Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 17:40, курсовая работа
Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Бухгалтерияның міндеттері:
Бухгалтерия
төмендегі тараулардан
Бас есепші, бас есепшінің көмекшісі, жалақы беру және кассалық аппарат бухгалтері, материалдық есепші, Өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын есептеуші бухгалтер, іс-сапар шығыны негізгі құралдардың жойылуын есептеуші бухгалтер.
Есепшінің басты мақсаты – бухгалтерлік есептің стандартына сай қаржылық шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу, бухгалтерлік және статистикалық есепті уақтылы және тиісті орынға тапсыру, Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес барлық салық түрлері бойынша салық есептерін жүргізу, Қазақстан Республикасының Заңына қаржы келмейтін мекеменің жағдайына сәйкес есепті жүргізу, мекеменің бөлімшелеріне бухгалтерлік есеп, бақылау және экономикалық есептеуде методологиялық көмек көрсету.
Есепшінің құқығы ЖШС «ОПТСНАБ» Жарғысына сәйкес бас есепшімен бекітіледі. Бас бухгалтерді қоса барлық жұмысшының құқығы әкімшілікпен бекітіледі. Уақтылы орындалмаған жұмысқа және ЖШС «ОПТСНАБ» - тың Жарғысына сәйкес белгіленген шаралардың орындалмағандығына және Қазақстан Республикасының Заңдық актілерінің орындалмауына толық жауап береді. Бухгалтерлік жазу төмендегілер бойынша жүргізіледі:
Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар жұмыс жоспарына сәйкес келіп, кері баланста көрсетілуі тиіс. Осы есептерді ескере отырып қаржылық, статистикалық және салықтық есептердің түрлері белгіленеді. Бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары:
А) автоматтандырылған – компьютер арқылы синтетикалық және аналитикалық есептерді, қаржылық есептерді жүргізу үшін;
Б)
автоматтандырылмаған – қағаз түрінде
жазылып есептелетін
Есепті компьютерде жүргізу кезінде ЖШС «ОПТСНАБ»:
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың басшысы бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті жүргізуге қолы жүртін жауапты адамдарды белгілейді. Мекеменің коммерциялық құпиясын сақтау үшін құжаттар белгіленеді. Бұл құжаттар туралы мәліметті мекеме бастығы тек жауапты адамдарға ғана жеткізеді және тексеруші мекемелер мен статистикалық мекемелерге ғана жеткізеді. Жұмысқа қабылданған коммерциялық құпияны жұмысшылар осы құпияны сақтайтындығы туралы қол қоюы тиіс.
ЖШС - ның қызметінің ішкі және сыртқы бақылауы белгіленген уақытта және көлемде тәуелсіз аудиторлардың тексерісімен жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Қаржылық Министрлігінің 24.06.03ж №241 бұйрығына сәйкес тексерістің қорытындысы акционерлердің жалпы жиналысында айтылады. Жылдық қаржылық есеп Қазақстан Республикасының тәуелсіз аудиторларымен тексеріледі және бекітіледі.
ЖШС «ОПТСНАБ»-та тауарлы материалдық құндылықтар мен негізгі құндылықтардың инвентаризациясы жыл сайын 10 айдан кейін жүргізіледі. Міндеттердің инвентаризациясы жыл сайын жылдың соңында жасалады. Тексеру комиссиясына : комиссия төрағасы: Бортников С.В.;комиссия мүшелер: Эскина Н.С. и Пастернак Е.А. Инвентаризацияның қортындысы ЖШС – ның директорымен бекітіледі. Есептеу ХҚС 16 «Негізгі құралдар» -ға сәйкес жасалады. Негізгі құралдар екі топқа бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес. Негізгі құралдардың қолданылу уақыты төмендегі шарттарға байланысты белгіленеді:
Тозуды есептеу үшін тұрақты есептен шығару жүргізіледі.
ЖШС «ОПТНАБ» - тың жеке капиталының негізі болып жарғылық капитал табылады. Бұл мекемеге 85000 тг капитал бөлінген. Ол 100% болып саналады. Мекемеде жыл сайынғы артық ақшадан бекітілген капиталдың 15%-нан резервтік капитал құрылады. Мемлекеттік тіркеуден кейін 2 жылдан соң резервтік фонд құрылады. Жалпы жиналыстың шешімі мен резервтік капитал мекеменің ауқымын кеңейтуге пайдаланылады. ЖШС – ның қаржылық есебі төмендегілерден тұрады:
Бухгалтерлік
баланс ХҚС1 «Қаржылық есеп беру» -ге
сәйкес түсінік хатта мекеменің бухгалтерлік
балансы құрылады және ашылады. ЖШС «ОПТСНАБ»
3 бөлім. Шығындар жіктелуінің негізгі бағыттары
3.1. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлемі не тура сайма – сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады.
Өзгермелі өндірістік шығындар өнімнің өз құнын сипаттайды, өйткені нарықты объектінің құны емес , өнімнің құны мен тұтынуға кететін өзіндік шығындар қызықтырады. Материалдық шығындар, еңбекті өтеу үшін тікелей шығындар, қосалқы материалдар мен сатылатын жартылай өнімдерге шыққан шығындар өзгермелі шығындарға үлгі болады.
Өндірістік емес шығындарға мыналар жатады:
Бұл шығындар тікелей сатылым көлеміне байланысты.
Өндірістік тікелей шығындар іскерлік белсенділікке байланысты емес, сондықтан оны тұрақты деп атайды. Бұл шығыстар жарнамаға, жалға төлемдеріне негізгі құрал – жабдықтардың амортизациясына және т.б.
Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің әр түрлі ауқымыны үшін өзгеріссіз қалады.
Жартылай өзгермелі шығындар. Бұған тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Мысалы, материалдық – техникалық қамтамасыз ету материалдық – техникалық қамтамасыз етуге жоспарланған шығындардан тұратын жартылай өзгермелілерден құралады, олар өндіріс көлеміне тікелей тәуелділікте болатын өзгермелі шығындар мен кез келген өндіріс көлемінде жүзеге асады.
Шынайы өмірде тек тұрақты немесе өзгермелі шығындарды кезіктіру, сирек. Экономикалық құбылыстар және олармен байланысты шығындар мәні жөнінен, едәуір күрделі, сондықтан көптеген жағдайларда шығындар шартты – өзгермелі да құрамдас бөліктеру болады. Бұл жағдайда ұйымның белсенділігінің өзгеруді де шығындардың өзгеруімен қоса жүргізіледі, бірақ өзгермелі шығындарға қарағанда тәуелділік тікелей емес.
Шығындарды өзгермелі және тұрақты құрамдастар негізінде ұйымның іскерлік белсенділігі деңгейін өзгертуге байланысты тәртібі жатады. Осындай бөлу негізінде шығындар, пайда мен өндіріс көлемі арақатынасының талдауы орындалады. Мұндайда өндіріс көлемі өндірістік қуаттың көрсеткіші ретінде, яғни өндірістік ресурстардың бар көлеміндегі өндірістің шекті көлемімен сипатталады. Өндірістік қуатты төрт түрге бөледі: теориялық, тәжірибелік, қалыпта және нормативті.
Теориялық
қуат – егер барлық машиналар мен
жабдықтар тоқтамастан
Тәжірибелік қуат – қалыпты жұмыстың іркілісерін шегеретін теориялық қуат. Тәжірибелік қуат теориялық сияқты, ұйымдарда сирек қолданылады, өйткені олар негізгі жабдықты жөндеуде немесе нарықтық жағдаятты жандандырғанда ғана қолданылатын қосымша жабдық. Осыдан кейін ұйым көбіне қалыпты қуатқа бейімделеді.
Қалыпты қуат – күтілетін сатылым талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті өндірістік қуаттың орташа жылдық деңгейі. Бұл шама іскерлік белсенділіктің маусымдық ауытқуларымен нақтыланады.
Нормативті
қуат – ұйым шығара алатын көлемі емес,
шығару ықтимал өнім көлемінің шығайы
мөлшері. Шығындар тәртібін зерттегенде
біз ұйымның нақ қалыпты
Сондай – ақ пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады.
Шаруашылық қызметі процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма – қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлеміг ұлғайтуға тырысады. Болашақта ақшалай қолда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады, сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға байланысты, қолма-қол ақшаның өсу болашағы туралы анық түсінік береді. Қолма – қол ақшаның өсу қозғалысын айқындайтын шығыстармен кірістер орынды деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар көбіне басқару есебінде орынды деп аталады. Шамасы қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты.
Қайтарылмайтын шығындар – бұрын қабылданған: шешім нәтижесінде пайда болған, өткен кезеңнің шығындары және оларды болашақта жаңа басқару шешімдерімен өзгерту мүмкін емес. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.
Жүктелген, мойынға артылған шығыстар тек басқару есебінде ғана болады. Қаржылық есеп бухгалтері қайсібір шығындарды «елестете» алмайды, өйткені ол құжаттық негізделу принципін қатаң сақтайды.