Бухгалтерлік баланс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 17:07, курсовая работа

Описание

Жұмысты орындаудағы мақсат: қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуының мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидаларын қарастыру;
Банктік шоттар ашу тәртібі туралы зерттеулер;
Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізін қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
1-бөлім. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру 4
1.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 4
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 9
ІІ-бөлім. Банктер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 21
2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі 21
2.2 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа состоит из  1 файл

қолма-қолсыз есеп айырысу.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

11) «Бұйрық бойынша  төлеңіз» кестесі;

12) «Төлемнің тағайындалу»  кестесі;

13) Чекті төлем ретінде  қабылдағаны туралы чек ұстаушының  белгі соғатын орны.

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен  жүзеге асады. Банктен қолма-қол  ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттың банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.

Чектің қызмет ету  мерзімі толтырылған күнді есептемегенде  он күнді құрайды.

Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (4-сурет).

Бенефициар

Төлеуші



БАНК


 

4-сурет.   Чекпен есеп айырысу сызбасы.;

1 — төлеуші банкке  чектік кітапша беру туралы  өтінішін жасап, оған қосымша  төлем тапсырмасын береді; 2 —  банк оған чектік кітапша береді  және төлем-тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 — бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 — тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5— бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны бенефициар шотына түсіреді.

• Вексельмен қолма-қолсыз есеп айырысу бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі — төлем құралы.

Енді жай және аудармалы  вексельдің айналысы процесіне мән  берелік. Ол көрініс 5-ші және 6-шы суретте берілген.

                                                    1

Вексель беруші

(сатып алушы,

төлеуші)    

           2

3

4

Вексель ұстаушы (сатушы, төлемді алушы)


                                                                 

5-сурет. Жай вексельдің  айналыс процесі.

1 — сатып алушы  (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сатушыға ұсынады; 2 — сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге) тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 — сатушы вексельде көрсетілген, яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 — сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

 

 

 

 

                                                                                          1

Трассант (вексель беруші)

 

Трассат (төлеуші)



Ремитент (қаражат алушы)




5

4

 

6-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі.

 

1 — вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатов)  тауарын және оған қоса аудармалы  вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 —  төлеуші (трассат) акцептелген  вексельді вексель берушіге (трассанту)  қайтарады; 3 — вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға) жібереді; 4— вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге ұсынады; 5 — трассат вексельді төлейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.

Аккредитивтік есеп айырысу  формасы. Аккредитивпен есеп айырысу  жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық  жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив — бұл  сатып алушының тапсырмасы бойынша  сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтік басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстың шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

• өтелген және өтелмеген;

• қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) — бұл эмитент банктің міндеттемесінің  іс-әрекетінің барлың мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген).

Өтелмеген (кепілденген) — бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды (8-суретті қараңыз).

Кепілденген аккредитивті эмитент банк сатып алушымен келісімшарт  негізінде, сондай-ақ басқа банкпен  арадағы корреспонденттік қарым-қатынас  жағдайына байланысты ашады. Ал енді өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Жабдықтаушы

 

Сатып алушы

Жабдықтаушының банкі

 

Сатып алушының банкі

 
 

 

7-сурет. Алдын ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы.

1 — алдын ала қаражатты  аудару арқылы аккредитив формасын  пайдалану барысында есеп айырысу  туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банкке аккредитив ашуға  өтінішін және оған қоса қаражатты  аудару туралы төлем тапсырмасын  беру, одан соң ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 — қаражатты жабдықтаушының банкіне аудару және оны «Аккредитив» шотына есептеу; 4 — жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 — тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 — келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және «Аккредитив» шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 — есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай  анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

Жабдықтаушы

Сатып алушы

Жабдықтаушының банкі

Сатып алушының банкі

8сурет. Банктік кепілдемені  пайдалану арқылы аккредитив  формасымен есеп айырысудағы  құжат айналымының сызбасы.

1 — банк кепілдемесін  беру арқылы аккредитив формасын  пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банк кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтініш жасау және аккредитивтің ашылуын «Банктің кепілдемесі және тапсырмалары» деген баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 — аккредитив ашылғаны және аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 — жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 — тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 — келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызмет көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және жабдықтаушының шотына қаражатты есептеу; 7 — есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент  банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына  ашылған болып табылады.

Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда  қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісімшарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Банктер  арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу

2.1 Банктік шоттар ашу тәртібі

Қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысулар бойынша операциялар  клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.

Сонымен, қазіргі кездегі  еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде  шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы»  ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» № 266 нұсқаулығына сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулықка сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.

• Жоғарыдағы ережеге  сәйкес ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерде  шот ашу мынадай құжаттарды талап  етеді:

Резидент заңды тұлғалар үшін:

• Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған); Статистикалық  карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік  үшің резидент заңды тұлғаның басшыларына  берілген сенімхаттың көшірмесі;

• Мемлекеттік бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;

• Қол қою және мөр  басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған 3 дана);

• Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен  олардың төл құжаттары мен  СТН; 

• Банктік шот ашу туралы өтініш;    

• Банктік шот туралы келісімшарт.

Бейрезидент заңды тұлғалар үшін:

• Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

• Статистикалық карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің  көшірмесі;

• СТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік  үшін бейрезидент заңды тұлғаның басшыларына берілген сенімхаттың  көшірмесі;

• Қол қою және мөр  басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);        

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік тот туралы келісімшарт.

Шаруа (фермер) шаруашылығы

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің  көшірмесі;

• СТН көшірмесі;

• Жерді пайдалануға  жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу  туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт,

IV. Жеке кәсіпкерлер  үшін:        

• Жеке кәсіпкерді мемлекеттік  тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТН көшірмесі;

• Қол қою және мөр  басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу  туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісімшарт.

V.  Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:

• ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын  құжаттың көшірмесі;

• Қол қою және мөр  басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған), 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі);

• Банктік шот ашу туралы өтініш;       

• Банктік шот туралы келісімшарт.     

VI. Жеке тұлғалар үшін:       

• Жеке куәлігі (көшірмесі);   

• СТН көшірмесі;

Қол қою және мөр басу үлгісі бар куәландырылған), 3 дана;

Информация о работе Бухгалтерлік баланс