Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:16, реферат

Описание

Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.
Жұмысты орындау барысында отандық және ТМД елдерінің ғалым, тәжірибешілерінің еңбектері зерттеліп, ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері мен экономикалық талдау әдістері қолданылды.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ...................... 5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері ....... 13
18
2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................
23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........ 33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ........... 51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР ........................................................................................... 75

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ........................................................................................................

  3

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 
    1. Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................

  5  

1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................

1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......

13

18

 

2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН  ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................

 

23

2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........

33

2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........

51

   

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

 

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................

3.2 Бюджетпен есеп айырысу  бойынша операциялар есебінің  аудиті .........

3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................

  58

 61

 

65

ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................................................

ҚОСЫМШАЛАР ...........................................................................................

75

77

80


 

 

КІРІСПЕ

 

Кез-келген өркениетті елдің  экономикалық-әлеуметтік дамуында салықтар мен міндетті төлемдердің алатын орны өте жоғары. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі бола отырып, ол халықшаруашылығы саласының, экономиканың, жалпы қоғамның тұрақты болуына және оның барған сайын дамуында қозғаушы күш ретінде қызмет атқарады. Еліміздің салық салу жүйесі Қазақстан Республикасы экономикасының ынталандырушы және реттеуші жүйесінің бiрi болып табылады.

Еліміздегі  үрдіс  пен нарықтық  қатынастар  жүйесі  жылдан  жылға  қарқынды дамып  келеді. Нарықтық  экономиканы  ары  қарай  жетілдіру  мен  дамыту  экономикалық  қатынастарға  түсуші  жақтарды ақпараттар жүйесімен  қамтамасыз  ету,  жан жақты  талдау  қызметтерін  жүргізу,  экономикалық  тиімді  шешім қабылдау  үрдісіндегі  бухгалтерлік  есептің  атқаратын ролі  зор.  Аралық  шаруашылық қатынастарды  қағазға  түсіру  заманынан бастап  қалыптасқан  бухгалтерлік  есептің  атқаратын рөлі  мен  маңызы  осы  заманда  өз мағынасын  жоғалтпай,  ой мен санаға  сиярлық  жолдармен  дамып келеді.

Бухгалтерлік  есепке  тән  негізгі  принциптердің  мәні мен  маңызын  түсінбей  тұрып,  кәсіпорын  қызметін  басқару  мен ұйымдастыру  жөнінде  шешім  қабылдау  мүмкін  емес.  Сондықтан  экономикалық қатынастарда маңызды орын алатын мемлекеттік бюджетпен ұйымдардың есеп айырысу операцияларын жеделдету және оны күшейту, салықтар мен міндетті төлемдердің ашықтығын, түсініктілігін кеңейту мақсатында есеп пен талдаудың және оған қоса аудиттің алатын орнын ерекше көрсетуге болады.

Бұл күндері  экономикалық  қатынастардың  мәні  мен  маңызын  түсіну,  бизнесті   жүргізу  мен  басқару,  ақпараттарды  реттеу  және  тиімді  шешімдер  қабылдау үлкен  мәселеге  айналды. Еліміздегі  бизнесті  дамыту  қаржылық  қатынастардың  теориялық  және  қолданбалы  негізін  білу,  құқықтық  жүйедегі  заңдылықтарды  білу,  қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді  жан-жақты талдау,  тиімді  шешім қабылдау  қызметінде  бухгалтерлік  есептің  атқаратын  рөлін  барған сайын күшейте түсуде.

Сондықтан бұл дипломдық  жұмыс тақырыбының өзектілігі мен  маңыздылығында ешбір күмән жоқ.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері мен тәсілдеріне шолу жасалған. Бірінші бөлімде салықтардың экономикада алатын орны, Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесі және бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдары қарастырылған. Екінші бөлім бойынша бюджетке төленетін салықтардың есебі және ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптері зерттелген. Үшінші бөлімде салықтық төлемдерге талдау жүргізілген.

Дипломдық жұмыстың негізгі  мақсаты болып – салықтардың  экономикадағы  маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.

Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:

- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;

- ҚР-ның салық салу  жүйесі мен салық саясатын  зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;

- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;

- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.

Жұмысты орындау барысында  отандық және ТМД елдерінің ғалым, тәжірибешілерінің еңбектері зерттеліп, ұйымның қаржылық есептілік мәліметтері мен экономикалық талдау әдістері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

 

1.1Салықтардың  экономикадағы алатын орны мен  маңызы 

 

Салықтар - тауарлы  өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып  саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.

Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктемелер берілген. Мәселен, Салық кодексінде “Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар” деп атап көрсетілген.

Салық – заңды  актілерге сәйкес салық төлеушілермен  жүзеге асырылатын бюджетке төленетін  міндетті төлем.

Салық – белгілі  бір объектілерден төленетін  төлем.

Салық дегеніміз  – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді  құраушы жүйе екендігін байқауға болады.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата  білуіміз керек. Себебі, салық белгілі  бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.

Салықты материалдық  тұрғыдан алғанда – бұл, салық  төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың  материалдық белгісі – салық  төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.

Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

Экономикалық  категория тұрғысынан қарағанда  салық – салық төлеушілерден  мемлекетке қарай белгілі бір  мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы  ақшаның қозғалысы болып саналады.

Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік  бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.

Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті  процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Сонымен салықтардың  мазмұны мынадай:

  • материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
  • экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
  • заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
  • салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
  • салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
  • салық – ақшалай нысанда бөлінеді;
  • салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
  • салық – баламасыз сипатта болады;
  • салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
  • салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

Ал, енді осы  белгілердің мазмұнын тереңірек  қарастырайық;

1. Салық –  мемлекетке тиесілі қоғамдық  жиынтық өнімді бөледі.

Мемлекеттік ақпарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

2. Салық - ақшалай  нысанда бөлінеді.

Натуралдық  нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.

Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі  тиіс деп атап көрсетілген.

3. Салық –  қайтарылмайтын төлем болып табылады.

Салықты төлеген  кезде ақша тек бір бағытта  ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.

Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:

  • бірінші, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
  • екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).

Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.

4. Салық –  баламасыз сипатта болады.

Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта  қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа  қарсы тауар түрінде болса  да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.

Сондықтан салық  – баламасыз төлем болып табылады.

5. Салықты  төлеген кезде меншік нысандары  айқындалады.

Салықты төлеген  кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Яғни, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.

6. Салық – тұрақты экономикалық  қатынас туғызады.

Салықты белгілеуде тұрақты салық  қатынастары пайда болады.  Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық  жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мысалға, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

Азаматтардың мүлік салығын  төлеген кезде, оның салық қатынастары  қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқығынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Информация о работе Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы