Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 12:50, курсовая работа
Экономикалық байланыс кезінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қарастырылады. Дебиторлық қарыздардың болуы кәсіпорын үшін оңтайлы болып табылады. Дебиторлық қарыз – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе тұлғаның берешек болған борышы. Осы субъектіге берешек қарызы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз кейде қаржы тәртібін бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан, тағы басқа құралады. Дебиторлық қарыздың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады.
Кіріспе....................................................................................................................................3
І Дебиторлық қарыздар есебінің теориялық негіздері.
1.1. Дебиторлық қарыздар жөнінде түсінік, оның жіктелуі..................................5
1.2. Дебиторлық қарыздар есебінің міндеттері........................................................9
ІІ Дебиторлық қарыздар есебінің тәжірибедегі қолданысы.
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы бойынша есеп айырысу...............................................................................................................................12
2.2. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарызының есебі............................18
ІІІ Дебиторлық қарызды басқару және несиелік саясаты...........................................22
Қорытынды.........................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................................27
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжатгар хұқықтық рәсімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі - "тауар" больш табылады. Сондықтан келісімшартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және кезекті тұрақгылық (фиксация) болып көрсетілуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды толық түсіну үшін келесі мысалды қарастырайық.
«Жолкен » ЖСШ «Тасты» ААҚ-на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жеткізіп берген тауарына толық төлемін алу үшін «Жолкен» ЖСШ факторингалық компаниясымен, яғни «Жуантөбе» ААҚ –мен шартқа отырды.
Келісім шарттың жағдайы бойынша факторингалық компания «Жуантөбе» ААҚ (қаржылық агент) «Жолкен» ЖСШ-тік «Тасты » ААҚ-на тауарды жөнелткеннен үш күннің ішінде «Жолкен» ЖСШ –тің есеп айырысу шотына ақшаны аударуы тиіс. Шын мәнінде, «Тасты» ААҚ жасалған контрактының 80% құнын бірден аударған, ал қалған контрактының құнын (20%) марапаттау сомасы ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісімшартқа сәйкес марапаттау сомасы, несие мөлшерлемесі сяқты 38% жылдық мөлшерлемесінің деңгейіде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күн құраған.
Факторинг келісім-шарты бойынша марапаттау сомасы 1,9% [(38%*18күн)/360 күн] құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған. [8]
Кесте 1
ЖШС «Жолкен», ААҚ «Жуантөбе» және «Тасты» ААҚ-ы арасындағы есеп
айырысулар
Қатар № | Шаруашылық операциялар мазмұны | Сомасы, тенге | Шоттар кореспонденциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жабдықтаушы-кәсіпорын («Жолкен» ЖСШ) | ||||
1 | Келісімшарт бойынша «Жолкен» ЖСШ, «Тасты» ААҚ-ҒА тауарды жөнелтті: -жөнелтілген тауардың нақты өзіндік құнына -келісім-шарттың құнына -ҚҚС (16%) |
196875
281250 45000 |
7011
1210 1210 |
1330
6011 3130 |
|
|
|
|
|
2 | Қаржылық агенттен («Жуантөбе» ААҚ) жөнелтілген тауардың 80% алынды | 261000 | 1040 | 3390 |
3 | Қаржылық агентке көрсетілген қызмет үшін, марапаттау сомасы шығысқа жатқызылды |
6199 |
7310 |
3390 |
4 | Қалған 20% қаржылық агенттен алынды, бірақ осы сомадан марапаттау сомасы шегерілді 59051 теңге (326250*20%-6199) |
59051 |
1040 |
3390 |
5 | Қарыздары засчет жасалды | 326250 | 3390 | 1210 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қарыз кәсіпорында («Тасты » ААҚ «Жолкен» ЖСШ-тен жөнелтілен тауар-«Тасты» ААҚ-ға келіп түсті: -тауар құнына -ҚҚС (16 %) |
281250 45000 |
1330 1420 |
3310 3310
|
2 | Қаржылық агенттің талап еткен сомасы, алынған тауар үшін төленді |
326250 |
1280 |
1040 |
3 | Қарыздары засчет жасалды | 326250 | 3310 | 1280 |
Қаржылық агентте («Жуантөбе» ААҚ) | ||||
1 | Факторингі келісімшарты бойынша «Жуантөбе» ЖШС-гі қарыз срманың 80% аударды |
261000 |
1280
|
1040 |
2 | Факторингі бойынша марапаттау сомасы есептелінді [6199 тенге (326250*1,9% )] |
6199 |
1270 |
6120 |
3 | «Тасты» ААҚ –нан талап етілген қаржы сомасы алынды |
326250 |
1040 |
3390 |
4 | Факторингі келісімшартының жағдайы бойынша «Жуантөбе» ЖШС-ке 20% қалған сомасы аударылды (бірақ бұл жерде марапаттау сомасы шегерілді) |
59051
|
1280 |
1040 |
5 | Қарыздары зачеты жасалды | 326250 | 3390 | 1270,1280 |
Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында әсіресе, келісім-шартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланғанда кейде теңгенің бағамының өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақтар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталык эквивалентті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әртүрлі банктердегі бағамдар әртүрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне тандап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе 100% (пайызы) со-масының төленгендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісім шартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.
Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытга. Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісім шартта қосылған құн салығы көрсетілмейді алайда фактура шотта салықтың бұл түрінің болуы міндетті келісім шартгың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды. Жоғарыда көрсетілген корреспонденциялар қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысқан жағдайда қолданылады, яғни төлем тапсырмалары мен төлем талаптары тапсырмаларымен, аккредетивтермен, чектермен және тағы да басқалар түрінде жүзеге асады. Қолма-қолсыз есеп айырысуда сатып алушының есеп айырысу шотынан сатушының шотына қаражаттар аударылғанда, банк мекемесі көрсеткен қызметі үшін белгілі бір пайызды (процент) алып отырады.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Вексель — белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша қарызқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде керсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельдер эмитентгер бойынша:
• қазынашылық және жекеше;
• төлем түрі бойынша: жай және аударылмалы;
• төлем кепілділігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген;
• төлеу тәртібі бойынша: мерзімділік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді.
Жай вексель - қарызкердің жазбаша өкімі бойынша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, қарызкерлік міндеттеменің сомасы, төленетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, вексель беруші қарызкердің қолы қойылуы керек.
Аударылмалы вексель - (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызгерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады.
Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни, вексель деген жазу жазылып, оның ұсынылған күні мен орны, жері, вексельдің сомасы пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі қажет. Аударылмалы вексельді трассат (қарызкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі мүмкін. [9]
2.2 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі
1220,2120-"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы" бас шоты мына бөлімше шоттарынан тұрады:
1220,2120-"Еншілес серіктестіктердің қарызы";
1230,2130- "Тәуелді серіктестіктердің қарызы";
1231,2131-"Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың қарызы".
Жалпылама аталмыш шоттарда барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздары жайлы ақпаратгар көрініс табады.
1995 жылғы 2 мамырдағы №2255-"Шаруашылық серіктестіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өзгерістер және толықтыруларда (14.07.97 ж. №159-1 енгізілді) "шаруашылык серіктестіктері" - дегеніміз, өзінің қызметінің негізінде пайда табу мақсатында жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін (1.2-пункт 1-бап).[10]
Осы жоғарыда айтылған еншілес серікгестік дегеніміз - басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына қатысуымен немесе келісімшартқа сәйкес осындай серіктестікпен қабылданатын шешімдерді анықтай алатын мүмкіндігі бар болатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал болып табылады және өзінің жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметі-нің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп регистрлерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.[11]
1230,2130-"Бірлесіп-
Біріктірілген есептеме жайлы айта отырып, №13 Бухгалтерлік есеп стандартында "Біріктірілген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердегі инвестициялардың есебіне" сәйкес оны құрудың әдістері ұсынылған. Біріктірілген есептеме құрамына кіретін негізгі серіктестікпен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептемесі әдетте жалпыға бір есеп саясатын қолдану арқылы дайындалады. Егер топ мүшесі біріктірілген қаржылық есептемеде қабылданған есеп саясатынан бөлек (басқа) есеп саясатын қолданатын болса, онда біріктіру барысында оның қаржылық есептемесіне сәйкес өзгертулер енгізіледі (№13. БЕС 16-тармақ). Мүлік серіктестіктің активі болып, ал барлық қатысушылар иемденушілер болып қалады. Сондықтан келісімшартга әрбір қатысушы бойынша табыстың немесе зиянның бөліну әдісі жазылып, көрсетілуі қажет. Меншіктің осы бір түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). 1220,2120-бас шоттың бөлімше шоттары мына шоттармен кореспонденцияланады:
-Еншілес, тәуелді серіктестер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар үшін есеп айырысу шотынан және басқа субъектілердің шоттарынан төлем жүргізілген уақытта 1220, 1230 және 1231-шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1040-шот кредиттелінеді.
- Еншілес,тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғаларға кассадан ақша қаражаттары берілген уақыт-
та 1220, 1230 және 1231-шоттардың тиістілері дебеттелініп,
1010-шот кредиттелінеді.
- Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материал-
дық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тә-
уелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың деби-
торлық қарыздарының пайда болуына 1220, 1230 және 1231-
шоттардың тиістілері дебеттелініп, 6010, 6011,6012, 6210, 6211,
6160-шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
- Қосылған құн салығы сомасына 1220, 1230 және 1231-
шоттардың тиістілері дебеттелініп, 3130-шот кредиттелінеді.
- Шетелдік валютадағы қарыздар бойынша тиімді бағам-
дық айырмашылыққа 1220, 1230 және 1231-шоттардың тиістіле-
рі дебеттелініп, 6250 шот кредиттелінеді.
- Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар-
дың дебиторлық қарыздарының жабылуына 1211, 1050, 1040
және 1010 шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1220, 1230 және
1231- шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
- Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақылана-
тын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарын салыстыру
актілері арқылы кредиторлық қарыздардың есебінің жабыл-
уына 3320, 3330 және 3331-шоттарының тиістілері дебеттелініп,
1220, 1230 және 1231-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
- Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақылана-
тын заңды тұлғалардың қарыздарын олардан тауарлы мате-
риалдық құндылықтарды жеткізу үшін алынған аванстар есе-
бінен жапқанда 3510 немесе 3511 шоттарының тиістілерінің
дебеті, 1220, 1230 және 1231-шоттардың тиістілерінің кредиті
түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Шетелдік валютадағы қарыздар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылыққа 7430-шоты дебеттелініп, 1220, 1230
1231-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.[12]
Кесте 2
«Жарасым» бас кәсіпорынымен «Асем-ай» еншілес серіктестігінің арсындағы есеп айырысулар
Қатар № | Шаруашылық операциялар мазмұны | Сомасы, тенге | Шоттар кореспонденциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| «Жарасым» бас кәсіпорынның 1220-1231 шоттарының дебеті бойынша жасалатын операциялар |
|
|
|
1 | «Асем-ай» еншілес серіктестігіне накладнойлар мен шот-фактуралардың негізінде материалдар мен сатып алынған тауарлар босатылды ҚҚС сомасына |
1200000
192000 |
1220,1230, 1231
1220,1230, 1231 |
6011,6012
3130 |
2 | «Асем-ай» еншілес серіктестігі мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар көрсеткен қызметі мен атқарған жұмысы |
90000
14400 |
1220,1230, 1231 |
6012,3130
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| ҚҚС сомасына
| 14400 | 1220,1230, 1231 | 6012,3130 |
3 | «Асем-ай» еншілес серіктестігі дайын өнімдерді, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді босатты ҚҚС сомасына |
200000 32000 |
1220,1230, 1231
|
6010,6211, 6210,3130
|
Барлығы |
| 1728400 | х | Х |
| «Жарасым» бас кәсіпорынның 1220-1231 шоттарының кредиті бойынша жасалған операциялар |
|
|
|
4 | Еншілес және тәелді серіктестердің қарыздары есепи айырысу шотына келіп түсті |
1728400 |
1040 |
1220,1230, 1231 |
| Барлығы | 1728400 | х | х |