Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 17:07, курсовая работа
Жұмысты орындаудағы мақсат: қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуының мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидаларын қарастыру;
Банктік шоттар ашу тәртібі туралы зерттеулер;
Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізін қарастыру.
Кіріспе 3
1-бөлім. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру 4
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 9
ІІ-бөлім. Банктер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 21
2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі 21
2.2 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісімшарт.
Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.
Банкаралық есеп айырысулар, егер де төлеуші мен қаражатты алушы әр түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды. Мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі варианты бар:
I варианты —
II варианты — орталықтандырылған,
яғни коммерциялық банктер
Корреспонденттік шот — бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:
• банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;
• банк клиенттерінің бюджетпен зейнетақы қорларымен және басқа ұйымдармен есеп айырысулары;
• клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;
• банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;
• ҰБ-пен кассалық операциялар;
• берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;
• депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;
• банктің өзінің бюджетке төлемдері (салың);
• банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т.б. жатады.
Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке табыс етеді:
• корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;
• банк жарғысының көшірмесі;
• банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;
қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған).
Қазіргі кезде ақша шаруашылық өмірдің ажырамас белгісі болып табылады. Сондықтан материалдық құндылықтарды жеткізу және қызметтерді көрсету ақшалай есеп айырысу арқылы аяқталады. Ақшалай есеп айырысу қолма-қол ақшамен және онсыз да жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшамен есеп айырысуға қарағанда тиімдірек, өйткені мұндайда айналымға жіберілетін шығын азайады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға банктердің желісі қолдау көрсетіп, ал бұған мемлекет мүдделі болады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының аударылуы - қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.
Қорыта айтқанда, электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.
Бұл курстық жұмыста біз осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне біршама бойлай ендік.