Көлік салығының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 07:34, курсовая работа

Описание

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Салықтар және салық жүйесі
Көлік салығының салықтық есебі
Көлік салығының 1С бағдарламасында пайдалану есебі
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа сауле эбу 34.docx

— 56.47 Кб (Скачать документ)

АЛМАТЫ  ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ  МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  КОЛЛЕДЖІ 
 
 
 

«Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит»

мамандығы бойынша 

                                 КУРСТЫҚ    ЖҰМЫС 

       Тақырыбы:    Көлік салығының есебі 
 
 
 

       ТЕКСЕРГЕН: САЛКИЕВА  С.Ж. 
 
 
 
 

                          

                                         Алматы 2009ж.

АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ  МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  КОЛЛЕДЖІ 

                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                
 
 
 
 

Жоспар 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1.   Салықтар және салық жүйесі
    2.   Көлік салығының салықтық есебі
    3. Көлік салығының 1С бағдарламасында пайдалану есебі
  3. Пайдаланылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        

                                               1.  Кіріспе 

      Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру  мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық  мәні зор.

      Көлік құралдарына  салынатын  салық тікелей  нақты салық  болып табылады.

      Меншік құқығында салық салу  объектілері бар жеке тұлғалар  және меншік, шаруашылық жүргізу  не оралымды басқару  құқығында  салық салу объектілері бар  заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады. [2]

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік  тіркеуге жататын және есепте  тұрған көлік құралдары, тіркемелерді  қоспағанда, салық салу объектілері  болып табылады.

      Мына көлік құралдары көлік  салығының салық салу объектілері  болып табылмайды:

    • Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
    • Мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

    Салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік  құралы бойынша салық ставкасын  және түзету  коэффициенттерін негізе ала отырып, салық кезеңі үшін салық  сомасын дербес есептейді. Сондай –  ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

        Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

     Егер  көлік құралдарына меншік құқығын,  шаруашылық жүргізу құқығын, немесе  оралымды басқару құқығын салық  кезеңінің  1 шілдесінен кейін  алған жағдайда, бюджетке салық  төлеу көлік құралын мемлекеттік  тіркеуге дейін немесе тіркеу  кезінде жүргізіледі.

      Салық төлеуші – заңды тұлғалар  көлік салығы бойынша ағымдағы  төлемдер есебін ағымдағы салық  кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде,  сондай – ақ көлік салығы бойынша  декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың  31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық  органына табыс етеді.

     

      

      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                               
 

                                  2.1. Салықтар және салық жүйесі 

      Салықтар дегеніміз – мемлекеттік  бюджетке заңды және жеке тұлғалардан  белгілі бір мөлшерде түсетін  міндетті төлемдер.

      Салықтар – шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, жеке тұлғалардың  мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік  бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын  экономикалық категория. Салықтардың  экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.  Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

      Салықтар мемлекеттің құрылуымен  бірге пайда болады және мемлекеттің  өмір сүріп,  дамуының негізі  болып табылады.  Мемлекет құрылымының  өзгеруі,  өркендеуі қашан да  болса оның салық жүйесінің  қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге  қалыптасады.

      Әрбір мемлекетке өзінің ішкі  және сыртқы саясатын жүргізу  үшін белгілі бір мөлшерде  қаржы көздері қажет. Салықтар  – мемлекеттің тұрақты қаржы  көзі.

       Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту, тұрақтандыру барысында  қуатты экономикалық тетік ретінде  пайдаланылады.

       Салықтардың мәнін толық түсіну  үшін, олардың экономикалық маңызын  түсіну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың  атқаратын қызметіне тікелей  қатысты.

      Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

    • реттеушілік;
    • фискалдық;
    • қайта бөлу.

    Жоғарыда  көрсетілген негізгі функциялармен  қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

        Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді,  яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсатыөңдірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,  салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

       Жоғарыда көрсетілген салықтық  реттеудің тетіктері тек қана  өңдірістің дамуын реттеп қана  қоймайды. Сонымен қатар  ақша  және баға саясаты,  шетелдік  инвесторларды ынталандыру, шағын  және кіші кәсіпкерлікті  дамыту  жұмыстарын  жүзеге асырады.  Әрине,  салықтық реттеу тетіктері тиімді  қызмет атқару үшін,  олардың  басқа да экономикалық тетіктермен  тығыз байланыста болуы қажет.  Салықтық реттеуде салық ставкалары  мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің   ынтасын төмендетіп, өңдірістің қарқынын бәсендетелі, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар  салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып,  өңдірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы бар.  Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

        а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші  табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өңдірістің тоқтап қалуына соқтырады;

        ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

       б) егер салық  мөлшері, салық  төлеуші табысының  35-40 проценті мөлшері  аралығында болса,  онда ұлғаймалы  ұдайы өндіріске  әкеледі.

       Салықтардың екінші қызметі –  фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып,  әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

       Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді.  Бұл қызметтің іс – әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді  салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өніміндегі  салықтардың үлес салмағы 40проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден  әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.

       Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген  салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық  жүйесін анықтайды. Салық механизмінің  қызмет ету жолдарын белгілейді,  жалпы экономикалық саясатты  негізге ала отырып,  салық  саясатын анықтайды.

       Салықтардың анықтамасы, мәні және  мазмұны жоғарыда айтылған  болатын.  Оған тоқталмай, енді салықтарды  топтастыру  туралы айтып өтеміз.

        Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:

    1. салық салу объектісіне байланысты;
    2. қолданылуына қарай;
    3. салық салу органына байланысты;
    4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
    5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.

             Салық салу объектісіне қарай  салықтар тікелей және жанама          салықтар  болып жіктеледі.

         Тікелей салықтар жалғаусыз немесе  тікелей табысқа  немесе мүлікке салынады.

        Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

    • заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
    • мүлік салығы;
    • жер салығы;
    • бағалы қағаздармен жүргізілетін  операцияларға салынатын салық;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
    • көлік құралдарына салынатын салық және т.б.

      Жанама салықтар – тікелей  емес, жанама түрде тауар немесе  қызмет құны арқылы алынады.

      Жанама салықтарға мына салықтар жатады:

    • қосылған құнға салынатын салық;
    • акциздер;
    • баж салығы.

       Жанама салықтарға сатушы емес  сатып алушы, яғни тұтынушы  төлейді. Тауар немесе қызмет  бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы  аударады.

       Бюджетке түскен соң қандай  шараларға жұмсалатын белгісіне  қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.

      Жалпы салықтар бюджетке түскен  соң, ешқандай дербессіз жалпы  мақсатта жұмсалады.

      Жалпы салықтарға салынатын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық,  акциздер, т.б.

Информация о работе Көлік салығының есебі