Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:07, курсовая работа
Не елеулі екенін бағалау кәсіби ойлау нысаны болып табылады. Аудиторлық жоспар жасағанда, аудитор сандық қатынаста маңызды ауытқуларды анықтау мақсатында маңыздылықтың ең дұрыс деңгейін орнатады. Бірақ оқытудың шамасын да, әрі санатын да ескерген жөн. Сапалық ауытқуға мысал - есеп саясатын сәйкессіз немесе қате көрсету, сондай-ақ заң талаптарының бұзылуын әшкерлемеу, атқаруға қабылетін маңыздылығын кемітеді.
Маңыздылық тұжырымдамасы
Маңыздылықтың экономикалық мәні 5
Маңыздылықтың деңгейін бағалау 10
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Аудиторлық тәуекел түсінігі 14
Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26
Бірінші әдісте маңыздылық болжанған ақшалай бұрмалаулар немесе аудит шығындарын ескерместен әр шотқа пропорционалды бөлінеді. Екінші әдісте маңыздылықты ірірек бөлу бұрмалаудың үлкен саны мен анықтау шығындары жоғары болуы жоспарланатын алулар мен тауарлы-материалдықбосалқы қорлар шоттары бойынша қабылданады. Сондықтан шоттар мәліметтері бойынша қажетті дәлелдеме сомасы 1 жоспармен салыстырғанда шот сальдосы мен маңыздылығы мен дәлелдеме арасындағы кері пропорционалды тәуелділік салдарынан қысқартылды. Шын мәнінде аудитор бұрмалауларды табу қымбатырақ болған кезде осы шоттарда қалуы мүмкін рұқсат етілген бұрмалаулардың жалпы сомасының ең жоғарырақ үлесін жібереді. Ақша қаражаттарына қатысты маңыздылықтың елеусіз бөлінуі 1 жоспармен салыстырғандағы осы шоттарға қажетті дәлелдемелер санын өсіреді. Бірақ олар аудит үшін аса қымбат емес және жалпы иемдеуге әкелуі мүмкін.
Маңыздылықты алдын ала бағалауды бөлуді аудитті орындау кезінде қарастыруға болады. Мысалы, 1 жоспар шарттары бойынша алуға арналған шоттар аудитінен кейін максималды бұрмалаудың алдын ала есептелген сомасы 5600 мың теңге болса, 1000 мың теңгені құрайтын осы шоттағы маңыздылықтың пайдаланылмаған сомасы тауарлық-материалдық босалқы қорларға қайта бөлінуі мүмкін.
240
«Алаяқтың және қателер ХС-нда
аудитор жалпы қаржылық есеп
беру үшін маңызды болуы
-
Алаяқтық – басшылық құрамының
бір немесе бірнеше адамдары,
қызметкерлер немесе үшінші
-
Есепке алу жазбаларындағы
-
Шаруашылық операциялар
-
Ерекше операциялар – бір
-
Қате-есеп жазулары мен
Қателердің негізгі түрлеріне жатады:
- Кездейсоқ қателер. Қаржы – шаруашылық қызметтің қандай да бір фактісін есепке алудың дұрыс әдісін қолдана отырып бухгалтер ешқандай негізсіз немесе кездейсоқ «Стандартты емес» жазбаны жасаған жағдайда туындайтын кездейсоқ дұрыс емес жазбалар. Бухгалтерлік есеп стандарттарын білмеуге байланысты қателер. Мұндай қателерге сатылып алынатын құндылықтардың типтік жоспарында көрсетілген шоттарға сай емес кірістерді жатқызуға болады.
-
Салық заңы мәселелерінің
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың балама жүйелердің тұрақты әрекет ету арқылы алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмау және анықтау жауапкершілігі субъект басшылығына жүктеледі. Көрсетілген жүйелер алаяқтықпен қателер фактілерін жоя алмайды, тек төмендетіп қана қояды.
