БТА Банкі Қазақстан
Республикасында төлем карточкаларын
шығару және оларға қызмет көрсету
бойынша жетекші банктердің бірі
болып табылады. 1994 жылы банк Қазақстандағы
Visa International халықаралық төлем жүйесінің
алғашқы принципиальды мүшесі болды. Сондай-ақ
1998 жылдан бастап банк MasterCard International халықаралық
төлем жүйесінің мүшесі болып табылады.
БТА Банкі Қазақстанда бірінші болып процессинг
орталығын іске қосты, республикадағы
алғашқы банкоматты орнатты және AlemCard
қазақстандық төлем карточкасын шығарды.
2007 жылы Банк
микрочипі бар картаны шығаруды
көздейтін жаңа, заманауи өте
сенімді карточкалық жүйеге табысты
өтуді жүзеге асырды. Микрочиптің
болуы клиенттің карт-шотын жалған
карта арқылы заңсыз кіруден
қорғайды. Сенімді қорғаумен қатар,
микропроцессоры бар карталарға
көшу нәтижесінде банкте карта
көмегімен ұсынылатын қызметтер
спектрін едәуір кеңейту мүмкіндігі
пайда болды. Сонымен бірге, жаңа карточкалық
жүйе on-line тәртіптемесінде төлем карталары
бойынша барлық операцияларды жүргізуге
мүмкіндік береді, ол операцияны өңдеу
уақытын едәуір қысқартады. Микрочипі
бар карта бойынша жалақыны есептеу, ақшаны
картадан картаға аудару, әр түрлі провайдерлердің
қызметтері ақысын төлеу, басынан аяғына
дейін 30 секунд ішінде жүзеге асырылады.
БТА
Банкі төлем карточкаларының
мүмкіндіктері:
- ақшалай қаражаттарды
сақтаудың қолайлы әдісі;
- өз бетінше, сондай-ақ
үшінші тұлғалардың (туысқандардың, достардың)
теңгедегі карт-шоттарын толықтыру мүмкіндігі;
- Қазақстан Республикасындағы,
сондай-ақ одан тыс жерлерде карт-шотқа
тәулік бойына қол жеткізу;
- карт-шот валютасын
айырбастау мүмкіндігі арқылы теңгедегі,
АҚШ долларындағы және евродағы карт-шотты
жүргізу;
- тәуліктің кез
келген мезгілінде БТА Банкінің кез келген
банкоматы арқылы карточкадан карточкаға
лездік ақша аударымдарын жүзеге асыру;
- төлем карточкасына
салынатын несиені алу мүмкіндігі;
- банкоматтар арқылы
ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу;
- несие бойынша
берешек сомасын карт-шоттан акцептсіз
автоматты түрде есептен шығару, ұялы
байланыс қызметтері ақысын төлеу бағдарламасы
және т.б;
- Интернет-банкинг
арқылы карт-шотты
қашықтан басқару және толықтыру;
- карточкалар бойынша
жүргізілген операциялар жайында SMS-хабарламаларды
алу;
- төлем карточкалары
бойынша қолдау бағдарламалары мен акцияларына
қатысу мүмкіндігі.
Карточканы
қалай ресімдеуге
болады?
"БТА Банкі"
АҚ-ның төлем карточкалырын ресімдеу үшін,
Сіз төменде келтірілген өзіңіз үшін ең
қолайлы әдістердің бірін таңдай аласыз:
- Банк бөлімшесіне
бару (картаны ресімдеуге болатын бөлімшелер
жөніндегі ақпаратты Байланыс орталығының
телефондары бойынша білуге болады). Қолыңызда
келесі құжаттар болуы тиіс:
- СТТН;
- жеке куәлік немесе
төлқұжат.
- Төлем картасын
шығару жөніндегі электронды өтінімді
қолдану, оған сілтеме берілген web-беттің
жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан.
Өтінімді алған соң, банк менеджері Сізбен
байланысады және Сіз өзіңіз үшін қолайлы
уақытта банкке келу жөнінде келісе аласыз.
- Телефон арқылы
Байланыс орталығына хабарласу және Сізге
қолайлы уақытта менеджермен кездесу
жөнінде келісу.
Тұрғындардың
төлемі
«БТА Банкі»
АҚ халықтан мынадай төлем ақыларын
қабылдайды: коммуналды қызмет, байланыс
қызметі, салықтық төлемдер және қызметтің
басқа да түрлері.
Клиенттер
көрсетілетін қызмет
түрлерін былайша
өтей алады:
- Банктің құрылымдық
бөлімдерінде (бастапқыда бұл бөлімер
есеп айырысу-кассалық бөлімер) қолма-қол
жолмен.
- қолма-қолсыз
ақшасыз БТА Банктін шығарған төлем карталары
арқылы:
- Интернет-банкинг
жүйесін қолдану арқылы қашықтан;
- өз-өзіне қызмет
көрсету жүйесі, банкомат арқылы;
- жиі төлеу жүйесі
арқылы, ПК-ден ақшаны автоматты түрде
сенімді тапсырыс бойынша (клиенттің арызы)
өшіру.
Төлем
түрлері:
- Коммуналды
төлемді қабылдау:
Тұрғын үйдің төлем ақысы, электр энергиясы,
жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, белгіленген
нысандағы хабарлама-шоттар бойынша бойынша
канализация үшін төлем.
- Салық төлемдерін
қабылдау:
Салық төлеушінің мемлекет бюджетіне
міндетті жарнасы – белгіленген нысандағы
ПД-4ФЛ, ПД-4МБ түбіртектер бойынша салықтардың
барлық түрлері, айыппұлдар және т.б.
- Кедендік төлемдерді
қабылдау:
белгіленген нысандағы түбіртектер бойынша
мемлекет бюджетіне кедендік қызметтер
үшін төлем.
- Телефон және
мобильді байланыс қызметтері үшін төлемдерді
қабылдау:
K-Cell, BeeLine, Dalacom, Казахтелеком, Алматытелеком,
Pathword, EXCORD, ACTIV, NEO байланыс операторларының
ұялы және телефон байланысы қызметтері
үшін ақы төлеу.
- Оқу және білім
алу үшін төлемдерді қабылдау:
«ЕШКО» ЖШС, Халықаралық бизнес университеті,
Балхаш гуманитарлы-техникалық университеті,
Қарағанды экономикалық университеті,
Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті,
Қазақстан фармацевтикалық институты,
Жезқазған университеті, ЧУО Қазақ-Ресей
університеті, Еуроазия Институты, ТОО
«Lucky Compass» ЖШС пайдасына оқу мен білім
алу үшін ақы төлеу.
- Несиені өтеу
үшін төлемдерді қабылдау:
келесі компаниялардың несиесін алған
қарызгердің несиесін өтеу есебіне ақша
салу: БТА
Ипотека, Қазақстандық
несиелендіру қоры, "Астана-финанс"
микронесие ұйымы, "Астана-Финанс"
ипотекалық ұйымы, ТОО МКО KazMicroFinance, МНҰ
ЖШС, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге
кепілдік беру қоры» АҚ, «ТАТ Кредит» КС»
ЖШС және т.б.
- Сақтандыру
төлемдерін қабылдау:
БТА
Страхование"АҚ,
"БТА
Жизнь" АҚ,
"БТА
Забота" СК,
Сақтандыру шарттары бойынша Мемлекеттік
аннуитеттік сақтандыру компаниясы, "Номад
Иншуранс" СК» АҚ пайдасына ақша аудару.
- Кабельді телевизия
қызметі үшін төлем қабылдау:
Алма
ТВ, Айна ТВ, Digital
TV, Секател, Айкон қызметтері үшін төлем.
- Телекоомуникациялық
қызметтер үшін төлем қабылдау:
Nursat, Ducat, Netel Communication қызметтері үшін төлем
- Әлеуметтік
және зейнеткерлік төлемдерді қабылдау:
МЗТО (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы)
арқылы Қазақстан Республикасының кез
келген Зейнетақы қорына міндетті және
ерікті түрде ақша аудару.
- Басқа қызметтер
үшін төлемдер қабылдау:
АСИБО сигнализация қызметтері үшін, Agento-S,
Амулет бағалау қызметтері үшін, "Мотор
Бюросы" ЖШС, "Assessment Legal Group" ЖШС,
Авон Косметик (Қазақстан) Лимитед ЖШС
қызметтері үшін, Қырғыз Республикасының
ҚР Алматы қаласындағы Бас елшілігі және
т.б.