Қоғамдық тамақтану орнына сипаттама бухгалтерлік есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание

Жұмыста қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірген барлық өнімдері мен көрсеткен қызметтері келесі нормативтік құжаттардың талабына сәйкес болуы керектігі жайында атап өтілген:
Санитарлық-гигиеналық және технологиялық;
Сатылатын шикізаттар мен өнімдердің қауіпсіздігі;
Экология, өрт, электр қауіпсізідігі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
2. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ..................................................................................8
3. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ ТАУАРЛАР ЕСЕБІ.....................................................................................................................10
4. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫ
ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ.....................12
5. ӨНДІРІСТЕГІ ӨНІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ ӨТКІЗУ...14
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР................................................................................17
6.1 Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастыруға
қойылатын талаптар.............................................................................................17
6.2 Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына
қойылатын талаптар..............................................................................................18
6.3 Шикiзатқа, технологиялық үдерiске және дайын өнімдерді
сатуға қойылатын талаптар.................................................................................21
6.4 Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау ережелерiне
қойылатын талаптар..............................................................................................32
6.5 Шикі заттарды, тамақ өнімдерін тасымалдау, қабылдау
және сақтау барысында қойылатын талаптар.....................................................34
6.6 Шикізатты өңдеуге және өнімді өндіруге қойылатын талаптар.................37
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................43
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 80.75 Кб (Скачать документ)

       Егер  де ұлттық тағамдар мен өнімдердің әрекет етіп тұрған рецептуралар жинағы болмаса , онда олар қоғамдық тамақтандыру мамандарымен жасалуы мүмкін.Бірақ  бұл жағдайда жасап шығарылған жаңа тағам рецептуралары кәсіпорын  стандарттарына сәйкес болуы керек.

       Сату  бағасы калькуляциялық карточкада әрбір  тағам немесе әрбір тағам түрлері  бойынша есептеледі; немесе 100 порция(тағам)  немесе 10 кг (соус, гарнир, фарш, кондитер өнімдері) сатып алынған өнімдердің бағасы бойынша асхана өнімдері арқылы есептеледі.Үстеме баға әрбір шикізат  түріне жүргізіледі. Тағам бағасының  дұрыс есептелуі өндіріс меңгерушісінің және калькуляцияны жасаған адамның  қолымен куәландырылып, субъекті басшысымен бекітіледі.

       Калькуляцияны 100 порцияға немесе 10 кг. есептеп жасайды, не болмаса бір тағамның түріне, яғни шығарылатын тағамның ассортиментіне, кулинарлық өнімдерге, рецептуралар жинағы бойынша салу мөлшеріне байланысты.Үстеме баға шикізаттар жиына немесе шикізаттың әрбір түріне жүргізіледі. Бұндай баға шикізаттың тағамдағы жиыны өзгергенше сақталады.

       Калькуляциялық  карточкаларды құру және сату бағасын  анықтау жоспар-меню бойынша тағам  ассортиментіне байланысты жүргізіледі.Бекітілген бағаның дұрыстығына жауапты  тұлғалардың қойылған  қолынан  кейін клькуляциялық карточкалар  арнайы реестрлерге тіркеледі.

       Гарнирлерге, соустарға, жартылай фабрикаттарға  баға калькуляция тәсілдері бойынша  есептеледі. Буфеттер арқылы өткізілетін  сатып алынатын тауарларға баға сатып  алу құны мен баға үстемесі негізінде  есептеледі2. 

       3.  ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК, ШИКІЗАТ  ЖӘНЕ ТАУАРЛАР ЕСЕБІ. 

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы азық-түлік  және тауарлар жабдықтаушылардан, сонымен  қатар базар және дүкендерден  сатып алу арқылы түседі.

       Жабдықтаушылардан келіп түскен тауарлар мен шикізаттарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қабылдап алу саны және сапасы бойынша  «Тауарлар мен өнімдерді саны және сапасы бойынша қабылдап алу  туралы ережеге» сәйкес жүргізіледі. Бұл Ереже  ҚР 02.11.1994 ж №1240 Қаулысымен бекітілген.

