Көлік салығының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 07:34, курсовая работа

Описание

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Салықтар және салық жүйесі
Көлік салығының салықтық есебі
Көлік салығының 1С бағдарламасында пайдалану есебі
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа сауле эбу 34.docx

— 56.47 Кб (Скачать документ)

      Салық қызметінің қызметкерлері  өздерінің міндеттерін атқару  барысында оларды заң қорғайды және республикалық бюджет     қаржы есебінен міндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.

      Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

    1. Уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
    2. Мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп  құжаттамаларды  жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы  сақтауға;
    3. Белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
    4. Атқарылған жқмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген  сомалар туралы ақпарат беруге;
    5. Салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.

             Салық төлеушінің  құқығы.

             Салық төлеушінің:

    1. Салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
    2. Жүргізілген тексерулер актілерімен танысуға;
    3. Салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актілері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;
    4. Заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
    5. Салық салуға  қатыссыз деп саналатын ақпарт пен құжаттарды тапсырмауға құқы бар.

    Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі  белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық  жүйесі өз қызметін  жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше  принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                       2.2 Көлік салығының салықтық есебі

                                   Жалпы ережелер 

   345- бап. Салық төлеушілер

  1. Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында  салық салу объектілері  бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық  бөлімшелері  (бұдан әрі – заңды тұлғалар)  көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
    1. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.
  2. Мыналар:
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
    1. меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде  пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша  бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда,  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
  4.   мемлекеттік мекемелер;
  5.   салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар;
  6.   салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
  7.    салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік бойынша – Кеңес Одағының  Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі  Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  8.    ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобилтдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
  9. 346-бап. Салық салу объектілері
  10. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
  11. Мыналар:
  12. жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
  13. мамандандырылған медициналық көлік құралдары  салық салу объектілері болып табылады.
 

  347-бап. Салық ставкалары

  1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
                       Салық салу объектісі       Салық ставкасы (айлық есептік  көрсеткіш)
  1. двигатель көлемі  мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):
    100-ге дейін  қоса алғанда

    1100-ден  жоғары 1500-ді қоса 

    1500-ден  жоғары 2000-ды қоса

    2000-нан  жоғары 2500-ді қоса

    2500-ден  жоғары 3000-ды қоса

    3000-нан  жоғары 4000-ды қоса

    4000-нан  жоғары

 
 
4,0

6,0

7,0

12,0

17,0

22,0

117,0

  1. жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тіркемелерді есептемегенде):
    1 тоннаға дейін  қоса алғанда

    1 тоннадан  жоғары – 1,5 тоннаны қоса

    1,5 тоннадан  жоғары – 5 тоннаны қоса

    5 тоннадан  жоғары

 
 
 
6,0

9,0

12,0

15,0

  1. шынжыр табанды  машиналар мен механизмдерді қоспағанда,  өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизмдер
 
 
 
3,0
  1. Автобустар:
    12 отыратын орынға  дейін қоса алғанда

    12-ден  жоғары -25отыратын орынды қоса

    25 отыратын  орыннан жоғары

 
9,0

14,0

20,0

  1. мотоциклдер,мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер(двигателінің қуаты 55кВт-тан артық емес)                         
    Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары)
 
 
 
1,0 

10,0

  1. катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең):
    160-қа дейін  қоса алғанда

    160-танжоғары  500-ді қоса

    500-ден  жоғары 1000-ды қоса

    1000-нан  жоғары

 
 
 
6,0

18,0

32,0

55,0

  1. ұшу аппараттары
Әрбір киловатт қуатта айлық есептік көрсеткіштің 4,0 проценті

       

  1. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептрік көрсеткіш ставкасы бойынша салық  салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000текше  сантиметрді қоса,  он екі айлық  есептік көрсеткіш ставкасы  бойынша  салық салынатын 2000-нан жоғары – 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш  ставкасы бойынша  салық салынатын  2500-ден  жоғары – 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік  көрсеткіш ставкасы бойынша салық  салынатын  двигателінің көлемі  3000-нан жоғары – 4000 текше сантиметрді  қоса алған көлемде болған кезде  салық  сомасы двигательдің аталған  көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
  2. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің  белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі  алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

    ТМД елдерінде шығарылған автокөлік  құралдары үшін:

    6 жылдан  – 15 жылға дейін қоса алғанда          
      • 0,3
    15 жылдан  жоғары – 25 жылды қоса  
    • 0,2
    25 жылдан жоғары  
    • 0,1

      
     
     

    Двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік  құралдары үшін:

    3000сантиметрге  дейін қоса алғанда  
      • 0,5
    3000-нан  жоғары – 4000текше сантиметрді  қоса  
    • 0,7
    4000-нан  жоғары  
    • 1,0

     

    Пайдаланылу мерзімі жиырма жылдан асқан ТМД  елдері шығаратын жеңіл автомобильдер  мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.

  1. Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін  пайдаланылу мерзімі жеті жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
    7 жылдан  – 14 жылға дейін қоса алғанда  
      • 0,5
    14 жылдан  жоғары – 20 жылды қоса  
    • 0,3
    20 жылдан  жоғары  
    • 0,1
 
  1.   Пайдаланылу  мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының  салық ставкаларына мынадай түзету  коэффициенттері қолданылады:

    1999 жылғы  1 сәуірден кейін  Қазақстан  Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппарттарына:

    пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда  
      • 1,0
    пайдаланылу мерзімі 5жылдан жоғары – 15 жылды қоса  
    • 2,0
    пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары  
    • 3,0
 

    1999 жылғы  1 сәуірге дейін сатып алынған,  сондай – ақ 1999 жылғы 1 сәуірден  кейін алынған және Қазақстан  Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге  дейін пайдалануда болған ұшу  аппартатарына:

    пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда  
      • 1,0
    пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса  
    • 0,5
    пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары  
    • 0,3
 
  1. Көлік құралының  пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда  пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік  құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.
  2. Осы баптың 1 – тармағындағы  кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
    5 жылға  дейін қоса алғанда  
      • 1,0
    5 жылдан  жоғары – 10 жылды қоса алғанда  
    • 0,5
    10жылдан  жоғары – 20жылды   қоса алғанда  
    • 0,3
    20жылдан  жоғары – 30 жылды қоса алғанда  
    • 0,2
    30 жылдан  жоғары  
    • 0,1
 
 

                Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері 

    348-бап.  Салықты есептеу тәртібі

  1.   Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есптейді.

    Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу  құқығында немесе оралымды басқару  құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында,  шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлік құралы меншік құқығында,  шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығында  іс жүзінде болғанайлардың санына көбейту  арқылы есептеледі.

  1.    Салық кезең ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде  пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай – ақ  заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртіппен  есептеледі:
    1. беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында қолда бар  көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

     салық кезеңінің ішінде сатып  алынған көлік құралдары бойынша   салық сомасы көлік құралына  меншік құқығын,  шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару   құқығын алған айдың  бірінші  күнінен бастап көлік құралына  меншік құқығын, шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару  құқығын берген айдың бірінші  күніне дейінгі кезең үшін  есептеледі;

    1. алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе  оралымды басқару құқығын  алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
  1. Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

Информация о работе Көлік салығының есебі