Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың басты мақсаты болып кәсіпорындар мен ұйымдардағы меншікті капиталдың олардың құрылуындағы ролі мен әрекеті барысындағы қызметінің маңызын анықтап, есебін жүргізудің ерекшелігін ашып көрсету табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Капитал туралы түсініктерді;
Жарғылық капиталдың есебін;
Резервтік капиталдың есебін;
Капитал қозғалысы бойынша болатын операцияларды қарастыру.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ............................................................5
2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................8
2.1 Жарғылық капиталдың есебі ............................................................8
2.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі..................12
3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................16
3.1. Резервтік капитал түсінігі......................................................................16
3.2 Негізгі құралдарды қайта бағалау есебі.................................................17
3.3 Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорларды
қалыптастыру мен пайдалану.......................................................................19
3.4 Шығарылған капиталды қалыптастыру.................................................20
4. БӨЛІНБЕГЕН ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСТЫҢ
(ЖАБЫЛМАҒАН ЗИЯН) ЕСЕБІ..................................................................22
5. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРЛАНУЫ........................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................35
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ......................
2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ...................
2.1 Жарғылық капиталдың есебі ....
2.2 Капитал қозғалысы бойынша
болатын операциялар есебі.....
3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ ЕСЕБІН
3.1. Резервтік капитал
түсінігі......................
3.2 Негізгі құралдарды қайта
бағалау есебі.................
3.3 Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорларды
қалыптастыру мен пайдалану....
3.4 Шығарылған капиталды
4. БӨЛІНБЕГЕН ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСТЫҢ
(ЖАБЫЛМАҒАН ЗИЯН) ЕСЕБІ.........................
5. КАПИТАЛ
ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРЛАНУЫ..
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Ақша - нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданған. Олардың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Саудагерлік пен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндірістік саласына бармаған. Кейін, өндіріс өзінің капиталистік ұстанымдарының негізін қайта құрып, қоғамның шаруашылық, терең әлеуметтік-экономикалық өзгерісіне ұшырады.
Мұндай жағадайда, яғни қазіргі заманға дейін, капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салаларынан гөрі Карл Маркстың тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілердің қызметі арқылы пайда түсіру болып түсінілді.
Берілген уақытта бизнесте және экономикалық әдебиеттерде капитал сөзінің мағынасы кеңейіп, ауқымды бір экономикалық категорияны білдіреді. Негізгі түп тамыры ақшаны білдіре отырып, үйлер мен ғимараттарға, құрылысқа, машинаға, механизмге, құрал-жабдықтарға, жерге (негізінен), шикізатқа, материалға, отынға, жұмысшылар еңбегін өтеу қаржысына салынған немесе айналдырылған ресурстар соммасы, яғни экономиканың алға қадам басуының негізгі тірегі екені мәлім.
Елімізде көзделіп отырған басты мақсат - дамыған елдер қатарына кіру. Ол үшін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Соның ішінде, шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынып жатыр. Ал әрбір бизнес құрылуы үшін де, ары қарай дамуы үшін белгіленген мөлшерде капитал қажет.
Бухгалтерлік есепте жалпы алғанда, капиталдың қозғалысы бойынша орындалып жатқан операциялардың дұрыс әрі нақты көрсетілуінің маңызы әрбір кәсіпорынға аса қажет. Осы капиталдың қозғалысы бойынша тиісті қажетті операциялар үнемі айқын көрсетіліп отырады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылатыны бәрімізге мәлім.. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.Бұл жағдайлардың барлығы да осы жұмыста кеңінен қарастырылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты болып кәсіпорындар мен ұйымдардағы меншікті капиталдың олардың құрылуындағы ролі мен әрекеті барысындағы қызметінің маңызын анықтап, есебін жүргізудің ерекшелігін ашып көрсету табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Енді, осы сұрақтарға кеңірек тоқталайық.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады , бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) автивтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
-жарғылық капитал;
-резервтік капитал;
-бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Мешік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік коператив
мүшелерінің мүлік жарналары(
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшьшық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал
– кәсіпорынның өзінің меншігіндегі
негізгі құралдары мен
Резервтік (сақтық, сақтаулы)
капитал - келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндар мен шығындардың
орнын толтыруга арналып
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларың шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады1.
2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Жарғылық капиталдың есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтардың есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін басқару үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқығын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қайта тіркелген
кезде қатысушылардың ақшалай салымдары
бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық
есеп берулерімен қуатталынып
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысушылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқығы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқығы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі
шектелген серіктестіктердің
Аталған серіктестіктер
тіркеуге дейін өздерінің жарғылық
капиталының минималды
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егер де серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастырылуы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлі қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркемес бұрын төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлік жалпы
жиналысына анықталған әрі жарияланған
санының шегінде акцияны
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынаған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.