Арнайы салықтар бюджетке түскен соң
алдын ала белгіленген міндеттер бойынша,
нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы:
көлік құралдарына салынатын салық. Бұл
салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Салықты алатын және саллыққа
иелік ететін органдардың ерекшелігіне
қарай салықтар жалпы
мемлекеттік және жергілікті
салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік
салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және
жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
- қосылған
құнға салынатын салық;
- акциздер
- Бағалы қағаздармен
жасалатын операцияларға салынатын салық;
- Жер қойнауын
пайдаланушылардың арнайы салығы мен
төлемдері.
Жергілікті салықтар
мен алымдар:
- жер салығы;
- заңды және
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын
салық;
- көлік құралдарына
салынатын салық;
- кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды
және заңды тұлғаларды тіркегені үшін
алынатын алым;
- жекелеген
қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін
алынатын алымдар;
- аукционда
сатудан алынатын алым.
Экономикалық белгісіне қарай
салықтар табысқа
салынатын салық және тұтынуға
салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын
салықтар салық төлеушінің кез келген
салық салынатын объектісінен түсетін
табысынан алынады. Олардың қатарына
мына салықтар кіреді: заңды және
жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығы, жер салығы,
мүлік салығы, т.б.
Ал тұтынуға салынатын
салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде
тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде
өзінің шығынынан төлейді.
Тұтынуға салынатын салыққа қосылған
құнға салынатын алық және
акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау
дәрежесіне қарай салықтар
нақтылы және дербес
салықтар болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар – салық төлеушінің
салық салу объектісінен алынатын табысының
мөлшеріне байланысты емес, яғни салық
төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне
қарай алынады.
Оларға
жер салығы, мүлік салығы,
бағалы қағаздармен
жүргізілетін операцияларға
салынатын салықтар
жатады.
Дербес
салықтар салық төлеушінің салық төлейтін
объектісінен алынатын табысының мөлшеріне
байланысты алынады. Оларға заңды
және жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы
жатады.
Салық салу механизмі
Нарықтық экономиканың қалыптасу
кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының
басты мақсаты – салық жүйесін
құру және оның тиімді қызмет
етуіне мүмкіншілік беретін салық
механизмін іске асыру.
Салық жүйесі – өзінің құрамы
жағынан бірнеше компоненттерден
тұратын күрделі модель. Салық
жүйесі компоненттерінің құрамы
мынандай: қаржылық қатынастары
және осы қатынасты анықтайтын
салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары,
нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар;
салық салуды басқару және
салық қызметі органдары. Салық
салудың әдістері мен жолдары,
нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар,
салық салуды ұйымдастыру, салық
салудың негізгі принциптері
және т.б-лар салық механизміне
жатады. Салық жүйесінің жақсыда,
тиімді қызмет істеуіне салық
салу механизмінің тигізер ықпалы
өте зор.
Енді
осы салық жүйесінің құрамы
мен салық салу мехазизміне
кеңірек тоқталайық.
Қандай
да бір механизмінің құрамында
бірнеше тетіктер және элементтер
болады. Салық салу механизмі
де сол сияқты белгілі бір
салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері
мыналар:
Субъект, объект, салық
көз, салық ставкасы,
салық өлшем бірлігі,
салық оклады, салық
жеңілдіктері, салық
төлеу мерзімі мен тәртібі,
салық төлеушінің және
салық қызметі органдарының
құқы мен міндеттері,
салықтың төлеуіг бақылау,
салықтық жазалау шаралары.
Енді
осы әбрір элементке қысқаша
түсінік берейік.
Салық
субъекті (салық төлеуші) дегеніміз
– заң бойынша салық
төлеу міндеті жүктелген
жеке және заңды тұлғалар.
Салық
объектісі – табыс,
мүлік, еңбек ету түрі,
қызмет көрсету, ақшамен
жасалатын операциялар,
мүлікті басқаға беру,
табиғи қорларды пайдалану,
қосылған құн, айналым
және т.б..
- Салық көзі
– салық салынатын табыс.
- Салық ставкасы
немесе бас өлшем бірлігінен алынатын
салық мөлшері.
- Ставкалар
тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
- Тұрақты ставкалар
салық объектісінен түсетін табыстың
мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне
тұрақты сомамен тағайындалады.
- Проценттік
ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі,
немесе прогрессивті; регрессивті
және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивті
ставкалар салық салынатын табыстың
өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше,
салық салынатын табыстың төмендеуіне
сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық
ставкалар салық салу объектісінің
мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен
тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі
бір салық объектісінен төлейтін салық
сомасы. [4]
Салық жеңілдіктері
дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні
біртіндеп немесе салық төлеуден түгел
босату. Салық жеңілдіктеріне
салықтан босатылатын,
салық салынбайтын минимум,
шегерістер, салық ставкасын
төмендету, салық төлеу
мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі – салық төленетін
уақыт.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген
мерзімде салықты төлеген кезде алдымен
бюджетке қандай салықтар төлеу керек
екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір
дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң
жүзінде бекітеді де, мынадай тәртіппен
іске асырылады:
а) бірінші кезеңде барлық мүлікке
салынатын салық төленеді, сонан
соң акциздер және баж салығы;
ә)
екінші кезеңде жергілікті салықтар
мен алымдар;
б)
үшінші кезеңде басқа салықтар
мен алымдар.
Салық төлеушілер мен
салық қызметі органдарының
құқығы мен міндеттері
салық заңдары арқылы белгіленеді және
реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық
заңдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық
қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң
күші бар Жарғылығы «Салық
және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер
туралы» (Алматы, 24-сәуір, 1995жыл);
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілері; Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік салық комитетінің нормативтік
актілері.
Салыққа
қатысты емес заңдарға салық
салуға байланысты мәселелерді
енгізуге тыйым салынған.Егер
Қазақстан Республикасы қатысушы
болып табылатын халықаралық
шарттарда Қазақстан Республикасының
салық заңдарында бар ережелерден
өзге ережелер белгіленген
болса, онда аталған шарттың
ережелері қолданылады. Халықаралық
шартты қолдану үшін ішкі республикалық
акт шығару қажеттігі шарттың
өзінде көрсетілген жағдайларды
қоспағанда Қазақстан Республикасы
қатысушы болып табылатын
халықаралық шарттар салық қатынастарына
тікелей қолданылады.
Салық қызметінің құрылымы және мәртебесі
Салық
қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
салық комитетінен және облыстардағы,
аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы
мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен
тұрады. Салық қызметінің құрылымында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық
комитетінің салық полициясы басқармасынан,
облыстардағы, Алматы және Байқоңыр
қалаларындағы салық полицияларынан тұратын
салық полициясы органы жұмыс істейді.
Салық қызметін Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы
басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
салық комитетінің төрағасын Қазақстан
Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары
және салық полициясы басқармасының бастығын
Қазақстан Үкіметі тағайындалады.
Облыстардағы, аудандардағы, қалалар
мен қалалық аудандардағы мемлекеттік
салық комитеті басқармасы және
бөлімдері бастығын және мемлекеттік
салық комитетінің басқарма бастықтарын
мемлекеттік салық комитетінің
төрағасы тағайындалады.
Барлық
деңгейдегі салық қызметі органдары
заңды тұлғалар болып табылады,
олар республикалық бюджет есебінен
қаржыландырады. Салық қызметі органдары
орталық және жергілікті атқарушы
өкімет органдарымен, құқық қорғау,
қаржы және басқа мемлекеттік
бақылаушы органдарымен өзара
қарым-қатынас жасап отырады,
бірлескен бақылау шараларын
қолданады, заңға сәйкес өзара
ақпарат алмасады. Мемлекеттік
өкімет органдары Қазақстан
Республикасының салық заңдары
мен республикалық және жергілікті
бюджеттерге басқа да төлемдер туралы
заңдардың орындалуына бақылау жасау
жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық
бұзышылық пен қылмысқа қарсы күресте
салық қызметі органдарына жәрдемдесіп
отыруға міндетті.
Салық қызметінің
негізгі міндеттері
мыналар:
- салық заңдарының
орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін
зерделеу;
- заңдардың,
салық салу мәселелері жөнінде басқа
мемлекеттермен жасалатын шарттардың
жобаларын әзірлеуге қатысу;
- салық төлеушілерге
олардың құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру, салық заңдары мен салық салу
жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер
туралы салық төлеушілерге уақытылы
хабарлап отыру.
Салық қызметі
органдарының негізгі
міндеттері:
- салық төлеушілердің
құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау
және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп,
толығымен, уақытылы төленуіне бақылау
жасау;
- салық төлеушілер
мен салық салынатын объектілердің, есебін
уақытылы алу;
- салықты есептеу
мен төлеуге байланысты декларацияның
және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
- салық тәртібін
бұзушыларға, салықты уақытылы төлемеушілерге,
салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып
көрсеткен заңды және жеке тұлғалар,а
заңға сәйкес шаралар қолдану;
- салық төлеуден
жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды
салық полициясының бөлімшелерімен бірігіп
іздестіруді жүзеге асыру;
- мәліметтер
құпиясые сақтау.
- Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп
пен шарттар негізінде заңды және жеке
тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік
кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда
бар ақшалай қаражатын, бақалы қағаздарын
және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын,
декларация мен бюджетке салық пен
басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге
байланысты құжаттарын тексеруге;
- Ұйымдардың
лауазымды адамдарынан салық жөнінде
тексерулер барысында пайда болатын мәселелер
жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша
түсініктеме алуға;
- Салық полициясы
бөлімшелерімен бірлесе отырып салық
тергеулерін жүргізуге;
- Өз өкілеттігін
жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес, ұйымдар мен азаматтарыдың
табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне
қарамастан, салық салынатын объктілерді
ұстауға байланысты пайдаланылатын кез
келегн өндірістік, қойма, сауда, және
басқа да үй – жайларын тексеруге құқы
бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар
салық қызметі органдарының лауазымды
адамдарын аталған үй – жайларды тексеруге
жіберуден бас тартқан жағдайда салық
инспекциялары мұндай субъектілердің
салық салынатын табысын олардың табыс
алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар
негізінде анықтауға құқығы бар;
- Салық заңдарын
бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға
және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл
салуға;
- Салық айыппұл
және өсім белгіленген мерзімде төленбеген
кезде, салық төлеушілердің жылжымалы
және жылжымайтын мүлкінің, ақша –
валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
- Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде
заңдармен белгіленген қорларға аударымдар
жасаудан кейін қалған пайданың бюджетке
толық және уақытылы түсу мәселесі бойынша
тексерулер жүргізуге;
- Қызмет бабындағы
мақсатқа басқа заңды тұлғалардан, банктерден,
биржалар мен азаматтардан тексерілетін
ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік
қызметі, операциялары және шотындағы
ақша қаражатының жай-күйі туралы мәліметтерді
алуға.