Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:07, курсовая работа

Описание

Не елеулі екенін бағалау кәсіби ойлау нысаны болып табылады. Аудиторлық жоспар жасағанда, аудитор сандық қатынаста маңызды ауытқуларды анықтау мақсатында маңыздылықтың ең дұрыс деңгейін орнатады. Бірақ оқытудың шамасын да, әрі санатын да ескерген жөн. Сапалық ауытқуға мысал - есеп саясатын сәйкессіз немесе қате көрсету, сондай-ақ заң талаптарының бұзылуын әшкерлемеу, атқаруға қабылетін маңыздылығын кемітеді.

Содержание

Маңыздылық тұжырымдамасы
Маңыздылықтың экономикалық мәні 5
Маңыздылықтың деңгейін бағалау 10
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Аудиторлық тәуекел түсінігі 14
Аудиторлық тәуекел мен маңыздылыққа бағалау 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)
  • клиентті таңдау кезінде жүргізетін аудитордың алдын ала жоспарлауы- бұл жұмыс нәтижесінде тапсырмас қауіп-қатердің жоғары деңгейі байқалса, аудит жүргізуден бас тартуы мүмкін;
  • аудиторлық тексеру  жүргізудің мерзімі, графигі, күтілетін көлемі көрсетіліп аудиттің жалпы жоспары өңделеді;
  • аудиторлық процедуралар жүзеге асырудың көлемін, түрін, реттелетінін анықтайтын аудиторлық бағдарлама түзіледі.

     Алдын-ала  жоспарлау аудиторлық жұмыстың алғашқы  фазасында жүзеге асырылады. Алдын-ала  жоспарлау келесілерден тұрады:

  1. жалпы мәліметтерді жинақтау;
  2. клиенттің құқықтық міндеттемелері жөнінде ақпарат жинақтау;
  3. аудиторлдық қауіп пен маңыздылықты бағалау.

     Жоспарлау процесі өте еңбек сыйымдылығы  жоғары. Аудиттің жалпы жоспарын өңдеу  мен аудиторлық бағдарламаны тьүзу  аудит жүргізудің барлық уақытының 1/3 бөлігін алады. Аудитті жоспарлау кезінде оның негізгі принциптері сақталуы қажет:

  • кешендігі;
  • үздіксіздігі;
  • ұтымдылығы.

     Кешенділік  принципі жоспарлаудың барлық кезеңінде  алдын-ала жоспарлаудан бастап аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын  өңдегенге дейін өзара байланыс пен келісімді қамтамасыз етеді деп болжамдады.

     Үздіксіздік принципі аудиторлар тобына тапсырмалар  беру мен жоспарлау кезеңдерін мерзімімен байланыстырудан көрінеді.

     Ұтымдылық принципі жоспарлау кезінде аудиторлық фирманың анықтаған критериий негізінде  аудитордың бағдарламасы мен жалпы жоспарының ұтымды вариантын таңдауды қамтамасыз етудегі әрекеті.

     Аудиторлық  топ үшін аудит бағдарламасын  жүзеге асыруда жалпы жоспар негіз  болып табылады. Аудит барысында  жалпы жоспардың жекелеген жағдайларын  қайта қарауға тура келеді. Оны жазбаша құжатта тексеру қажет. Жалпы жоспарда келесілер қарастырылады:

  • аудиторлық топтағы аудитор саны мен біліктілігі;
  • аудиторды қызмет дәрежесі мен кәсіби сапасына қарай арнайы бөлімдерге бөлу;
  • аудиторлар тобының барлық мүшесін олардың нақты міндеттерімен танысу, клиент бизнесімен және аудитордың жалпы жоспарымен танысу;
  • ауцдиторлық топ жетекшісінің жұмыс тобының жоспарды орындауын, жұмыс сапасын, жұмыс құжаттарын жүргізуді бақылау;
  • топ жетекшілеріне аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды түсіндіру;
  • аудиторлық топ мүшелерінің кейбір ерекше пікірлерін құжатпен рәсімдеу.

     Жоспарлау барысында аудитор келесідей  құжаттарды дайындайды:

  1. тексерілетін ұйымның бизнесін сипаттау;
  2. бухгалтерлік есеп жүйесін сипаттау;
  3. ішкі бақылау жүйесін сипаттау;
  4. тексерілетін ұйымның есеп беруін экспресс талдау материалдары.

     Аудит жұмысының бағдарламасын жасау  дегеніміз – оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес оның шұаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянаты  жүргізу. Аудит бағдарламасында аудит обьектілері түгел анықталуы қажет. Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектілерінің техникалық ерекшелігіне сәйкес аудит жұмысының оьектісіне байланысты аудит методологиясын аудитте қолданатын техникалық әдістердің түріне қарай әртүрлі болады:

     Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектілерінің  есеп саясаты ерекше орын алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Қорытынды

     Бизнесті басқарудағы қалыптасқан жүйенің жұмыс істеу ұтымдылығын және толықтығын бағалау әр түрлі деңгейдегі детальдармен орындалуы мүмкін, бұл операциондық аудит пен талдаудың әдістерін әзірлеуде көп қырлы тәсілдемелерді талап етеді. Соңғы кезде басқарушылық циклінен дербес кезеңге бөлініп шыққан кешенді талдау қаржылық-экономикалық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін ғана керек емес, ол сондай-ак шаруашылық қызметтерді басқарудың негізгі функциясына катысты қосалқы жүйені қамтамасыз етуші ретінде оның жаксы орындалуына бағытталган. Мұнда кешенді талдау жаңа кезендегі жоспардың бастауы болуы керек, шешім кабылдау ісін «артқа тастап», техникалық-ұйымдастырушылық және экономикалық шешімдердің нақты іс-жүзіндегі әр кезендегі тиімділігін бағалап, аяқтай отыру керек. Бұл схема - өндіріс, жабдықтау, өткізу, ресурстардын айналымдылыгы бизнестің тиімділігі сиякты процестердің операциондық аудит пен қаржылық-экономикалық талдау үшін әмбебеп. Бизнестің операциондық аудиті мен кешенді талдауының мақсаттары біртұтас әрі көп қырлы, оларды сәтті үйлестіре білген жағдайда ұйымдастыруын оңтайландыру бойынша орнықты шешімдерді қабылдау мен ғылыми танымның мүмкіндіктері кеңейеді. Кешенді талдау - шаруашылық қызметтің аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауының ең қарапайым әрі тиімді әдістерінің бірі.

     240 «Алаяқтың және қателер» халықаралық  стандарты алаяқтықты қателіктен айырады және аудиторға қатысты релеванттік болып келетін алаяқтықтың екі түріне, атап айтқанда, активтерді заңсыз түрде пайдаланудан туындайтын бұрмалануларға және бұрмаланған қаржылық есептіліктен туындайтын бұрмалануларға сипаттама береді, субъектінің басқару өкілеттігіне ие тұлғалары мен басшылығының алаяқтықтың алдын-алу мен оны анықтауға қатысты тиісті жауапкершілігін сипаттайды, аудитке тән болып келетін ішкі шектеулерді алаяқтық шеңберінде сипаттайды және аудитордың алаяқтықпен туындалған маңызды бұрмалануларды анықтау жөніндегі жауапкершілігі белгіленген.

     Аудиторлық шараларды жоспарлау мен орындау кезінде, сондай-ақ сол шаралардың нәтижелеріне баға беру мен оларды ұсыну кезінде аудитор алаяқтықтан немесе қателіктен пайда болатын қаржылық есептіліктегі маңызды бұрмаланулардың тәуекелін қарастырып шығуы тиіс. 
 
 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Қазақстан  Республикасындағы  аудиттің  халықаралық  стандарттары. Алматы: « ЮСАЙТ » 2001 ж.
  2. Адамс  Р. « Основа  аудита » под  редакций  Я.В. Соколова  Москва  «ЮНИТИ »  2001 г.
  3. Дүйсенбаев  К.Ш., Игенбердиева  С.К. « Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности »  Алматы: « ЭКОНОМИКА »  2000 г.
  4. Д.О.  Абленов  «Основы  аудита»  Алматы: « ЭКОНОИМИКА »  2003 г.
  5. Ажибаева З.И. Аудит. Оқулық. Алматы : Экономика, 2005 ж.
  6. Кеулимжаев К.К., Ажибаева З.И., Құдайбергенов Н.А. Қаржылық есеп. Алматы : Экономика, 2001 ж.
  7. Ержанов М.С. Аудит-І. Алматы : 2003 ж.
  8. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы : Қаусар бұлақ, 1999 ж.
  9. Балапанова Ә . « Аудиторлық  қауіп »  //  Хабаршы экономика сериясы 2003 ж
  10. Ержанов М.С. Аудит 1 Алматы,2005 ж.

Информация о работе Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы