Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 11:02, реферат

Описание

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.

Содержание

Бөлім І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері.
Қаржылық жағдайды экспресс-талдау.

Бөлім ІІ. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын сараптау
2.1. Өнімді өндіру және сатуды сараптау.
2.2. Кәсіпорын балансының қаржылай құрылымын сараптау.
2.3. Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығын бағалау
2.4. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылай левериджін бағалау.
2.5. Кәсіпорынның төлем қабілетін бағалау.
2.6. Кәсіпорынның қаржылай жағдайын жақсарту бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау, сараптау.docx

— 60.64 Кб (Скачать документ)

       Аудитордың  аналитикалық қызметінің логикасы  оны, яғни талдауды екі модульдік  құрылым түрінде ұйымдастыруды  көздейді:

  • қаржылық есепті экспресс-талдау;
  • қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты  шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Экспресс-талдаудың үш кезеңде  жүргізілуі орынды:

  1. дайындық;
  2. қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
  3. экономикалық оқу және есеп беруді талдау;

Бірінші кезеңнің мақсаты  – қаржылық есеп беруді талдаудың  мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім  қабылдау және оның оқуға дайындығына  көз жеткізу.

Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі  және олардың қолданылып жүрген нормативтік  құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.

Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. мұнда есеп берудің  формальды нышаны және мәні бойынша  көзбен шолу және қарапайым есептік  тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер(реквизиттер) мен қойылған қолдардың барлығы  анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы  слыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара  үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары  тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.

Екінші кезеңнің мақсаты  – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.

Бұл есепті кезеңдегі жұмыс  жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің  мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.

Ережеге сай, түсіндірме хатта  кәсіпорын қандай есеп саясатын  жүргізетіндігі айтылады, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы, қаржылық есепте көрсетілмеген кез келген ресурстар  мен міндеттемелер туралы мәліметтерден  тұратын  басқа да маңызды ақпараттар ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлары, сондай-ақ кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қорытындысы және таза табысты тарату бойынша шешімдер айтылады.

Түсіндірме хатта кәсіпорынның бірқатар жылдардағы жұмысының маңызды  экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы, болашақтағы капитал  салымдары, жүргізілетін экономикалық шаралары мен басқа да жылдық бухгалтерлік есептің мүмкін болатын пайдаланушыларын қызықтыратын ақпараттар болуы тиіс. Мысалы, бұл хатта пайыздық мөлшерлемелер, несиені өтеу мерзімі, төлем кезектілігі  және несиелік келісімдер мен заем шарттарына байланысты басқа да ерекшеліктер ашылып көрсетілуі тиіс.

Талдау жүргізушінің басқа  да қосымша ақрпараттармен, мысалы, нарықтық географиялық сегменттер туралы, салалық ерекшеліктер және басқа  да мәлметтер мен танысу қажет.

Түсіндірме хатпен танысқаннан  кейін, экспресс-талдаудың негізгі, үшінші кезеңіне – яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау  болып табылады. Мұндай талдау түрлі  көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір  нақтыланған деңгейде жүргізіледі.

Экспресс-талдаудың негізгі  элементтерінің бірі, жылдық есеппен  жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.

Бухгалтерлік баланстың  маңыздылығы сонша, көбіне аржы жағдайын талдауды, балансты талдау деп атайды.

Балансты оқи білу дегеніміз  – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін – мынандай мүмкіндіктер береді:

    • кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
    • кәсіпорыннның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз               етілу деңгейін анықтау;
    • баланстың қандай баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;
    • аналитикалық көрсеткіштерді есептемегенннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
    • Балансты оқуға мыналар жатады:
    • зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;
    • баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;
    • баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;
    • баланстың жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.

Талдаудың берілген сатысында  кәсіпорынның қызметі туралы алғашқы  түсінік қалыптасады, кәсіпорын  мүлкі мен оның қалыптасу көздерінің құрамындағы өзгерістер, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, кәсіпорын  қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдағы төлеу қабілеті және басқалар анықталады. Осы мақсатта баланстың актив және пассив бөімдерінің  жеке баптарының арақатынасын, олардың  баланс валютасындағы үлес салмағын анықтайды, өткен кезеңмен салыстырғанда  баланстың негізгі баптарының құрамындағы  ауытқу сомасын есептейді.

Есепті оқу және талдай білу табиғи және белгілі бір дәрежеде тек мамандандырылған бухгалтерлер үшін ғана емес, сонымен қатар менеджерлер, аналитиктер, консультанттар үшін де өмірлік  қажеттілік болып отыр.

Балансты оқуды ең алдымен  талдау кезеңіндегі баланс көлемінің  өгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжалға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның сенімділік деңгейі  мен қызмет көлемінің маңызды  сипаттамасы болып қалады және ол кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу  үшін, баланстың кезең басындағы  жиыны мен кезең соңындағы  жиынын салыстырады.

Біздің мысалымызда жыл  басындағы баланс валютасы – 32551 мың  теңгені құрайды, ал жыл соңында  – 41957 мың теңге болды, яғни 1,3 есеге өскен. Баланс валютасының өсуі әдетте кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерінің өскендігін көрсетеді және оған оң Баға беріледі, ал оның кемуі жағымсыз болып табылады.

Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу  қарқынын өнімді сату және жиынтық (таза) табыстың өсу қарқынымен салыстыру  керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің  өсу қарқынынан асып түсуі, берілген кәсіпорында қаражатты пайдаланудың жақсарғандығын көрсетеді және керісінше, баланс валютасының өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс  көлемінің өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артта қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.

Бухгалтерлік балансты оқу  процесінде әрбір бапты екі аспектіде  қарастыру қажет:

  1. экономикалық мазмұны , көлемі және динамикасы бойынша;
  2. баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен корреспонденцияланады.

Басқаша айтқанда, баланс активінің  әрбір бабы үшін сәйкесінше оны жабатын  көздер қажет және керісінше, пассивтің  әрбір бабы үшін қаржылық ресурстарды  пайдалану баыттарын көре білу қажет. Айта кеткен жөн, мәніне байланысты қаржы көздерін пайдаланудың дұрыстығын анықтау шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының басты идеясы болып табылады.

Алпы алғанда баланс элементтері  – өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. ең алдымен кәсіпорын бөлімдері  арасындағы өзара байланыс өзгешелігін  көрсетейік.

  1. Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы, оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.

                             А(І+ІІ) = П(І+ІІ+ІІІ).

Біздің баланс бойынша  теңдік мынаны құрайды:

Жыл басында -

18770+13781= 27908+0+4643=  32551 = 32551;

Жыл соңында – 

          20001+21956 = 32276+0+9681=  41957 = 41957.

Теңдік бухгалтерлік баланстың  негізгі идеясын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір  ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:

  1. Құрамы мен таратылуы бойынша;
  2. Қалыптасу көздері (қаржыландыру) бойынша;
  3. Ережеге сай активтің бірінші бөлімнің жиыны, пассивтің бірінші бөлімінің жиынынан аз:

                                   А(І) < ІІ(І).

Талданып отырған кәсіпорында  бұл теңсіздік келесідей түрде  жазылады:

      жыл басында  – 18770 < 27908;

      жыл соңында  – 20001 < 32276.

Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншікті қаражаттардың  бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына  жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің екінші бөлімінде көрсетілген айналым  қаражаттарын жабуға кетеді.

  1. Ағымдағы активтердің жалпы сомасы ағымдағы міндеттемелердің көлемінен асады:

                                  А(ІІ) > ІІ(ІІІ).

Біздің мысалымызда бұл  теңсіздік мына түрде болады:

        жыл  басында – 13781 > 4643;

        жыл  соңында – 21756 > 9681.

Берілген теңсіздік алдындағы  теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты  жұмыси істеу кезінде айналым  қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.

  1. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлде қайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:

                               А = Ск к.

Мұнда: А – кәсіпорынның активтері;

             Ск – меншікті капитал;

                       Пк – қатыстырылған капитал(кәсіпорынның міндеттемесі).

Біздің мысалымызда бұл  теңдік келесідей мағынаға ие болады:

          жыл басында – 32551= 27908+4643;

          жыл соңында – 41957 = 32276+9681.

Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі  түрлі көзден тұратының көрсетеді: меншікті капитал (Ск) және қатыстырылған капитал (Пк).

Кейінірек қарастырылатын кейбір маңызды коэффициенттер есебі осы  теңдікке негізделеді. Берілген кәсіпорынға  деген несие берушілердің сенімділік деңгейі келтірілген теңдіктің  элементтерінің абсолюттік мәндері  мен олардың арасындағы салыстырмалы қатынастарына байланысты. Осы қатынастарды бақылау және оларды басқару дұрыс  және терең ойлы қаржылық саясат болып  табылады.

         Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап көрсетейік:

  1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан асып кетпейді, себебі ол бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.
  2. Тауарлардың сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан төмен болады, себебі сату бағасына саудалық баға үстеме қосылады.
  3. Мемлекеттік кәсіпорындағы «жарғылық капитал» бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген «негізгі құралдар» және «материалдық емес активтер» баптарының  жалпы сомасынан көп болады.

     Баланс сомасының  өзгерісін зерттеумен қатар, оның  жеке бөлімдері мен баптарының  өзгеру өзгешелігін де талдау  қажет. Осыған байланысты мынаған  көңіл аудару керек, баланстың  актвінде бағалы қағаздардың  қалдығы, қысқа және ұзақ мерзімді  қаржылық салымдар, негізгі құралдар, күрделі қаржылар және материалдық  емес активтер қалдығының өсуі, ал пассивінде – бірінші бөлімінің,  әсіресе бөлінбеген табыс көлемінің  өсуі оң бағаланады.

      Айта кеткен  жөн, нарық жағдайында есеп  айырысу шотындағы қалдық қаражаттар  бөлігінің өзгеруі басқаша бағаланады. Егер бұрын есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының өсуі кәсіпорынның еңбегі болып саналса, қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар өздерінің бос қаражаттарын әлдеқайда ұтымды пайдалануға ұмтылуы тиіс, яғни оларды басқа кәсіпорындарға салып, бағалы ұқағаздар, патенттер, лицензиялар және басқа да интеллектуалдық меншік алуға пайдалануы қажет. Кез келген жағдайда дебиторлық және кредиторлық борыштардың өсуі нашар бағаланады, яғни жағымсыз болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы