Экономикалық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 15:34, курс лекций

Описание

Дәріс сұрақтар:
1 Экономикалық талдаудың мазмұны, пәні, объектілері және міндеттері.
2 Шаруашылық субъектісін басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі.
3 Экономикалық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету.
4 Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.

Работа состоит из  1 файл

Экономикалык талдау.doc

— 676.00 Кб (Скачать документ)

Маркетингтік талдаудың негізгі  мақсаты - өнімге деген сұранысты  зерттеу және тапсырыстар портфелін  қалыптастыру. Тапсырыстар портфелінен  кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оны пайдалану тиімділігі байланысты. Сондықтан да сұранысты талдау маңызды болып келеді.

Сұранысты талдау үдерісінде сұраныстың өсу қарқыны мен көлемін салыстырады. Сату көлемі төмендеген кезде бағаның  өсуі тиімді болады, егер өнім бірлігіне  келетін қосымша табыс шамасы өнім бірлігіне келетін қосымша шығындар мөлшерінен асатын болған жағдайда болған кезде.

Сұранысты қалыптастыру факторларын  зерттеу үшін корреляциялық талдау маңызды.

Шаруашылық қызмет тәжірибесіне нақты  бір өнім түріне деген сұраныстың өзгеруі кәсіпорын жалпы түсіміне қалай әсер беретінін білу маңызды:

TR=P x Q ,

Мұндағы, TR- жалпы түсім, P – тауар  бағасы, Q – осы баға бойынша сатылған тауар саны.

Сұраныс икемді болған жағдайда бағаның  төмендеуі сату көлемін бірден ұлғайтады. Сұраныс икемсіз болған жағдайда, бағаның төмендеуі жалпы түсімді  азайтады, себебі сату көлемін кеңейту бағаның төмендеуінен болған жоғалтудың орнын толытру үшін жеткілікті болады.

Өз білімін бақылау  сұрақтары:

  1. Маркетингтік талдау деп нені түсінеді?
  2. Маркетингтік талдаудың негізгі міндеттерін және әдістерін атаңыз.
  3. Маркетингтік талдауды жүргізудің негізгі мақсаты қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

7-дәріс. Тақырып: Өнімді өндіру және өткізуді талдау

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның ішкі қызметіндегі өнімнің өндірілуі мен сатылуы жөнінде мәліметтер көздерін талдауды түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1 Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері.

2 Өнімді өндіру және өткізу динамикасын бағалау.

3 Ассортименті мен номенклатурасы бойынша өнімдерді өндіруді талдау.

4 Өнім көлеміне әсер ететін әртүрлі факторларды талдау.

5 Өнім көлеміне құрылымдық ілгерілеудің әсерін талдау.

6 Жұмыс ырғақтылығын талдау.

7 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау.

Дәрістің негізгі мазмұны

Өнімдерді сату, өндіру бойынша жоспардың  орындалуын және динамикасын талдау. Өнімдердің сапасын талдау. Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорын  жұмысының ырғақтылығын талдау.

Өнім өткізу көлемі мен өндіріс  көлемі тығыз байланысты көрсеткіштер болып табылады. Шектеулі өндіріс мүмкіндігінде және шектеусіз сұраныс шартында өнім өндірісінің көлеміне басымдылық беріледі, ол өз кезегінде сату көлемін анықтайды. Алайда, нарықтың толыққанды болу мөлшерін және бәсекелестіктің күшеюін өндіріс өнім шығарылым көлемімен анықтамайды, керісінше мүмкін өнім шығарылымы өндіріс жоспарын қарастыруға негіз болады. Кәсіпорын тек өзі өткізе алатын тауарды және өнім көлемін өндіруі керек.

Өнім өндірісінің көлемінің  және өткізу көлемі, оның сапасының артуының өсу темпі тікелей ұстаным көлеміне, пайдаға және кәсіпорын рентабельдігіне әсер етеді. Сондықтан бұл көрсеткіштердің талдануы үлкен мағынаға ие болады.

Талдаудың негізгі міндеттері:

  • жоспардың орындалуын, өндіріс динамикасын және өнім өткізілімін бағалау деңгейі;
  • бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтау;
  • шығарылымның өсу қорын ішкі шаруашылық жүргізуде анықтау және өнім өткізілімінде;
  • қорлар бойынша бағдарламалар жүргізу.

Өндіріс көлемі және өнім өткізілімін  натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құнды өлшеуіштерге байланысты өлшеуге болады. Кәсіпорын қызметінің көлемін жалпылама көрсеткіштерге байланысты құндық бағалау арқылы таба аламыз, ол үшін сәйкестендіруші және ағынды бағаларды қолданады.

Өнім өткізілімінің көлемі сатып алушыларға жіберілген тауармен немесе төлемге (выручка) байланысты анықталуы мүмкін. Нарық экономикасында бұл көрсеткіш бірінші дәрежелі мағынаға ие болады. Өнімнің қалай сатылатындығына, нарықтағы оған деген сұранысқа тауар өндірісінің көлемі байланысты болады. Өндірістік бағдарламаны орындауды бағалау үшін өндіріс көлемінің және өнім өткізілімінің (тал, метр, тонна, т.б.) маңызды рөл атқарады. Оларды өндіріс көлемін талдауда және жеке түрлерге байланысты біртекті өнімнің өткізілімін талдау барысында қолданылады.

Шартты натуралды көрсеткіштер  құндық бағалау тәрізді өндіріс көлемін жалпылап мінездеу үшін қолданылады, мысалы, консерві зауыттарында осындай көрсеткіштер қолданылады, мыңдаған шартты банкалар, жөндеу өнеркәсіптерінде-шартты жөндеу көлемі; аяқ-киім өнеркәсібінде- шартты аяқ-киім парлары, коэфициенттер негізінде олардың еңбек көлеміне аударымдар т.б.

Нормативті еңбек шығындары өнім шығарылымының көлемін жалпылама бағалау үшін көптүрлі тауар өндіру шартында жалпы көлемді натуралды және шартты натуралды өлшемдермен көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын көрсеткіш.

Талдау өнім динамикасын және өнім өндірісін зерттеуден, базистік, цептік өсім темптерін және өсімді есептеу  арқылы анықтауға болады. Сондықтан  өндіріс көлемі және тауарды өткізу көлемі сәйкестендіру бағасына негізгі базистік периодтағы бағалар қолданылады.

Базистік өнім темпі әрбір келесі деңгейдің алғашқы жылдық динамикалық қатарына қатынасы арқылы есептеледі, цептік- өткен көрсеткішке байланысты анықталады.

Орташа жылдық өсім темпін өнімнің және өнім өткізіліміне орташа геометриялық және орташа арифметикалық арқылы есептеуге болады.

Тауардың өндірісінің және жөнелтілуінің  оперативті талдауында факттық және жоспарлық тауар өндірісінің  және жалдану көлемінің, 1 күндегі  ассортименті (ай басынан өсетін), жоспардан ауытқуы да негізге алынады.

Тауар өндірісінің талдануы өнімді жеткізу келісім міндеттерімен  тығыз байланысты. Кәсіпорын үшін жоспарды орындамау пайданың азайып, штрафтарды төлеумен көрсетіледі. Сонымен  қатар бәсекелестік шартында кәсіпорын өнім өткізу нарығын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуі мүмкін.

Тауарды уақытылы жеткізбеу тек  кәсіпорын жұмысына, қорытындысына  ғана емес, сонымен қатар сауда  ұйымдарының, көлік ұйымдарына, алып старлардың да жұмысына кері әсерін тигізеді.

Өнімнің өткізілімін талдау барысында  айрықша көңілді мемлекеттік  тапсырыс бойынша міндеттерді орындау, жеткізумен байланысты және өнім экспортындағы  міндеттерді де ұмытпау керек.

Өз білімін бақылау  сұрақтары:

1. Өнімдерді сату, өндіру бойынша  жоспардың орындалуын және динамикасын талдау.

2. Өнімдердің ассортименті мен  құрылымын талдау.

3. Өнімдердің сапасын талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

 

8-дәріс. Тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау

Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның еңбек ресурстарына талдау жасау негіздемесін қарастыру және түсіндіру

Дәріс сұрақтар:

1 Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдау.

2 Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.

3 Еңбек өнімділігін талдау.

4 Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

5 Өндірістің негізгі құралдармен қамтамасыз етілгендігін талдау.

6 Материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді талдау. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау.

Дәрістің негізгі мазмұны

Кәсіпорынның  еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін  талдау. Жұмыс уақыт қорын пайдалануды  талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды  талдау. Еңбек ақы қорын пайдалануды  талдау.

Еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  етуді  талдау. Кәсіпорынның  еңбек  ресурстарымен  қамтылуы  және  оларды  тиімді  пайдалануы  барлық  жұмыстардың  уақытылы  және  көлемді  орындалуына, механизмнің, машина, құрылғыларды  мақсатты  қолдану  деңгейіне, өнім  өндірісінің көлемі, оның  өзіндік құны, пайда, тағы  басқа эко-номикадық көрсеткіштерге  әсер  етеді.

Талдаудың  негізгі  міндеттері:

  • Кәсіпорынның  және  оның  құрылымдық  бөлімшелері-нің  сапалы  және  санды  параметрлерге  байланысты  еңбек  күшімен  қамтылыуын  зерттеу;
  • Кәсіпорындағы  еңбек  күшін  пайдалануды  интенсивті, экстенсивті  және  эффективтілігін  (мақсатты)  бағалау;
  • Кәсіпорынның  еңбек  күшін  пайдаланудағы  толықтылығын  және  мақсаттылығын  анықтау.

