Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 15:44, реферат

Описание

Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3
Негізгі бөлім
1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы............................................................... 4
2. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуының алғышарттары............... 11
3. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы..............................................................16
Қорытынды.......................................................................................................... 20
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

№1 реферат Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.doc

— 307.50 Кб (Скачать документ)

ҚР  Ғылым  және білім министрлігі

А.Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экономика факультеті 
 

                        

                                           Реферат

Тақырыбы: Ежелгі ғасырдағы  бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы 
 
 
 

Орындаған: МжЖБ мамандығының 3-курс студенті Абдикова А.Қ.

Тексерген: Бухгалтерлік есеп және аудит құжырасының аға  оқытушысы Алимова Д.Ж. 
 
 
 

                              
 

Қостанай,2011 
 

Жоспар: 
 

Кіріспе................................................................................................................. 3

Негізгі бөлім

1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы............................................................... 4

2. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуының алғышарттары............... 11

3. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы..............................................................16

Қорытынды.......................................................................................................... 20

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 21  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Қандай ғылымның болмасын пайда  болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.          Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді» — деген болса, оның әріптесі П.Самуэлъсон «Біздің ғасырымыз — машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», — дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»,— деп айтса, Л. Фон Мизес «Есеп — бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты», — деп жазган. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады.

     Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», — деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістерімен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.

      

 

Бухгалтерлік  есептің  пайда  болуы

    Бухгалтерлік есеп  (есеп  жүргізу ретінде)  дүниежүзіндегі кез  келген  бухгалтериянын іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

2) оның карапайым және арзан болуына қол жеткізу;

3) шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда  бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып болғызбайтын әйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардьщ мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.

     Есеп қашан пайда болғанын  тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуынын алғы шарты  - адамдар арасындағы экономикалық  қатынастардың дамуы.

Бухгалтерлік  есептің пайда болып, қалыптасуын  мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

• Ежелгі дүние.

• Ортағасырлық.

• Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.

• Ғылымның пайда болуы. XIX ғ. екінші жартысы.

• XX ғ. - бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

• Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

          Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді(бұл есептегі жүйелік  тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеттегі) папирустар хронологиялық тіркеудің дамуына жол ашты. Ежелгі Мысырда бұдан 4 мың жылдай бұрын сандарды белгілеу үшін олар басқа таңбалар мен иероглифтерді қолданған. Бірлік қазықпен, ондық қос қол тәрізденіп белгіленген, жүздік бүктелген пальма жапырағымен, мың молшылық символы ретіндегі лотос гүлімен, жүз мың бақамен белгіленген, өйткені Ніл өзені тасығанда бақалар тіпті көбейіп кететін. 

 

Мысырдағы иероглиф цифрлары 

 

Мысырдың  иероглифтік нумерациясы. 35736 саны. 

     Ежелгі  Мысыр оқымыстылары өздерінің ғылыми еңбектерін папирустарға жазып қалдырған. Папирус- дегеніміз ежелгі Мысыр жерінде көп өсетін папирус деп аталатын тропиктік ірі өсімдіктердің сабағынан жасалған аса берік те төзімді орамдар беті, яғни жазу материалы.

     Біздің  заманымызға дейін сақталып келген ең көне математикалық папирус – Москвалық папирус деп аталады – Москвада А.С Пушкин атындағы музейде сақтаулы, б.э. дейінгі 1850 жылы жазылған папирус. Оның ұзындығы 5,5 м, ал ені 8 см, онда 25 есеп келтірілген.

     Мазмұны жағынан аса маңызды папирус  – Ахмес папирусы, Ежелгі Мысырдағы мұны жазған хатшының есімімен аталған папирус – Лондонда Британ музейінде сақтаулы. Оның ұзындығы 5,5 м, ал ені 33 см. Бұл папирусты Ринд деген ағылшын иемденген болатын, сондықтан оны кейде Ринд папирусы деп те атайды, мұнда 85 есеп келтірілген. 

 

                   

                   Көне Мысырдың Ахмес немесе Ринд папирусы 

     Ғалымдар  сақталған папирустардағы жазуларды  анықтап танығаннан кейін, бұдан 4 мың  жыл бұрынғы кездің өзінде мысырлықтар  ондық (бірақ позициялық емес) санау  жүйесін қолданған, сондай-ақ құрылыс, сауда және әскери істермен байланысты көптеген есептерді шығара білген.

     Папирустарда  келтірілген есептер қысқа түрде  берілген, яғни есептің шарты мен  талабы беріледі де шешу жолы көрсетіледі. Ешқандай дәлелдеу, тексеру жоқ, барлығы  иероглиф арқылы өрнектелген сөздер мен сөйлемдерден тұрады.

            4 мың жылдай бұрынғы мысырлықтар жер өлшеу, құрылыс және әскери істерінің әр түрлі есептерін теңдеулер құрып шығарған. Мысырлықтар белгісізді «Үймек» - «Аха» деп атаған. Мысырлық математика папирустарында бөлшектерді «бірліктерге» жіктеу кестелері, кейбір геометриялық фигураларды аудандарын және көлемдерін есептеп шығару ережелері, ескерткіштердің салмағын анықтауға берілген есептер, статуялар орнату үшін қажетті құрылыс материалдары мен күн санын табуға берілген және басқа да практикалық есептер бар.

     Біздің  заманымыздан 2000 жыл бұрын жазу-сызу мәдениеті гүлденген, тарихқа әйгілі Мысыр елінің айтулы абыздары қосу, азайту және көбейту есептерін алғаш  рет шешкен және оны кең тұтынған.

     Натурал сандарды арифметикалық қосу және азайту амалдары мысырлықтарда негізінен қазіргі кездегідей орындалатын, ал көбейту және бөлуді мысырлықтар тізбектеп екі еселеу мен қосуға келтіретін.

     Ежелгі  Мысыр тәсілімен есеп шығарудың  ережелерін қазақтан шыққан тұңғыш физика-математика ғылымдарының докторы, ұлағатты ұстаз, профессор-математик, қазақтың Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков өзінің 1969 жылы жарық көрген математика тарихы жайындағы еңбегінде көрсеткен.

     Ежелгі Мысыр тәсілімен сандарды көбейту ережесін қарастырайық:

  1. Екі қатар бағаннан тұратын кесте құрамыз;
  2. Сол жақ бағанға 1-ден бастап екі еселенген сандарды, оң жақ бағанға екінші көбейткіштен бастап екі еселенген сандарды жазамыз;
  3. Әрбір келесі сан алдындағы санның екі есесіне (өзіне-өзі қосқанға) тең;
  4. Сол жақ бағандағы соңғы сан бірінші көбейткіштен артпауы тиіс;
  5. Сол жақ бағандағы сандардың ішінен қосындысы бірінші көбейткішке тең болатын сандарды төменнен жоғары қарай сайлап алып, солардың тұстарына көлбеу сызықтар қою керек;
  6. Көлбеу сызықтар жүргізілген сандарға қарсы тұрған екінші қатардағы сандарды қосу керек.

     Ежелгі  Мысыр тәсілімен  сандарды бөлу амалы көбейтуге кері бағытта келтіріледі:

  1. Екі қатар бағаннан тұратын кесте құрамыз;
  2. Сол жақ бағанға 1-ден бастап екі еселенген сандарды, оң жақ бағанға бөлгіштен бастап екі еселенген сандарды жазамыз;
  3. Әрбір келесі сан алдындағы санның екі есесіне (өзіне-өзі қосқанға) тең;
  4. Оң жақ бағандағы соңғы сан бөлінгіштен артпауы тиіс;
  5. Оң жақ бағандағы сандардың ішінен қосындысы бөлінгішке тең болатын сандарды төменнен жоғары қарай сайлап алып, солардың тұстарына көлбеу сызықтар қою керек;
  6. Көлбеу сызықтар жүргізілген сандарға қарсы тұрған сол жақ қатардағы сандарды қосу керек.

          Папирустар 9 ғ.-дан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады.

          Қағаз ең алғаш бұдан 2000 жыл бұрын, Қытайда шыққан, оны Чай Лунь деген адам ойлап шығарған деп жазылады Қытай тарихнамаларында.Қағаз жасауды қытайлардан Орталық Азия халықтары үйренген. 7 ғ. Самарқандта қағаз өндірісі болған. Осыдан арабтар үйренген, олар арқылы Еуропаға тараған.

          Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүнйенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді.

          Көне мысырлықтар ертеден ондық санау жүйесін қолдануды білген, бірақ оның әрбір орындағы сандардың жазылу ережесін білмеген, мысалға 111-ді жазу үшін, 1-ді үш рет қайталап жазбаған, керісінше әр орындағы 1-лерді әр түрлі белгілермен бейнелеген. Көне мысырлықтардың негізгі амалы қосу болған, ал көбейту қосудың қайталанып келуі ретінде есептелген. Олар бір айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, әрі арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қарапайым есептерін шеше алатын болған.

             

        Сол кітапта («Мәскеу папирусы») және де шеңбердің ауданын есептеуді де көрсеткен: диаметрінің -ін алып тастағаннан кейін квадраттаған. Есептеу нәтижесінде π=3. 1605 болып шыққан. «Мәскеу папирусында» жазылғаны бойынша олар дұрыс төрт жақтың көлемін есептеуді білген. Қорыта келгенде көне мысырлықтар көптеген нақтылы тәжірибелер топтаған, бірақ оны бір тұтас теорияға айналдырмаған.

Ежелгі  Бабыл математикасы

Информация о работе Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы