Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 02:30, курсовая работа
Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген негізгі құралдардың істен шығу есебі оқымысты ғалымдар мен тәжірибелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген. Ол айтарлықтай түсінікті және тиімді болғандықтан, толығымен ақталып шықты. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының территориясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үрдісінде әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР.................................................................................5
1.1. Негізгі құралдар туралы түсінік ..............................................................5
1.2. Негізгі құралдардың жіктелуі ...................................................................6
ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды есептен шығару .....................................................12
2.2. Негізгі құралдардың құжаттық рәсімделуі...........................................13
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................22
ҚОСЫМША АҚПАРАТ ..........................................................................................23
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
І БӨЛІМ. НЕГІЗГІ
ҚҰРАЛДАР......................
1.1.
Негізгі құралдар туралы
1.2. Негізгі құралдардың жіктелуі ..............................
ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ
ҚҰРАЛДАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды есептен шығару
..............................
2.2. Негізгі құралдардың құжаттық рәсімделуі....................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
..............................
КІРІСПЕ
Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген негізгі құралдардың істен шығу есебі оқымысты ғалымдар мен тәжірибелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген. Ол айтарлықтай түсінікті және тиімді болғандықтан, толығымен ақталып шықты. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының территориясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үрдісінде әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы
«Негізгі құралдардың істен
- мойындау кезеңі;
- қызмет ету мерзімі;
- амортизация есептеу әдісі
- кезеңдегі күрделі салым;
- бағалау әдісі.
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
Қандай да бір болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесіне атқаратын рөлімен анықталады.
№6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысананын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральді және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6.
Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме
жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері
банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
I.БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесіне атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық), машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құрал жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетікер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып бөлінеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Кәсіпорындар туралы» заңға сәйкес кәсіпорыны өзіне жататын үйлер, ғимараттар, жабдықтарды, көлік құралдарын және инвентарлы сатуға және басқа кәсіпорына беруге, айырбастауға, жалға беруге, уакытша пайдалануға тегін немесе қарызға беруге, сондай- ақ заң актілері мен кәсіпорынның жарғысында басқаша қаралмаған болса, оларды баланстан есептен шығаруға құқы бар.
Шаруашылықты
жүргізуші субъект қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді,
ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік
құралдары мен құрал-саймандарды басқа
субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға
беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге,
сондай-ақ баланстан шығарып тастауға
болады.
1.2.Негізгі
құралдардың жіктелуі
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-сайман т.б) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші-қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес құрал-жабдықтар- тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз-cубъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуға болады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құалдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып тұрған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар- бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдықтар); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталу керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объект болып саналады;
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясын бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларын бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект бола алады;
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объект болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады: