Қазіргі таңдағы Қазақстанның фискалдық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 11:07, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Работа состоит из  1 файл

ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ.docx

— 92.69 Кб (Скачать документ)

- болашақ салықтық тәртіптердің  артық көрінетін варианттарды  негіздеу;

- өткен жылдың бюджеттің  орындалуының экспертизаның жүргізілуінің  нәтижесін есепке ала отырып  салықтық табыстардың жобаларын  есептеу;

- бюджеттік сыныпталудың  сәйкес статьялары бойынша үкіметпен  және парламентпен қабылданған  салықтық міндеттемелерді талқылау, сәйкес заңдардың   бюджеттік  табыстарының ақырғы   ұйғару  негізінде нақтылау және қабылдау.

Салық төлеушілерден, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ресми органдардан түсетін басқарушылық шешімдерді өндіру үшін бұл іс-әрекеттерде  ақпаратты жинау және өңдеу талдау сатысында негізгі ролді ойнайды. Дұрыстық және толықтық жиналған және өңделген ақпарат бюджетті-салықтық нормалар мен ережелерді әрі қарай  жетілдіруде негізгі базасын  құрайды.

Мықты экономикада барлық салықтық саясаттар үйлеседі. Қазақстан  үшін салықтық саясаттың бірінші  тұрпаты үшіншімен үйлесуде сипатталады.

Қазіргі уақытта «салықтық  есеп» түсінігі Салықтық Кодекске енгізілген, солай бұл ерекшеленген есеп беру түрі заң шығарушымен негізделген, сол уақытта     мұндай      ерекше      есептік      қызмет      оқымыстылармен     және тәжірибеліктермен қашанда  емес оң бағаланады.

Экономистердің белгілеуі  бойынша салықтық заң шығару норма  қатынасында командно-таратушылық  тоны бар кәсіпорын бухгалтерлеріне  нақты талаптарды бекітті, бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын регламентациялайды. Бөлек салықтық талаптар қаржылық-шаруашылық кызметтің көрсеткіштерін шектеулі шамалаған әдістемелік ережелер мен нұсқаулар бойынша салықтық төлемдерді есептейді. Алайда салық  салу емес, керісінше бухгалтерлік есептің жүйесі ақша ағынының қозғалысын белгілейді және өндірістің құндық шамасын  жалпы. Сондықтан, бухгалтерлік тәжірибе салықтық өндірістің ерекшелігін айқындау керек және салықтық есепті жүргізудің негізі болу керек, керісінше емес.

Салықтық басқару елдің  шаруашылық дамуын алып түседі, өйткені  салықтық шаралар базистік қатынастарға ықпал ететін жан-жақты құрал.

Қазақстан Республикасыньщ  нарық жағдайындағы экономикасының дамуы, мемлекетгің экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының  шешуші шараларына байланысты.

Қаржы саясаты еліміздің  қаржы заңдылықтары негізінде қаржы  ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу, пайдалану тәсілдері мен формалары  жүйесінен түрады.

Қаржы саясатын негізі болып фискалдық саясат, яғни үкіметгің салық салу жүйесіндегі және мемлекетгік шығындарды реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджетті - салық саясаты саналады.

Салық — экономикалық қатынастардың бір бөлігі болып табылатындықтан, қаржы қатынасы арқылы оны экономикалық базиске жатқыза аламыз. Салықтың объективті қажетгілігі қоғам дамуының тұтынуына байланысты. Мемлекет салықтың осы объективті қажеттілігіне сәйкес салық жүйесін қалыптастырады, қаржы жүйесіндегі оның құрылымы мен әрекет ету механизмін жетілдіреді. Салықтың әлеуметгік-экономикалық мәні мен атқаратын рөлі, қоғамның саяси және экономикалық құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен алдында тұрған міндеттеріне байланысты анықталады. Сондықтан да, мемлекет пен қаржы жайлы ілім, салық ұғымының мәні мен салық салу механизмінің теориялық негізі болып табылады.

Салықтың экономикалык мәні - шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардан, міндетті жарна түрінде жалпы ішкі өнімдерінің белгілі бір үлесін алатын экономикалық қатынастардың бір белігі болып табылуында.

Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеумеггік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау дегеніміз — қоғамның табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек ретінде  көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы, қарттар мен мүгедектерге берілетін  зейнетақы және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен 2002 жылдың І-ші қаңтарынан әрекет ететін мақсатгы әлеуметтік көмек және басқа  да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларға  мемлекеттің тегін медициналық  қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі, сондай-ақ табысы аз отбасыларына әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының  мәні, қоғамдағы табысты қайта  бөлумен көрсетіледі. Осылардың  негізінде біреулерден салық  өндіріліп алынып, екінші біреулеріне  жәрдем ақы ретінде беріледі. Қазіргі қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын камтамасыз ететін салық құралдарыньщ негізгісі болып: жұмысты ұсынушылар мен жалданып жұмыс істеушілер, еңбек ақы қорынан төленетін әлеуметтік салық пен жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесі жатады.

Кез келген елдің экономикалық жүйесінің функциясын қамтамасыз етуде  басты ролді мемлекет атқарады. Мемлекет өзінің барлық өмір сүру тарихында  ішкі тәртіпті, заңды сақтау, ұлтгық қорғанысты ұйымдастыру сияқты, бірқатар міндеттемелермен бірге экономика  саласында да белгілі бір қызметгер  атқарады, яғни ақша айналымын реттеу, салық жинағын ұйымдастыру және т.б. Ал қазіргі жағдайда кез келген дамыған нарықтық экономика мәні бойынша, аралас экономика - мемлекетгік  сектордағы еркін кәсіпкерлікпен қатар, мемлекеттің ұлттық шаруашылықты реттеуі  де жатады. Мемлекеттің экономиканы  ретгеу теориясының пайда болуы, XX ғасырдың ортасында болған экономикалық дағдарыстьщ көлемімен тікелей байланыста болды. Әлемге аты әйгілі, ұлы ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің концепциясы нарық көлемін кеңейту, жаппай тұтынуды арттыру, циклдік ауытқуларды жеңілдету, міне осылардың нәтижесінде — экономикалық өсудің тұрақты, жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуді қарастырған. Шаруашылықты реттеу фискалдық және қаржы саясаттарының көмегімен сұранысты икемдеуге ынғайласқан. Арада біраз уақыт өткеннен соң, мемлекеттің тәуелсіз, еркін тауар өндірушілердің шаруашылық қызметін реттеуге мүмкіндік беретін, А.Лаффердің бюджеттік концепциясы пайда бодды. XX ғасырдың екінші жартысындағы нарықтық экономиканық дамуы, мемлекет кызметінін кеңеюіне және оның экономикалық аядағы рөлінің артуына әкеп соқты. Осындай нөтижедегі экономикалық тиімділікке, көп жағдайда, бәсекелестік нарық механизмінің әрекет етуі жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Әйткенімен, нарықтық экономикадағы мемлекеттің мақсаты - нарық механизмін түзету емес, сәйкесінше, оның еркін әрекет етуіне жағдайлар жасау, яғни мүмкіншілігінше бәсекені, қажеттілігінше мемлекеттің реттеуші әсерін қамтамасыз ету. Осы аталған мәселелердің бәрін шешу үшін, мемлекеттің қол астында барлық құралдар жиынтығы бар. Солардық ең негізгілері: фискалдық саясат, әлеуметгік және табысты реттеу саясаттары.

Фискалдық саясатқа мемлекеттің  бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын  толтыратын болса, ал екінші жағынан  — оларды жұмсау қызметімен айналысады. Мемлекет дәл осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін түтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Мемлекет халықтың әл-ауқатын, тұрмыс денгейін жақсарту мақсатында белгілі бір әлеуметтік саясат жүргізеді. Ал мемлекеттің кірісті қайта  бөлу функциясы, біз жоғарыда айтьш  өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекетгік  бағдарламалары арқасында тұрмыс деңгейі нашарларға — мемлекетгік көмек көрсету, жұмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын  үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу - еліміздің  занды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту және бекіту арқылы салық  салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.

Экономикалық саясатты жүргізудің барлық құралдары бір-бірімен тығыз  байланыста. Бірақ та бұлардың ешқайсысы  бір-бірінен жекеленіп әрекет етпейді. Әйткенмен бұларды нақты бір  салада пайдалану кезінде, басқаларына  тигізетін әсерін ескерген жөн.

Мемлекет өз елінің қаржы  жағдайының тұрақтылығына, қоғамдық өндірістің тұрақты өсуі негізінде, қаржы ресурстарын  үнемі арттыруының арқасында  қол жеткізеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, әлеуметгік-экономикалық даму кажеттілігіне арналған қаржы  ресурстарының көлемі азаяды. Осының салдарынан көптеген қажеттілік қанағаттандырылмай қалады. Мемлекет бірінші кезекте  тұрған тактикалық және стратегиялық міндетгерді бұза отырып, шектелген  қаржы көлемін бірінші қажеттіліктегі шығындарды жабуға қарай жұмсайды. яғни алдағы мақсаттарын таңдауына  шектеу қойылады. Ал мұндай әрекег, жағдайды одан да бетер тұрақсыздандыра түседі.

Сондықтан да, қаржы тұрақтылығының жалпы ережесі бойынша, дағдарыс кезінде де және экономикалық өсу  кезінде де қаржы ресурстары мен  бұларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметгік-экономикалық қажеттіліктері сәйкес болуы керек.

Біздің қоғамымыздың өтпелі кезеңінің дамуына, әлеуметтік аядағы өтпелі жағдай сәйкес келеді. Бұрынғы  халықты әлеуметтік қорғау моделі мен  әлеуметтік салаларды қаржыландыру жүйесі бүгінгі кұнде жойылған, ал жаңа қаржыландыру механизмі әлі тәжірибелік кезеңде және оны дамытудың ұтымды жолдарын іздестіру үстінде.

Қоғамның әлеуметгік-экономикалық қажетгілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдык өнімнің  көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы  әлеуметгік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджеті; тұтыну корзинасының құны; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және стипендия төлеудің минималды  мөлшері сияқты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануға мұқтаждық  етеді. Инфляциялық жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен  әлеуметгік төлемдерге индексация жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың әлеуметгік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың  негізі болып, еңбек ақы төлеу  түрлері мен жүйелері, табыс және әлеуметгік салықтардың ставкасы арқылы еңбек ақыны салықтық реттеуі, тұтынуға бағытгалған қордың өсімін немесе еңбек  ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі  саналады.

Халықтың кедейлігі мәселесін  түсінуге деген көзқарастың үш түрі бар:

- табыс немесе тұтыну  тұрғысынан;

-  негізгі қажеттіліктер  тұрғысынан;

-  адам  әлуетін дамыту   мүмкіндіктері тұрғысынан.

Қазіргі кезде, қоғамның әлеуметгік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаты болып, экономикалық өсу негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Сондықтан да, бюджет саясатының нәтижесі бюджет кірісінің деңгейімен, бюджет міндеттемелерін орындау дәрежесімен, бюджетаралық катынастардың әрекет ету процесіндегі бюджет тапшылығы  мен мемлекет қарызын басқаруы сияқты құрамдас бөліктердің орындалуымен анықталады. Әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара қатынасы бюджетті өңдеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау және бюджетгің орындалғаны жайлы есеп беруі сияқты нақты механизмнің әрекет етуінен тұрады. Бюджет саясатының, соның ішіндегі бюджетаралық қатынастардың механизмі ортақ құқықтық негізде, барлық бюджеттердің бірдей жіктелуімен, бюджетгің бір деңгейінен басқасына берілетін статистика түрімен, бюджет процедурасының ортақ принциптерімен, бюджеттік процестермен өзара байланыстағы ортақ ақшалай-несиелік жүйемен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің реттеу қызметін күшейту қажетгілігінің барысында, инфляцияга қарсы бюджеттің функциялануынан, анағұрлым тұрақтандырылған бюджетке өтуін анықтауда, бюджет саясатының қосымша шараларына назар аударылады. Кез келген елдің бюджет саясаты, тұрақты экономикалық өсу негізінде  халықтың әл-ауқатын артгыруға, материалдық  деңгейін өсіруіне, отандық өндірісті  қалпына келтіруге және дамытуға, жұмысқа қабілеті бар адамдарды  жұмыспен қамтуды арттыруына бағытталады.

Егерде әлемдік төжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің  даму дәрежесі әлеуметтік аяға жұмсалған  қаржы дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған  батыс елдерінің көбісінде инвестицияны әлеуметгік аяға, соның ішінде адамзат  капиталына салу, ұлттық байлықтың  материалды-заттай элементгеріне салынатын  капитал салымына қарағанда әлдеқайда  жылдам артуда. Сондықтан да бағытта, әлеуметгік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен  соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы болып табылатын - адамзат капиталының өсуі ескерілуі  қажет.

Әлеуметтік аядағы қаржы  механизмінің әрекет етуінің өз ерекшелігі бар. Әлеуметгік ая көп жағдайларда  бейнарықтық болып табылғандықтан, мемлекеттің реттеуші рөлі экономиканың басқа салаларына қарағанда, әлдеқайда  айқын керінеді. Соңғы жылдары  әлеуметгік мәселелерді шешу, жергілікті бюджеттің рөлін арттыра түсуде. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін, жергілікті бюджет қорының жетіспеушілігі салдарынан трансферттер, мақсатты субвенциялар, дотациялар, мақсатты бағдарламалар, бюджеттік несиелер сияқты реттеуші механизмдерді пайдалануды мәжбүр етгі.

Анағұрлым көрнекі мысал  ретінде Маңғыстау және Атырау облыстарының дамуын келтіруге болады. Бюджетгік  аударымдарының елдегі ең жоғарғы деңгейлеріне қарамастан, кедейлердің ең үлкен  үлесі осында тіркелген. Маңғыстау  облысының бірқатар ауылдық аудандарында кедейлік деңгейі халықтық 87%-іне  дейін барады. Демек, мұндағы бюджеттік  қаражаттарды бөліп тарату саясаты  адамдық капиталдың дамуын жоққа  шығарьш отыр.

Әлеуметгік саясат мыналарды  қамтуы тиіс:

- тиімді демографиялық  саясат;

- адамдық капиталдың дамуы  мен кедейлікті төмендетуге жағдайлар  жасау;

- қоғамдық капиталды дамыту  немесе халықтың қоғамдық өмірге  қатысу мүмкіндіктерін  кеңейту;

Азаматтардың конституциялық құқығына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қакмтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамның жоғалтуына байланысты балалардың тууы мен тәрбиеленуіне, жұмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке құқықтары  бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарықтық механизмнің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді  әсіресе дәрігерлік және жалпыға  білім беруді үйлестіру, халық табысының  дифференциациясымен және деңгейімен теңестірілуі қажет.

Информация о работе Қазіргі таңдағы Қазақстанның фискалдық саясаты