Аудитор
алаяқтық пен қателер фактілерін болдырмауға
жауапты болмайды. Аудиттің жыл сайын
жүргізілуі тежеуші фактор ретінде жүреді.
Аудиттің халықаралық тәжірибесінде аудиторлық органдар маңыздылық деңгейін анықтайтын әдестемені реттеуші фирмаішілік стандартты дайындайды. Бұл стандартты аудиторлық фирма басшылығы бекіте алады. Сондықтан, бұл – коммерциялық құпия.
Маңыздылық деңгейі орнатылған базалық көрсетікштер үлесі ретінде есептелуі мүмкін. Бірегей база қажеттілігі аудитті жоспарлаудың практикалық талаптары себебімен туындайды. Жоспарлау кезіндегі маңыздылықты пайдалану маңызын түсіну үшін, алдын ала пікірді аудит нәтижелерін бағалаумен салыстыру қажет. Жосапрлау кезінде аудитор тексеру барысындаанықталатын бұрмалаулар бухгалтерлік балансқа ғана немесе табыстар мен шығындар туралы есепке немесе оларға бірге әсер ететінін алдын ала білмейді.
Базалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт бойында тұрақты және аз шығын жұмсалатын болуы керек. Аудиторлық тексеру материалдарын алу шығындары мен олардың пайдалылығы арасында рационалды байланыс қажет.
Қазір
аудиттің қазақстандық практикасында
маңыздылық деңгейін анықтау әдістемесі
жоқ. Аудиттің халықаралық іс-тәжірибесі
практикасы бар аудиторларға маңыздылықтың
нақты критерийін ұсынуға дайын емес.
«Елеулілікке қатысты басшылық аудит
стандартына енгізілген жалғыз ол Австралия
болып табылады». Бірақ маңыздылық деңгейін
анықтау әдістемесі бойынша басшылық
пен жолдар бар. Мысалы, ұлыбритания жеткеші
аудиторлық фирмаларында маңыздылықтың
жалпы деңгейін анықтау бойынша нұсқаулар
бар.
Фирмалар бойынша маңыздылық деңгейінің шектері, %
(Адамс 72-б)
Маңыздылық анықтау базасы | А фирмасы | В фирмасы | С фирмасы | Д фирмасы | |
1 | Жалпы айналым | 0,5 – 1 | 2 – 4 | 0,5 – 1 | 1 |
2 | Салық салынғанға дейінгі пайда | 5 – 10 | 5 – 10 | 5 – 10 | 10 |
3 | Активтердің жалпы сомасы | 1 – 2 | 5 - 10 | 0,5 - 1 | 1-таза активтер, айналым қаражаттары шамасының 5-і |
Кестеден
көрініп тұрғандай фирма
АҚШ-та БРС шығарған жоспарланған маңыздылықты анықтау кезінде бағдар және практикалық басшылық болатын басшылықтар бар.
Ресейде «Маңыздылық және аудиторлық тәуекел» ережесі қабылданған. Оған сай аудиторлық ұйымдар маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін реттеуші фирмаішілік стандартты жасауы қажет.
Ереже базалық көрсеткіштер жүйесімен маңыздылықтың бірегей деңгейін есептеу тәртібін ұсынады. Бұл көрсеткішті былай есептеу ұсынылады:
баланстық пайданың 5%
сатудың жалпы көлемінің 2%-ы;
баланс валютасының 2%-ы;
меншік капиталының 10%-ы;
ұйымның жалпы шығынының 2%-ы
Аудиторлық
ұйым базалық көрсеткіштер жүйесін
және оларға қолданылатын коэффициенттер
мәнін өзгертіп, есептеудің дербес
дайындалған кестелері мен
Ірі
қазақстандық аудиторлық фирма маңыздылық
деңгейін анықтаудың фирмаішілік стандартына
ие деп болжайық. Мысалы, «Батыс» фирмасы
қолданатын критерийлер төмендегі кестеде
көрсетілген.
