Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 11:02, реферат

Описание

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.

Содержание

Бөлім І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
Қаржылық жағдайды экспресс-талдау.

Бөлім ІІ. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын сараптау
2.1. Өнімді өндіру және сатуды сараптау.
2.2. Кәсіпорын балансының қаржылай құрылымын сараптау.
2.3. Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығын бағалау
2.4. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылай левериджін бағалау.
2.5. Кәсіпорынның төлем қабілетін бағалау.
2.6. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын жақсарту бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау, сараптау.docx

— 60.64 Кб (Скачать документ)

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің  қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың  жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара  негізгі байланысына және басқару  шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдауда негізгі ақпарат  көзі қызметін бухгалтерлік баланс  атқарады.

 Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, меншік иелерін шаруашылық  субъектісінің мүліктік жадайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.  Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баластың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылар ға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін  көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

 Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несе қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері  кәсіпорынның капиталын орналастыру  тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін  бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

 

                      1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді  талдауды ішкі және сыртқы талдау деп  бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың  бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

        Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшеледің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінің көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

 Соңғы кездері мерзімді  баспасөздерде, сондай-ақ жеке  басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

          Оңдаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды, айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

 Бұрынғы қолданылып  келген талдау әдістемесінде  әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының  жиындарын олардың мөлшерлік  көлемдерімен салыстыру, мөлшерден  ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың  кәсіпорынның қаржылық жағдайының  тұрақтылығына қалай әсер етуін  зерттеу шешуші роль атқарды.  Жаңа қаржылық есептің маңызды  ерекшеліктерінің бірі – онда  жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің  жоқтығы болып табылады.

 Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшінде қажет.

 Қаржылық талдаудың  тәжірибесі қаржылық есепті оқудың  негізгі ережелерін қалыптастырды.  Олардың ішінен алты негізгі  әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. көлденең талдау;
  2. тікелей талдау;
  3. трендтік талдау;
  4. салыстырмалы талдау;
  5. факторлық талдау;
  6. қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау –  есеп берудің әрбір позициясын өткен  кезеңімен салыстыру. Ол өткен  кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау – әрбір есеп позициясының жалпы  нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің  құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды  көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің  кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы  және тағы басқалар.

Тікелей және көлденен талдаулар  бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100%деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті,  яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып  табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу  кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасыретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу  баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастаррды көрсетеді.

          Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды  талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы  факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

           Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

 Қаржылық талдауды  салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін  механикалық түрде көшіріп алу,  көп жағдайда тиімсіз, себебі  бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың  өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің  мүмкін болатын маңызы туралы  берілген кеңстер кейбір кездері  расталмайды. Дегенмен, қаржылық  жағдайды талдау барысында салыстырмалы  көрсеткіштерді зерттеу қажет  болады, себебі ол болып жатқан  жағдайларды түсінуге және де  оларды тек ағымдағы мезетте  ғана емес, сонымен қатар болашақта  да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес  фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың  жекелеген көрсеткіштері бойынша  есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері  бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғанлдағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл  жекелеген факторлардың қорытынды  көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік(анықтау) немесе реттелмеген  тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен  қатар факторлық талдау қортынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне  жіктегенде – тура, ал оаның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

 Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды  талдауда экономикалық, сондай-ақ  экономикалық және математикалық  статистиканың (топтау, орташа және  салыстырмалы шама, графиктік және  индекстік әдістер, корреляция, регрессия  және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері  қолданылады. Белгілі бір экономикалық  ғылым шегінде жасалған түрлі  әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен  пайдалану кәсіпорынның қаржылық  жағдайына терең талдау жасауға  және шаруашылық субъектісінің  қаржылық тұрақтылығын нығайтуға,  жағдайын жақсартуға байланыстарды  ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік  береді.

                        

                   

 

                 1.4.  Қаржылық жағдайды экспресс-талдау

       Қаржылық  есепті тексеру барысында аналитикалық  шаралардың жүргізілуі қойыоған  мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі  ақпараттық , мерзімдік, әдістемелік,  кадрлық және техникалық қамтамасыз  ету факторларына байланысты  болады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы