Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 17:40, курсовая работа
Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Жүктелген шығындар – бұлар шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығыстар, бірақ оладың болашақта болмауы да мүмкін. Мойынға жүктелген шығындар жайлы сөз ресурстар шектелген жағдайда ғана болады, егер ресурстар шектелмесе, онда есептелінетін шығындар нөлге тең.
Жүктелген шығындар таңдау жолы іс – қимылдың баламалы бағамының бірі екіншісінен бас тартуды талап еткенде, жоғалған немесе құрбан етуге тура келген мүмкіндікті сипаттайды.
Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, норматив, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
Жоспарланбайтындар – қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына ғана әсер етеді.
Өсетін
және шекті шығындар мен табыстар
– өнімнің қосымша партиясын
дайындау мен сату нәтижесінде пайда
болған қосымша шығындар. Бұларға
тұрақты шығындар кіруі де, кірмеуі
де мүмкін. Егер тұрақты шығындар қабылданған
шешімдер негізінде өзгерсе, онда олардың
өсуі өсетін шығындар ретінде қарастырылады,
егер олар өзгермесе, онда өсетін шығындар
нөлге тең болады. Бұл әдісті басқару есебінде
табыстарға да қолдануға болады.
Мысал. Кәсіпорында кестеде көрсетілген көрсеткіштер бар.
Көрсеткіштер | Мәні |
Өткізуден,
түскен түсім, мың тг
Өткізу көлемі, дана Бірік бағасы, мың.тг |
500
500 1 |
Сауда
шығындары, мың тг, оларды ішінде:
Жарнамаға шыққан шығыс Қызметкерлер құрамын ұстау Іссапарлық шығыстар |
130 60 40 30 |
Сауда орындарын жалға алу төлемі, мың. тг | 75 |
Жаңа өткізу нарығын игеру көзделген. Өткізудің қосымша көлемі 100 бірлікті құрауы тиіс, өткізу бағасы өзгеріссіз қалады. Өзгермелі шығындар шамасы тауар бірлігі үшін 800 тг құрайды. Сондықтан мынадай %-ке ұлғайту қарастырылған.
Шығын баптары | Ағымдағы шығындар | Жорамалданған шығындар | Өсетін шығындар |
Өткізуден түскен түсім | 500 | 600 | 100 |
Шығындар, барлығы | 205,8 | 241,96 | 36,16 |
Оның ішінде: | |||
Жарнамаға | 60,0 | 78,0 | 18,0 |
Қызметкерлер құрамына ұстауға | 40,0 | 40,0 | |
Іссапарлық | 30,0 | 33,0 | 3,0 |
Жал төлемі | 75,0 | 90,0 | 15,0 |
Жиынтық өзгермелі шығындар | 0,8 | 0,96 | 0,16 |
Бұл кестеден көрінетіні, нарықтың жаңа сегментін жасау 36,16 мың теңге өсетін шығындарға әкеледі, өсетін табыс 100 мың теңгені құрайды. Осылайша, егер түсім нарықты игеру шығынынан тезірек өссе, онда кәсіпорын нарықтың біраз бөлігін иемденді деп тұжырым жасауға болады, егер егер керісінше болса, бұл – кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігін жоғалтты деген сөз.
Шекті
шығындар мен табыс – өнім бірлігіне
шаққандағы қосымша шығындар мен
табыстар. Біздің мысалымызда шекті
шығындар 36 160:100=361.6 теңгені құрайды.
3.2. Шығындар жіктелуінің негізгі бағыттары
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ғылыми негізделген классификациясы үлкен роль атқарады.
Басқару есебінде шығындардың классификациясы әр түрлі және ол қандай басқару мәселелерін шешу керектігіне байланысты болады.
Басқару есебінің негізгі міндеттеріне жататындар: өндірілген өнімнің өзіндік құнының есебі және алынған пайданың көлемін анықтау;
Әрбір аталған мәселелердің шешімі өзінің шығын классификациясына сәйкес келеді.
Өндірісте
жұмсалған шығындар есебінің бағыттар
және олардың классификациясының мүмкін
болатын варианттары
Кесте
5. Шығындар есебінің бағыттар және жіктелуі
Есептің бағыттар | Классификацияның мүмкін болатын әдістері |
1.Қосалқы
өнімдердің құнын анықтауға |
Есепті мерзім шығындары және өнімнің өзіндік құны |
Өндіріс
өнімдерін құрайтын шығындар
Тапсырыстық және проценттік шығын | |
2.Шешімдер қабылдау бойынша өндіріске |
Шығын динамикасы |
Болашақ және өткен кезең шығындары | |
Жойылатын және жойылмайтын шығындар | |
Қайтарылмайтын шығындар | |
Жорамалдағы
шығындар
Шекті шығындар және өсімді шығындар | |
3.Бақылау және реттеуді жүзеге асырудағы шығындар | Реттелетін және реттелмейтін шығындар |
Шығын динамикасы |
Қорытынды
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттарымен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті процесс болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік іс – әрекетінің мақсаты – өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу.
Өндіріс
шығындарын басқару кәсіпорынның негізгі
міндеттерін орындауға
Өндіріс шығындары есебінің басты міндеті – өндірістік қызметті бақылау мен оны атқару үшін шығындарды басқару.
Мақсатты белгілеуі мен шығындар есебі бағытына байланысты шығындарды жіктеудің әр түрлі нұсқалары қолданылады. Шығындар есебінің бағыты болып өндіріске шығатын шығындардың дербес мақсатқа сәйкес есебі қажетті іс – әрекет саласы түсініледі:
«Шығындар» сөзі жағдайға байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі тәсілдермен жіктеледі.
Шығындар шынында басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып саналады. Шаруашылық іс – әрекет процесінде тұтынылған материалдық, еңбек, ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып келеді.
Ұйымның өткізуге арналған өнімі шығынды көтерушілер болып табылады.
Өнімнің нақтылы түріне немесе тапсырысқа сатысыз бірден жатқызуға болатын шығындар тікелей деп аталады. Нақтылы өнім қатарына жатқызу мүмкін емес немесе үнемді емес шығындар жанама деп аталады. Өнім таңдалған базаға сайма – сай бұйымдар бойынша бөлінеді. Бұл шығындар қосалқы материалдарға, қызмет көрсететін жеке құрамның еңбегін өтеуге, негізге құрал – жабдықтарды ұстау мен жөндеуге арналған.
Кезең ішінде болған өндірістік шығындар дайын өнімнің өндірістік өзіндік құнын жасай отырып, өндірістік өнімге, не болмаса бітпеген өндірістің қалдықтарына жатқызылады.
Есепті кезеңдегі өнім өткізу және ұйымның жұмыс істеу процесін қамтамасыз ету үшін сондай-ақ коммерциялық және жалпы әкімшіліктерден тұратын мерзімді шығыстар көрсетіледі. Бұл шығындар пайданы азайту үшін есептен шығарылады.
Шығындар
есебін нақты ұйымдастыру үшін көбіне
кәсіпорынның пайдалылығы, қабылданатын
шешімдердің дұрыстығына
Сатып алынған немесе қолда бар ресурстарды кіріс келтірген шығындарға, ал таусылып біткен шығынға – есептік кезеңде жұмсалған ресурстарды жатқызуға болады.
Өнімді шығарумен байланысты шығындар негізгілер болып табылады. Қосымша шығындар – жалпы өндіріс пен ұйымды ұйымдастыру, қызмет ету мен басқаруға байланысты.
Бірэлементі шығындарға бір қосылғыш кіреді. Кешенді шығындар, басқаша айтсақ, шығын баптары, бірнеше экономикалық элементтен тұрады.
Өзгермелі шығындар өнім өндірісі көлемі өзгергенде өзгереді, ал тұрақтылар әдетте ұйымның шаруашылық белсенділігіне байланысты емес. Экономикалық практикада мұндай шығындар, әдетте, шартты-өзгермелі және шартты-тұрақты деп аталады. Шығындарды өзгермелі және тұрақты құрамдастарға бөлу негізінде ұйымның іскерлік белсендлік деңгейін өзгертуге байланысты тәртібі көрсеткіштермен сипатталады. Өндірістік қуат үш түрге бөлінеді: өте жоғары, іс жүзіндегі және қалыпты.
Жаңа басқару шешімдерімен өзгертіле алмайтын, жасалып қойған шығыстар қайтарымсыз шығындар жобаланады.
Жүктелген шығындар – ұйымның пайдалана алмаған пайдасы, яғни баламалы басқару шешімнің бірін таңдау үшін екіншісін құрбан еткен мүмкіндік.
Өсетін шығындар ретінде өнімнің қосымша партиясын өндіру мен өткізу нәтижесінде пайда болған шығыстарды, шығын яғни белгілі бір шекке дейін ғана жұмсалатын шығын ретінде – өнім бірлігіне кететін шығыды түсінуге болады.
Жоспарланатын шығындарды өндіріс басталуына дейін есептейді, ал жоспарланбайтындарды тек факт бойынша есептейді.