Дебиторлы қарыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 12:50, курсовая работа

Описание

Экономикалық байланыс кезінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қарастырылады. Дебиторлық қарыздардың болуы кәсіпорын үшін оңтайлы болып табылады. Дебиторлық қарыз – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе тұлғаның берешек болған борышы. Осы субъектіге берешек қарызы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз кейде қаржы тәртібін бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан, тағы басқа құралады. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3

І Дебиторлық қарыздар есебінің теориялық негіздері.
1.1. Дебиторлық қарыздар жөнінде түсінік, оның жіктелуі..................................5
1.2. Дебиторлық қарыздар есебінің міндеттері........................................................9

ІІ Дебиторлық қарыздар есебінің тәжірибедегі қолданысы.
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы бойынша есеп айырысу...............................................................................................................................12
2.2. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарызының есебі............................18

ІІІ Дебиторлық қарызды басқару және несиелік саясаты...........................................22

Қорытынды.........................................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

дебиторлы карыз.doc

— 259.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

   Қарағанды  Экономикалық  Университеті  Қазтұтынуодағы

 

 

 

 

                                               «Қаржы,салық салу және сақтандыру»

кафедрасы.

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Пәні:Қаржылық менеджмент

                   Тақырыбы: Дебиторлық қарызды басқару

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Орындаған: Ф-35к(БД)тобының

                                                                       студенті Рахимбекова Г.А.                                                Тексерген доцент: Исатаева Р.С.

                                                  .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қарағанды 2008

                                               

                                                      

                                                      Жоспар

 

 

 

Кіріспе....................................................................................................................................3

 

І  Дебиторлық қарыздар есебінің теориялық негіздері.

      1.1.  Дебиторлық қарыздар жөнінде түсінік, оның жіктелуі..................................5

      1.2.  Дебиторлық қарыздар есебінің міндеттері........................................................9

     

ІІ Дебиторлық қарыздар есебінің тәжірибедегі қолданысы.

      2.1.  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы бойынша есеп айырысу...............................................................................................................................12

      2.2.  Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарызының есебі............................18

 

ІІІ Дебиторлық қарызды басқару және несиелік саясаты...........................................22

 

Қорытынды.........................................................................................................................24

 

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Кіріспе

 

Экономикалық байланыс кезінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қарастырылады. Дебиторлық қарыздардың болуы кәсіпорын үшін оңтайлы болып табылады. Дебиторлық қарыз – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе тұлғаның берешек болған борышы. Осы субъектіге берешек қарызы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз кейде қаржы тәртібін бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан, тағы басқа құралады. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қолданылып жүрген есеп айырысу-несие қатынастарынының тәртібі. Дебиторлық қарыздың өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық қарыз дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық қарыз шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.

Дебиторлық қарыздарды өтелу мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді деп қарастырамыз. Олар: «Сатып алушылар мен тапсырусшылардың», «Еншілес ұйымдардың», «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың», «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің», «Қызметкерлердің», «Жалдау бойынша», «Алуға талаптар», «Күдікті қарыздар» тағы басқа қысқа және ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар түрінде келеді.

Дебиторлық қарыздар пайда болу сипатына, мерзіміне тағы басқа сипаттарына байланысты бөлінеді. Мысалы, есепте саудалық және саудалық емес болып бөлінеді.

  Саудалық дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың  міндеттеме сомалары.

Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметіне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен пайыздар, үкімет органдарына салымдарды қайтару жөніндегі тілек-талап және т.б.) пайда болады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесі болып саналады. Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын болып бөлінеді. Бұндай сипаттарына байланысты бөліп қарастыру дебиторлық қарыздарды қадағалап, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Курстық жұмыс барысында келесі міндеттер шешілді:

-         дебиторлармен есеп айырысулардан теориялық түсініктерін ұғыну;

-         дебиторлармен есеп айырысулардан тәжірибедегі қолданысын қарастыру;

-         дебиторлық қарыздарды қадағалап, дұрыс ұйымдастыру.

-         Дебиторлық қарызды басқару және несиелік саясаты.

    Курстық жұмыстың жазылуы методологиялық негізінде беделді отандық және шетел экономистерінің еңбектері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                1.1.  Дебиторлық қарыз жөнінде түсінік, оның жіктелуі.

Дебиторлық қарыз – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе тұлғаның берешек болған борышы. Осы субъектіге берешек қарызы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз кейде қаржы тәртібін бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан, тағы басқа құралады. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қолданылып жүрген есеп айырысу-несие қатынастарынының тәртібі. Дебиторлық қарыздың өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық қарыз дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық қарыз шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық қарыздар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

•       ағымдағы активтерді  сатып алуға төленген авнстық (алдын ала төленген) төлем;

•       тапсырылған  (берілген)  шоттар  бойынша  алынуға тиісті қарыздар;

•       вексельдер бойынша алынуға тиісті қарыздар;

•       негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық қарыздар;

•       акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық қарызы;

•       басқадай дебиторлық қарыздар.

«Дебиторлық қарыз» - дегеніміз, бұл - иелік ету хұқын қосқандағы заңды хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады. Яғни, дебиторлық қарызды талдап, ұйымдастырудың мақсаты да осы кәсіпорынның экономикалық тиімділігі ұғымымен ұштасып келеді. Кез-келген кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу болып келеді. Ол үшін дебиторлық қарызды ұйымдастырумен қатар оның түлерін ажыратып, қарастырудың маңызы зор.[1] 

     Дебиторлық қарыз есепте саудалық және саудалық емес болып бөлінеді.

Саудалық дебиторлық қарыз іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың  міндеттеме сомалары.

Саудалық емес дебиторлық қарыз іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметіне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен пайыздар, үкімет органдарына салымдарды қайтару жөніндегі тілек-талап және т.б.) пайда болады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесі болып саналады. Дебиторлық қарыз пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ еңбек ақының қолданыста жүрген нысандарымен пайда болулары қалғандарға жатады.

Мерзімде төленбеген дебиторлық қарыз ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылар, ұйымдастырудағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлы-материалды қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.[2]

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілердегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті қарыздар бойынша резерв құру қажеттілігі туды. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа қарыздың өтелмей қалуынан сақтайды.

1200-«Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз»кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық қарызды есепке алуға арналған және мынандай шоттарды қамтиды:

1210-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы көрсетіледі;

1220-«Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы көрсетіледі;

1230-«Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы көрсетіледі;

1240-«Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы көрсетіледі;

1250-«Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы», онда қызметкерлердің активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражатын, қызметкерге ақы төлеу, қызметтік іс-сапарлар мен басқалар, қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық қарызының қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды ( талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарызы көрсетіледі;

1260-«Жалдау бойынша қысқа мерзімді қарыз», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;

1270-«Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:

акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивиденттер, қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық қарыздың қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1280-«Өзге қысқа мерзімді дебиторлық қарыз», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық қарыз бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған векселдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша қарыз;

1290-«Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операцилар көрсетіледі.

2100-«Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық қарызды есепке алуға арналған және мынадай шоттарды қамтиды:

2110-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді қарызы», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімді көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;

2120-«Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімді көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары көрсетіледі;

Информация о работе Дебиторлы қарыз