Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 11:02, реферат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.
Бөлім І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
Қаржылық жағдайды экспресс-талдау.
Бөлім ІІ. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын сараптау
2.1. Өнімді өндіру және сатуды сараптау.
2.2. Кәсіпорын балансының қаржылай құрылымын сараптау.
2.3. Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығын бағалау
2.4. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылай левериджін бағалау.
2.5. Кәсіпорынның төлем қабілетін бағалау.
2.6. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын жақсарту бағыттары.
Бөлім І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
Бөлім ІІ. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын сараптау
2.1. Өнімді өндіру және сатуды сараптау.
2.2. Кәсіпорын балансының қаржылай құрылымын сараптау.
2.3. Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығын бағалау
2.4. Кәсіпорынның өндірістік-
2.5. Кәсіпорынның төлем қабілетін бағалау.
2.6. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын жақсарту бағыттары.
1.1. Қаржылық жағдайдың
мәні және оны талдаудың
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз
немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз
не, соны анықтап алған жөн. Соңғы
жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде
бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі.
Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның
қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны
тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды"
деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы
төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А.
Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
"қаржы ресурстарының калаптасуымен,
таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі"
деп жазады.
М. Н. Крейнина , А.И. Ковалев
және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай
- бұл қаржы ресурстарының қолда барын,
үлестіріліп таратылуы және пайдалануын
сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің
сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі,
несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары
мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында
және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың
келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық
пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық;
несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану;
валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша
өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баян-дайды: "Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
си-патталатын оның саулығы мен өмір
сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар
қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткі-лікті дәрежеде ашпайды, бірақ
олардың әрқайсысында бұл ұғымды
дәлірек анықтауға мүмкіндік
беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар
түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай
көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік
құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық
жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу
нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны
анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы
жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландыруы тиіс".
Біздің көзқарасымыз бойынша,
сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін
және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге
сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы
осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қар-жылық
Ал кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл
сұрақ та ар-найы оқулықтарда түрліше
түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер
пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксізді-гін
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен
Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық
тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі
бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А.
Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын
деңгейінде төлем қабілеттілігі
мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны
тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық
барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның
жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі
болып табылады". Ал кәсіпорынның
жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен
әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз
ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие
берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеггемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеу-меттік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Біз олардын кейінгі шешімдерімен
келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың
мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру,
тарату және пайдаланумен анықталады"
- деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды
А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин
дәлірек және анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні —
бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі - деп
түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылық жағдайына көптеген
факторлар әсер етеді, оларды
В.М. Радионова және М.А.
2) нәтижесінің маңыздылығына
байланысты-негізгі және
3) құрылысы бойынша - қарапайым
және күрделі;
4) әрекет ету уақыты
бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның
өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын
еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін
өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі – активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың
ішкі, маңызды факторларының бірі
- бұл қаржы ресурстарының құрамы
(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса,
соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза
табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар
оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті
дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.