Аудит жүргізіліп отырған субъектінің елулілігі туралы алдын ала пікірге арналған мәліметтер
Көрсеткіштер | Маңыздылық туралы алдын ала пікір | |||
минимум | максимум | |||
% | теңге | % | теңге | |
Салық салынғанға дейінгі табыс | 3 | 10000 | 5 | 15000 |
Айналым қаражаттары | 2 | 100000 | 5 | 250000 |
Ағымдық міндеттемелер | 1 | 40000 | 3 | 120000 |
Салық салынғанға дейінгі табыс бойынша жиынтық қателік 10000 теңгеге дейін болса, есеп беру дұрыс құрылған деп есептеуге болады. Егер 15000 теңгеден артық болса, есеп беру объективті құрылмаған деп есептеуге болады. Егер жиынтық қателік 10000 теңгемен 15000 теңге аралығында болса, онда барлық факторларды қосымша дәлелдеме жинау арқылы мұқият зерттеу қажет болады. Бқл жағдайда аудитор қалған екі критерийге қатысты да сол әдісті қолданады.жасалған тұжырымдардан кейін маңыздылықты бағалауға елеулі әсер етуі мүмкін сапалық факторларды анықтау қажет. Есепті жүргізу тәртібі мен қаржылық есеп беруді құрудың сәйкес нормативті актілер талаптарынан ауытқуы маңыздылық деңгейіне елеулі әсер етеді. Оларға мыналар жатады:
Ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің болмай белгілері: лауазымды адамдардың адал емес болуы; ұрлық; ысырап, заңсыз төлемдер; бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операциялардың дұрыс емес көрінісі және басқалар.
Қызметтің қандай да бір түрлерінің лицензиясыз іскеасырылуына ірі айып шаралары қолданылады немесе банкротқа немесе субъектінің барлық қызметін тоқтатуға әкелуі мүмкін қызметтің заңсыз қарсы түрлерін тоқтату туралы мәселе қойылады. Кәсіпорынның қылмыстық сипаттағы тәртіп бұзушылығы маңыздылық деңгейінің өсуіне әкеледі.
Маңыздылық туралы пікір аудиторлық тексеруді жоспарлау мен оның нәтижелерін бағалауға әсеретіп, қаржылық есеп беруді ұсынудың дұрыстығын анықтауда шешуші болып табылады. Аудиторлық тексеру нәтижесінде жасалған пікірге қаржылық есептер операция нәтижелерін дәр немесе толық бере алмайды деген мойындау енеді. Маңыздылық туралы пікір қаржылық есепте келтірілген санаға тікелей әсерсіз ашылған немесе ашылуы керек мәселеге де әсер етеді. Маңыздылықты анықтауға сапалық және сандық факторлардың екі жақты әсер етуінен тұжырымдаманы жұмыста пайдалану қиын және бірегей келісілген сандық стандартты орнатуға тырысу пайда әкелмейді.
Маңыздылық туралы алдын ала пікір құрғаннан кейін аудиторға жалпы және қорытынды есеп элементтері бойынша аудиторлық процедуралар нәтижелерінен алатын жиынтық қателерге баға бері қажет. Аудиторлық тестер бойынша есептің қателерін анықтауға болады. Мысалы, босалқы қорлар баптары аудиті процесінде аудитор 650000 мың теңге жалпы жиынтықтан 50000 теңге көлемінде іріктеме жасау кезінде 4800 теңге сомасына артық көрсетілген мәліметтерді жалпы қателікті бағалауды есептеудің бір жолы табылған қателердің 4800 теңге жалпы соамысн іріктеме сомасы 50000 теңгеге бөліп, нәтижесін барлық жиынтық үшін жазылған сомалықмәніне көбеуту болып табылады. Нәтижесінде артық көрсету түріндегі сомалық қатені бағалау, яғни 62400 теңге алынады.
Информация о работе Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы