  және кәсіби әдеп.

«Әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның  ішінде моральдік таңдау  саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш  шешуші элемент бар:

1.      шешімді таңдау проблемасы.

2.      жаман мен жақсы туралы түсінік.

3.      әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдік шешімдерді зерделейді.

Кәсіби тәртібін көрсететін  мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1.                                       Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдік сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан – жақты  ойластырылған өз пікірін қлыптастыруы қажет.

2.                                       Қоғамның мүдделері.  Аудиторлар  өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет - қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3.                                       Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

4.                                       Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан  бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды  жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

5.                                       Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби  міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы  тиіс, сондай – ақ қабілеттері  мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6.                                       Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін - өзі  ұстаудың  кәсіби  кодексінің принциптерін сақтауы керек.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.      Абленов Д.О. «Аудит негіздері»

2.      Дуйсембаев К.А. «Теория аудита»

3.      Дуйсембаев К.А.«Аудит и анализ предприятии»

4.      Ержанов М.С. «Аудит – 1»

5.      ҚР Бюджет кодексі кодексі - Алматы : Юрист ,2004.

6.      Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы: ҚР Заңы-Алматы 2003

7.      Қаржылық есеп берудің халықаралық есеп берудің халықаралық стандарттары – Алматы: Раритет 2003

8.      ҚР 1998 – 2000 жылдарға арналған бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы : ҚР Призидентінің 28.01.98 ж. № 3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік .1998 №29- Б 2-8

9.      Аудиторлық іс – қызмет туралы : ҚР 1998 ж. 20 қарашадағы Заңы (15.02.2003 ж. Жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен . ) – Алматы : Юрист ,2003 -14 б.

10. Мемлекеттік және қадағалаушы міндетті іс – қызмет аясын реттеу туралы : ҚР Президентінің 1999 ж. 7 қыркүйектегі №205 ЖАРЛЫҒЫ

11. Аукционерлік қоғамдар туралы : ҚР 2003 ж. 13 мамырдағы Заңы №415 -2//Официальная газета 2003 №23

12. Бухгалтерлік есеп стандарттары ,әдіснамалық ұсыныстар ,шоттардың типтік жоспары : құжаттар  жинағы – Алматы : Раритет, 2004 -320б.

13. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары – Алматы раритет 2004 – 786 б.

14. Шетелдік инвестициялар туралы : ҚР 1994 ж. 27 желтоқсандағы Заңы // Советы Казахстана 1995 20 қаңтар

15. Банкроттық жайында ҚР 1997 ж. 21 қаңтардағы №67-1 заңы (ведомости парламента Республики Казахстана ) 1997 №1-2

 

3

 



Информация о работе Аудитты құқықты реттеу