Қоғамдық тамақтану орнына сипаттама бухгалтерлік есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание

Жұмыста қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірген барлық өнімдері мен көрсеткен қызметтері келесі нормативтік құжаттардың талабына сәйкес болуы керектігі жайында атап өтілген:
Санитарлық-гигиеналық және технологиялық;
Сатылатын шикізаттар мен өнімдердің қауіпсіздігі;
Экология, өрт, электр қауіпсізідігі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
2. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ..................................................................................8
3. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ ТАУАРЛАР ЕСЕБІ.....................................................................................................................10
4. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫ
ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ.....................12
5. ӨНДІРІСТЕГІ ӨНІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ ӨТКІЗУ...14
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР................................................................................17
6.1 Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастыруға
қойылатын талаптар.............................................................................................17
6.2 Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына
қойылатын талаптар..............................................................................................18
6.3 Шикiзатқа, технологиялық үдерiске және дайын өнімдерді
сатуға қойылатын талаптар.................................................................................21
6.4 Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау ережелерiне
қойылатын талаптар..............................................................................................32
6.5 Шикі заттарды, тамақ өнімдерін тасымалдау, қабылдау
және сақтау барысында қойылатын талаптар.....................................................34
6.6 Шикізатты өңдеуге және өнімді өндіруге қойылатын талаптар.................37
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................43
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 80.75 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ  БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5

2. ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ  БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ..................................................................................8

3. ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК, ШИКІЗАТ  ЖӘНЕ ТАУАРЛАР ЕСЕБІ.....................................................................................................................10

4. ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫ 

ЕСЕПКЕ  АЛУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН  ЕСЕПТЕУ.....................12

5. ӨНДІРІСТЕГІ  ӨНІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ДАЙЫН  ӨНІМДІ ӨТКІЗУ...14

  1. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР................................................................................17

6.1 Қоғамдық тамақтандыру объектілерін  орналастыруға

 қойылатын талаптар.............................................................................................17

6.2  Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына

қойылатын талаптар..............................................................................................18

6.3 Шикiзатқа, технологиялық үдерiске және дайын өнімдерді

  сатуға қойылатын талаптар.................................................................................21

6.4 Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау ережелерiне

қойылатын талаптар..............................................................................................32

6.5 Шикі заттарды, тамақ өнімдерін тасымалдау, қабылдау

және сақтау барысында қойылатын талаптар.....................................................34

6.6 Шикізатты өңдеуге және өнімді өндіруге қойылатын талаптар.................37

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................43

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................50 

КІРІСПЕ 
 

      Бүгінгі  таңда ел экономикасының нарықтық жолға  көшуіне байланысты  қоғамдық   тамақтандыру пайда бола  бастауына  сәйкес бухгалтерлік есептің, маңызы мен  рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік  есептің мазмұны мен  құрылысына  өзгерістер енгізілді.

        Еліміздегі жүргізіліп отырған  бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен  халықаралық қаржылық есеп беру  талаптарына сай орындалады. Міне  осыларды ескере отырып, бұрын  есепші деп саналып келген  бухгалтер маманы кәсіпорындарды  тамақтандыру жағдайын анықтап,  бағалап, есептеп отырумен қатар,  кәсіпорынның алдағы уақыттағы  экономикалық әл-ауқатын дамыту  жолдарын жоспарлай білуі қажет.

          Қоғамдық тамақтандырудың негізгі кәсібі сатып алушылар мен ұйымдарға сату үшін өзінің өнімін шығару, яғни тамақ дайындау болып табылады.

         Өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы төңірегінде  тұтынушылардың мүдделерін қорғау  мақсатында «Стандарттау және  сертификациялау туралы» ҚР Заңы  қабылданды.

          Жұмыста қоғамдық тамақтандыру  кәсіпорындарының өндірген барлық  өнімдері мен көрсеткен қызметтері  келесі нормативтік құжаттардың  талабына сәйкес болуы керектігі  жайында атап өтілген:

  1. Санитарлық-гигиеналық және технологиялық;
  2. Сатылатын шикізаттар мен өнімдердің қауіпсіздігі;
  3. Экология, өрт, электр қауіпсізідігі.

         Аталмыш курстық жұмысымда   қоғамдық тамақтандыруды толығымен  қарастырып өттім.  Яғни,   қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы  бухгалтерлік  есептің ерекшеліктерін  қарастырдым. 

       Курстық жұмыстың мақсаты-қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің  ерекшеліктерін жан—жақты ашып көрсетіп, толық мағлұмат беру.

       Курстық жұмыстың міндеті:

    1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы  бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін;

     2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы  бағаның қалыптасуын;.

    3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының  қоймаларындағы азық-түлік, шикізат  және тауарлар есебін;

    4. Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындағы  шығындарды есепке алу және  өнімнің өзіндік құнын есептеуді;

    5. Өндірістегі өнімдердің есебі  және дайын өнімді өткізуді;

  1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қойылатын талаптарды қарастыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ  БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

       Қоғамдық  тамақтандырудың негізгі кәсібі сатып алушылар мен ұйымдарға  сату үшін өзінің өнімін шығару, яғни тамақ  дайындау болып табылады.

       Өзінің  өнімі дегеніміз асханада немесе кәсіпорынның өндірістік цехінде дайындалған  дайын өнім және жартылай фабрикаттар.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, сонымен  қатар, сатып алынатын тауарларды да өндіреді.

       Сатып алынатын тауарлар дегеніміз сырттан  ешқандай өңдеусіз сатып алынатын азық-түліктер.Кәсіпорынның өзі өндірген өнімдері тұтынушыларға  тікелей сатуға арналған.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындары тұтынушыларға  тапсырыс және міндетті нормативтік  құжаттардың талабына сәйкес келетін  қызметтер көрсету керек.

       Өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы төңірегінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында «Стандарттау және сертификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

       Қоғамдық  тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:

       1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

       2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

       3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

       4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.

       Сауда объектiсiнiң  мамандандырылуын Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк  иесi айқындайды.

       Кез келген сертификацияның негізгі  міндеті стандарттар мен санитарлық нормаларға сәйкес тұрғындарға ұсынылатын сол қызметтерге сәйкестілігі.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарының өндірген барлық өнімдері мен көрсеткен қызметтері келесі нормативтік құжаттардың  талабына сәйкес болуы керек:

  1. Санитарлық-гигиеналық және технологиялық;
  2. Сатылатын шикізаттар мен өнімдердің қауіпсіздігі;
  3. Экология, өрт, электр қауіпсізідігі.

       Өндірістік  ғимараттар мен құрал-жабдықтардың орналасуы өндірудің технологиялық  үрдісін және өнім өткізудің жүйелілігін  қамтамасыз етуі керек.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындары қабылданған  жарғы және қызметпен айналысуға құқық беретін алынған лицензияның  негізінде өз қызметін жүзеге асыра  алады.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп екі бағыттағы қызметті көрсетеді: бірінші жағынан, өндіріс үрдісін, ал, екінші жағынан, сауда, яғни өткізу үрдісін. Қоғамдық тамақтандырудың  ерекшелігі ол өндіріс үрдісі мен  өнім өткізудің тығыз байланыста болуы.

       Өндіріс үрдісі өнім өндірудегі ең маңызды  кезеңдерінің бірі,ол жабдықталған және осы мақсатқа арнайы дайындалған  жерлерде жүзеге асырылады (өндіріс  немесе асхана).

       Ал, өнімді өткізу кәсіпорын үшін тауар  қозғалысының ең соңғы кезеңін көрсетеді, яғни, ол өзінің соңғы мақсаты- тұтынушыға жеткізіледі.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы тауарлардың  қозғалысын негізгі шаруашылық үрдістерге бөле отырып кесте түрінде көрсетуге  болады: 

                  
 
        
Өндіріс                          
 
        
Жабдықтаушы Жабдықтау Өткізу Тұтынушы
 
 

       Кестеден  көрініп тұрғандай , қайтадан сатуға арналған тауарлардың қозғалысы  өндірістен басталады. Басқа тауарларды өндірісте шикізат ретінде пайдаланады, тек оны өңдегеннен кейін олар тауарға айналып өткізуге бағытталады. Қайтадан сатуға арналған тауарлар бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарларға жатқызылады1. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ  БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. 

       Баға-бұл  тауар құнының ақшалай көрінісі, ол қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында келесі элементтерден тұрады: шығарылатын  өнім бірлігінің өзіндік құны және табыс.Экономиканың басқа салаларынан  айырмашылығы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірілетін өнімнің өзіндік  құны есептелмейді.Сондықтан да қоғамдық тамақтандырудағы баға тікелей шығындар ретінде өзіне тек шикізат  құнын қосады. Бағаның бірнеше  түрлері бар:

  1. көтерме және бөлшек. Көтерме баға бойынша кәсіпорын- дайындаушы өз өнімдерін көтерме бағамен сатып алатын сатып алушыларға, ал, бөлшек баға бойынша-тауарларды тұрғындарға өткізеді.
  2. нарықтық және келісімді. Нарық конъюктурасының өзгерісіне байланысты сатушымен бекітілетін баға нарықтық немесе бос баға деп аталады, ал, сатушы мен сатып алушылар арасында келісімнің нәтежиесінде бекітілген баға- келісімді бағаға жатады.
  3. сатып алу және сату бағасы.Тауарларды сатып алу кезіндегі баға сатып алу бағасы, ал, тауарларды үстеме бағасы бойынша сатып алушыларға өткізетін баға- сату бағасы болып табылады.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы дайын  өнім бағасы калькуляция әдісімен анықталады.Бірақ  та бұл жағдайда өнімнің өзіндік  құны емес оның сату құны есептеледі.Есеп калькуляция карточкаларында әрбір  тағам немесе асхана өнімі бойынша  жеке жүргізіледі.Шикізаттарды салу мөлшері  кулинарлық өнімдер мен тағамдардың  рецептуралық жинағында, қазақ халқының ұлттық тағамдар жинағында, ұн және нан  тағамдарының жинағында, диеталық тағамдар рецептураларының жинағында көрсетілген. Сонымен қатар, жекелеген дайын  компоненттерінің грамдалған  (фарш, жартылай фабрикаттар) массасы көрсетілген  дайын өнімнің шығу мөлшері де көрсетіледі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындары нормативтік құжаттардың негізінде  фирмалық және ұлттық тағамдар мен  өнімдерді жасауға және өндіруге құқы бар.

Информация о работе Қоғамдық тамақтану орнына сипаттама бухгалтерлік есебі