Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:07, курсовая работа

Описание

Не елеулі екенін бағалау кәсіби ойлау нысаны болып табылады. Аудиторлық жоспар жасағанда, аудитор сандық қатынаста маңызды ауытқуларды анықтау мақсатында маңыздылықтың ең дұрыс деңгейін орнатады. Бірақ оқытудың шамасын да, әрі санатын да ескерген жөн. Сапалық ауытқуға мысал - есеп саясатын сәйкессіз немесе қате көрсету, сондай-ақ заң талаптарының бұзылуын әшкерлемеу, атқаруға қабылетін маңыздылығын кемітеді.

Содержание

Маңыздылық тұжырымдамасы
Маңыздылықтың экономикалық мәні 5
Маңыздылықтың деңгейін бағалау 10
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Аудиторлық тәуекел түсінігі 14
Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)
 

     Кесте 2.Таба алмау тәуекелінің  мүмкін болатын деңгейін анықтау 

            Бақылау тәуекелін аудиторлық бағалау.
     Жоғары      Орташа       Төмен
     Ажырамас тәуекелін  аудтиторлық бағалау.      Жоғары      Ең  төменгі      Төменірек      Орташа
     Орташа      Төменірек      Орташа       Жоғарырақ
     Төмен      Орташа       Жоғарырақ      Өте жоғары
 

     Аудитор болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барысында шаруашылық ішіндегі тәуекелдіктің 80%, бақылау тәуекелдігі 50% және таба алмау қатері 10% деп жорамалдайды.аудитте тәуекелдіктің осы сандары бойынша есептеп, аудитор нәтижесінде 4% алады. Егер аудитор бұл жағдайда тәуекелдіктің осы жолғы қолайлы деңгейі 4 % -тен жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті жоспарды қолайлы деп санауы керек. Мұндай жоспар аудиторлық тәуекелдіктің қолайлы деңгейін аудитордың алуына көмектеседі, бірақ ол тиімсіз. Әлде қайда тиімді жоспар жасау үшін аудиторлар тәуекелдікті есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни таба алмау қатері мен алуға жататын мәліметтердің тиісті санын анықтайды.

     Осы мақсаттағы аудиторлық тәуекелдік үлгілерінің  формуласы былайша өрнкетеледі:

     DR=DAR/IR*CR 
 
 
 

     
    1.   Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау
 

     Маңыздылық  аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Халықаралық аудиторлық тәжірибеде маңыздылықты анықтаудың тәртібі 320- шы аудиттегі маңыздылық стандартымен реттеледі. Маңыздылық деңгейі болып бухгалтерлік есептегі қателіктердің шекті шамасы түсідіріледі. Бұл шамадан басқа есепті білікті пайдаланушы үшін дұрыс тұжырым жасауға және дұрыс экономикалық шешім қабылдауға негіз етіп алуды тоқтату ықтималдылығы жоғары болады.

     Аудиторлық  маңыздылық тұжырымдамасын келесілерге  негіз ретінде пайдаланады:

  1. Ерекше назар аударуын талап ететін маңызды типтік емес және қатесі бар баптармен шоттарды анықтаған кезде тексеруді жоспарлауға негіз ретінде
  2. Жиналған аудиторлық  дәлелдерді бағалауға негіз ретінде
  3. Аудиторлық есептің типі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланады.

     Маңыздылық  абсалюттік сондай ақ салыстырмалы шама ретінде анықталады. Маңыздылық абсалюттік шекарасын белгілеу өте сирек пайдаланады. Базалық көрсеткіштерден салыстырмалы шамадағы процентпен немесе үлеспен белгілеген маңыздылықты анықтау іс жүзінде неғұрлым кең тараған болып табылады. Маңыздылық өлшемдері тұтастай есепке сондай ақ бухгалтерлік баланстың елеулі бағыттарына қатысты анықталады. Тексеру үшін елеулі және маңызды бағыттарды анықтау аудитті жүргізудің іріктемелі тәсілінен шығарылады. Есепті кезеңнің ішінде бүхгалтерлік есептің бүкіл шоттарына тексеру жүргізу мүмкін емес. Баланстың маңызды баптарын анықтаған кезде сандық және сапалық көрсеткіштер назарға алынады. Қаржылық ақпараттың маңыздылығы бұл пайдаланушының экономикалық шешіміне әсер етуге қабілетті ақпараттардың сандық мөлшері мен әсері. Аудит барысында аудитор маңыздылықты 2 тұрғыдан қарастыра отырып шешім қабылдаған дұрыс:

  • Сандық ;
  • Сапалық.

