Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 13:33, курсовая работа
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастару – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне әсер етті.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін (табыстылығын) қамтамасыз етуі тиіс.
Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге, жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит , бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қаитамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастырда кеңес берушілік- әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп , олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрмнсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің № 60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.
1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6- шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті – құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау – аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.
ҚР «Аудиторлық қызметтер туралы» заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды , өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық – құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.
Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:
- шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
- біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
- акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
- шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
- жеке-дара аудит және кеңес беру.
Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш» «Артур Андерсен », «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.
Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің » барлығы да аз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлыаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы – банк мекемелері жатады.
Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен («Үлкен бестіктен »басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік , біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.
1963 жылы негізі қаланған «ВДО International» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002жылдың басында «Артур Андерсен» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің » құрамына кірді.
Үшінші тип - бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда- жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлігі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.
Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАҚ «Центраудит – Қазақстан», ЖШС « Ержановтар және К0», ЖШС «Ай - аудит» және т.б. жатқызуға болады.
Ұйымдастыру формасының бесінші типі - жеке- дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби – несие берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.
Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.
2.3 Аудиторлардың кәсіби этикасы
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін - өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.
Р.К. Маутц және Х.А Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін -өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді, деп атап кеткен болатын.
Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдік таңдау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент бар:
1. шешімді таңдау проблемасы.
2. жаман мен жақсы туралы түсінік.
3. әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдік шешімдерді зерделейді.
Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін - өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерледің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б.кәсіби кодекстері бар.
Өзін -өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін - өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстіне, онда кәсіби талаптарда бар. Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекс нақты өзін - өзі ұстау декларациясы болып табылады әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.
Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.
Әрбір адам - тек жеке тұлға ғана емес, ал сонымен бірге, қандай да бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар да «өз әріптестері қабылдайтын шешімдерді» қадағалаушы кеңес берушілер, оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды .
1988 жылы AICPA мәжілісінде бухгалтер – аудиторлардың өзін - өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:
1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдік сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан – жақты ойластырылған өз пікірін қлыптастыруы қажет.
2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет - қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.
3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.
4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.
5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай – ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.
6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін - өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.
Әрбір аудитор өзін - өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық.
А. Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерулердің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.
Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады. Егер аудитор:
Клиентінің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
Таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниясымен бірлескен инвестициясы бар болса;
Компаниядан несие алса немесе берсе;
Тескерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;
Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
Компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;
Егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
Клиент инвестор болатын болса, онда инвестор -кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;
Егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей қатысты немесе онымен кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және т.б.
Ә. Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау – жаңжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарда кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың қажеті жоқ. Осы замаңғы қаржы рыногы күрделі әрі қитұрқы қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танылады, олардың есебі анық бола бермейді.
Кәспорын басшылар аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұнандай аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпараттар болуы керек.