Ақпараттың  қайнар  к өздері – еңбек  жоспары, статистикалық  есеп, ''Еңбек  бойынша  есеп'', табельдік  есеп  ақ-параттары  және  кадр  бөлімінің  есебі. 

Кәсіпорынның  еңбек  ресурстарымен  қамтылуын  жұ-мысшылардың  категориялары  мен  мамандығына  байланысты  санын  факттық  жоспарлық  сұраныс бойынша еңбек күшін салыстыру арқылы  анықталады.  Кәсіпорын маңызды мамандықтар бойынша жұмыс атқаратын еңбекшілерді  талдауға  көп көңіл бөлінеді. Жұмысшыларды  квалификация  деңгейіне байланысты  сапалық құрамын талдау  да  маңызды. Квалификация  деңгейі  жұмысшының  жасына, жұмыс  стажына, білім  деңгейіне  т.б  байланысты. Сондықтан  талдау  барысында  жұмысшының  құрамының  өзгеруі  осы  балгілерге  байланысты  зерттеледі. Жұмысшының  сапалық  өзгеруі  олардың  қозғалысына  байланысты  өзгеріп  отыратындықтан, талдау  барысында  осы  сұраққа  көп  көңіл  бөлінеді.

Жұмысшылардың  қозғалысын  анықтау  үшін келесі  көрсеткіштің  динамикасын  талдайды:

1) Жұмысшылардың  жұмысқа   орналасу  айналымының  коэффиценті  (Кпр):

 

Кпр =  жұмысқа  қабылданған  персонал  саны

             орташа  тізім  бойынша  персонал  саны


 

2) Жұмыстан  шығу  айналымының   коэффиценті (Кв):

 

Кв =   жұмыстан  шыққан  еңбекшілер  саны

  орташа  тізім  бойынша   персонал  саны


 

3) Кадрлардың  ағылуылық (текучесть) коэффиценті (Ктк):

 

 өз  еркімен  және  ереже   бұзғаны  үшін  жұмыстан  боса- тылғандарсаны

Ктк =                орташа  тізім бойынша персонал  саны


 

4) Кәсіпорын  жұмысшыларының  құрамының  тұрақтылық  коэффиценті  (Кпс):

 

Кпс =  толық  жыл  бойы  жұмыс  істеген  жұмыстар  саны


кәсіпорын  жұмысшыларының  орташа  тізім  бойынша  саны

 

Кәсіпорын  жұмысшыларының  жұмыстан  шығу  се-бептерін  зерттеу  керек: өз  еркімен, кадрларды  қысқарту, еңбек  дисциплинасын  бұзғандықтан. Кәсіпорындарды  еңбек  ресурстарымен  қамту  мәселесі  толық  қолда  бар  еңбек  ресурстарын  қолдану  арқылы, еңбек  өнімділігінің  өсуі, өндірілісті  интенсификациялау, өндіріс  процестерін  комплексті  механизациялау  және  автоматизациялау, жаңа  өндіруші  қабілеті  жоғары  техниканы  енгізу  арқылы, технология  мен  өндіріс  процестерін  дамыту  арқылы  жеңілдетуге  болады. Егер  кәсіпорын  өз  қызметін  кеңейтсе, өндіріс  күштерін, қуаттылығын  арттырса, жаңа  еңбек  орнын  ашса, еңбек  ресурстарының  қосымша  категориялар мен мамандығы бойынша және  оларды еліктіру  қайнар  көздері бойынша жаңа  жұмыс орнын анықтау.

Өнім  көлемінің  қосымша  еңбек  күші  есебінен  көбею  қоры  олардың  өсімінің  факттық  орташа  жылдық  бір  жұмыстың  есеп  периодына  көбейту  арқылы  анықтаймыз:

Р↑ВП=Р↑КР x ГВ1

Мұндағы:

Р↑ВП - өнім  көлемінің  өсу  қоры (ӨК↑Қ)

Р↑КП – жұмыс  орны  санының  өсу қоры (ЖС↑Қ)

ГВ1 – факттық  орташа  өндірудің  жұмыстық  есеп  периоды.

 

Жұмыс  уақыттың  қорын  пайдалануды  талдау. Жұмысшылардың  толықтай  қолданысын  талданатын  уақыт  аралығындағы  бір  жұмысшының  атқарған  күндері  мен  сағаттары; жұмыс  уақытының  қорын  қолдану  дең-гейіне  байланысты  бағалауға  боолады (ЖҰҚ). Бұндай  талдау  жұмысшының  жеке  категориясына, өндірістік  салаға, барлық  кәсіпорын  бойынша  да  жүргізіледі.

Информация о работе Экономикалық талдау