Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 14:46, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ---------------------------------------------5
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау------------------------------------5
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі----------------------------------------------9
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу-------------------------------------------------------13
ІІ. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРУ ЕСЕБІ------15
2.1 Қаржыландырумен ағымдағы жалдың түсінігі және түрлері---------------15
Лизинг операцияларының есебі-------------------------------------------------21
2.3 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі аудиті-----------------------------22
2.4 Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу------23
2.5 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі--------------------------------------25
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------28
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------30
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
•
жойылу құны - шыққан шығынды тастап
пайдаланылған мерзім соңында субъект
актив алатын деп үміттенетін
таза сома немесе сынған қалдықтардың
қосалқы бөлшектерінің
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
•
баланстың құнмен - жинақталған тозу
және баға түсуден жинақталған залал
сомасын алып тастағанда бухгалтер
баланста актив мойындалатын сома.
Баға түсуден болатын залал - активтің
баланстық құны онын орнын толтыратын
құннан артқан сома.
1.2
Негізгі құралдар
қозғалысының есебі.
Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату мақсатымен алынған негізгі қорлар - тауарлық-материалдық қорлар кұрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылым инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (№НҚ-1 ф.) ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдардың қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шоты соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка . ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізеді. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте рет нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетге реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (N НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісім-шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы
қорына
алу бағасы, тасу шығындары, соның
ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру,
монтаж, пайдалануға берілетін
үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі. Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:
Негізгі құралдардың істен шығуы.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
• физикалық немесе сапалық тозу;
• шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
• басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;
• басқа заңды немесе жеке тұлғаларға етеусіз беру;
• объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
• кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.
Комиссия
объектіні қарайды, есептен шығарудың
нақты себептерін белгідейді, мерзімінен
бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды
табады, пайдалану мүмкіндігін
Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.
Негізгі
құралдардың істен шығуы (есептен
шьнуы) мынандай бухгалтерлік жазбалармен
көрсетіледі: Негізгі құралды өткізу
Мысалы: Үй, бастапкы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта есептейік:
• Ағымдағы құн 5300800 теңге х 1,054 = 5587043 теңге.
• Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2 234 817 теңге.
• Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы:
2421 «Үйлер» шоты дебеті
5320
«Негізгі құралдарды артық
5 300 800 теңге - 5 587043 теңге = 286 243 тек
•
Тозуды қайта бағалау:
5320
«Негізгі құралдарды артық
2421 «Үйдің тозуы» шот кредиті 2 234 817теңге-2 120 320теңге= 114497 теңге
№6
«Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік
есеп стандарттарына сәйкес активті
пайдалану шамасына қарай қайта
бағалау сомасы амортизация есептеу
тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын
мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа ауыстырылады.
Құнды ұлгайту сомасы (актив кұнының өсуі):
(300 800 теңге - 5 587043 теңге) - (2 234 817 теңге -2 120 320 теңге) = 171 746 теңге.
Артық
бағалаудың барлық сомасы тек активтің
себебіне қарамастан істен шыққан бөлінбеген
табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай
жазба түседі:
5320
«Негізгі құралдарды артық
5410
«Есепті жылдың бөлінбеген
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу
Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен 2410 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың бар-жоғын тексеру керек - құжаттар жоқ болса, оларды алу немесе ресімдеу қажет. Субъект құрған комиссия міндетті түрде объектіге байқап қарайды және «Негізгі құралдарды түгендеу тізімдемесіне» қолардың толық атауын, белгіленген міндетін, мүліктік нөмірін және негізгі техникалық және пайдаланылатын көрсеткіштерін жазады. Есепке алынған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп регистрін оларды сипаттайтын мәліметтер жоқ болса немесе дұрыс көрсетілмесе, комиссия түгендеу тізімдемесіне (опись) және мүлік карточкаларына жетіспейтін, сонымен қатар сол объектілер бойынша дұрыс мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті.
Егер комиссия күрделі сипатта жасалған (қабаттарды салу, қосымша үй, бөлме салу және т.б.) жұмыстарды немесе құрылыс пен орнатылғандарды жекелеп жоюды (кейбір конструктивті элементтерді бұзу) бухгалтерлік есепте көрсетпесе, тиісті құжаттар бойынша объектінің баланстық құнын арттыруды немесе түсірудің сомасын анықтауды қажет және регистрде болған өзгерістер жайлы мәліметтер келтіру керек. Комиссия бір уақытта кінәлі адамдарды әрі сол және басқа объектілердегі конструктивті өзгерістерді бухгалтерлік есеп регистрін де көрсетпеу себептерін анықтауға тиіс.
Түгендеу сәтінде шаруашылық жүргізуші субъектіден сыртқары жерде тұрған (алыс регистердегі, теңіз және өзен кемелері, күрделі жөндеуге жіберілген автомашиналар және т.б.) негізгі құалдар олар істен шыққанша түгенделеді.
Пайдалануға жарамсыз және қалпына келтірілмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне кіргізілмейді.
Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілер бойынша әрбір шаруашылық жүргізуші субъект бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері жасалады, оларда бұл объектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтеме беріледі. Оларда белгіленген мәліметтерден басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, жал немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жолданады.
Түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған «Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі» жасалынады.
Түгендеу
комиссиясының хаттамасын субъект
басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін
10 күннен кем емес мерзімде бекітеді.
Қорытындылары түгендеу біткен айдың
есебінде көрсетілуі тиіс.
Мысалы. Түгендеу кезінде табылған, ескерілмеген негізгі құрал объектілерінің құны мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:
2412-2416
«Негізгі құралдар» шоты дебеті
Негізгі құралдардың баланстық
құнына
2421-2429- «Негізгі құралдардың тозу» дебеті 32 000 тенге;
2412-2416 «Негізгі құралдар шот» дебеті
6282 «Негізгі емес іс-әрекеннен
түскен басқа да табыс»