Меншік капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:44, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың басты мақсаты болып кәсіпорындар мен ұйымдардағы меншікті капиталдың олардың құрылуындағы ролі мен әрекеті барысындағы қызметінің маңызын анықтап, есебін жүргізудің ерекшелігін ашып көрсету табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Капитал туралы түсініктерді;
Жарғылық капиталдың есебін;
Резервтік капиталдың есебін;
Капитал қозғалысы бойынша болатын операцияларды қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ............................................................5
2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................8
2.1 Жарғылық капиталдың есебі ............................................................8
2.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі..................12
3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................16
3.1. Резервтік капитал түсінігі......................................................................16
3.2 Негізгі құралдарды қайта бағалау есебі.................................................17
3.3 Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорларды
қалыптастыру мен пайдалану.......................................................................19
3.4 Шығарылған капиталды қалыптастыру.................................................20
4. БӨЛІНБЕГЕН ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСТЫҢ
(ЖАБЫЛМАҒАН ЗИЯН) ЕСЕБІ..................................................................22
5. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРЛАНУЫ........................26

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................35

Работа состоит из  1 файл

mk.doc

— 159.00 Кб (Скачать документ)

1. Капиталистің әр  қашан жұмыс күшіне төлейтін  каражат көзі болып тауар құны  жатады.Ол жұмыс күшіне әлі  төленбеген жұмыс үрдісінде пайда  болған тауар құны. Яғни капиталист  жұмысшыңы жұмыс құралдарымен  алдын ала   қамтамасыз   етіп   қоймайды   ,   керісінше   жұмысшы   өзінің   еңбекке қабілеттілігімен капиталистке құн жасау жағдайын қамтамасыз етеді. Жұмысшы өндірісте дайын өнім құнына еңбек үрдісінде пайдаланылған өндіріс құралдары мен заттарының ( машина, материалдар, жанар-жағар май, энергия) құнын қосады, сонымен қатар ол аударылған құнға жаңадан пайда болған құнды апарып қосады, ал бұл құн жұмыс күшінін құнынан әлде қайда көп. Сондықтан капиталисті жұмыс беруші деп атау дұрыс емес, ал жалдамалы жұмысшыны - жұмысқа жалданушы деп атау да дұрыс емес.

Жұмысшы капиталистің капиталын  егер ол барлық түскен қосымша құнды  ұстап, немесе "жеп" қойса да сақтап қалады. Белгілі бір уақытта капиталистің ұстап қойған қосымша құнының  массасы авансқа берідген капиталдың мөлшеріне жақындап қалуы мүмкін. Егер бұл жұмысшы капиталисті ығыстырып, өзінің жұмыс қабілетін дұрыс ұйымдастыра алса, онда ол өзінің еңбегі мен пайда болған капиталды өзіне біртіндеп қайтара алатын халге жетеді.

Жұмысшы еңбек үрдісінде  бос емес, өйткені капиталистің еркінде. Ал өзіндік тұтыну үрдісінде жұмысшы тағы бос емес.Өйткені қызмет пен бақуатты өзінің таңдауымен тұтына отырып, ол жаңа тауар шығарады, оны тұтыну капиталистке баюдың көзін ашып береді.

Жай жаңа өндіріс үрдісі қанша қайталанса да, жұмысшы жалдамалы жұмысшы болып, ал капиталист - өндіріс құралдарының иесі болып қала береді. Былайша, айтқанда жай жаңадан тауар өндіріс үрдісінде тауар ғана шығарылмайды, капитал да пайда болады.Яғни еңбек үрдісінің жай сәттері қосылып, капиталистік өндіріс қатынастары пайда болады. Бұл өндіріс құралдарының иесі мен жалдамалы жүмысшы арасындағы қатынастар, ал дәлірек айтсақ қосымша еңбекке еріксіз тартып,оның нәтижесінде капитал қорына қосымша қаржы түсіру, яғни капиталдың өзіндік өсімін камтамасыз ету. Бүның барлығыкапиталды кең түрде жаңадан өндіру үрдісінде орын алады, қосымша құнның бір бөлгілі мөлшері айналымдағы капиталға қосылып, қосымша өндіріс құралдарын сатып алып, жаңадан жалдамалы жұмысшыларды жалдауға жұмсалады.Осындай қосымша құнның капиталға айналуын капиталдың қорлануы деп атайды. Нәтижесінде капиталдың концентрациясы пайда болады немесе қосымша құнның капиталға айналуы арқылы капитал мөлшерінің өсуі болады. Жалпы капиталистер өздеріне тиесілі қосымша құнды жеке бастарының сұраныстарына жұмсағанын Маркс капиталистердің бұл шығынын паразиттік, яғни капиталды талан -таражға салу деп бағалады . (23 том, 606 бет) Өйткені мұндай шығындар капиталдың өзіндік өсу жылдамдығын азайтады.Егер мұндай шығында 0 -ге тең болса, онда капиталдың өзіндік өсім жылдамдығы тездейді.

Бұл жерде енді капиталданған  қосымша құн тұрақты және өзгермелі  капталдың қосындысына қандай пропорциямен бөлінеді. ¥зақ уақыт бойы бүл пропорция  уақыт көлемінде де, түрлі пайдалы  қызметтер жасау мен бақуатты молшылық жасауда тұрақтанып келді. Бірақ машинаны пайдалану өндірістің техникалық негізінің біркелкі болмауына әсерін тигізді. Мысалы, жүріп келе жатқан экскаватордың операторы алып машинаны қозғалысқа келтіру үшін , оның бір күндік еңбек ақысынан мың есе асып түсетін жұмыс жасайды, ал мейрамханадағы аспаз пышақпен бұдан 100 жыл бұрынғыдай тағамды жентектеп дайындайды, тек қана оны пісіру үшін электр жылытқыш құралдарды пайдаланады. Егер ол тоңазытқышты, микротолқынды пешті, ыдыс жуғыш машинаны пайдаланса да , ол затқа айналған еңбектің әлдеқайда аз массасын пайдаланады, эксковатор операторымен немесе атомоход жүргізушісінің еңбегіне қарағанда: Пайдалы қазбаларды қазу сферасындағы жүмысты талдап алған капиталист өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға өз капиталының көп бөлігін жұмсаса, оған қарағанда мейрамхана иесі жақсы аспаз табу мен түрлі құрал-жабдықтарды алуға әлдеқайда аз қаражат жұмсайды. Сонымен , бұл пропорция ең бірінші капиталдың техникалық құрылымымен анықталады немесе өндіріс құралдарының саны мен бір жұмысшының қозғалысқа келтіретін еңбегімен анықталады3.

Бірақ бұл пропорция  капиталдың құндық құрамы мен (С) тұрақты  және (V) өзгермелі қатынасынан құралады.

Маркс эмпиристік фактіге, дәлірек айтқанда ғасыр бойындағы, 18 ғасырдың ортасынан 20 ғасырдың ортасына дейінгі капиталдың органикалық  құрылымының өзгеруінің эмпиристік заңдылықтарын теориялық тұрғыдан пайымдауға тырысты. Бүгін біз бұл кезеңді өнеркәсіп революциясының дәуірі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі эмпиристік заңдылық капиталдың органикалық кұрылымының тұрақты өсуі болып табылады.

Маркс бұл заңдылықтарға мынадай түсініктер ұсынады: капитал иелері бұқара ішінде капитал жинақталуы процесін өсіп отыратын қосымша құнды өндіріс құралдарына айналатындай етіп жүргізеді, немесе, басқаша айтқанда, қосымша құнды негізінен өндіріс құралдарын сатып алуға жұмсайды. Олар неге бұлай етеді? Қосымша құн туындату процесінде өндіріс құралдары пассив роль атқаратыны белгілі емес пе. Капиталдың ұлғаюы, оның өзін-өзі өсіруі тұрақты капталдың емес, ауыспалы капиталдың мөлшерлеріне байланысты. Өз шығындарын тұрақты капиталға жұмсай отырып, капиталистер өз байлығының өзін-өзі өсіру негіздерін тұмшалап отыратың тәрізді. Сонда олар болашақты болжай алмайтын болып шыққаны ма?

19 ғасырдың капиталистерінің  алысты болжай білмеуі олардың  қомағай ниеттеріне байланысты  болса керек: біріншіден олар өндіріс құралдарын біражола, ал жұмыс күшін уақытша ғана сатып алады, Міне, қосымша құнды ауыспалы емес, тұрақты капитал түрінде пайдалану негіздерінің бірі осы. Екіншіден машина тәулік бойы пайдаланып, оның жүктемесін нарықтық қажеттіліктерге қарай реттеп отыруға, өзгермелі сұранысқа орай товар шығарылымын азайтып не көбейтіп отыруға болады. Машиналар қосымша еңбекке тартуға мейілінше бейімделген, демек түрлі машиналарды көбірек сатып алу қажет. Үшіншіден, машина ереуілге шығуды білмейді. Төртіншіден, машина оз иесіне жалдамалы еңбекті үнемдеуге, барған сайын арзан товарлар шығаруға мүмкіндік береді. Машина иелері шапшаң және кең көлемде өз товарларына ұсынысты ұлғайта алады, жаңа рыноктарды жаулап, байлығын еселеп отырады. 19 ғасырдың капиталисінің машинаны таңдауы сондықтан. Машинаны өзгелерден жақсы білетіндер, капиталды басқаға қарағанда ақылмен жүзеге асыратындар рынокта да жеңіп, одан өз бәсекелестерін құн заңдылығына сәйкес шығарып тастап отырады. Банкротқа ұшыраған кәсіпкердің мүлкі: машиналары, ғимараттары тұрақты капитал ретінде әрі қарай қызмет ете алмайтындықтан қандай өзгерістерге ұшырайды? Жолдары болып тұрған капиталистер бұл мүліктерді қалдық бағасымен сатып алып, өзгертіп жаңартып, модернизация жасап қайтадан тұрақты капитал элементі ретінде қызмет еткізеді. Аз санды капиталистердің қолына жинАлған мүлік қозғалысын капиталды орталықтандыру деп аталады. Капиталды жинақтау және орталықтандыру өндірістің ірілеуіне, ірі фабрикалардағы өндіріс үлкен қалаларда шоғырланып, өнеркәсіп орталықтарына айналады.

Капитал қорлануыныңтағы  бір салдары -жұмыссыздықтың пайда  болуы, немес Маркс айтқандай, еңбектің қосалқы армиясының пайда болуы  капитал өзі көбейгенше жұмыс  күшіне деген сұраныс аз болады, бірақ жұмыс күші басқа тауарлардан  айырмасы сонда ол капиталдың қызмет үрдісінде пайда болмайды, яғни тауарды өңдірген кезде емес, одан тысқары жерде пайда болады.

Халық санының өсуі, қарапайым  өңдірушілердің күйреуі жұмыс күнінің  ұсыныс мөлшерін анықтайды. Капиталдың өздік өсу үрдісінде халық  санының өсуі мен қарапайым өндірушілердің күйреу жылдамдығы артады: Бірінші - айналымдағы капитал халыққа арзан товар беріп, оның жаңадан шығарылып отыруына, кеңеюіне жол ашады-тауар және қызмет жасаудың бағасы төмендейді. Екінші - капиталистік тауар өндірушілер мен қарапайым өндірушілер өндіріс бэсекесіне тойтарыс бере алмайды. Жұмыс күшіне деген сұраныс баяулайды, ал жұмыс күшін ұсыну жылдамдайды, капитал сұранысынан артық жұмысшы халық пайда болып, жұмыссыздар көбейед.

 

N     =     N1   + N2

Бұл жерде жұмыс күшінің  абсолюттік артықтығы емес, қатыстығы туралы сөз болуда. Жұмыс күшін сол ғана қысқартса, еңбек етушілердің еңбек қарқынын азайтса жұмыссыздық болмас еді. Сонымен қатар, еңбекке жарамды адамдардың санының өсуі еңбектен еріксіз босату экономикалық сфера ролінің қоғамның өмір сүру барысында өзгеруінің жанама ғана дәлелі болады.

"Капиталда" халық  санының өсуі қатынасының үш  формасы өте дәл сипатталған  : ағымдағы, жасырын және тоқырау.

Маркс капитализм кезінде  еңбекке жарамды азаматтарды  жұмыспен қамтамасыз етілгендер мен жұмыссыздар деп екіге бөлуді қоғамның поляризациясы деген (екіге бөлінуі) анықтама берген.

Тарихта жұмысшылар алғашқы  рет өндірістен аластатылып, мүлде  және салыстырмалы түрде кедейшілікке ұшырады.

Тақыр кедейлік - бұл жұмысшылардың  өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі. 19 ғасырдағы тақыр кедейліктің мысалын "Капитал" беттерінде кездесетін мемлекеттік фабрика инспекторларының ресми есептерінен үзіндіні Маркс келтіреді.

20 ғасырда жұмысшы  халықтың тақыр кедей қалпына  түскен кезі дүние жүзілік  екі соғыстың арасы, аймақтық соғыстардан зардап шегушілік, қоршаған ортаны өндірістік , ластау (механикалық, химиялық, жылу, ақпараттық) ластану. Салыстырмалы кедейлік - бұл жүмысшыныңүлттық кірістегі үлесінің азаюы; жыл бойы құралған нарықтық мөлшерін алғанда.

Капитал қорлануының осы тарихи бағытын Маркс «капитал қорлануының абсолюттік жалпы заңы» деп аталады. Бұл заң төмендегі тәртіппен қалыптасты: «Қоғамдық байлық неғұрлым көп болып, айналымдағы капитал, оның мөлшері және өсу энергиясы көп болса, соншама пролетариаттың және өндіруші күштердің абсолюттік өлшемі көп, яғни қосалқы жұмысшы армиасы да еселене түспек». Бірақ, қосалқы армиа белсенді жұмыс армиасымен салыстырғанда саны жағынан көп болса, соғұрлым халықтың орналасу тығыздығы тұрақты түрде артады, яғни оның қайышылануы бұл белсенді жұмыс армиасының бейнетіне тура пропорционалды. Ал егер қазіргі белсенді жұмыс армиасының бейнетін 19 ғасырдағы жұмысшылардың бейнетімен қатар қойса, «Капиталда» Маркс айтқан, онда 20 ғасыр аяғындағы дамыған елдегі жұмысшыларда ондай бейнет мүлде жоқ деуге болады, немесе азайғанын мойындау қажет. Бұдан капитал қорлануының абсолюттік жалпы заңы бұл елдерде эрекет етуден мүлде тысқары қалды ма деген сұраққа жауап ізеу қажет. Әрине, жоқ, өйткені: пролетариаттың «Еңбек бейнеті» мен «Қайыршылық» бір мағынаға ие болып, тарихи мәнін сақтап қала алмайды 4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жұмысты қорытындылай келсек, ҚР заңына сәкес кәсіпорындар құрылуы  барысында белгілі бір ммөлшерде  мүлікке ие болуы тиіс және солмүліктің  ақшаға айналдырылған түрі меншікті капитал болып табылады.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып  табылады.

Шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына салынатын  салымдары  ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Жарияланған жарғылық капиталының  минималды көлемі ашық акционерлік  қоғам үшін – бес мың минималды  есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам  үшін – жүз минималды есептік  көрсеткішін құрайды.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы  есептің дұрыстығын тексеру үшін олардың бастапқы құндары мен  қайта бағаланған сомасына, қалыптасқан  тозу сомасына салыстырмалы кестелер жасалынып, есептеулер жүргізіледі.

Резервтік капитал  субьектінің  негізгі (оперативтік) қызметінен алынған  зияндарын жабуға және ағымдағы табыс  жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді  төлеуге пайдаланылады.

Есепті жылдың жабылмаған залалының есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған  5410-шы шоты пайдаланылады.

Арнаулы тағайындалу  қорлары салықтар бойынша бюджетпен  есеп айырысудан соң жиынтық табыстан ұйымдастырылады.

Банк несиелерінің есебі  №3010 «Қысқа мерзімді  банктік қарыз» , №4010 «Ұзақ мерзімді  банктік  қарыз»  пассивті баланстық шоттарнда  жүргізіледі. Капиталдың түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар, ақша қаражаттары және т.б. пайда болу көзін бейнелейді.

Капитал өздігінен  өсетін құн ретінде жұмыс күшін  жұмсаудан пайда болады, яғни еңбек  және тауар өндіру үрдісінде пайда  болады. Бірақ тауар өндіріс нәтижесі, үздіксіз жойылып , тұтынған соң жоқ  болып отырады. Яғни өндірісті тоқтату мүмкін емес, өйткені адамдар өмір сүрген қоғамда тұтынуды тоқтату мүмкін емес. Еңбек үнемі жаңарып отыратын үрдіс болғандықтан өндіріс те осы қырынан қарастырылады, яғни ол жаңадан қайталап өндіру деген сөз. Жаңадан өндіру үрдісінде табиғи заттар мен еңбек қабілеті үздіксіз жойылып, қоғамдық еңбек өндірісін үнемі бұрынғы массштабта жаңартып отыруға мәжбүр етіп отырады. Еңбек үрдісін үнемі мұндай масштабта жаңартып отыру -жай жаңартып отыру деп аталады. Біз білетін өндіріс үрдісінде, авансқа берілген капитал құны ғана қайтарылмайды, сонымен қатар жұмыс күшін пайдаланғандықтан қосымша құн да пайда болады. Егер өндіріс құралдарының иесі барлық пайда болған қосымша кұнды өз қажетіне жұмсаса, немесе барлық пайда болған қосымша құн «желініп» қойса, онда капиталист бұрынғы капитал қозғалысын бұрынғы масшабта қайта өндіре алады, ол бұл жағдайда өз капиталын жаңадан өндірудің жай түрімен жүзеге асыра алады да, оның иесі болып қала береді.

Қорытындылай келе айтар  болсақ, кәсіпорынның капиталы қозғалысының дұрыс бухгалтерлік есебінің дұрыс жүргізілуі оның болашағының бағыт-бағдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2002 ж. 25-37 беттер.
  2. Кеулімжаев С.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері:оқулық.- Алматы: Экономика, 2006 ж.138-145 беттер.
  3. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006ж. 267-268 беттер.
  4. Қабылова Н.Қ. Бухгалтер.- Астана: Фолиант, 2007 ж. 316 бет.
  5. Әбдіманопов Ә. Бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру.- Фемида, 1997. №10.
  6. Кеулімжаев Қ. Бухгалтерлік есеп принцптері. – Алматы, Экономика, 2003.
  7. Назарова В. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденциясы. – Алматы, Экономика, 2002.
  8. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы; Сөздік – Словарь, 1999
  9. Мақыш С.Б. Банк ісі.-Алматы, Издат Маркет, 2007
  10. Абишев М.Н. Капитал. Бизнес. Рынок.: Толковый словарь терминов и понятий.-Алма-Ата: Паритет. 1992.-81 с.
  11. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі.-Алматы:Экономика, 2007.-544 б.
  12. Введение в экономику. М: Вита-Пресс, 2002.-256 б.
  13. Арызбаева А.А. Теоретико-методологические и организационно-методические проблемы учета, контроля и анализа капитала корпоративных предприятий. Автореферат.-Алматы, 2008.-348 б.
  14. Балабанов И.Б. Основы финансового менеджмента: Как упарвлять капиталом?.-М: Финансы и статистика, 1995.-384 с.
  15. В помощь бухгалтеру и аудитору: Справочно-методическое пособие. М: Филин, 2002.-496 с.
  16. Айсаутов Д. Альтернативная форма размещения капитала //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2007.-№3. С. 48-51
  17. Турганалиев Е. Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления // Қаржы-қаражат.-2002. -№6.С 62-65
  18. Тургулова А.К. Источники финансирования инвестиций в основной капитал в реальной экономике Казахстана //Банки Казахтана.-2004. -№11- С.19-23

 

 

 

 

 

 

1 Кеулімжаев Қ.К. ж.б. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2003.- 360 б.

Информация о работе Меншік капитал