       Жарамдылық  мерзімі өтіп кеткен және сәйкестік  сертификатынсыз немесе олардың  көшірмесінің мөрімен куәләндірілмеген тауарлар мен өнімдерді өткізуге және қабылдауға болмайды. Мақсаты  бойынша пайдалануға жарамсыз  тауарлар жойылыуға жатқызылады.

       Жабдықтаушылардан тауарлы-материалдық қорларды қабылдау сәйкес құжаттарды көрсету арқылы сенімхаттың  негізінде жүргізіледі.Тауарлы-материалдық  қорларды алушы  мен жіберуші бір  бірімен коммерциялық қарым қатынаста  болса, онда тауарлы-материалдық қорларды сенімхатсыз босатуды жүзеге асыра  алады. 

       Тауарлы-материалдық  қорларды базарда және тұрғындардан сатып алу кезінде сатып алу  актісі жасалады, бұл актіде кәсіпкерлік  қызметтің нысаны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы ақпараттар көрсетіледі.

       Қоғамдық  тамақтандыру қоймаларындағы бухгалтерлік есеп жедел-бухгалтерлік (сальдолық)  тәсіл бойынша жүргізіледі. Бұл  тәсілдің мәні бухгалтериядағы есеп азық-түлік пен тауарлардың орналасқан орны бойынша, материалды жауапты тұлғалар арқылы ақшалай түрде жүргізіледі. Қоймалардығы азық-түліктердің есебін атауы, сорты, бағасы бойынша материалды жауапты тұлға сандық-сомалық  есеп карточкаларында немесе тауар  кітаптарында жүргізеді.

       Материалды  жауапты тұлға тауарлық кітапты  нөмірленген күйінде бухгалтериядан қолхат арқылы алады. Кітап толығымен  пайдаланылып болғаннан кейін қайтадан бухгалтерияға өткізіледі. Бұл жерде  олар талдамалық есептің регистрлері  сияқты басқа да бухгалтерлік құжаттармен  бірге сақталады.

       Құндылықтардың  кірісі және шығысы бойынша материалды жауапты тұлға жазған жазулардың дұрыстығын және тауар кітабындағы  қалдықтарды оқтын-оқтын бухгалтер тексеріп тұрады, содан кейін арнайы графаға тексерілгені туралы белгі соғады.

       Айдың, тоқсанның аяқтлуы бойынша , сонымен  қатар түгендеу күніне  бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен салыстыру үшін қоймадағы азық-түлік, тауарлар қалдықтарына тізімдеме толтырылады.

       Қоймадағы материалды жауапты тұлға қосарлана  жүретін реестрлер кезіндегі  азық-түліктердің келіп түсуі  мен босатылуы туралы құжаттарды бухгалтерияға өткізеді. Реестрлер  есептің сандық-сомалық тәсілі кезінде  толтырылады.

       Есептің жедел-бухгалтерлік тәсілі кезінде  материалды жауапты тұлға тауарлық есепті жасайды3. 
 
 
 
 
 
 

4 ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫ  ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК  ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ 

       Стационарлық  асханаларды ұстау жөніндегі шығындар мынадай баптар бойынша жүргізіледі:

1. Жалақы  және  жалақыдан  аударылатын  аударымдар  —  асхана қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша есептелген әлеуметтік салық).

  1. Шикізаттар (өнімдер) — белгіленген рецептураға сәйкес тамақты (блюданы)дайындау үшін асханаға босатылған өнімнің (тауардың) құны.
  2. Отын, су - тамақты (блюдоны) дайындау үшін жұмсалған отын мен судың  құны.
  3. Ғимаратты күтіп-ұстау — жарық, жылу, сыпыру, амортизация, жөндеу,транспорт, ыстық және суық су, тамақтьг дайындау үшін технологиялық отындар.
  4. Амортизация және басқа да ұсақ керек-жарақтар бойынша шығыстар. Бұл бапқа қоғамдық тамақтандыру саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы, сондай-ақ ұсақ керек-жарақтардың құны (қасық, ыдыс т.б.) жатады.
  5. Басқа да шығындар — бұрынғы баптарда көрсетілмеген шығындар (асхана жамылғыларын жуу және жөндеу, ыдыстарды шаю және т.б.) кіреді.

       Дайын тағамдардың өзіндік құнын анықтау  және тағамның сатылу құнын есептеу олардың калькуляциялық карточкаларында жүргізіледі. Оларда рецептуралар бойынша тағамдардың реттік нөмірі, рецепт бойынша тағамдардың құрамына кіретін өнімдердің атаулары, өнімдердің жұмсалу нормалары және олардың сатылу бағалары жазылады. Есептеу үшін 100 тағамдық өлшем бірлігін алады. Есеп айырысу 100 тағамға жүргізіледі. Тағамның сатылу бағасына қосылатын үстеме ақыны асханалар өндірісінің шығындарын жабу қажеттігін негізге ала отырып анықтайды. Тағамның құны шикізат жиынтығы немесе өнімдерге баға өзгергенге дейін сақталады. Сату бағасының дұрыс белгіленгені калькулятордың (бухгалтерияның) қолымен расталып, оны өндіріс меңгерушісі немесе асхана директоры бекітеді. Карточкалар нөмірленіп, арнаулы картотекаларда сақталады.

       Асхана  қоймасына келіп түскен өнімдер (азық-түлік) мен тауарлар материалдарды есепке алу карточкаларында атаулары, сорттары, саны және құны бойынша есепке алынады. Кәсіпорын бухгалтериясында асханадағы өнімдер 222-шотта есепке алынады.

       Қоймадан  алынған өнімдер асхана меңгерушісінің немесе басқа жауапты қызметкерлердің есебіне жазылады, ол күн сайын накладнойлардың, лимитгік-алу карталарының, кассалық чектердін негізінде ас-үй бұйымдарын сату мен босату есебін жасап, онда тағамдардың санын және олардың сату бағасын көрсетеді. Қолма-қол есеп айырысуға дайын тағамдарды босатқан кезінде кәсіпорын бухгалтериясы кассирдің есеп беруінде көрсетілген сомасын түскен түсіммен салыстырады.

       Асхана  меңгерушісі белгіленген мерзімде бухгалтерияға бұйымдардың сатылуы  мен босатылуы туралы есеп тапсырады, оған түскен түсімдердің кассаға тапсырылғаны туралы кассалық ордерлер квитанциясын қоса тіркейді.

       Асханалардағы тағамдардың босатылуын кәсіпорын  күні бұрын өткізген абономенттер (біржолғы талондар) бойынша жүргізуге болады. Абономенттер қатаң есептегі бланкілер ретінде нақтылы құны (нөмірлері, сериялары, саны және материалдық жауапты адамдар) бойынша 006 - "Қатаң есептегі бланкілер" деп аталатын баланстан тыс шоттарда есепке алынады. Абономенттер бойынша босатылған тағамдардың құны дастархан мәзірінде (менюде) көрсетіледі. 
 
 
 

  1. ӨНДІРІСТЕГІ ӨНІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМДІ ӨТКІЗУ
 

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындары өткізумен  ғана емес, сонымен қатар өндіруді ұйымдастыру және өнімді тұтынумен  де айналысады.Өндірістік-сауда бірлігінің құрамына қоймалармен қатар жартылай фабрикаттарды және кондитерлік  өнімдерді  өңдеу бойынша цехтар да кіреді.

         Өндірістегі өнімдерге материалды  жауапкершілік өндіріс меңгерушісіне  және оның орынбасарына жүктеледі.

       Қоғамдық  тамақтандырудағы өндіріс есебінің ерекшеліктерінің бірі - өнімді кіріске  алу өңделмеген жартылай фабрикаттардың салмағы бойынша, жартылай фабрикаттардың шығарылуы- нетто салмағы бойынша  жүзеге асырылады. Ал, өткізілген өнімдерді  есептен шығару шикізаттың есептік  бағасы бойынша жүргізіледі, ол бір  тағамды шығару үшін кеткен өнімдердің мөлшері көрсетілген  калькуляциялық карточкалар бойынша анықталады4.

       Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарындағы өнімдерді  өндіру жоспар-мәзірге сәйкес күнделікті жоспарланады.Онда тағамдардың тізімі, саны және тағамның қысқаша сипаттамасы  мен гарнирлер көрсетіледі. Жоспар-мәзірді  өз меншігіндегі өнімнің шығарылуы, қоймадағы азық-түліктердің  түрлілігі  мен қолда бары, өндірістік база, сонымен қатар, тұтынушыларды сұранысы бойынша өндіріс меңгерушісі  тауарайналымының күндізгі жоспарына  қарай отырып жасайды.

       Жоспар- мәзір бойынша азық-түліктің тәуліктік  қажеттілігі анықталады. Жоспар-мәзірдің негізінде бухгалтерияда тағамдардың  сату бағасы бекітіледі және  келушілер үшін калькуляциялық карточкаларда көрсетілген тағамдардың атау мен бағасынан басқа, дайын күйінде шығу салмағы көрсетілетін  мәзір құрылады.

       Қоймадан  азық-түлікті алу үшін өндіріс  меңгерушісі талап құжатын  толтырады, онда атауы, өлшем бірілігі, азық-түліктің саны көрсетіледі.

       Тәжірибеде  сонымен қатар, біріктірілген құжат- талап- наклодной да толтырылуы мүмкін.Онда тауарды босату үшін ( графа «талап етілген») және шығыс құжаты ( графа  «Босатылды») біріктіріліп бірден толтырылады.

       Өндірістегі дайын өнімдер  ары қарай өткізілу үшін буфеттер мен ұсақбөлшек жүйелерге  босатылады.Өндірістегі дайын өнімдерді  босату жинақ парақтары мен наклоднойлардың  көмегімен жүзеге асырылады.

       Жинақ парақтарын берген кезде оларды нөмірлейді және арнайы журналға тіркейді.Өндірістен өнімді босатқан кезде өндіріс меңгерушісі  жинақ парақтарының сәйкес графаларын екі данада толтарады, онда әрбір  өнімнің жіберілу уақытын көрсетеді.Екі  данаға да кәсіпорын басшысының, бас  бухгалтердің, өндіріс меңгерушісінің қолдары қойылады.Өндіріс меңгерушісі  азық-түлік және асханадағы бос ыдыстардың қозғалысы туралы есепті жасайды. Оны  қолхат арқылы бухгалтерияға өткізеді.Есепке жоспар-мәзір және мәзірдің бір данасы тіркеледі.

       Азық-түліктердің, жартылай фабрикаттардың және дайын  өнімдердің қозғалысын бақылау және олардың өндірісте сақталуы түгендеу жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. Ол құрамында ұйым басшысы, бухгалтер, өндіріс меңгерушісінен тұратын  комиссия  арқылы айына кем дегенде  екі рет жүргізіледі.

       Асханадағы  өнімдерді өндіру шығындарының есебі  активті 900 «Негізгі өндіріс» шотта  жіргізіледі.Бұл шотта тек қана өндіріске босатылған азық-түліктер мен шикізаттар есепке алынады. Ал, қалған барлық шығындар, атап айтқанда, жұмысшылардың жалақысы, жалақыдан  аударымдар рентабеьлділік деңгейіне сәйкес сауда үсемесі есебінен жабылып отырады.Белгіленген үстеме мөлшері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыннының  басшысының жарлығымен бекітіледі.

         Өндірісте дайындалған азық-түліктердің  жарамдылық мерзімі  жиырма  төрт сағат, сондықтан асханада  аяқталмаған өндіріс болмайды. Ал, талдамалық есеп әр өндіріс  және материалды жауапты тұлға  бойынша жүргізіледі5. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    6.ҚОҒАМДЫҚ  ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР 

Информация о работе Қоғамдық тамақтану орнына сипаттама бухгалтерлік есебі