ТұранБанк туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2011 в 10:32, лекция

Описание

БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 60.49 Кб (Скачать документ)

1 ТАРИХ

«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу  тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

Өндіріс Банкі туралы (1925-1991)

Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

1932 жылдың 7 маусымында  Республикалық Халық комиссарлары  Кеңесінің «Қазақстан аумағында  арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

1949 жылдың 11 шілдесінде  Министрлер Кеңесінің қаулысымен  Алматы облысаралық конторасы  КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

  • КСРО Мемлекеттік банкі;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
  • КСРО Сыртқы экономика банкі;
  • КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
  • КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
  • КСРО Жинақ банкі.

1991 жылдың 4 наурызында  КСРО Мемлекеттік коммерциялық  өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

ТұранБанк туралы (1991-1997)

1991 жылдың 24 шілдесінде  ҚазКСР Министрлер Кабинетінің  1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына  сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

ӘлемБанк  туралы (1992-1997)

1992 жылдың 14 ақпанында  құрылтайшылар жиналысының №3  шешімімен, Қазақстан Республикасы  Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы  бойынша Қазақстан Республикасының  Сыртқы экономикалық қызмет банкі  «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының  Сыртқы экономикалық қызмет банкі  деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

ТұранӘлем Банкі туралы (1997-2008)

1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.

1998 жылдың 1 қазанында  «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

2003 жылдың 26 қыркүйегінде  «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта  тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем  Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

БТА Банкі туралы (2008 жылдан бастап)

2009 жылдың 2 ақпанындағы дағдарысқа қарсы шаралардың аясында ҚР Үкіметі ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде «БТА Банкі «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды.

2009 жыл бойына БТА Банкі ҚР Үкіметінің нақты экономика секторын қолдауының аясында ШОБ-ты, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мен тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру сияқты тұрақты бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша банк 36,9 млрд. теңге Қазына-І, Қазына-ІІ және Қазына-ІІІ транш аясында қаражат иеленді.

2007 жылдан бастап БТА Банкі Әлемдік Банкпен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылық министрлігінің «байқау гранттарының жүйесі» атты бағдарламасына қатысып келеді. 2009 жыл бойынша БТА Банкі арқылы қаржыланған грант сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады.

2009 жылы БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заимшымен келісімшартты қайта жасады.

Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі 37 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан аймақтарының займшылары көп белсенділік танытты.

«Астана және Алматы қаласы бойынша құрылыс бастамаларын аяқтауды қаржыландыру» бағдарламасының  аясында банк шотына төменде аталынған  жобалар бойынша 20,4 млрд. теңге қаражат  бөлінді:

  • «Гранд Астана» ТК, Астана қ. – 13 538 млн. теңге;
  • «Сәтті» ТК, «Отандастар» ТК, Астана қ. – 1 677 млн. теңге;
  • «Тау Самалы» ТК, Алматы қ. – 4 573 млн. теңге.

2009 ж. 23 сәуірінде банк борыштық міндеттерін мезгілінен бұрын өтеу талабына байланысты БТА Банкі 20 сәуірден бастап төлеу уақыты келгендерді де қоса, борыштың негізгі сомасымен барлық төлемдерді тоқтатты. Бұл шешім барлық кредиторлармен біркелкі қарым-қатынас жасау мақсатында құрылған болатын.

2009 жылдың 30 маусымында БТА Банкі банк міндеттерін қайта құрылымдау сұрақтары бойынша ҚҚА-мен келісім бекітті.

2009 жылдың 17 шілдесінде БТА Банкі ХҚЕС-на сәйкес Ernst & Young LLP компаниясымен тексерілген қаржы есептілігінің бірігуін жариялады. Бір уақыт ішінде KPMG LLP және Deloitte аудиторлық компаниясымен бірге банктің кредит портфеліне және басқа қаржы инвестициясына бағытталған Банк қызметтеріне тәуелсіз қаржылық тексеріс жүргізілді (due diligence). Тексерістің нәтижесі БТА Банктің қайта құрылымдау берешегі бойынша шешім қабылдау уақытында қаржы жағдайының тәуелсіз расталуы ретінде қолданылды.

2009 жылдың 3 қыркүйегінде «БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдаудың негізгі ұстанымдары жайында Келісімге (Agreement on Principles) және төменде аталған құрам бойынша Кредиторлар Комитетін тағайындау Келісіміне (Appoinment Letter) қол қойды: RBS (ABN AMRO Bank N.V.), Commerzbank Atkiengesellschaft, D. E. Shaw group, KfW (DEG - Deutsche Investitions-und Entwicklungsgesellschaft mbH және KfW IPEX-Bank сияқты өз бөлімшелерін ұсынатын), Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федеративті Республикасының атынан қызмет атқарушы), Export-Import Bank of the United States, Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JPMorgan Chase Bank, N.A., Mediobanca - Banca di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank және Wachovia Bank N.A. Кредиторлар комитетінің қаржы кеңесшісі ретінде Deloitte LLP компаниясы, ал заңды кеңесшісі Baker&McKenzie компаниясы белгіленді.

2009 жылдың 18 қыркүйегінде БТА Банкі Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігіне (ҚҚА) банк Директорлар Кеңесінің қайта құрылымдау мен қайта құрылымдау Жоспарын және банктің қайта капиталдандыру туралы шешімін ұсынды.

2009 жылдың 21 қырқүйегінде қаржы берешегін қайта құрылымдалуына байланысты Кредиторлар комитетімен өзара түсінушілілік Меморандумына және «БТА Банкі» АҚ мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ арасындағы қосымша өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

2009 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР ҚҚА басқармасы БТА Банктің қайта құрылымдау жоспарын банк редакциясында мақұлдады.

2009 ж. 16 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайта құрылымдау туралы өтінішін толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі туралы» заңына сәйкес Банктің қайта құрылымдау туралы шешімі негізделген заңнаманың барлық талаптарына сәйкес деп танылды.

2009 ж. 7 желтоқсанда Лондонда БТА Банкі кредиторларымен жүргізген негізгі келіссөздердің кезеңі аяқталды. ҚҚА белгілеген уақытта банк жүргізіп жатқан қаржыны қайта құрылымдауға байланысты «Негізгі коммерциялық талаптар»-ға (Principal Commercial Terms Sheet) қол қойылды.

2009 ж. 18 желтоқсанда БТА-ға байланысты талаптандырылған қайта құрылымдау жұмысының негізгі шетелдік сот ісін жүргізу Ұлыбританияда деп танылуы Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы сотында бекітілді.

Бұл негізінен  Англия мен Уэльстің Жоғарғы сот  төралығының талабы бойынша ЮНСИТРАЛ Типтік Заңының Трансграниттік Дәрменсіздік туралы 2006 ж. Трансграниттік Дәрменсіздік туралы Ахуалына байланысты деп алынған болатын.

2010 ж. 17 ақпанында Киевтің Соломенский аудандық соты БТА Банктің қайта құрылымдау жұмысына байланысты 2009 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы соты Украина аймағында заңды деп қабылдады. Соған сәйкес шешім 2010 жылдың 23 ақпанында заңды күшіне енді.

2010 жылдың 2 наурызында АҚШ –тың Нью –Йорк штатының оңтүстік округі қаржылық дәрменсіздік мәселелерін реттейтін соты БТА Банктің қайта құрылымдауына байланысты Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық сотының банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау туралы ісін шетелдегі жүргізілген сот істерінің ішіндегі негізгі ісі деп танылды.

2010 ж. 18 сәуірінде БТА Банкі Кредиторлар Комитетімен қайта құрылымдаудың (Detailed Terms relating to Restructuring of Financial Indebtedness of JSC BTA Bank) келісіміне қол қойды. Аталмыш келісім банктің кредиторларына ұсынып отырған барлық опцияларын қамтып, құқықтық, қайта құрылымдауға қажетті құжаттарды әзірлеу және ішкі корпоративті басқару нұсқауларынан тұрады.

2010 ж. 28 мамырында «БТА Банкі» АҚ өзінің 2 442 млрд теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасындағы қаржылық берешегінің жалпы мөлшерінің 92,03 пайызын құрайтын 2 247,4 млрд тенге шамасындағы банктің міндеттеріне иелік ететін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдады.

Дауыс беруге БТА-ның  сыртқы және ішкі облигациялары бойынша, екі жақты және синдикацияланған займдар бойынша, исламдық және сауданы қаржыландыруды, сонымен қатар деривация бойынша борыштық құралдардың барлық түрлері бойынша кредиторлар қатысты.

2010 ж. 9 маусымында №83 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен нарықты қадағалау және реттеу агенттігі (ҚҚА) БТА Банктің ұсынған қайта құрылымдау Жоспарын бекітті.

Банктің қайта  құрылымдау саласында қаржылық кеңесшісі Deloitte LLP компаниясы, ал заңды кеңесшісі Baker&McKenzie компаниясы болып табылады.

16 маусым 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. «Бизнестің жол картасының» мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мен істеп жатқан жұмысты сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру. Қарастырылған Бағдарлама міндеттерін шешу жаңа бизнес-ынталандырушыларды қолдау, кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру, экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.

1 шілде 2010 ж. Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты БТА Банкінің қайта құрылымдау жоспарының бекітілуіне сәйкес анықтама шығарды. Біраз уақыт бұрын аталмыш Жоспарды 2010 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткізілген Кредиторлардың Жиналысында БТА Банкінің байқауға қатысушы кредиторлары көпшілік дауыспен (92,03%) мақұлдаған және Қаржы қадағалау мен ұйымдастыру агенттігі 2010 жылдың №83-мен бекіткен болатын.

19 тамыз 2010 ж. БТА Банкі қайта құрылымдау үдерісін жүргізу аясында шығарылған бірінші 44 175 794 956 дана қарапайым акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Акциялар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ иелігіне жататын жалпы 671 472 083 334 теңге сомасындағы Банктің екі облигациялық бағдарламасына жататын барлық шығарылған облигацияларды айырбастау негізінде шығарылған болатын.

19 тамыз 2010 ж. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында тәуелсіз директор Ульфа Вакурка мырзаның және Директорлар кеңесінің мүшелері – Ерлан Тәтішев пен Қайрат Әйтекеновтың өкілеттіліктері берілген өтініштерінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды. Банк акционерлерінің жиналысында Кредиторлар кеңесінің жаңа құрамына: Кредиторлар комиетітінің өкілдері ретінде Шефбек Кристоф пен Пронк Лео Маартен, сондай-ақ тәуелсіз директор – Бәбенов Болат мырзалар мүше етіп сайланды.

Информация о работе ТұранБанк туралы