Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 15:44, реферат

Описание

Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3
Негізгі бөлім
1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы............................................................... 4
2. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуының алғышарттары............... 11
3. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы..............................................................16
Қорытынды.......................................................................................................... 20
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

№1 реферат Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.doc

— 307.50 Кб (Скачать документ)

      Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19 ғ-да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға (плиткаларға) білімдерін жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабыл жерінен мыңдап табылады.

Бабыл сандары

       Бабылдықтардың барлық математикалық жетістіктері жинақталып жазылған (шамамен айтқанда б.з.б. 200-шы ж., яғни Бабыл мәдениеті өркендеп өзінің ең жоғарғы сатысына көтерілген кезге жатады) қырық төрт кестеден құралған бабылдықтардың математикалық энциклопедиясы табылған. Бұл энциклопедиядан бабылдықтардың сол ертедегі заманда күнделікті мұқтаждықтары алға қойған практикалық есептерді: егіншілік, жер суаруды реттеу, сауда жасаудағы есептерді шешудің бірсыдырғы тиімді тәсілдерін білгендігі көрінеді.

       Бабылдықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, минутты 60 секундқа, секундты 60 терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарға қарап болашақты болжау, яғни астрология да солардың арасында туған.Бабылдықтар санаудың негізіне қазіргідей 10-дық жүйе емес, көп жағдайда арифметиканың аса қиын амалы — бөлу амалын жеңілдететін 60-тық санау жүйесін қолданған. Мысалы: 1 574 640 санын алпыстық жүйеде өрнектесек: 1 603 + 57 602 + 46 60 + 40, яғни қосындысы 424000 етіп жазылады.Әрбір өлшеуіш алдыңғысынан 60 есе артық болып келіп отыратын өлшеуіштер мен таразылар жүйесін де солар жасаған. Біздің қазіргі уақыт өлшемдеріміз — сағатты, минутты және секундты 60 бөлікке бөлуміз содан басталады.

Ежелгі  Урарту математикасы

        Б.з.б. екінші мыңжылдықтың орта шенінен бастап бір жағынан Бабыл патшалығына, кейіннен оның орнына келген Ассирия патшалығына, екінші жағынан Кавказ сыртына шектескен территорияда Ван патшалығы немесе Урарту патшалығы болды, бұл патшалық 8 ғ-да Кавказ сыртының оңтүстік облыстарын жаулап алды.Урарту халықтары Бабыл математикасын меңгеріп, қазіргі позициялық ондықұрған орнына қарай бір цифрдің өзі әр түрлі разрядтардың белгісі болатын) нумерацияға жақын және позициялық принципті білмейтін, мысырлық ондық нумерацияға мүлде ұқсамайтын, ондық нумерацияға көшкендігі анықталған. Урарту арифметикасы көбінесе ертедегі Армян арифметикасына ұқсас. Бұлай болса ертедегі бабылдықтардың математикасы Урарту халықтары арқылы Кавказ сыртындағы халықтардың, әсіресе армяндардың өте ерте замандағы математикалық мәдениетіне ықпалын тигізіп математиканың ауқымды дамуына зор үлесін қосқан.

Араб  математикасы

         Орта ғасырдағы Орта Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылман мемлекеттеріндегі араб жазуы арқылы жазылған математикалық шығармаларды айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, сүриянилер, т.б. үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр.

        Араб математикасының дамуы орта ғасырдағы араб мәдениетінің дамуымен бірге дамыды. Оның дамуын үлкен жақтан үш кезеңге бөліп қарауға болады:

8 ғ. бастап 9 ғ-дың ортасына дейін әл-Мансұр халиф Бағдатта ішінде телескоп пен кітапханасы бар «Даналық үйін» (арабша: بيت الحكمة Bait al-Hikma) ашып, оған сол кездегі Сүрия, Үндістан т. б мемлекеттерден ғалымдарды жинайды, бұл кезең негізінен басқа тілдегі математикалық шығармаларды аударып, оны үйрету кезеңі деп айтуға болады. Ең алдымен Евклид «Геометрияның бастамалары», одан кейін үнді математигі Брахмагупта еңбегі араб тіліне аударылады. Содан бастап Архимед, Аполлониус, Диофант, Птолемей сынды ертедегі гректің ұлы математиктерінің шығармалары іркес-тіркес араб тіліне аударылды. Бұл дәуірдегі атақты математик әл-Хорезми болды. Ол тек аудармамен айналысып қана қоймай, сонымен бірге «Хорезми арифметикасы» (көптеген кітаптарда «Liber Algoritmi» деп аталынып жұр), «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» т. б атты атақты кітаптары бар. Қазіргі кездегі математиканың маңызды бір саласы болып табылатын алгебраны осы әл-Хорезми енгізген.

Орта ғасырлар математикасы

        Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс(Қытай, Үнді, Бабилон, Мысыр). Онан кейін, ол Бабилон мен Египет, Грецияға ауысады. Греция математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын дедукциялық ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады.

      Жаңа заманнан ілгері 47 ж. Рим әскерлері Грекияны басып алып Александрия портындағы Мысыр кемелерін өртегенде, өрт кітапхананы да шарпып, натижеде екі жарым ғасыр бойы жинап сақтаған кітаптар мен 500 мың парша қолжазба күйіп түгейді. 4 ғ. Христандар Грекия пұтханаларын өртеген кезде Серапис пұтханасындағы 300 қолжазба күйіп түгейді.

       Міне осындай тарихи себептерден, әрі Грек математикасының өзіндегі олқылықтар себебінен, ежелгі Грекия математикасы тоқырайды. Осыған байланысты бүкіл Еуропада ғылым дамымақ түгіл, уақытысында болған ғылымдардың өздері жоғалып, Еуропаны қара түнек басады. Ақыл берген ғасырлардың орынына мың жарым жыл бойы үздіксіз созылған оянбайтын ұйқыға батқан «Ақыл-ой» ғасырлары келді. Адамзат тарихында мұнан үлкен, бұдан ғаламат ауыртпалық болған жоқ. Матемактика тарихында, Гректердің мұрагерлері Индиялықтар делінеді. 200-жылдан 1200 жылға дейін Индия математикасы жоғары толқынға көтерілген дәуір есептеледі. Бұл дәуірдің бастапқы мезгілінде, олар Гректерден геометрияны Вавилоннан алгебраны ұйренді. Әрі Қытайдан үлгі алып арифметика мен алгебраны одан ары дамытты.

       Греция мен Римде балауы кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуд жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі - жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы - тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.

       Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі - айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнің біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды.Мұның бәрі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құн өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.

Үшінші  ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын  қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін  бухгалтерлік теорияның пайда болуы  мен дамуына жол ашты.

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы. 

Бухгалтерлік  есептің ғылым  ретінде дамуының алғышарттары 

     Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде  сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің  «Сауда және нағыз көпес туралы»  деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда, Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшының ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жәрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылықтарды сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.

       Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор - Жак Савари (1622 - 1690). Ол «Нағыз көпес туралы» жұмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалық деп болды, сауда калькуляциясын түсіндірді, мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.

Информация о работе Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы