Бухгалтерлік баланс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 17:07, курсовая работа

Описание

Жұмысты орындаудағы мақсат: қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуының мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидаларын қарастыру;
Банктік шоттар ашу тәртібі туралы зерттеулер;
Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізін қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
1-бөлім. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру 4
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 9
ІІ-бөлім. Банктер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 21
2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі 21
2.2 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа состоит из  1 файл

қолма-қолсыз есеп айырысу.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

• төлем тапсырмасы;

• төлем талабы-тапсырмасы; 

• инкассалық үкім;

• чекпен есеп айырысу;       

• вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері  болуға тиіс:                                             

1) төлем құжатының  атауы; 

2) төлем құжатының  номері, толтырылған күні, айы, жылы;

3) ақшаны аударушының  (төлеушінің) толық аты-жөні және  жеке идентификациондық коды;

4) ақшаны аударушы  банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

5) бенефициардың (ақшаны  алушының) толың аты-жөні және  жеке идентификациондық коды;

6) бенефициар банктің  толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

7) төлемнің тағайындалу  коды;

8) санмен және жазбаша  түрде берілген төлем сомасы;

9) төлемді немесе ақшалай  аударымды жасайтын тұлғаның  қолдары мен мөрлері (егер құжат  қағаз түрінде толтырылған болса);

10) бенефициардың және  ақшаны аударушының салықты төлеуші  ретіндегі тіркеу номері (СТН).

Төлем құжаттары қағаз  және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының  бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы  ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Резиденттік белгісі  ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

 «1» — резидент;

«2» — бейрезидент.

Экономиканың секторының коды мынадай:

0 — Халықаралық, ұйымдар;                                

1 — Орталық Үкімет;

2 — Аймақтық және  жергілікті басқару органдары;      

3 — Орталық (ұлттың) банктер; 

4 — Басқа депозиттік ұйымдар;

5 — Басқа қаржылық  ұйымдар; 

6 — Мемлекеттік қаржылық  емес ұйымдар;   

7 — Мемлекеттік емес  қаржылық емес ұйымдар;

8 — Үй шаруашылығына  қызмет көрсететін, коммерциялық  емес ұйымдар;

9 — Үй шаруашылықтары.

Төлемнің тағайындалу  коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0 — Зейнет ақы және жәрдем ақы;

1 — Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);

2 — Шетел валютасы  және бағалы металдармен операциялар;

3 — Депозиттер;

4 — Займдар;

5 — Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар;

6 — Қазақстан Республикасының  резиденттерінің шығарған бағалы  қағаздары және вексельдері, Қазақстан  капиталына инвестициялар; 

7 — Тауарлар мен  материалдық емес активтер;

8 — Көрсетілетін қызметтер;

9 — Бюджетке төлемдер  мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының  бірдей классификаторы толтырылатындарға  мынадай төлем құжаттары жатады:

• төлем тапсырмасы;

• төлем талабы-тапсырмасы;

• салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;

• аударуға берген өтініш;

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде  кеңінен қолданылатын есеп айырысу  формасы.

Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған  тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшің тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны  толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

Бенефициар

 

Ayдарушы  (төлеуші)



Бенефициар  банкі

Аударушының банкі


1-сурет. Төлем тапсырмасы  бойынша тауарлар (қызметтер) үшін  төлемді сатып алғаннан кейін  төлеу барысында есеп айырысу  сызбасы.

1 — тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 — төлем тапсырмасын  банкке беру және шоттан қаражатты  шегеру; 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша  төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бүрын және кешіктірілген болуы  мүмкін. Мерзімді төлем — бұл  тауарды жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейің яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы  мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі  мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты  жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап  есеп айырысу формасы ретінде  ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

 

Бенефициар

 

1      Аударушы (төлеуші)



 Бенефициар банкі

Аударушының банкі


 

2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 — алдын ала төлеу  барысында тауарды (қызметті) жабдықтау  туралы келісімшарт жасау; 2 —  төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5 — тауарды (қызметті) жабдықтау.

Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың  төлеушіге оған қызмет көрсетуші  банкке бағытталған жөнелтілген  өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талаптапсырмасын бенефициар толтырады  да, оны коммерциялық құжаттармен  бірге бірден аударушының банкіне  жібереді. Аударушының банкі төлем  талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3-сурет):

 

Бенефициар


Аударушы



 

Бенефициардың банкі

 

Аударушының банкі




 

 

3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.

1 — тауарды жабдықтау  (қызмет көрсету); 2 — төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жіберу; 3 — есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5— бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 — бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Төлем талап-тапсырмасымен  есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын  жылдамдатады.

Инкассалық өкім —  заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық  және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша  басқа да төлемдерді талап ету  жағдайында қолданылады. Мұндағы салық  және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік  шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға  құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат  көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат  көлемі толық жетпеген жағдайда, сол  құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа, түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп  айырысу  барысында  төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек  арқылы есеп айырысудың қолайлылығы  мынада:

• егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

• сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану  барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттың банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:

• Кепілденген чек  — чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

• Кепілдендірілмеген чек  — чек беруші банктің кепілдігі  көрсетілмеген чек;

• Қамтамасыз етілген  чек — банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;

• Қамтамасыз етілмеген  чек — депозитпен қамтамасыз етілмеген  чек.

Ережеге сәйкес, чек —  бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

• Чектің өзіне тән  мынадай көрсеткіштері болады:

1) «Чек» деген атауы; 

2) Чек номері мен  сериясы;           

3) Чектің қызмет ету мерзімі;        

4) Чек берушінің аты-жөні;

5) Чек берушінің СТН; 

6) Санмен және жазбаша  түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және  чек берушінің қолы мен мөрі;

7) Чек ұстаушының аты-жөні;   

8) Чек ұстаушының СТН;      

9) Чекті төлеуге міндетті  чек беруші банктің атауы;     

10) Чек беруші банктің  жеке банктік коды;

Информация о работе Бухгалтерлік баланс