Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 02:30, курсовая работа
Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген негізгі құралдардың істен шығу есебі оқымысты ғалымдар мен тәжірибелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген. Ол айтарлықтай түсінікті және тиімді болғандықтан, толығымен ақталып шықты. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының территориясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үрдісінде әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР.................................................................................5
1.1. Негізгі құралдар туралы түсінік ..............................................................5
1.2. Негізгі құралдардың жіктелуі ...................................................................6
ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды есептен шығару .....................................................12
2.2. Негізгі құралдардың құжаттық рәсімделуі...........................................13
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................22
ҚОСЫМША АҚПАРАТ ..........................................................................................23
Күш беретін машиналар және жабдықтар-жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двгательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер);
Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік прцестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, ампериметрлер, микроскоптар);
Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және авоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары);
Басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппарттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдар (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объект бола алады;
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект-мүліктік объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастағағн) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б.шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілгетін сыйақы, сатып алу – сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығындар;
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша – сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстары болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
Үйлер мен ғимаратттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер, көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
Жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар- өздерінің келісілген бағасы бойынша;
Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша - сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығындар;
Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарды қоса есептегенде);
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің – бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобильіне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде –малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;
Негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша – жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
Жай өсімдіктер бойыеша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша - олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша - жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдадың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизациялық құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арсындағы айыпмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
Негізгі
құралдардың бухалтерлік есебі:
негізгі құралдардың келіп
II БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЕСЕБІ.
2.1.
Негізгі құралдарды есептен шығару.
«Кәсіпорындар туралы» заңға сәйкес кәсіпорыны өзіне жататын үйлер, ғимараттар, жабдықтарды, көлік құралдарын және инвентарлы сатуға және басқа кәсіпорына беруге, айырбастауға, жалға беруге, уакытша пайдалануға тегін немесе қарызға беруге, сондай- ақ заң актілері мен кәсіпорынның жарғысында басқаша қаралмаған болса, оларды баланстан есептен шығаруға құқы бар.
Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауға болады.
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрлағанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпрындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара (объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-заланың және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.