Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:07, курсовая работа

Описание

Не елеулі екенін бағалау кәсіби ойлау нысаны болып табылады. Аудиторлық жоспар жасағанда, аудитор сандық қатынаста маңызды ауытқуларды анықтау мақсатында маңыздылықтың ең дұрыс деңгейін орнатады. Бірақ оқытудың шамасын да, әрі санатын да ескерген жөн. Сапалық ауытқуға мысал - есеп саясатын сәйкессіз немесе қате көрсету, сондай-ақ заң талаптарының бұзылуын әшкерлемеу, атқаруға қабылетін маңыздылығын кемітеді.

Содержание

Маңыздылық тұжырымдамасы
Маңыздылықтың экономикалық мәні 5
Маңыздылықтың деңгейін бағалау 10
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Аудиторлық тәуекел түсінігі 14
Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

    Кіріспе               3

  1. Маңыздылық тұжырымдамасы         
    1. Маңыздылықтың экономикалық мәні         5 
    2. Маңыздылықтың деңгейін бағалау        10
  2. Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
    1. Аудиторлық тәуекел түсінігі         14
    2. Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау     19

    Қорытынды            25

    Пайдаланған әдебиеттер          26 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе

     Маңыздылық - қаржылық есептілік аудиттің мақсаты аудиторға Қаржылық есеп берудің орнатылған тұжырымдамалық негізіне сай барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есептілік дайын болғаны туралы пікір айтуға мүмкіншілік беру.

     Не елеулі екенін бағалау кәсіби ойлау нысаны болып табылады. Аудиторлық жоспар жасағанда, аудитор сандық қатынаста маңызды ауытқуларды анықтау мақсатында маңыздылықтың ең дұрыс деңгейін орнатады. Бірақ оқытудың шамасын да, әрі санатын да ескерген жөн. Сапалық ауытқуға мысал - есеп саясатын сәйкессіз немесе қате көрсету, сондай-ақ заң талаптарының бұзылуын әшкерлемеу, атқаруға қабылетін маңыздылығын кемітеді.

     Аудиторға салыстырмалы түрде кішігірім сомадағы ауытқулар мүмкіншілігін қарастыру керек, олардың жиынтығы қаржылық есеп беруге елеулі ықпал етуі мүмкін. Мысалы, айдың аяғында шара жүргізуінде жіберілген қате әлеуетті маңызы ауытқуды көрсетеді, ол ай сайын қате қайталанса, пайда болуы мүмкін.

     Аудитор маңыздылықты жалпы қаржылық есеп беру деңгейінде де, есеп шоттардың кейбір айырымына, операциялар және ашылатын ақпараттар кластарына қатысты да қарастырады. Елеулілікке құқық және нормативтік талаптар да, қаржылық есеп беру шоттарының кейбір сальдоларына және олардың арасындағы өзара байланысқа қатысы бар мәселелер де ықпал етеді. Нәтижесінде маңыздылық деңгейлері қаржылық есеп берудің қарастырылатын аспектілеріне қатысты ерекшеленуі мүмкін.

     Аудитор маңыздылықты мына жағдайларда қарастырады.

     а)  аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімі мен көлемін анықтауда;

     б)  ауытқулар ықпалын бағалағанда.

     Ауытқулар ықпалын бағалау Қаржылық есептілікті дұрыс ұсынуды бағалау кезінде, аудитор аудит барысында анықталған түзетілмеген ауытқулар жиынтығы маңызды болатынын бағалауы керек.

     Түзетілмеген ауытқулар жиынтығына мыналар кіреді:

       а) аудитор анықтаған нақты ауытқулар, оның ішінде өткен кезеңдердегі аудит барысында анықталған түзетілмеген ауытқулардың ықпалы әсері;

     б) аудитор  нақты  анықтай  алмайтын басқа ауытқулардың дәл бағасы.

     Аудитор түзетілмеген ауытқулар жиынтығының маңызды болуы   қарастыруы тиіс.

     Егер аудитор ауытқулар маңызды деп тапса, онда ол аудиторлық шараларды кеңейту арқылы аудиторлық тәуекелділікті кеміту туралы мәселені қарастыру керек немесе субъект басшылығынан қаржылық есептілікке түзетулер енгізуді талап етуі керек. Кез келген жағдайда субъект басшылығы анықталған ауытқуларды ескере отырып, қаржылық есеп беруге түзетулер енгізуге келісе алады.

     Егер субъект басшылығы қаржылық есептілікке түзетулер енгізуден бас тартса, ал кеңейтілген аудиторлық шаралар нәтижелері аудиторға түзетілмеген қателер жиынтығы маңызды емес екеніне қорытынды жасауға мүмкіндік берілсе, аудитор 700 „Қаржылық есептілік" АХС-қа сәйкес аудиторлық есеп берудің тиісті түрлендірулері туралы мәселені қарастыруы тиіс.

     Егер аудитор анықталған түзетілмеген қателер жиынтығы маңыздылық деңгейіне жақындаса, онда аудитор түзетілмеген қателер жиынтығымен бірге қарастырылатын көзге түспеген ауытқулар маңыздылық деңгейінен асып кету мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Демек, түзетілмеген қателер жиынтығы елеулілік деңгейіне жақындаған кезде, ауытқулар қосымша аудиторлық шараларды орындау арқылы немесе субъект басшылығынан анықталған қателерді ескеріп, қаржылық есептілікке түзетулер енгізуді талап ету арқылы тәуекелділікт іазайту туралы мәселені қарастырады.

     Егер аудитор қателер себебінен туындаған маңызды бұрмалауларды анықтаса, ол туралы басшылыққа хабарлауы қажет және қаржылық есепті 260 "Аудит мәселелері туралы ақпараттау" АХС-қа сәйкестікте қарастыруы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Маңыздылық  тұжырымдамасы
 
 
    1. Маңыздылықтың экономикалық мәні
 
 

     320 «Аудиттегі маңыздылық» Халықаралық  стандартта: «Ақпарат оны жіберіп  алу немесе бұрмалау қаржылық  есеп беру негізінде қабылданған  пайдаланушылардың экономикалық  шешіміне әсер ететін жағдайда елеулі деп есептеледі. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда оларды жіберіп алу немесе бұрмалаушылыққа қатысты қорытынды  қабылданылатын қателер немесе баптар шамасына байланысты болады. Сондықтан маңыздылық есептеудің табалдырығы немесе есептеу нүктесін көрсетеді және пайда әкелу үшін ақпаратқа ие болу керек және сапалы бастапқы сипаттама болып табылмайды» деп атап өтілген.

     Аудиторға қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын  фактілерден ауытқудан басқа  міндеттемелердің екі типі болуы мүмкін екенін естен шығармау керек:

  • бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы;
  • қажетті ақпаратты өткізіп алу.

     Қаржылық  есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттағы маңыздылықтың сапалық  және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет.Маңыздылықтың сапалық жағы – жасалатын операциялардың ҚР әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы. Сандық жағы маңыздылық деңгейімен сипатталады.

     Маңыздылық  деңгейі – бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.

     Концептуалды  негіздің қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну «БЕУ сәйкес негізгі сапалық  сипаттамаларды қолдану әдетте, нақты  және объективті ақпаратты сақтайтын  қаржылық есеп беруді құруды және әділ ұсынуды қамтамасызетеді» деп көрсетілген.

     Сондықтан аудиторларға есеп беруді ықтимал пайдаланушылар және бұл есеп беру дұрыс шешім  қабылдау үшін нақты және бъективті  ақпаратты сақтауы туралы мәліметтер қажет. Маңызды болып табылатынды  бағалау кәсіби пікір пәні болып  табылады. Аудитордың кәсіби пікірі – оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы. Бұл оның әрекетінің тәртібін қатал анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешім қабылдау үшін негіз болады. Маңыздылық туралы алдын ала пікір тудырудың мақсаты – аудитордың назарын аудиторлық  тексеру стратегиясын  анықтау негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару. Мысалы, аудитор 50 мың теңгені құрайтын, баланс үшін емес, таза табыс үшін маңызды болатын дәл емес мәліметтерді қарастыра алады.

     «Маңыздылық туралы пікір – аудитор қабылдайтын  маңызды шешімдерінің бірі. Ол аса  жоғары кәсіпқойлықты талап етеді». Аудитор пікірі қажетті дәлелдерді жинақтауды жеңілдетуге көмектеседі. Егер аудитор маңыздылық деңгейін елеусіз  сома көлеміне орнатса, онда оған елеулі соманы анықтағаннан гөрі, көбірек дәлелдер санын жинақтау қажет.

     Жұмыс барысында аудитор жекелеген  елеусіз бұрмалаулардың жиынтығын  да қаржылық есеп берудің нақтылығына  күмән тудыруға себеп болатынын  байқауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.

     Маңыздылық  туралы алдын ала пікір білдіруге  әсер етуші негізгі факторлар:

  • кәсіпорын көлемі;
  • базалық көрсеткіштері;
  • аудиторлық фирма клиентурасы құрылымының өзгеруі;
  • бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу саласындағы заң талаптарынынң өзгеруі.

     Маңыздылық  деңгейін анықтау кезінде екі  шама пайдаланылады: қатенің

абсолютті шамасы мен қатенің салыстырмалы шамасы.

     Абсолютті шама – бұл көлеміне, мысалы 500 теңге  немесе 1000 теңге болғанына қарамастан қате басқа жағдайларға тәуелсіз соманың елеулігіне қарай маңызды  деп танылатындығы жөніндегі  аудитордың субъективті пікірі.

     Салыстырмалы  шама қабылданған базалық шама сәйкес пайыздық қатынаста анықталады.

     Әр  аудиторлық фирмаға маңыздылық деңгейін анықтау жолдарын дайындау үшін критерийлер  жүйесін және есептеудің қажетті  тәртібін жасау және оларды фирмаішілік  немесе әдістемемен толтыру қажет.

     Маңыздылық  деңгейін анықтау кезінде аудиторға  екі факторды ескеру қажет:

  • қаржылық есеп беруді құру жағдайы;
  • пайдаланушылар үшін қаржылық мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді.

     Маңыздылықты  анықтау кезінде аудитор клиентпен есептеу деңгейін немесе тәртібін талқыламауы керек, себебі бірінші кезекте жұмыс көлемін және қабылдауға қабілетті тәуекелдерді өзі анықтайды Жоспарлау кезеңінде маңыздылық қарастырылады:

  • шоттар сальдосы деңгейінде;
  • қаржылық есептеме деңгейінде.

     Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық елеулі түрде бұрмаланған деп есептеуге  болатындай шот сальдосында орын алған минималды бұрмалауды көрсетеді. Бұл деңгейге дейінгі бұрмалау рұқсат етілген бұрмалау ретінде белгілі. Шот сальдосы деңгейіндегі маңыздылық түсінігін шоттағы елеулі қалдық терминімен араластыруға болмайды. Соңғы термин шоттың көрсетілген сальдосы размеріне жатады. Сол кезде маңыздылық түсінігі пайдаланушы тарапынан болатын шешім түсінігіне әсер ететін бұрмалау сомасымен байланысты.

       Шот сальдосы деңгейіндегімаңыздылыққа  қатысты қорытынды қабылдау кезінде  аудиторға онымен қаржылық есеп  беру деңгейіндегі маңыздылық  арасындағы өзара байланысты  қарастыру қажет. Бұл қарастыру  аудиторды аудитті жеке емес, басқа шоттар сальдосындағы бұрмалаулармен жиынтықта жалпы қаржылық есеп беруүшін елеулі болуы мүмкін бұрмалауларды анықтауға болатындай етіп жоспарлауға әкелуі керек.

     Қаржылық  есеп беру деңгейіндегі маңыздылық жөніндегі  аудитордың алдын ала пікірі сандық көрініспен анықталса, әр шотқа қатысты маңыздылықтың алдын ала бағасын жекелеген шоттың қаржылық есеп беру деңгейінде маңыздылықты бөлу жолымен алуға болады.Бөлуді бухгалтерлік баланспен қатар табыстар мен шығындар жөніндегі бұрмалаудың үлкен бөлігі де баланстық есеп беруге әсер ете алатындықтан және баланстық есеп беру шоттары аз болғандықтан көптеген аудиторлар бөлуді бухгалтерлік баланс шоттары негізінде іске асырылады. Бөлуді іске асыру кезінде аудиторға қарастыру қажет:

     - шотта болатын бұрмалаудың шындыққа  жақын болуы;

     - осы шотты тексерумен байланысты мүмкін болатын шығындар;

     Мысалы, кәсіпорын мүлігіне тексеру жүргізе  отырып, аудитор ақша қаражаттары, тауарлық-материалдық  босалқы қорлар, негізгі қаражаттар және оларды алу шоттары бойынша  баланстағы кейбір бұрмалаулар орын алады деп болжайды.

     Клиентпен жүргізілген алдыңғы жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып аудитор ақша қаражаттар ымен негізгі құралдар активтердің  басқа шоттарына қарағанда арзандау болады деп күтеді. Қаржылық есептеме маңыздылығы деңгейін алдын ала  бағалау активтердің жалпы құнының 1%-нан немесе 20млн теңгені құрайды дей отырып, маңыздылық деңгейін екі жолмен бөлуге болады.

Информация о работе Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы