Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 02:30, курсовая работа
Біздің еліміздегі осы уақытқа дейін қолданып келген негізгі құралдардың істен шығу есебі оқымысты ғалымдар мен тәжірибелі адамдар ұрпақтарының көптеген жылдар бойы атсалысуымен дүниеге келген. Ол айтарлықтай түсінікті және тиімді болғандықтан, толығымен ақталып шықты. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының территориясындағы меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына байланысты еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өту үрдісінде әр түрлі қызмет атқаратын кәсіпорындар пайда болды.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР.................................................................................5
1.1. Негізгі құралдар туралы түсінік ..............................................................5
1.2. Негізгі құралдардың жіктелуі ...................................................................6
ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдарды есептен шығару .....................................................12
2.2. Негізгі құралдардың құжаттық рәсімделуі...........................................13
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................22
ҚОСЫМША АҚПАРАТ ..........................................................................................23
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар-тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар-биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Артық пайдаланбаған негізгі құралдар басқа кәсіпорындарға сатылу мүмкін. Сатудан түскен қаражаттар шаруашылықтын қарамағына қалдырады.
Өнім беретін және жұмыс малдарының өнім беруінің, мал басын ұдайы өсіруге қабілетінің, жұмыс қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне, жазылмайтын ауруына, жарақатына, кәрілігіне, өспей қалуына т.б байланысты тұқымдық және пайдалы сапалары жоғалтқанда негізгі табыннаң жарамсыздыққа шығарады.
Ауыл
шаруашылығында негізгі қалдақтарды,
өнім беретін және жұмысшы малдарды қоса,
қарызға сатуға құқылы. Жалгерлер шаруашылыққа
сатқан сүттің, төлдің құнын қарыздарынан
шығарып отыру жолымен оладың құнын бірнеше
жылдың ішінде төлеп отырып, алуына болады.
Қарызға сатудың бұл тәсілі жалгерлік
ұжымға да, жалға беруші шаруашылыққа
да барынша тиімді. Малдарды сатқанда
жалгерлер сатылу сәтіндегі тірідей салмағы
мен негізгі табынға қосатын сәттегі тірідей
салмағының айырмашылығын анықтағаны
жөн.
2.2.
Негізгі құралдардың құжаттық рәсімделуі.
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжатарды дайындау үшін (құрылтайшыладың немесе уәкілеттердің жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иеінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есепен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығаылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін , қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Бұл комиссиялар:
НҚ №3 және НҚ №4-нысандарындағы актілерде жасалған немесе салынған жылы, кәсіпорынға келіп түскен күні, пайдалануға берілген уақыты, объектінің бастапқы (ағымдық) құны, есептелген тозу сомасы, жөндеулердің саны көрсетіледі. Акт кәсіпорын басшысы бекіткеннен кейін ғана объектіні таратуға кіріседі. Актінің келесі жағында объектіні тарату жөніндегі шығындар мен негізгі құралдар таратудан алынған материалдық құндылықтардың түсімі көрсетіледі. Материалдық құндылықтарды қоймаға өткізу жүк құжатпен ресімделеді (кіріске алу пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша жүзеге асырылады). Негізгі табыннан жануарлардың жарамсызын шығаруды негізгі табындағы жануарға арналған актімен ресімдейді (бір жануарға №57-нысан, топқа №57а-нысаны).
Баланстан есептен шығарылған көпжылдық өсімдіктер көпжылдық өсімдіктерді есептен шығаруға арналған №58-нысандағы актімен ресімделеді.
Малдардың сойылғаны мен өлім-жітімі малдар мен құстардың шығарылуына арналған №100-нысанындағы актімен ресімделеді. Оны субъект басшысы тағайындаған арнайы комиссия өлім-жітім, сойыс болған күні жасайды. Жекелеген тұлғалардың кінәсі бойынша мал өлетін болса, актінің негізінде келтірілген зиянды өтеудің мөлшері туралы шешім қабылданады. Осы актілердің негізінде инвентарлық карточкаларда, инвентарлық карточкалардың тізімдемесінде және олардың тұрған жері бойнша негізгі құралдар инвентарлық тізімдерінде негізгі құралдар шығарылғандағы туралы белгілер қойылады. Бір субъектінің екіншісіне негізгі құралдар табыс етуі НҚ №1 актісімен ресімделеді, ол екі данада жасалады. Актінің негізінде инвентарлық карточкаларда және инвентарлық тізімдерде негізгі құралдардың шығарылғандығы туралы белгілер қойылады. Негізгі құралдар субъект ішіндегі бір цехтан екінші цехқа ауысуы НҚ №1-нысанындағы актпен ресімделеді. Оның негізінде негізгі құралдар орналасқан жері бойынша инвентарлық карточкалар мен инвентарлық тізімдерде құралдарың қозғалысы туралы белгілер қойылады.
Сақа өнім беретін және жұмысшы малдардың жинақталған есебін материалдық жауапты адамдар фермадағы малдар мен құстардың қозғалысы жөніндегі есеп берулерде жүргізеді (№102) оларды алғашқы құжаттардың және малдар мен құстардың қозғалысын есептеу кітабінің жазуларының негізінде малдардың түрлері мен топтары юойынша екі дана етіп жасайды. Есеп беруді құжаттармен бірге тексеру үшін бухгалтерияга тапсырады. Есеп беруде айдын басынан малдардың әрбір түрінің және топтарынын қолда бары және айдын аяғына көрсетіледі. Есеп берудің негізінде бухгалтерия «малдардың талдамалық есебінің ведомосіне» жазады. Онда оның соқа өнім беретін және жұмысшы малдардың қозғалысын есептеу үшін ашылғаны көрсетіледі. Ведомостке қосымша парақтардың қажетті саны құрастырылады. Мұның өзі сақа өнім беретін және жұмысшы малдары қозғалысының есебінің түрлері және жыныстық топтары бойынша шаруашылықта тұтас жүргізуді қаматамасыз етеді. Ведомсте айдың басына қолда бар малдар, айдың ішіндегі түсуі және шығу, айдың аяғындағы қалдықтар малдар тобының түрлері және жыныстық, жасы бойынша көрсетіледі. Ведомстін мәліметтері №13-АӨҚ журнал-ордеріне көшіріледі.
Комиссия малдарды негізгі табыннан жарамсыздыққа шығаруды жөніндегі актілерді жасағанда малдарды бонитировкалау ведомостілерін, малдардың денсаулық сақтау жағдайы және пайдалану мақсаты жөніндегі қорытындыларды басшылыққа алады. Малдарды негізгі табыннан жарамсыздыққа шығару актілерінде малдарды жарамсыздыққа шығарудың себептерін, ауруының себептерін келтіреді, ауруының диагнозын көрсетеді, ал сойғаннан кейін алынған өнімнің және оны кіріске алудың тәртібін анықтайды. Бекітілген акт бухгалтерияға беріледі.
Малдардың сойылуы және шығынға ұшырауы ауыл шаруашылықтың басшысы шығын болған күні тағайындалған арнаулы комиссияның малдар мен құстарды шығаруға жасаған актімен хатталады. Ол дереу басшының қарауына беріледі. Малдар жеке адамдардың кінәсінен шығынға ұшырағанда актінен негізінде олардан шаруашылыққа келген зиянды өндіріп алудың көлемі жөнінде шешім қабылданады. Союдан немесе шығыннан алынған өнім қоймаға тапсырылу тиіс. Оны қоймаға қабылдау жөніндегі кіріс жүк құжатының көшірмесі актіге қоса тіркеледі.
Негізгі табыннан жарамсыздыққа шығарылған немесе бордақылауға ауыстырылған, дайындау ұйымдарына және сыртқа сатылған, союға берілген өнім беретін және жөмысшы малдарды жарамсыздыққа шығарудан түскен түсім; сақа асыл тұқымды және асыл тұқымды емес және басқа жұмысшы малдарды сатудан және жарамсыздыққа шығарудан нақтылы алынғын сомалар: шығын болған малдарды қалпына келтіру үшін қауіпсіздендірулер; шығын болған малдардан алынған өнімдердің құны болып табылады.
Негізгі табыннан жарамсыздыққа шығарылған малдардың актілері негізгінде малдардың шығарылуы жөнінде инветарлық тізіміне белгілер жасалады.
Негізгі құралдарды есептен шығарудын қолданыстағы тәртібі бұрмаланған, сондай- ақ өзінің қызмет көрсету мерзімің атқарған мартериалдық құндылықтарға қырсыздық қатынас жасаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды (автокөлік құралдарынан басқа) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы акт арқылы жүзеге асырылады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі» деген бөлімінде қарастырылады.
Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрлерін есептен шығару «Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде» көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық құндылықтар бағасы «Автмобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен шығару нәтижесінің есебі» деген бөлімшесінде көретіледі.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қосымша сипаттама беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аврияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарлатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістіріледі.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау (жойып немесе өртеп жіберу) анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Басы
артық, пайдаланбаған құрал-
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдар субъекісінің өз ішінде орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде құрал-жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар шаруашлық ішінде орын ауыстырғанда «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйының өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі құралдардың құны «Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебитіне, «Негізгі құралдар» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына «Негізгі құралдардың тозуы» деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, «Негізгі құралдар» деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.