       Маңыздылықтың сапалығы- бұл тексеру  барысында анықталған ауытқулардың  Қазақстан Республикасындағы әрекет  етуші нормативтік актілер тарапынан  мекемелердің анықталған ауытқулардың сипаттамасы туралы аудитордың кәсіби ікірі.

     Маңыздылықтың сандық жағы- бұл маңыздылықтық белгілеген деңгейіне анықталған ауытқулар  соммаларын және басқа да ауытқулар  бағасының асып түсуі. Маңыздылық деңгеі дегеніміз бұл пайдаланушыға негізделген экономикалық шешім мен дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бере алмайтын қарлық есеп берудегі сандық өлшемі мен шектік мәні. Әлемдік аудиторлық тәжірибеде баланс баптарындағы 5-10% шеңберіндегі ауытқуға алып келетін қателіктер маңызды болып саналмайды. Дегенмен халықаралық стандарттарда, Қазақстандық стандарттарда қателіктердің маңыздылығына сандық талап нормативтік түрде бекітілмеген. Әрекет етуші тәжірибеге сай әрбір ұйым мен аудитор маңыздылық деңгейін өз тәжірибесі мен кәсиби пікіріне сай бекітеді. Бұл маңыздылық деңгейін бағалау фирма ішілік стандартарда тіркелу қажет. Маңыздылық деңгейін анықтау әдістемесі 2 бөлімнен тұрады:

    1. маңыздылық деңгейі бекілетін қаржылық есеп берудің базалық көрсеткіштерін талдау;
    2. таңдаған базалық көрсеткіштерге маңыздылық дейгейін бекіту.

     Аудиторлық  тексеру барысында аудиторлармен  жинақталып талданған аудиторлық қорытынды  жасауға мүмкіндік беретін ақпарат  аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде  аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды. Олар:

  • түгендеу кезінде қатысу немесе бақылау;
  • шаруашылық немесе бухгалтерлік есеп операцияларын орындау, бақылау;
  • ауызша сұрақ жауап алу;
  • үшінші тұлғадан алынған құжаттарды тексеру;
  • клиент ұйым дайындаған құжаттарды тексеру;
  • арифметикалық есептеулерді тексеру;
  • талдау.

     Аудиторлық  процедуралар екіге бөлінеді:бақылау  тесті мәндік процедуралар

     Бақылау тесті ұйымның жарамдылығы ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүцесінің қызмет етуінің тиімділігі туралы аудиторлық дәлел алу мақсатында алынатын тесттер. Мәндік процедуралар қаржылық есеп берудегі қателіктер мен заң бұзушылықтарды анықтау үшін алынатын тестер. Олар екіге бөлінеді:

  1. операциялар мен шоттар қалдығының өлшемдік тестері;
  2. аналитикалық процедуралар.

     Аудит бағдарламасын түзуде аудиторлық дәлел  жинау үшін қандай аудиторлық процедуралар және қандау көлемде орындалатынын  анықтап алу керек.Аудиторлық дәлелдерге телаптар 500-ші аудиторлық дәлелдер деп аталатын халықаралық аудит стандарттарымен реттеледі. Аудиторлық дәлелдердің келесідей түрлері болады: ішкі,  сыртқы, аралас.

     Ішкі  дәлел аудиттелетін ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде алынатын ақпарат. Сыртқы дәлел үшінші тұлғадан аудиторлық ұйымның сұрауы бойынша алынған жазбаша түрдегі ақпарат.

     Аралас  дәлел аудиттелетін ұйымнан жазбаша  немесе ауызша алынып үшінші жақтың жазбаша  түрде растаған ақпараты.

     Аудиторлық  дәлелдерді алу көздері:

  • қаржылық есеп беру;
  • бухгалтерлік есеп регисторлары;
  • аудиттелетін ұйымның және үшінші тұлғаның алғашқы құжаттары;
  • статистикалық есеп беру;
  • жарғылық құжаттар:келісім шарттар, бұйрықтар , өзге де әкімшілік құжаттар;
  • қаржы шаруашылық қызметінің талдау нәтижелері;
  • аудиттелетін субъекті мен үшінші тұлғаның ауызша пікірі;
  • аудиттелетін субъекті мен үшінші тұлғаның құжаттарын салыстыру;
  • түгендеу нәтижелері;
  • ауызша және жазбаша формада басшылыққа хабарлау.

     Аудиторлық  дәлелдерді жинау кезінде аудитор  түрлі аудиторлық процедураларды пайдалана  алады. Оның ішінде төмендегілер кеңінен таралған:

  1. клиенттің арифметикалық есептеулерін тексеру;
  2. түгендеу;
  3. кейбір шаруашылық операциялар есебін жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру;
  4. растау;
  5. аудиттелетін субъекті басшылығы мен персоналы және үшінші тұлғадан ауызша жауап алу;
  6. құжаттарды тексеру;
  7. бақылау, қадағалау;
  8. талдамалық процедуралар.

     Құжаттарды  дәлелдеу маңыздылығы 4 топқа бөлеміз:

  1. алғашқы;
  2. жиынтық;
  3. өкілетті емес;
  4. көмекші.

     Ішкі  бақылау жүйесі бұл клиент басшылығы  өз қызметін дұрыс жолға қою үшін қабылдаған саясат пен процедуралар. Бұл клиент басшылығының саясатын сақтауды, активтерінің  сақталуын, қателіктерді болдырмауды бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге қаржылық ақпаратын дер кезінде орындалып сенімді болуын қамтамасыз ету қажет.

     Ішкі  бақылау жүйесінің алдында келесідей 7 мақсат тұрады. Бұл мақсат қателіктерді болдырмауға қол жеткізуге көмек береді. Сенімділіктің қажетті дейгейін қамтамасыз ету үшін клиентің ішкі бақылау жүцесі келесідей болуы қажет:

  1. есепке алынған шаруашылық операциялар тіркелуі қажет, олрадың нақтылығы;
  2. шаруашылық операциялары қажетінше рұқсат алынуы қажет;
  3. жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың есепте көрсетілуі;
  4. шаруашылық операциялардың дұрыс бағалануы;
  5. шаруашылық операциялардың шотта көрсетілуі қажет. Бұл қаржылық берудің объективті түрде жасалғанын бағалауға мүмкіндік береді;
  6. шаруашылық операциялардың дер кезінде рәсімделуі қажет;
  7. шаруашылық операциялар бойынша жазбалар регисторда жазылып, оның нәтижесі дұрыс соммаланып, жалпылануы қажет.

     Клиенттің ішкі бақылау жүйесі үш негізгі категориядағы әдістер мен процедураларды қамтиды. Оларды ішкі бақылау жүйесінің элементері деп айтамыз. Олар:

    1. бақылау ортасы;
    2. есеп жүйесі;
    3. бақылау процедуралары.

     Бақылау ортасы бұл ұйымның әкімшілігі, директорлар  мен ұйым иесінің ұйымдағы бақылау маңыздылығын көрсететін әрекеті, шаралары мен процедуралары .Аудиторлық бақылау ортасы түсініп бағалауы үшін бұл ортаны ең маңызды келесідей элементерін қарастыру қажет:

  1. әкімшілік формасын басқару стилі;
  2. ұйымдастырылу құрылымы ;
  3. аудиторлдық комитет;
  4. жауапкершілікті  жүктеу мен басқару өкілеттілігін беру тәсілдері;
  5. бақылаудың басқармалық әдітері;
  6. ішкі шаруашылық аудит функциясы;
  7. персоналмен жұмыс істеу әдістері мен процедуралары;
  8. сыртқы әсерлер.

     Есеп  жүйесі ұйымның есеп жүйесінің мақсаты  шаруашылық операциялар туралы мәлімет жинақтап, жіктеп, талдап, тіркеп есеп беру және есепті қажетті активтермен қамтиамасыз ету болып табылады.Тиімді есеп жүйесі ішкі бақылаудың негізгі мақсатына сай келуі қажет.

     Бақылау процедуралары компанияның алдына қойған мақсатына жету үшін бақылау ортасы мен есеп жүйесі элементерін толықтыратын әкімшілік өңдеген әдістер мен ережелер. Олар:

  1. міндеттерді дұрыс бөлу ;
  2. санкциялаудың тиімді процедураларының бар болуы;
  3. құжаттау және жүйелі есеп жазбалары;
  4. активтермен жазбаларды нақты бақылау;
  5. тәуелсіз бақылау жүргізу;
  6. кәсіпорын мен бақылау.

     Жоспарлау  аудиторлық тәуекелдік деңгейін төмендетуге  елеулі әсер етеді. Аудитор өз қызметін тиянақты жоспарлауына келесідей үш себеп әсер етеді:

  1. клиенттік іс-әрекеті туралы қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік береді;
  2. аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға көмектеседі;
  3. клиентпен түрлі келіспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі.

     Аудитті жоспарлау 300-жоспарлау деп аталатын халықаралық аудит стандартары  негізінде жүзеге асырылады. Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету маңызды болып табылады. Өйткені клиентке аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін тексерудің қандай пайда алып келетінін түсіндіру қажет. Аудиторлық жоспарлау үш кезеңде жүргізіледі:

Информация о работе Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы