Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 15:44, реферат

Описание

Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3
Негізгі бөлім
1.Бухгалтерлік есептің пайда болуы............................................................... 4
2. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуының алғышарттары............... 11
3. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы..............................................................16
Қорытынды.......................................................................................................... 20
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

№1 реферат Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.doc

— 307.50 Кб (Скачать документ)

     Методологиялық (XIX ғ. бірінші жартысы). Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.

     Коллациондық (XIX ғ. ортасы). Мамандар  шаруашылық процеске (коллация -бөліске түсетін мүлік, статистикалық мәлімет) қатысатын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба пайда болды.

     Механикалық (XIX ғ. соңы). Механизацияның әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандырады және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады.

     Операциялық (XIX ғ. соңы - XX ғ. басы). Түскен тауарлар көптеген ғасыр  бойы сатып алынған бағасы  бойынша, ал оларды есептен шығару сату бағалары бойьшша жүргізілді. Ал сату бағалары тауарлардың түскен кезіндегі бағасынан жоғары болғандықтан, қаржылық нәтижені көрсететін кредиттік сальдо түріндегі айырма пайда болатын. Сондықтан кейіннен  «Тауарлар» шотындағы есеп сатып алынған бағамен жүргізіледі, сатылған құндылықтар «Өткізілді» деген жаңа шоттың дебетінде есептен шығарылды, кейінгісі кассаға түскен ақшалай түсім сомасына кредитке жатқызылады. Осыған орай «Тауарлар» шоты таза материалдық болып шықты.

Бұдан шығатын қорытынды, әрбір кейінгі жалғасатын кезең алдындағысын теріске шығармайды, творчествалық жағынан байытады, бухгалтерлік есептің шаруашылық процестерін басқару құралы ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейтті.

Нарықтық  қатынастардың қазіргі жағдайларында бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты әртүрлі деңгейіндегі басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу, қабылдауға, бәсекелес-субъектіні айқындауға және тағы басқаларға қажет субъектінің шаруашьшық және қаржылық қызметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақпаратты қалыптастыру болып табылды.

     Ғылым ретіндегі бухгалтерлік  есеп - баршамызға белгілі кез-келген  саладағы бизнес табысы көбінесе  бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне  тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық  операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.

     Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды  ақпараттар және мәлімттермен  қамтамасыз ететін мәні мен  пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.

    Бухгалтерлік есеп ерекше бір  тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.

Кәсіпкерліктің  кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.

Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері  мен міндеттемелері және меншікті капиталда  өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді  орындайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

     Нарықтық қатынастар жағдайында  шаруашылық ұйымдары әр түрлі  көздерден келіп түсетін капитал  жиынтығынан қалыптасады, яғни  оларға кәсіпорынның капиталына  өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

     Қазіргі заманғы бухгалтерлік  есептің мәліметтері бойынша  дивиденд саясаты, негізгі және  айналым қорларымен, ақша активтерімен  жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

     Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық  операциялар экономикалық процестің  негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі  қажет. Ол фазаларға келесілер  жатады:

1. Активтер  мен олардық көздерінің қалыптасуы;

2. Инвестициялар;

3. Қаржы  активтерінің қалыптасуы /экономикалық  ресурстардың/ және міндеттемелерді  қабылдау;

4. Өндіріс  процесімен байланысты активтерде  өзгерістердің болуы;

5. Табыстардың  қалыптасуы;

6. Табыстардың  бөлінуі және қайта бөлінуі;

7. «Бөлінбеген  пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;

     Бухгалтерлік есептің даму тарихын  білу арқылы осы саланың экономикалық  өмірге аса қажет болғандығын  және экономиканың сатылы кезеңдерге  сай қайта құрылуына байланысты  шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.

       Экономикалық ғылым жүйсінде  бухгалтерлік есеп, барлық гуманитарлық  және жалпы математикалық   пәндерге мңызы өте зор. Бухгалтерлік  есеп философияда, экономикалық  теорияда және тағы басқа ғылыми пәндерде қолданылады және осы пәндерді тереңірек зерттеуге ықпалын тигізеді.

       Кез-келген ұйымда бухгалтерлік  есеп жұмысын жүргізу экономикалық  мәселелердің негізгі және одан  басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдарға экономикалық және технологиялық үрдістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                      Қорытынды 

     Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сон-дықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Осыдан да болар ғалым Дж. Мэйдің «Бухгалтерлік есеп эрасы басталды»,—деп айтуы. Жоғарыда аталган бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және оның жүргізілуі жолдарымен оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған бұл оқулық бухгалтерлік есептің теориясы мен негіздерін толық ашып көрсетеді. Жалпы, осы оқулық экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім беретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі ғалымдар Б. Де Солозано, П.Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фаулкидің және Л. Фон Мизестердің сөздерін ескерсек, бұл оқулықтың жоғарыда аталған мамандықтардан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. Өйткені «Кез келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана бухгалтерлік есеп», — деп данышпан ғалым Цирул бекер айтпаган болар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтерлік  есеп негіздері», Астана, 2007
  2. Р.С.Әбдішүкіров, Б.С.Мырзалиев «Бухгалтерлік есеп»,Алматы, 2008
  3. Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н. Оразалинов «Бухгалтерлік есеп теориясы», Астана, 2008

Информация о работе Ежелгі ғасырдағы бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы