Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 14:46, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ---------------------------------------------5
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау------------------------------------5
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі----------------------------------------------9
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу-------------------------------------------------------13
ІІ. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРУ ЕСЕБІ------15
2.1 Қаржыландырумен ағымдағы жалдың түсінігі және түрлері---------------15
Лизинг операцияларының есебі-------------------------------------------------21
2.3 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі аудиті-----------------------------22
2.4 Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу------23
2.5 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі--------------------------------------25
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------28
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------30
Жоспар
КІРІСПЕ-----------------------
І-ТАРАУ.
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР
ЕСЕБІ-------------------------
1.1 Негізгі
құралдар, оларды жіктеу мен бағалау-----
1.2 Негізгі
құралдар қозғалысының есебі-------------------------
1.3 Негізгі
құралдарды түгендеу-----------
ІІ. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРУ ЕСЕБІ------15
2.1 Қаржыландырумен ағымдағы жалдың түсінігі және түрлері---------------15
2.3 Жалға
берілген негізгі күралдардың
және жауапты сақтауға
2.4
Жалға алынған негізгі
2.5
Жалға берілген негізгі
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
ҚОСЫМША-----------------------
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Осы
Заңның мақсаттары үшiн
1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлердi
кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген
ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi
ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды
сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi
орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген
заңды тұлға;
Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Қаржыландырумен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:
І-тарау. Негізгі құралдар есебі
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
э) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
1. Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3. Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
• күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатты өндіретін машина-генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двитательдері, трубиналар, электр двигательдері және т.б.);
• жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде керек-жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар, ірейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т.б.);
• өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек-жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар (дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);
• есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар (компьютерлер мен басқа есептегіш техника);
• басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, турба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
- аспап - қол енбегінің
• өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар - жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін ұзынша үстелі);
• шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);
• жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіз, түйе және тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық бие; тұкымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қопшар. Мүліктік объект - әрбір үлкен мал.
• көпжылдық көшет егістері - қолдан етілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза плантациясы, бұғадан (өсімдіктен) жасалған қорғлау, қаша, танапты қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар басының түйісуі);
•
жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі
күрделі шығындар – ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жердің бетін көркейту
жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар
(жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу,
алаңды егіндікке арнап тамырмен жұлу,
жерді тастан тазарту);
•
басқа да негізгі құралдар - кітапхана
қорлары, спорттық мүлік, мүражай құндылықтары.
8. Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
• жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Материалдық
активтерді негізгі құралдар деп
танитын тұста бағалауға
• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;